Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСценарий на тему "Золотая осень"

Сценарий на тему "Золотая осень"

Скачать материал

                                       Алтын күз!

Кеш тақырыбы: «Алтын күз» танымдық кеші
Мақсаты:
1.    
Мектебімізде өткізіліп жатқан  «Алтын күз»  мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық,  күз-қуаныш  екенінін  оқушы санасына жеткізу.

Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.
2.    Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.
3.    Ұқыптылыққа,  шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

 

Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзірі, нақыл сөздер, шарлар.


Барысы:   Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар!   «                            » атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер.  Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы.   Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
           Көңілді серіппелі күйін ашсын.
           Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,
           Береке бірлікпенен ортақтассын,  – дей келе  кешіміздің шарттарымен таныстырып өтейін.
1. «Күзге сағыныш»  Таныстыру. (топтың аты, топтың ұраны,
эмблема, топ атына cәйкес таныстыру.)
2.
«Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
3.
«Әзілін жарасса» тамиашадан үзінді
4. «Күз әшекейі»  (күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)
5.
«Күздің кереметі»  ( жеміс – жидектерден бір фигура жасау)

6.  Плакаттар сайысы

7. «Күзгі дәм» (күз байлықтарынан салат  ұсыну)

 

Осы шарттарға сәйкес топтарға әділ баға берер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
          1. Кәсіподақ төрайымы Какенова А.С.

2. Психолог Буртаева А.Х.

3. Мұғалім Абдуова М.А.

 

Білім- теңіз,   мектепті –  кеме   дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз?

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп,  жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын,- деп кешіміздің алғашқы шарттарына кезек берейік. 1     «Күзге сағыныш»  Таныстыру. (топтың аты, топтың ұраны, эмблема, топ атына cәйкес таныстыру.) 

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыз  күз тақырыбына белгілі ақындардың өлеңдерінен  көркем сөз оқиды және күзге арнау өлеңдерін оқиды.   Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне баға бересіздер.«Күзге сағыныш»  (белгілі ақындардың өлеңін мәнерлеп жатқа айту және күзге арнау өлеңін айту)

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені.

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күздің алатын орны ерекше. Күз мезгілі адамның ішкі  жан дүниесін  оятып,   сағыныш әлемінде  тербейді. Ендеше,

3. «Қосылшы менің әніме» (күз тақырыбына ұстазбен ән шырқау.)

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылысберген сыйдай,

-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер 4. «Жапырақтай жайқалып» би өнеріне   кезек берейік.

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,

-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.

5. «Күз әшекейі»  (күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)

Жомарт-күз – деудің себебі: піскен жеміс-жидек, көкөніс, астық табиғаттың күзгі сыйы. Күзде егінді жинап болған соң ата-бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған. «Алтын күз», «Күзгі бал» кештерін өткізу дәстүрге айналған.

6. «Күзгі дәм» (күз байлықтарынан тағам ұсыну)

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол ніріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шеберліктерін білдірсе, шығармашылығымен танылса,  арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. Әділ- қазылар  әділ бағасын берегенше , ортада «Қазақ биі»

 

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз » атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!! «Арива» биімен аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл бастауыш мектебі

 

                                           

 

 

 

 

Арайлы алтын күз

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Тастурганова Р. Ж.

 

2015 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий на тему "Золотая осень""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 745 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.11.2015 804
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тастурганова Рысбике Женисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34611
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе