Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Конспекты / Сценарий открытого урока на тему "Мемлекеттік тілдің үздігі."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сценарий открытого урока на тему "Мемлекеттік тілдің үздігі."

библиотека
материалов

Мемлекеттік тілдің үздігі

І жүргізуші Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді жан екен деп төрге озар.

Қай тілде де сөйлесең де дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Оқушылардың тіл байлығын тілге деген қызығушылығын,құрметін,сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілгелі отырған «Мемлекеттік тілдің үздігі» атты сайысымызға қош келдіңіздер.


ІІ жүргізуші: Түрі,тілі,діні бөлек болғанымен жүрегі «Қазақстан-туған жерім,Отаным» деп 130-дан астам ұлт өкілдері бір ауыздан жар салуда.


І жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық ,

Білімді өрендерге тамсанайық .

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділ қазы алқасын таныстырайық .


ІІ жүргізуші: Сайысымыз басталмас бұрын сіздерді оның өту барысымен таныстырып өтейін.Сайысымыз бес кезеңнен тұрады:

І. «Кел,танысайық»

ІІ . «Мақал –сөздің мәйегі»

ІІІ. «Мықты болсаң жаңылдырып көр»

ІҮ. «Көңілі ояу, көзі ашық»

Ү. «Жалғасын тап»


І жүргізуші: Таразылап талқылар,

Алдыңда тұр асқан сын.

Ортаға шық, ұландар

Байқауымыз басталсын.


ІІ жүргізуші: Сайыскерлеріміздің сайысқа түсу реті:


І жүргізуші: Сайысымыздың бірінші кезеңі «Кел,танысайық». Қазір алдын-ала белгіленген нөмір бойынша рет-ретімен әрбір сайыскер өзін таныстырып өтеді.Таныстыру барысында сайыскерлеріміздің дауыс ырғағына, мәнерлеп оқу шеберлігіне, дыбысты дұрыс айтуына көңіл бөлінеді.

II жүргізуші: Сайысымыздың екінші кезеңі «Мақал –сөздің мәйегі» .

Сайыскерлер ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдап алып,сол тақырыпта мақал-мәтел айтып жарысады. Әр дұрыс айтылған мақалға бір ұпайдан беріледі.

(Отан, Оқу – білім, Достық, Еңбек туралы 5мақал)

І жүргізуші: Танымдық та,тағылымдық та мәні бар,

Одан ұқсаң, ұтқырлық та табылар.

Өзге сөзге лезде өзгеріп кетеді,

Болсаң егер жаңылысар, жаңылар.

Зеректерді зеріктірмес,жаңылтпас,

Зеректер де жаттауға оны жалықпас.

Қызықтырар,тұтықтырар тіліңді,

«Бұл не ?» десең,бұл-кәдімгі жаңылтпаш.


Сайысымыздың үшінші кезеңі «Мықты болсаң жаңылдырып көр».


ІІ жүргізуші: Жандары қаламайтын аласаны,

Шәкірттер алда талай бел асады.

Әлемге қазақ халқын танытатын,

Осылар еліміздің болашағы.

Сайысымыздың төртінші кезеңі «Көңілі ояу, көзі ашық». Бұл сайыс 4 тапсырмадан тұрады.

Әрбір топқа 5 сұрақтан қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.


  1. тапсырма

1.Зере Абайға кім болады? (Әжесі)

2.Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

3.Наурызда пісірілетін басты тағам (Наурызкөже)

4.Тұрлаулы мүшелерге не жатады? (Бастауыш пен баяндауыш)

5.Туда не бейнеленген?


1.Жүз жасаған ақын кім? (Жамбыл Жабаев)

2.Қазақ тілінде жалғаулардың неше түрі бар? (4)

3.Жаңылтпаш қалай айтылады? (Жылдам)

4.Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды? (1992 жылы)

5.Абай Құнанбаев кім?


1.Абайдың неше қара сөдері бар? (45 сөзі бар)

2.Ш.Уәлихановтың шын аты қандай? (Мұхамедқанафия)

3.Тышқаннан қорқатын аң (Піл)

4. «Жұмбақтас» қайда орналасқан? (Бурабайда)

5.Елтаңбада не бейнеленген?


1.Ахмет Яссауидің кесенесі қайда қаланған? (Түркістан қаласында)

2.Қазақстанның бірінші астанасы? (Орынбор)

3.Жұрнақтардың неше түрі бар? (2)

4.Сөйлем неден құралады? (Сөзден)

5.Еліміздің ең биік тау шыңы (Хан Тәңірі)


2.тапсырма

Қ А З А Қ С Т А Н сөзінен сөздер құра.

Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас.


3.тапсырма

Мына сөздерді қазақшаға аудар.

Пресная – Тұщы

Растение – Өсімдік

Множество – Алуан

Учебные принадлежности – Оқу құралдары

Территория – Аймақ

Времена года – Жыл мезгілдері

Независимое государство – Тәуелсіз мемлекет

Эпоха – Дәуір

Космос – Ғарыш

Музей – Мұражай

Уровень – Деңгей

Трудности – Қиындық

Нехватка воды – Су тапшылығы

Ответственность – Жауапкершілік

Водохранилища – Су қоймасы


4.тапсырма

Сын есімдерге зат есімдердің лайықтысын тіркеп жаз.

Өнерпаз Сөйлем

Түйініді Бала

Әуесқой Суретші

Басыңқы Ой

Күрделі Етік

Қызыл Тақырып

Тершең Кітап

Қызық Адам

Сұйық Есімдік

Сұраулы Май



І жүргізуші: Қазақ тілі аса бай тіл, икемді тіл.Қалай исең,солай майыса береді.Орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға,тас қашап, ағаш оюға болады.Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, не бір алуан шекер балдай татитын нәріне, әрине әсте тоймайсың.


Сайысымыздың бесінші кезеңі «Жалғасын тап».

Әр сайыскерге бір өлеңнің бірінші жолы оқылады, ал сайыскер өлеңді әрі қарай жалғастырып айтуы керек.



«Кел, балалар, оқылық...»


«Ғылым таппай мақтанба...»


«Ақ киімді денелі ақ сақалды...»


«Желсіз түнде жарық ай...»


ІІ жүргізуші: Далаң үшін,қызба қан халқың үшін,

Жырың үшін кеңейткен жан тынысын.

Саған, Қазақстаным ғашықпын мен,

Әншіл,сәншіл,бәйгешіл халқың үшін.


І жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Сайысымыздың қорытындысын шығарып, мемлекеттік тілдің үздігін анықтау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.




ІІ жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін фактор – қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,- деген болатын. Олай болса:

Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,

Қасиетті тіліміздің мәнін біл.

Ана тілін құрметтеңдер адамдар

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл,-

деген тілекпен біз сіздермен қоштасамыз.










































«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің негізгі жалпы білім беретін №14 мектебі» ММ












Сайыстың тақырыбы:

" Мемлекеттік тілдің үздігі"

9 «А» сынып






Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Шолпанбаева АҚ.







2014 - 2015 оқу жылы


«Мемлекеттік тілдің үздігі» ашық сабағының талдауы


Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, қазақ тілі арқылы алған білімдерін бекіту.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, ізгілікке баулу, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кеспелер, интербелсенді тақта, суреттер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті

Сабақты ұтымды әрі тиімді өткізу мақсатында оқушыларды 2 топқа бөліп, сайыс түрінде өткіздім.

Сайысымыз бес кезеңнен тұрды:

І. «Кел,танысайық»

ІІ . «Мақал –сөздің мәйегі»

ІІІ. «Мықты болсаң жаңылдырып көр»

ІҮ. «Көңілі ояу, көзі ашық»

Ү. «Жалғасын тап»

1-сайыста «Кел,танысайық» кезеңінде әр топ өздерін таныстырып шығу керек болатын. Топ мүшелнері өздерін ойдағыдай таныстырып шықты.

ІІ . «Мақал –сөздің мәйегі» кезеңінде оқушылар өздерінің Отан , тіл, достық, білім туралы білетін мақал-мәтелдерін айтып, ортаға салды.

ІІІ. «Мықты болсаң жаңылдырып көр» кезеңінде топтар үйден жаттап келген жаңылтпаштарын айтып, сайысты. Жаңылтпаштарының тақырыптары жақсы тәрбиеге байланысты болды.

ІҮ. «Көңілі ояу, көзі ашық» кезеңінде интербелсенді тақтасына алдын-ала жазылып қойылған сұрақтарға жауаптар алынды. Сұрақтар мемлекеттік тіл, Отан, рәміздер тақырыбында құрастырылған болатын. Аталған сайыста оқушылардың сабақтарда алған білімдері ғана сыналып қойған жоқ, сонымен қатар, оқушылар өздеріне қосымша мәліметтер ала алды.

Ү. «Жалғасын тап» кезеңінде берілген тапсырма бойынша, оқушылар мүдірместен әр тапсырманың жалғасын тауып берді.

Сайыс сабақ болғандықтан, оқушылардың ұпай саны мен білімдерін бағалау үшін әділқазылар мүшелері алдын-ала сайланған болатын. Әділқазылардың қорытындысы бойынша, «Өнерпаздар» тобы 1-орынды иеленсе, «Білімпаздар» тобы 2-орынды иеленді.

Жалпы, сабаққа қойылған мақсатыма жеттім деп есептеймін.








D:\Users\User\Desktop\Новая тахира фото\P1110549.JPG




D:\Users\User\Desktop\Новая тахира фото\P1110555.JPG







D:\Users\User\Desktop\Новая тахира фото\P1110552.JPG


D:\Users\User\Desktop\Новая тахира фото\P1110556.JPG

Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров70
Номер материала ДВ-565106
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх