Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сценарий о вреде алклголя

Сценарий о вреде алклголя


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының талдауы.

Өткізілген күні: ..... айы.............. 2 сыныпта20 оқушы бар.

1.Тәрбие сағатын ұйымдастырушының аты – жөні

Бастауыш сынып мұғалімі: Кокобаева Альмира Уалкановна

2.Тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтті.

« Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» 2- сыныпта тәрбие сағаты өтілді.

3.Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты қандай?

Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным –Қазақстан!»

4.Фрмасы және әдісі қандай?

Ашық сынып сағаты.

5. Тәрбие сағатының мақсаты мен міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының мүддесіне сай келе ме?

Бұл тәрбие сағаты бастауыш сыныпқа қойылатын тәрбие жұмысының талабына сай. Жаңа оқу жылына байланысты сыныпқа жаңа міндет пен мақсат қойылды, ата-аналар қатысты.

6. Тәрбие сағатының дайындық және өткізу кезеңдеріндегі оқушылар, сынып белсенділері және ұйымдастырушының белсенділік деңгейі қандай болды?

Барлық оқушылар тәрбие сағатта өз белсенділіктерін көрсетті. Әр балаға берілген тапсырмасын толық орындады. Әр бала өз бойындағы шеберліктерін көрсете алды.Мұғалім сыныпты басқарып еліктіре алды.

7. Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекіліктер, техникалық құралдар, музыкалық шығармалардың маңызы, оларды қолдануда тәрбие сағатын ұйымдастырушысының шеберлігі қандай дәрижеде болды?

Балалар үлкен дайындықпен келді, қуаныш пен шаттық жүздерінен көрініп тұрды.. Закарбекова Дариғаның орындауындағы ән керемет шықты. Мақал-мәтелді көп білетіндіктері көрінді.

Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, мақал-мәтел, нақыл сөз, суреттерді тамашалау.

Көрнекілігі: суреттер, рәміздер, Н.Ә.Назарбаев суреті, елбасының балалармен түскен суреті,, плакаттар.интербелсенді тақта, көріністің құрал – жабдықтары.

8. Тәрбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мақсатына сай келе ме?

Тәрбие сағатының мазмұны, оның тақырыбы мақсатына сай.

Сабақ әнмен ашылып, отанға деген ыстық сүйіспеншіллікпен, өлең шумақтарын оқумен,хормен аяқталды.

Әрбір бала берілген тапсырманы толық орындап, мәнерлі тақпақ айтып, көріністі көрсетіп, би биледі. Осы тәрбие сағат барысында балалар жаңа оқу жылына ақ бата алып үлкен білім жолына атады. Бойына еңбексүйгіштікті, адамгершілікті және т.б. жақсы қасиеттерді сіңірді.

9. Тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген кезеңдердің жүйелік, бірізділік қағидасы сақталған ба?

Бұл сабақта әр бала өзіне берілген тапсырманы толықтай орындады. Тәрбие саңатында жоспардаңыдай бірізділік сақталды.



































Тақырыбы: Зиянды әдеттерден сақтан!

Мақсаты:

1. Оқушыларға зиянды әдеттерден сақтану жолдарын, оның денсаулыққа зияндылығын түсіндіру.

2. Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікірін айтуға, дәлелдеуге дағдыландыру.

3. Оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға, зиянды заттардан аулақ болуға, адамгершілікке, сақтыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: салауаттылық өмір салтына байланысты ішімдік, темекі шегу, нашақорлық, ауруларының адамға, қоғамға тигізетін кері әсерлерін түсіндіру;

Көрнекілік: Буклеттер, плакаттар,күй, сынып оқушылардың шығрмашылық жұмыстары.

Тәрбие сағатының өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А) сынып оқушылармен амандасу;

ә)hello_html_5631932f.pnghello_html_2d6fa020.png сыныпты үш топқа бөлу ( оқушылар алдымен көздерін жұмады, күй ойнап тұрады сол каезде әр оқушының беттеріне  фигуралары жапсырылады, сәлден соң оқушылар көздерін ашып, қасындағы көршілерінде қандай фигура тұрғанын ыммен түсіндіріп береді.

ІІ. Дайындық кезеңі:

А)hello_html_5631932f.png сынып оқушыларын фигуралар бойынша топтарға бөліп отырғызу.

І hello_html_2d6fa020.pngқатар  қызыл ІІ қатар көк ІІІ қатар сары

Ә) бүгінгі өтілетін тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты, тәрбие сағатының өту барысымен таныстыру.

ІІІ. Кіріспе сөзі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс»деп атап көрсеткен. Сол бағдарламаға орай бүгінгі сыныбымызда сайыс түрінде өтетін ашық тәрбие сағатымыздың басты мақсаты – зиянды әдеттерден сақтану. Бұл аталған зиянды әдеттер болашақ жас ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.

ІҮ. Сайыс шарттарымен таныстыру.

  1. Таныстыру. (Әр топ өздерін таныстырады, төс белгілерін қорғайды.)

  2. «Артық болмас, білгенің». (Зиянды әдеттер туралы оқушылардың ізденісінен)

  3. «Мақал-мәтел сөз мәйегі» (Зиянды әдеттер тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру)

  4. «Танымдықпен, білгірлікпен жауаптарың тыңдалсын».

(Зиянды әдеттер тақырыбына сұрақ-жауап)

  1. Салыстыру әдісі арқылы «Жаман-жақсы» ойыны.

  2. Топтастыру.

  3. «Уланбасың өмірің». Тәжірибе көрсету.

  4. Қорытындылау.



Басталу рәсімі:

Өтіп жатыр өмір шіркін құбылып,

Кейбіреулер тойынғаннан құтырып.

Кейбіреулер темекі мен арақтан

Балта шапты өміріне мәңгі қиып,- дей келе бірінші сайсымызды бастайық.

І. Таныстыру.

1топ: «Шылымқорлық»

Ұраны: «Темекіні тартқаның, өміріңді құртқаның»

2-топ: «Ішімдік»

Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір»

3-топ: «Нашақорлық»

Ұраны: «Есірткеге жолама, жетелейді молаға»

ІІ. «Артық болмас, білгенің» сайысы

Есірткінің шығу тарихы. Есірткіні ертедегі Египетте, Грекияда, Римде және Үндістанда өте ерте заманнан –ақ қолданылған. Есірткіні алғаш үндістер және латын америкалықтар пайдаланды. Есірткі қарасора, мак, кокаин мен мақтан, апиын, героин, лаудаум, марихуана өсімдік шөптерінен жасалады. Кокаин өсімдігінің жапырағын шайнап, сөлін жұту арқылы уақытша көңіл-күйлері көтерілген. Нашақорлық - өлімге апаратын тура жол. Есірткі –бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінезі-құлқын бұзатын қауіпті,тыйым салынған химиялық зат.

Зиянды заттардың бірі –ішімдік. «Мас болу- өз ықтиярыңмен есуастануы» деген екен атақты Аристотель. Маскүнемдік - шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт.

Темекіні Еуропа мен Азияға ХҮ ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланып жүрген.Бұл өсімдік тұқымын испан монахы Роман Пано әкелді. Индейцтер –темекі тұқымын «кохоба» түтінін «табако» деп атаған.

ІІІ. «Мақал-мәтел сөз мәйегі» сайысы. Мақал-мәтелдер жарысы.

1топ: Шылым

  • Шылымнан нәр тартқаның, өзіңе темір шеге қаққаның.

  • Темекі тартқан бір кісі, уланған бүкіл үй іші.

  • Темекіні тарқаның, өзіңді-өзің құртқаның.

  • Жақсы іске жақын бол, темекімен жау бол.

2-топ: Ішімдік

-Арақ алдымен күлдіреді, күлдіріп отырып бүлдіреді.

- Арақ ішегіңді шірітеді, бауырыңды ірітеді.

- Ақыл тасты жарады, арақ басты жарады.

- Арақ естен айыртар.

- Мастықтың түбі- мазақ, мазақтың түбі – азап.

- Арақ ішкен азар, шылым шеккен тозар.

3-топ: Нашақорлық

- Нашақорлық ауру, түбі-ажал.

- Нашақорлық - өлімге апартын тура жол.

- Нашақорлық - жазылмайтын дерт.

- Нашақорлық –ол есірткі басқаратын робот.

ІҮ. «Танымдықпен, білгірлікпен жауаптарың тыңдалсын» сайысы

1-топ: «Шылым»

1. Темекі құрамындағы улы зат (никотин)

2. Шылымның зияны тиетін мүше (өкпе)

3. Темекі өнімдерін сатуға қай жастан бастап тыйым салынған(18жас)

4. Не себептен балалар темекі шеге бастайды?

(отбасындағы адамның, өзіне үлгі тұтатын досының темекі шегуі,, атақты жарнамалардан әсер етеді)

5. Темекі шегетін адам қандай ауруға жиі шалдығады? (өкпе қабынуы)



2-топ: «Ішімдік»

1. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (арақ-ішімдік)

2. Ішімдік ішкен адам қандай ауруға шалдығады? (гастрит)

3.Ішімдік құрамында кездесетін улы зат. (Спирт)

4. Салауатты сөзінің негізгі мағынасы не?( парасатты, байсалды, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)

5.Адам шамадан тыс ішімдік ішкенде.......... не істейді? (есінен айырылады)



3-топ: «Нашақорлық»

1.Есірткінің ең көп тараған түрі?

(ең көп тараған –героин, анаша, какоин, апиын)

2. Есірткі неліктен қорқынышты?

(ауырғанна кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ)

3. Нашақорлық есірткіге ақшаны қандай жолмен табады? (өтірік айту, ұрлықпен айналысу, кісі өлтіру)

4.Есірткі көп тараған елді-мекендерді ата.(Теміртау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, жамбыл, Алматы, Өскемен, Талдықорған т.б.)

5. Есірткі жасайтын шөптесін өсімдіктерді ата.

(қарасора, мак, кокаин, мактан, апиын, героин, марихуана, гашиш,)



Ү. Салыстыру «Жаман-жақсы» ойыны

Жақсы

Жаман



Тазалық сақтау

Ағзаны шынықтыру

Спортпен шұғылдану

Емнің алды-еңбек

Шынықсаң-шымыр боласың

Салауатты өмір салтын сақтау

Дұрыс тамақтану

Темекі- жау

Ауруын жасырған өледі.

Арақ-атадан қалған ас емес.

Есірткі-улы зат

Арақ адамды тоздырады.

Өтірік пен жалқаулықтан аулақ бол.

Ішімдік- мастықпен жасалған жаттығу.



ҮІ. «Топтастыру»әдісі.



1-топ: «Шылым»

өмірге мағынасыз отбасымен

қарайды қарым-қатынасы

бұзылады.

дhello_html_6884cbd7.pngенсаулықты бұзады. өмірді қысқартады

Зиянды заттардың қауіптілігі



өзіне сенімділігі қылмысқа апарады.

жойлады.



Ұрпаққа әсер ашуланшақ, ұмытшақ

етеді ұрыншақ болады



























2-топ: «Ішімдік»





Батыл Шымыр өзі-өзіне сенімді

hello_html_6884cbd7.png

Жігерлі өмірі ұзақ

Салауатты өмір салты

болады



толық отбасы

Туған-туысына

Сыйлы адамгершілігі мол

Дені сау дұрыс тамақтану











3-топ: «Денсаулық» сөзіне тігінен әр дыбысқа мақал құру.

Д- Дәрі шөптен, ақыл көптен
Е- Емнің алды-еңбек

Н-Негізгі байлық-денсаулық

С-Саулық -байлық негіз

А-Ас –адамның арқауы.

У- У-ды ішсең өлерсің.

Л- Ластын досы-шыбын

Ы-Ыдысы тазаның ырысы таза.

Қ- Қотыр қолдан жұғады.

ҮІІ. «Уланбасың өмірің» ,- деп балалар бүгінгі ашық сабағымыздағы зиянды әдеттердің ішіндегі ең көп тараған зат қай зат? (Темекі)

-Балалар, сендердің ойларын бойынша темекі пайдалы ма, әлде зиянды ма?

Ендеше, мен сендерге бір есте қалатындай тәжірибе жұмысы арқылы зиянды заттардан қалай сақтану керек екендігі бойынша тәжірибе көрсетейін. Мына тәжірибе арқылы ойланып көріңдерші, темекі пайдалы ма, әлде зиянды ма екенін көріп, өз

ойларынды ортаға салыңдар.

ҮІІІ: Қорытынды.

Балалар, біз сонымен тәрбие сағатынан Не үйрендік? Не алдық? Не білдік? Нені білгің келеді? Топ басшыларына сөз беру. Әр топтарын қорғап шығу. «Белгілеу парағы» бойынша тексеру.





































Сабақтың тақырыбы: «Зиянды заттардың зардабы»

Мақсаты:

а) білімділігі: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.

ә) тәрбиілігі: Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.

б) дамытушылығы: Қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірлік уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық екенін ұғындыру.

Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру «темекінің», «нашақорлықтың», «ішімдіктің» адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына сурет салу, жұмыстарын тапсыру.

Әдісі: Ой-бөліс.

Көрнекілігі: Қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылар! Бүгінгі біздің Көздіғара орта жалпы білім беретін мектептің қара шаңырағында бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған темекі, арақ, есірткі ауруларына қарсы ұйымдастырылған «Зиянды заттарды зардабы» атты «Кеш қалмаңыз» бағдарламамызға қош келдіңіздер!

Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.

Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ?

ІІ бөлім. Таныстыру.

Келесі бөлімінде «Кеш қалмаңыз» бағдарламасына ой-бөліскелі келіп отырған ауыл фельдшері Роза Алпамысқызына сұрақ қойғым келеді. Елімізде нашақорлықтың жылдан-жылға етек алып бара жатқаны ешкімге де жасырын емес.

Роза Алпамысқызының ұстанымы: «Ауырмаңдар, ауырсаңдар тіркелуден қорықпаңдар».

- «Анашаның» зияны туралы айтып берсеңіз және болашақта мұндай індетке мойынсынбауға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

- Сұрағыңыз орынды. Анашаның Қазақстанда және басқа елдерге таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы – бұдан 15 жыл бұрын адам баласы анашаны білген. ХХ-ХХІ ғасырда қатерлі, улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген, темекі түрінде тартқан. Анашаны қолданған адам мидағы есте сақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адамның  тез көріксізденуі. Ағзаның дамуы тоқталады. Ешқашан, нашаға, шылымға, ішімдікке әуес болмаңдар.

- Сауалыңызға рахмет.

Кешіміздің келесі қонағы – мектебіміздің 10 сынып оқушысы Жұмағалиев Әзілхан.

- Әзілханның ұстанымы: «Шылым-шекпеймін, жамандарға ермеймін».

- Әзілхан сен қазір жассың, әр нәрсеге қызығушылығың бар, шыныңды айтшы, шылымның дәмін алып көрдің бе?

- Жоқ.

Кешіміздің келесі қонағы мектептің биология пәні мұғалімі Зоя Мақсотқызын ортаға шақырамыз.

Зоя Мақсотқызының ұстанымы: «Болашақтың қамы үшін аулақ бол жастар кеселден».

- Темекінің толып жатқан зияны ішімдіктің ағзаға, жүйке-жүйесіне көптеген зиянды жақтарын біле тұра жасөспірімдердің алкоголь мен темекіге әуестігі өте жоғары. Себебі бізде балалар бір-біріне еліктеушілігі, бір-бірінен қалыспаушылық салдарынан болып отыр. Оның зияны өте көп. Тыныс жолдарын улап, өкпе аурулары, қатерлі ісік аурулары, нерв ауруларына көптеп шалынады. Темекі түтінінде қорғасын мен никотин өте көп.

- Жауабыңызға рахмет.

Мұғалім: Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады екен.Этиль спирті сырада 5-7%6 шарапта 15-20%, ликер мен коньякта 40-50%-ға дейін, арақ пен вискиде 60-70% бар екен. Ал этил аса зиянды химиялық қоспа.

Осы тақырыпты аша түсу үшін мектептің әлеуметтік педагогы Жақсыкелді Қаденұлын ойбөліске шақырамыз.

Жақсыкелді Қаденұлының ұстанымы: «Маскүнем барын сатып ішеді, болмаса арын сатып ішеді».

- Темекі, есірткі, алкогольдің зардаптары туралы нақты мысалы келтіріңіз?

- Арақ ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен көп қате жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған.

- Рахмет

- Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9-да екен. Жастар арасында наша пайдалану туралы мектеп оқушыларын сөзге тартып көрелік. Ол үшін мектептің 10 сынып оқушыларының бірі Гүлдерайымды ортаға шақырамыз.

Гүлдерайымның ұстанымы: «Кітап, журнал, газет оқимын, ән айтып, би билеймін, уақытты бос өткізбеймін».

- Гүлдерайым, өзіңнің қаладағы дос-жарандарыңмен, құрдастарынмен бір кеште отырсың делік. Саған жан досың нашаны шегіп көруге ұсыныс жасады.Сіздің әрекетіңіз қалай болмақ?

- Жоқ мен ондай әрекеттерден бойымды аулақ ұстаймын.

- Ежелгі Мысырда арақты құлдар ғана ішкен екен. Кешіміздің келесі қонағы – құқық пәні мұғалімі Нұрлан Мақсотұлы.

Нұрлан Мақсотұлының ұстанымы: «Салауатты мақсатым өмір сүру, өмірдің мағынасын аша білу».

Арақ пен темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратыннын біле тұра неге адамдар арақ ішіп темекіні неге шегеді деп ойлайсыз?

- Темекі түтіні адам ағзасына зиян. Оны мынандай мысалдармен дәлелдеуге болады. Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100м жүгінгеннен кейін тамырдың соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80%-ы өкпе ауруына шалдығады.

- Байырғы Қытай императорларға маскүнемдікке басұрғандарды өлім жазасына кескен екен.

- Ежелгі римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған екен.

- Ресейде І Петр тұсында арақ ішкен адамдардың мойына 17 фунт келетін медаль тағып қойған.

Адам үнемі шылым тартуға әуес болады. Осы тақырып турасында ойбөліскелі келген Байырхан ағамызды ортаға шақырамыз.

Ұстанымы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен».

Сұрақ: - Неше жасыңыздан бастап темекі шектіңіз, болашақта темекіні қоя аласыз ба?

Жауап: Мен жас кезімде қызығушылықпен темекіге әуестенгеніме 35 жыл болды. Темекіден пайда көрмедім. Зиянын, зардабын тартып келемін. Сондықтан балаларға айтатыным бұл кеселден аулақ болыңыздар.

Мұғалім: Сіздер ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың адамның жеке басыңа денсаулығына зияны бар екенін барлығыңызда білесіздер. Олай болса мына көрініске назар аударайық.(көрініс).

Осы орайда айта керерлік жайт шылым шеккеннен кейін 2-3 минутта никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасаушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидын белсенділігін төмендетеді.Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректенген заттар мен оттегінін келуін азайтады. Әсіресе шылым шегуден жасөспірімдердің жүйке-жүйесін тез бұзады.Никотин өсімдіктен алынатын у. Таза күйінде никотин түссіз, жағымсыз, иісі және дәмі бар майлы сұйықтық. Суда, спиртте, эфирде тез ериді, адамға бір тамшы никотин берсе саспай қатады екен. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесі 1 литр шамасында смола жинайды екен.

ІІІ бөлім. Ой-бөліс.

Қазіргі кезде шетел сериалдарын қарап отырсақ, үстелдің үстінде тамаққа қоса шарапта тұрады. Сондай-ақ адамда жылыну үшін де арақ ішіп жатады. Сонда алкоголь тамаққа тәбетті ашып, асқазан қорытуына өз септігін тигізе ме, әлде жылуына да септігі бар ма?

Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымы бұзу үшін бір дана темекі жетіп жатыр. Бүкіл дүниежүзінде 1 млрд адам темекі тартады. Темекі зардабынан күнінен 10 мың немесе жылына 3,5 млн адам қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 3,2 млн, яғни 33% адам темекі тартады. Соңғы 3-4 жылда темекі тартқандар саны 7,8% төмендеген.

Ішімдік адам өмірін 10-15 жылға қысқартады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны – 40505, тіркелгені қаншама. Олардың 1927 кәмелетке толмағандар болса, 4420 әйелдер.

ІV бөлім Қорытынды.

Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір экраннан көріп жүрсіздер.

Ішімдікке, темекі тартуға, нашақорлыққа әуестенушілер осы зиянды заттардың адам өміріне, қаншалықты қауіп төңдіретінін біле ме? Аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінген болар деп ойлаймын. Құрметті қонақтар қорытынды пікірлеріңізді тыңдайық.

Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Тәлім тәрбие жолында қажет болса үзіп берер шәірттеріме тілерім толқынға салған арақ, темекі, нашақорлықтан жас жандарыңызды аулық ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер.

Уақытыңызды бос әуреге жұмсап, өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан...

«Кеш қалмаңыз».

Келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.
























сабақтың тақырыбы: Темекі – денсаулық дұшпаны
Мақсаты:
Оқушыларда темекінің зияны туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір - бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру; жұптық, топтық жұмыстар негізде диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы сөйлеу қабілетін дамыту, шешім қабылдауға, басқаларды тыңдай білуге үйрету.
Дифференциация: Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Ресурстар: Мультимедиялық проектор. Бейнеролик: «Темекінің адам ағзаларына тигізетін әсері», Мақалалар: «Темекі қайдан шықты», «Темекінің зияны», «Темекі мен күрес шаралары»,.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу;
2. «Менің тренингтік есімім» тренингі:
Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады. Мысалы, Әдемі - Әсия, Айбарлы – Азат, т.б.
3. Топқа бөліну тренингі: Оқушылар тақтада жапсырылған стикерлерді таңдау арқылы үш топқа бөлінеді:
1 топ –«Зерттеушілер» тобы,
2 топ - «Суретшілер» тобы,
3 топ - «Ақындар» тобы.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Ой қозғау: «Зиянды заттар» ассоциация арқылы жаңа тақырыпты айқындау:

2. Жаңа тақырыбымыз « Темекі - денсаулық дұшпаны» деп аталады, демек, темекінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы болмақ.
Мұғалім:
Бір данышпан темекі туралы сұрағанда « мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншіден, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншісі, шылымқор жан мәңгі жас болып өтеді.
Мұны дәлелдеп берсеңіз дегенде:
... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса, үй иесі ояу екен деп ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте өледі. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
Осы жағдаятты талдауға байланысты сендерге мынадай ой тастаймын: «Темекі - денсаулық дұшпаны!» (Оқушылар 3 жақты дебат құрады. «Келісемін», «Келіспеймін», «Ерекше пікір». Әрбір топ постерге өз ойларын жазады, өз пікірлерін дәлелдейді, топтар өз орындарын ауыстырып, 3 рөлде де пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі).
3. 3 топқа тапсырмалар беріледі. «Зерттеушілер» тобына темекінің зияны туралы ақпарат дайындайды. ( Оларға компьютер арқылы ресурстар беріледі). «Суретшілер» тобы темекінің адам өміріне зияны туралы ес картасын құрады, «Ақындар» тобы темекінің зияны туралы бір шумақ өлең жолдарын өреді. Тапсырмаларды орындап болған соң, әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды. Әрбір топ бірін - бірі тыңдап болған соң «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы өз пікірлерін айтады.
4. Видеоролик көрсетіледі.
5. Электронды почта:« Темекіден хат»
1 - топқа: Сәлем досым! Мен сымбатты да әдемімін. Иісім қандай жағымды! Менің әсерімнен рақаттанасың. Менің досым бол, кел, кел!
2 - топқа: Сәлем досым! Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені шегіп, күш - жігерің артады, көңіл - күйің көтеріледі. Мен сені ешуақытта тастамаймын, адал дос боламын. Кел, менімен дос бол.
3 - топқа: Сәлем досым! Мені шегіп рақаттан. Көңіл - күйің көтеріліп, өмірің қызық болады. Кел, менімен дос бол. Менімен дос болсаң қайғыруды ұмытасың, жеңілдейсің.
(Әрбір топ кері хат жазады).
6. Мақал – мәтелдердің жалғасын табайық:
1. Денсаулық -(зор байлық)
2. Жарлының байлығы -(денінің саулығы)
3. Жан ауырса тән азады,
(Қайғы басса - жан азады.)
4. Дені саудың (жаны сау.)
5. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)
6. Ауруын жасырған (өледі.)
7. Шынықсаң (шымыр боларсың)
8. Дені сау адам -(дәулетті адам)
9. Ішің ауырса, аузыңды тый,
(Көзің ауырса, қолыңды тый.)
10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)
11. Азған денеге (ауру үйір)
7. Кері байланыс: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, үндеу қабылдайды.
Ән «Өміріңе немқұрайлы қарама»
8. Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Темекі - денсаулықтың дұшпаны» атты бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!
9. Оқушыларды мадақтау, алғыс айту.
«Темекі қайдан шықты?»
“ Темекі ”деген сөз Тобого деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша, “ tobacco ” деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған. 1959 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Осыдан көп ұзамай – ақ, бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Жан Никоның құрметіне өсімдік латынша
“ Nicotiuna ” деген атты иеленді, ал ХІХ ғасырдың басында одан бөлінетін алколоид
“ Никотин ” деп аталды.
Темекінің зияны. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі тартудан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді еген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе, жоғары. Бір түйір темекі тарқан адам 0, 4 - 3, 5мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660мың тонна темекі майы, 550мың тоннадай иісті газ шығады.
Салмағы 1мг темекіде 10 - 15мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді, оны сорғанда ауыз қуысында 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.
Темекінің әсері. Темекі тарту неғұрлым кен тараған зиянды әдеттердің бірі. Ол жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің “есейгендігін” көрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Темекінің құрамындағы негізгі әсер етуші зат – никотиннің шамалы қоздырушы әсері. Міне сол темекі тарту әдетін қалыптастыруға себепші болады. Никотиннің мұндай қасиеті халық арасында “темекі” адамды сергітеді, оның интеллектуалдық белсенділігін арттырады” деген қате пікір тудырған. Алайда никотиннің мұндай әсері организмге зиянын тигізіп төптеп келгенде нерв жүйесін әлсіретеді. Ойланып толғанатын сәттерде кейбіреулер үздіксіз темекі тартады, бірақ көңіл күйі көтерілудің орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, таңдайы кебірсиді, ұйқысы келеді.) Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін ауыр сезінеді. Қалай болғанда да никотин және темекінің жану барысында шығатын басқа да заттар денсаулыққа зиянды әсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту қажет. Темекі тартудың бастапқы кезінде – ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің бұзылып, дене мүшелері мен ткандердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай бастағаны (темекі артерия қанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді) байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға шалдыққыш мысалы, олардың араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады. Табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді. Темекі тарту жүрек тамыр жүйесінің тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады

Кері қайту

Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, денсаулық, зиянды заттар




















































Сабақтың тақырыбы: Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері Ту туралы түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Ой - өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау - жинақтау
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері Ту туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.
Ана тілін құрметте,
Ар - ұятты кірлетпе.
Жақсыларға жақ болып,
Жамандықты үлгі етпе.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
«Менің сүйікті қалам» тақырыбына шығарма жазу.
Шығарманы оқу, талдау, сұрақтармен қорытындылау.
Сергіту сәті:
Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңырақты құрамыз.
- Бұл аталғандар рәміздердің қайсысында кездеседі?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, оқушыларды 3 топқа бөлу.
1 - топ: Қыран
2 - топ: Алтын күн
3 - топ: Көк аспан

ІҮ. Жаңа сабақ:
Әнұран орындалады.
1. Қазақстан елінің рәміздері жайлы балалардың білетінін пысықтау. 2. Оқулықпен жұмыс: мәтінді мәнерлеп оқу, түсіндіру, Ту туралы қосымша түсініктер беру.
Ту (ағылш. flag) — арнайы түстері бар белгілі бір геометриялық пішінге ие мата. Әдетте тулар флагшток арқылы көтеріледі. Мемлекеттік ту мемлекеттік рәміз болып табылады. Мемлекеттіктен басқа көптеген елдерде әскери және коммерциялық тулар бар.
Туларды зерттеумен айналысатын ғылым саласы вексиллология (лат. vexillum — «ту», «байрақ») деп аталады.

Ту найза немесе басқаша бейнелер түріндегі металл ұштығы бар ағашқа бекітілген белгілі бір өлшем мен матадан тұрады. Ту жауынгерлердің жиналуы мен бірігуі үшін алыстан жақсы көрінетін белгі ретінде ежелгі Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай, т. б. елдерде биік сырыққа орнатылған қандай да бір бейнелер түрінде пайда болған.

Шайқаста Туынан айрылған жасақтар таратылды. Шайқас кезінде дұшпан Туларын қолға түсіргені үшін жауынгерлерге ерекше марапаттар жасалды. Көшпелі халықтарда да (сақ - скифтер, ғұндар, түркілер, т. б.) Туды жауынгерлік рухтың белгісі ретінде ерекше құрметтеген. Ту үлкен матадан түсті желек түрінде жасалып, найзаның сабына байланып көтерілген. Жауынгерлерге күш беріп қорғау үшін оған киелі белгілер (жыртқыш аңдар мен айдаһардың басы, кейіннен Ай, Құран аяттары) салынды. Ту әскердің киесі саналғандықтан, шайқас кезінде оны ұстау ең батыр адамдарға тапсырылған. Ту желбіреп тұрса әскер жеңіске жетеді, ол құласа жеңіледі деген ырым болған. Қазақ қоғамында ханның Туынан басқа, белгілі қолбасыларға да Ту тапсырылған. Мысалы, Абылай хан заманында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т. б. әйгілі батырлардың өз Туы болды. Ол Тулар кейіннен сол батырдың ұрпақтарында қалып, кие тұтылды. Ауру - кеселден, жамандықтан қорғайды деп қастерленді. Соғыс кезінде Тудан айырылған жағдайда бөлім командирі мен тікелей кінәлілер әскери трибуналмен сотталып, әскери бөлім таратылады. Тудан айрылу өліммен бірдей болған.

Мемлекеттік Ту тігілетін немесе орнатылатын жерлер де заңда көрсетілген. Олардың қатарында Елбасы резиденциясы, Парламент пен Үкіметтің министрліктері мен өзге де орталық атқарушы органдардың Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың Конституциялық кеңестің, Жоғарғы сот және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттар мен жергілікті органдардың ғимараттары бар. Олардың бәрінде де Мемлекеттік Ту ұдайы желбіреп тұруға тиісті. Дүниеге келген нәрестелер және некені салтанатты түрде тіркейтін орын - жайларда да Мемлекеттік Ту ұдайы ел назарында тұруы керек.
1. Мәтінді жүгіртіп оқу.
2. Оқушылардан Ту туралы білетіндерін сұрау.
3. ҚР Рәміздері туралы жаттап келген өлеңдерін сұрау.
4. «Егер мен Президент болсам...»тақырыбына қысқаша әңгіме жазу.
5. Сұрақ - жауап:
- Мемлекеттік Тудың авторы кім?
- Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер?
- ҚР - ның рәміздері қашан қабылданды?
- ҚР - ның тәуелсіздігі қашан жарияланды?
- Вексиллология деген не?
- Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен ені қандай?
- ҚР Конституциясы қашан қабылданды?
- Қазақстанда қанша облыс бар?
- 2011жылы елімізде қандай айтулы мереке тойланды? т. б.

ҮІ. Сабақты қорыту:
- Мемлекетіміздің рәміздерін ата.
Қазақстан рәміздері - елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.




















































Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым»
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ - жауап
Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Президент портреті
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Рәміздерім - мақтанышым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР - ның Әнұранын орындайды.
Жанғаным:
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Айжол: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
Жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?

Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов
Камила: ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.
Еркін:
Бәрі болған қараң сынды көне
Ел белгі де, ерлік өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

Жүргізуші: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
Гүлназ: 1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
Жалғас: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.

Аянна:
Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен - таңба.

Камила:
Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Жүргізуші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.
Ал, балалар, ҚР - ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?
Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.

Жүргізуші: Олар қандай мағынаны білдіреді?
Жанғаным: Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Еркін: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
Гүлназ: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.
Аянна: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

Қорытынды.
Айжол: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!
Жүргізуші: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.

































Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров136
Номер материала ДВ-449160
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх