Инфоурок Музыка Другие методич. материалыСценарий на тему"Анамен әсем бәрі де!"

Сценарий на тему"Анамен әсем бәрі де!"

Скачать материал


Бекітемін: Т.ж.о. Кушербаева Г.М.

07.03.2016ж.





8-Наурыз Халықаралық әйел-қыздар мерекесіне "Анамен әсем бәрі де!"

арналған концерт.

I-жүргізуші:Сұлулық өмір сәні де, Бар тіршілік мәні де. Әлемнің шырқар әні де, Анамен әсем бәрі де! Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,ардақты ұстаздар!

II-жүргізуші: Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз   жайдарлы бола берсін дейміз! I- жүргізуші: Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.- дей келе бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін
сөз кезегін директорың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Трумбетова Лязат Дусиповнаға беріледі.
II- жүргізуші: Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
I- жүргізуші: Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Хор: «Анаға сәлем» . Орындайтын: Вокал үйірмесінің оқушылары.

Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз кәсіподақ ұйымының мүшесі Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Трумбетов Марат Аманғосұлына береміз.


II-жүргізуші:Мерекеге арналады бүгін билер, Көтерілсін қанекей көңіл-күйлер. Алдарыңызға шығады бүлдіршіндер Таң қалдырып қанекей би билеңдер.

Олай болса,даярлық тобының оқушыларын "Кемпірқосақ" биімен қарсы алайық.

I- жүргізуші Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

II- жүргізуші:Ендеше, келесі кезекті биылғы түлектердің арнауына береміз. I- жүргізуші: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар
.

II- жүргізуші: ән"Гүл сыйлайық әйелге" орындайтын 8"ә" класс оқушысы Жанқабылов Жанасыл.

I- жүргізуші: Құлайын деп бара жатам құлдырап,

Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,

Сол кезде бір ән естимін жақыннан,

Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,

Тіршіліктің әуенімен тыныстап,

Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,

Кел дегендей болады бір күміс бақ..

II- жүргізуші: Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,

Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,

Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,

Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

Ойнап шығам содан кейін құрақтай,

Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,

Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,

Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.

Ән: «Ақ мамам» Орындайтын : Жазықова Аяулым.

I- жүргізуші:Міне,мерекенің ең қызық жеріне де келіп қалдық.Қазір ортаға мектебіміздің жайдарманшыларынан құралған "Ойда жоқ" квн командасын шақырамыз.Қарсы алыңыздар!

II- жүргізуші: Асыл ана! Түсімде көрем сені, Бұрынғыдай емессің неге еңселі? Мен білсем, саған деген сағыныштың, Осынау жұмыр жерде жоқ өлшемі.

 I- жүргізуші: Тербеп сол сағыныштың күшті ырғағы, Елжіреп елесіңді құштым тағы. Хат байлап қанатына жіберер ем, Бармайды-ау, біздің жаққа құстың бәрі.

II- жүргізуші:Монолог "Ана" Орындайтын 7"А" класс оқушысы Нығметуллина Назгүл.

I- жүргізуші: Жеткізіп арманға жол күні бүгін,
Бақ құшты қызың менен бүгін ұлың.
Болғанмен бар болмысың қарапайым,
Байқалып тұрады, ана, ұлылығың!
II- жүргізуші: Болмасын дедік те әр кез жүзі мұңды,
Еңбекті ұл, бейнетіңді қыз ұғынды.
Қылсын деп ұзағынан отырасың
Тәңiрден сұрап алған қызығыңды.
Ән "Бақытты әйел" орындайтын 7"А" класс оқушылары Нығметуллина Назгүл,Есенжолова Аягүл, Нығметуллина Назерке. Қарсы алыңыздар!

I- жүргізуші:Осымен, бүгінгі мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне жетті!

II- жүргізуші: Назарларыңызға рахмет.

І- жүргізуші: Сау-саламатта болыңыздар!


















Елек орта мектебі.

















«Анамен әсем бәріде...»


( 8-наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесіне арналған концерт)















Өткізген: Музыка пәні мұғалімі Аманов С.А.














2015-2016 оқу жылы.








12 8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

 1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

 2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз-апайлары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры   Балдырган апайға береміз.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып «»  баяндамамен  ортаға Жалкенов  Айдын  Оразбекұлын  шақырамыз

2-жүргізуші:Құрметті аналар, ұстаздар, ару қыздар! Соналы орта мектебінің өнерлі оқушылары өздеріңізге арнап дайындаған «Шын жүректен!...» атты мерекелік бағдарламаны  тамашалауға ұсынамыз!

«Шын  жүректен» бағдарламасы:

1-жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты  әжелер, аналар, ару-қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік бағдарламамыз   аналарға арналады.
 2 жүргізуші
:

 Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар
-дей отырып 

Айнур, Каирхан, Құралай және 5-сынып оқушылары  Бөпежан  Смағұлқызын, Алия Сұлтанқызын, Күлмайра Бірімжанқызын; Анара, Ислана және Дінмұхамбет өз  әжелерін шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтайды.

Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймыз:

 Гүлдей болсын өмірлеріңіз,

Нұрға толсын көңілдеріңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

 Сіздерге  «Асыл  әже»  әні  арналады қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен.Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.

Ендеше келесі  құттықтауды Айсана,Анара,  Айнур, Мырзабек, Назгүл және 5-сынып оқушылары Балдырган  Баянқызына, Күлшара Бірімжанқызына, Зинегүл  Тасқалиқызына және  Алия  Арғынқызына арнайды;  Ислана, Артем, Дінмұхамбет  өз аналарына да құттықтауды  жолдайды.
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.

Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз

Сіздердің алдарыңызда  "Мама"  әнімен Мырзабаев Сәулет қарсы алыңыздар.

 2 жүргізуші:

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз, -дей келе

Жанаргүл Абдрахманқызы, Кымбат Ахметкалиқызы, Ракима  Серікбайқызы  және Гүлсүм  Нұрланқызын Каирхан, Мырзабек, Назгуль, Алина, Айтжан,Бекболат, Айнур, Анара және 5-сынып оқушылары көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен  құттықтайды. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілейді.

Бектенбетов Райымбектің орындауында "Мама" әні. Тамашалаңыздар.

1 жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирогов.Құрметті Самал Сансызбайқызы, Айгүл Сабыржанқызы, Балкия Тұнышпайқызы  және Рита Хакимқызы сіздерді мектеп оқушылары мерекемен құттықтайды.

Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз!

Дуэт "Мерекем".

 2 жүргізуші: Құрметті Гүлнар Сабыржанқызы, Лязат Өсербайқызы  және Алия ..... қызы  сіздерді мектеп  оқушылары, Күлбаршин Тлегенқызы және Гүлбаршын Жантасқызы сіздерді  Мырзабек, Назгуль, Дінмұхамбет  құттықтайды, және  Дінмұхамбет өз құттықтауларын Гүлзада тәтесіне, Айсана әпкесіне де жолдайды.

Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

"Құтты болсын тойларыңыз" әнімен қыздар тобы. 

1 жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

         Келесі құттықтау  біздің  аруларға арналады.

Ислананы 5-сынып, ұлдары;Құралайды ағасы Бекболат; апалары Құралай, Қорлан және Гүлнұрды Дінмұхамбет, және  Анара өз құрбылары Айсана, Диана, Мейрамгүл, Айнурды,  сіңілілері Алина, Жанна, Айнур, Жансаяны құттықтайды.

Арулар күніне арналған жылы лебізді қабыл алыңыздар. Тал бойыңызға ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілейміз. Жанарыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп, көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын!

"Көңілді күн" Кенжегаринова Анара

 2 жүргізуші:        Демеңіз, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар, көріскенше,

Осымен «Шын жүректен» атты мерекелік бағдарлама аяқталды.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

1-жүргізуші: 
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:

1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

5. Өлең айтып бере аласыз ба?

6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтайды?

8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?
2-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді апайға немесе ағайға береміз.

1-жүргізуші:Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий на тему"Анамен әсем бәрі де!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 653 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.03.2016 5915
    • DOCX 32 кбайт
    • 289 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманов Сакен Абаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аманов Сакен Абаевич
    Аманов Сакен Абаевич
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14080
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Оркестровые и струнные инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на фортепиано

Преподаватель игры на фортепиано

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 25 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Музыка")

Учитель музыки

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе