Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыСценарий на тему «Ұстаздар-ғұмыр. Ұстаз- нұр!»

Сценарий на тему «Ұстаздар-ғұмыр. Ұстаз- нұр!»

Скачать материал

«Ұстаздар-ғұмыр.

Ұстаз- нұр!»  

Ұстаздар мейрамына арналған  мерекелік шара

1.     Сахна сыртынан Ұстаз  туралы өлең оқылады

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

                                          2.  Жүргізушілер шығады.

1Нұржан Армысыздар, Құрметті де аяулы  ұстаздар!

 

2-жүрг БотаҰстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

 Айболат :

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
        

Нұржан:.  Бота. бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

Бота. : Денсаулықтарыңыз  мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

       1-жүргіуші Нұржан: Сен қалай ойлайсың,Достар ? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші Бота

Достар  , мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.   

  Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Айболат :  

 Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

     Бейнесюжет  сіздерге  арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик)

2-жүр Бота. .

                Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

                  Мұғалімді ардақтайды барша жан

                  Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

                  Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

                   Бала десе ойламайды өз қамын

                   Керсем дейді күнге де кол созғанын            

                   Шәкірттерін өзінен де озғанын.  

1-      жүргНұржан.  

       Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

                  Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

                  Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

                  Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

      2-жүрг Бота. .  Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

      Айболат :: Ал ендеше баста.

      2-Жүргізуші Бота. :

Мадияр : «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

     Сағият :: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

Азамат . : «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

     Ринат : «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

      Айжан . : «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

      1-Жүргізуші Нұржан:, Достар   екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

Айжан: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

Елзат : Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

Сағият :   Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

Фарида : Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

1 жүргізуші Нұржан:             

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

Айболат . :           

  Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Бота : «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Нұржан : Тамашалайтындарыңыз  «Ду қол шоколад » бағдарламасы .

Азамат: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.  (қонақтарды таныстырады)

1 жүргізуші Нұржан: тамашалайтындарыңыз «Ду қол шоколад» бағдарламасы

Құрметті қонақтар,  сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.

 2-жүргізуш Ботаі: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

1-жүргізуші Нұржан:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

  Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға  мектебіміздің директоры Әбдірова Сәуле Әдбімажитқызын  шақырамыз.

 

2-жүргізуші Бота :

Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған
.
    Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

  БИІ  орындайтын………Мектептік вальс ………………………………………………………………………….

1-  Жүргізуші Нұржан: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен  аздап әзілге орын берсек

   Айболат  : Достар , Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

 Нұржан: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің  кеп тұр ма?

 Бота : Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

 Нұржан:Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

 

2-жүргізуші Бота:              

                                   Жақсы жандар жанымызда әрқашан

                                       Ұлағатты сөзін биік ұстаған

                                        Ардақты ұстаз асыл анаң секілді                                                   

                                        Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

1-жүргізуші: Нұржан

 Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

 

Айболат :  Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма,

Арқаң деп сенің ұғамын

Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Сарқылса мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды саған бұл әнін.

Ән «Ұстазыма»  орындайтын …11 «А» сынып оқушылары …………………………………………………………

2-      ЖүргізушіНұржан:: 

«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

 

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман

 Алдарыңызда 11 «а» сынып жетекшісі Халықова Альвира Манатқызы «Мектеп кеме- білім теңіз»

 

 Айболат:

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсындық,

Жүректің алғысы мен рақметін.

Бота :  Мерекемізді жалғастырайық

 Айболат :

Ұ стаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың

     Бота :

               Қадіріңді кезінде

             Білмепті ғой ұланың.

            Қазір әрбір сөзіңе,

             Елеңдейді құлағым.

 Нұржан :

            Бірдей етіп ұстадың.

             Демей бізге бөтенсің.

             Кейде акылын ұстаздың,

             Сағынады екенсің.

          Бәрі бірге :   

              Сол ұстазға жаны нұр,

              Демек үлкен адаммын.

               Есейсек де бәрі бір,

               Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз  сіздерді  ешқашан  ұмытпаймыз.

1-Жүргізуші  Нұржан: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Би: «Ақбұлақ»

І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Ұлжан.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізуші: Иә, Жеңісбек.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Ғалымбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!
«Той бастар» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.

ІІ жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым» орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.

І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне ауыл әкімі Бибісара апайдың жылы лебізін тыңдасақ.
Рахмет, апай!

ІІ жүргізуші: «Қазақ қызы» орындайтын 8 – класс оқушысы Қуанышбай Әбдуали.
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Кемал ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші: «Ұстазыма» орындайтын 7 – класс оқушысы Жеткербай Гүлзат.
І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Жеңісбек менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.

ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Ұлжан, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Мейрамбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші: «Асыл досым» әні орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

І жүргізуші: Жеңісбек, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ұлжан.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін - өзі басқару ұйымының президенті Әбілова Ақмаралға береміз. Рахмет!
ІІ жүргізуші: «Ұстазым» әні орындайтын 7 – класс оқушысы Жұматай Тұрсынай.
І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін мерекелік құттықтау өзді мектеп басшысы Ғалымбек ағайғ береміз. Рахмет, ағай!
«Достар» әні орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.

ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа оқу жылын жағымды бастайық!»

(ұстаздарға арналған психологиялық ойын)

І. Сәлемдесу:

Уақыты: 10-15 минут

Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр бір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып, бүгінгі көңіл-күйімен бөліседі. Мысалы: «Менің атым Назым. Мен – психологпын. Бүгін көңіл-күйім өте тамаша!»

ІІ. Ақпараттық бөлім:

«Мектептегі психологиялық қызмет. Оның бағыттары»

Уақыты: 25-30 минут

ІІІ. Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны.

Қажетті құралдар: доп

Уақыты: 10-15 минут

Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті айтады. Мысалы:

Жүргізуші: «Ә» әрпі

Ойыншы: «Әдемі»

ІV. Ой толғау: «Басқару әдістері немесе Сіз қандай әдіс қолданасыз?»

Қажетті құралдар: сурет бейнеленеген және сұрақтар жазылған карточкалар

Уақыты: 15-20  минут

Барысы: Барлық мұғалімдер 5 топқа бөлініп отырады. Әр бір топқа алдын ала дайындалған карточкалар таратылады. Бұл карточкаларда басқарудың әдісі бейнеленген сурет және тақырыпқа сай сұрақтар жазылған. Әр бір топ суретке қарап, берілген сұраққа жауап бере отырып, өз ойымен бөлісуге тиіс. Дайындыққа: 5 минут, әр бір топқа сөйлеуге: 5 минут  уақыт беріледі.

V. «Құпия сөздер» топтық ойыны.

Қажетті құралдар: ақ қағаз, қалам, әліпби

Уақыты:  15-20 минут

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әр бір топ  көп сандар жазылған қағаздан алады.  Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар. Қатысушылардыңміндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әр бір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.

1) 18 8            27 34 36 18        21 17 36 23          24 27 23 26

14 8 23 8 14 25 36 5 36 18         3 36 16 5 8 18         1 7 1 17,   14 8 11

14 8 16 5 8 18            15 1 16 1 13 6 1        25 21 25 8 22         3 8 23 8

1 16 1 7 38.  

 

2) 3 1 15 38 25 – 20 16    26 1 13 38 17 – 15 1 13 6 38 24 38 11     21 17 36 23           8 17 8 24,  3 1 15 38 25 – 20 16    10 1 18 18 38 19       14 27 13 36.

 

3) 3 1 15 38 25    14 21 3 8 16 8 14     24 12 42 15 25 38.    20 18 38   

28 24 25 1 26 6 1    25 38 23 38 24 15 1 18   24 1 13 38 18      15 20 16 7 1 18

24 38 23 6 12      3 8 23 8 7 36.  3 36 23 1 15   8 5 8 23    24 36 11  

11 8 13 36 18 36 19 36 11 7 36      3 1 24 15 1       18 2 23 24 8 16 8 23 5 8

1 26 7 1 23 24 1 19 38 11,  20 16    21 11 36      14 8 16 8 7 36   7 8,   10 2 13  

6 1 18 1      12 38 6 38 19 38 11 6 1       15 20 18 1 7 38.

Кілті:

1)    Неүшін өмір сүру керектігін білген адам, кез келген қалайға төтеп бере алады.

2)    Бақыт – ол уайым-қайғысыз өмір емес, бақыт – ол жанның күйі.

3)    Бақыт көбелек сияқты. Оны ұстауға тырысқан сайын қолдан сырғи береді. Бірақ егер сіз зейініңізді басқа нәрселерге аударсаңыз, ол өзі келеді де, жәй ғана иығыңызға қонады.

VІ. «Ұстаз тұлғасы» психологиялық тренинг.

Қажетті құралдар: карточкалар

Уақыты: 15 минут

Барысы: Ортаға белгілі бір бейнедегі ұстаз сипаттамасы жазылған (айталық: «ұстаз - лидер» т.с.с.) карточкалар бар үлкен қорап қойылады. Әр бір қатысушы қолын созып, кездейсоқ бір карточканы алады. Мұғалім өз карточкасындағы берілгенді ым-ишара арқылы білдіруге тиіс. Ал қалған ойыншылар ол қандай қасиетті көрсетіп тұрғанын анықтаулары қажет.  

VІІ. «Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш

Уақыты: 20 минут

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.

Жүргізуші:  Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

*    «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;

*    «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;

*    «Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат.

Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

 

Рефлексия:

Шырақ жағылып, бірінші тұрған ұтазға беріледі. Ол бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін  3 сөзбен ғана  білдіріп, шырақты келесі  мұғалімге береді. Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін, жүргізуші шырақты өз қолына алып, барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий на тему «Ұстаздар-ғұмыр. Ұстаз- нұр!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 558 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.10.2015 8193
    • DOCX 46.7 кбайт
    • 127 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Халыкова Альвира Манатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Халыкова Альвира Манатовна
    Халыкова Альвира Манатовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22338
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 97 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Физическая культура и спорт: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физической культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 628 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 199 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе