Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сценарий по проведению Нового года "Жаңа жыл"

Сценарий по проведению Нового года "Жаңа жыл"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп















Төрлет, құтты Жаңа жыл!

10-11 сыныптарға арналған

Жаңа жылдық кеш сценарийі



Сынып жетекшілер: Махмутова С

Әбенова Г





















Қызылорда, 2015жыл

Төрлет, құтты Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларды ұжымшылдыққа, ортақ мақсатқа жұмыла білуге,

өнерге деген құрметін дамыту.

Өткізілетін сыныптар: 10-11 сыныптар

Күні: 29 желтоқсан 2015 жыл

Сахнадан сағаттың дыбысы естіледі, «Уақыт» шығып:

Уақыт деген жүйрікпін:

Тоқтамастан құйғыттым.

Жаңа жылға жақынмын,

Жарандар той, сый күтсін!

Уа,адамдар,аман ба?

Көз салыңдар маған да!

Пайдаланып қалыңдар:

Мен қымбатпын әманда!

Тірліктіге - бақытпын,

Бірлікшілге - шаттықпын!

Еселенген өмірді

Есептеген уақытпын!

(Уақыт жүріп келе жатып телефон арқылы Жаңа жылға қоңырау соғады)

  • Алло,Алло! Жаңа жыл!

Саған дайын жаңа жыр!

Уақытың - көңілді:

Жалғастырам өмірді!

Ау, Жаңа жыл, жарқыным!

Мен өзіңе жақынмын.

Бар адамға қуаныш

Алып келе жатырмын!

 

Дауыс. Уа, құдіретті де, құрметті Уақыт амансың ба? Мен - Жаңа жылмын. Мен барғанша жер анада шырша жайнап тұрсын. Барлық адамға бақыт болып келемін. Қымбатты уақыт, Желтоқсанның соңғы күнін салтанатпен өткіз. Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды. Құрметте оны! Абай бол! Жылдардың арқауы үзілмесін!

Уақыт: Рас айтасың, жақсылығы мол, Жаңа жылым! Ер жүрек елім аман болса, әрбір минутымды бақытты өткіземін. Көк - жасыл көңілді көктем, жадыраған жаз, жемісті Алтын күз бақытты болып өтті. Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.

(уақыт әуенімен көктем, жаз, күз, қыс көріністері слайдта көрінеді)

Сахнаға жүргізушілер шығып, жан-жақтарына қарайды да,


1-жүргізуші (Шоқан):

Жас достар, мынау өтіп бара жатқан жылда мол бақытқа жетіп, көп қуанышқа бөлендіңіздер. Жаңа бақыт әкелетін Жаңа жыл да жақындап келеді.

2-жүргізуші(Салтанат): Тоқтай тұр, біз қонақтарымыз келмей, кешімізді қалай бастамақпыз? Ең алдымен сол кісілерді қарсы алайық!

(Сол кезде есіктің қоңырауы шырылдайды)

1-жүргізуші: Келді әне, барлығы дайын ғой?

2-жүргізуші: Әрине. Баршамыз бүгінгі кештің қонақтарын қошеметпен қарсы алайық!

( 11 сыныптар жұптаса жүріп шыршаны бір айналып өтеді де, орындарына жайғасады)

1-жүргізуші: Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

2-жүргізуші:

Қош келдіңіз, бүгінгі кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін

Жиналған осы жерге, бәріңізге.

1-жүргізуші:

Кел, Жаңа жыл! Төрле, төрле жеріме,

Құт-береке боп келгейсің еліме!

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің мені де!

2-жүргізуші: Бүгінгі Жаңа жыл кешіне барлығы көтеріңкі көңіл-күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге атсалысады деген ойдамыз, олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Ән. «Жаңа жыл»


1-жүргізуші: «Жақсы сөз- жарым ырыс»,- деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық лебізін айтуға ақыл-ойы жетілген саналы ұрпақты, сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп отырған білім ұясының білікті басшысы Ахметов Съезбек Исаұлын ортаға шақырамыз !

2-жүргізуші: Ағай, сізді келе жатқан Жаңа жылыңызбен құттықтаймыз!

  • Мереке қарсаңындағы көңіл-күйіңіз қалай?

  • Жаңа жылды қандай да бір ерекшеліктермен немесе ырымдармен қарсы аласыз ба?

  • Енді, Жаңа жылдық тілегіңіз... (рахмет, ағай)

  • 1-жүргізуші: Биылғы жыл еліміз үшін ерекше жыл болды. Оның көрінісі ретінде(кезек-кезек, ерекше дауыс ырғағымен):

  • ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жүз нақты қадам» жолдауы

  • Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл

  • Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

  • Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл

  • Ұлы Жеңіске 70 жыл

2-жүргізуші: «Еліміздің тірегі- білімді ұрпақтың қолында», оның дәлелі ретінде мектебімізді 2014-2015 оқу жылында тәмамдаған түлектердің толағай табысы деп айта аламыз. Орта мектепті 55 жас түлек аяқтаған болса, оның ішінде, алтын ұямыздың мәртебесін көкке көтерген оқушылар жетерлік. Оның ішінде

  • «Алтын белгі» иегері Алтаева Анель (қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің І курс студенті)

  • «Үздік аттестат» иегерлері Ханзада Зарина (Л:Н.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық университетінің І курс студенті ), Смайыл Бауыржан (қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің І курс студенті)

  • «Грант иегерлері» _22 болды, оның ішінде 16-сы ЖОО студенттері атанса,

  • «Серпін» бағдарламасы бойынша 6 түлек колледждердің студенттері атанды.

1-жүргізуші: Сол түлектеріміз бүгінгі керемет кешке Жаңа жылдық тарту ретінде өздерінің ыстық лебіздерін білдірмекші. Экранға назар аударайық.

2-жүргізуші: Осы түлектердің жолын берсін деп тілей отырып, биылғы жылғы мектебіміздің «Алтын белгіге» үміткерлері Журабаева Шарафат пен Тәңірберген Альбинаны мерекелік тортты кесу рәсіміне шақырамыз.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті «Үздіктердің үздігіне» берсек (кезек-кезек)

-«Алтын белгіге үміткерлер» Журабаева Шарафат, Тәңірберген Альбина

(қағаздарындағы сөздерді оқу)

- Жаңалыққа жаны құмар «Болашақ нанотехнолог» Алдаберген Бақберген

- «Болашақ тарихшы» Данияр Қарлығаш

- Ұшақтың сәні «Болашақ стюардесса» Төленді Алтынай

- «Болашақ архитектор» Ілияс Еркебұлан

«Үздік аудармашы» Зарипхан Замира

- «Жыл спортшысы» Ж. Нұрбақыт

«Алға Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар (ән орындалып жатқанда торт үлестіріледі, Нұрай, Назерке)

3-жүргізуші(Нұрбек):

Ей, Жаңа жыл! Жаңа бақыт ырысым,

Жақсылықтың жаршысы да, нұрысың.

Адамдардың асқақтаған арманы

Жанға шуақ, бойға қуат құйылсын.

4-жүргізуші(Арайлым):

Армысың, аманбысың, Жаңа жылым!

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Мешін жылы келгенде сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

3-жүргізуші:

Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз Ата мен Ақшақар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз (слайдтан Аяз атаға қатысты әуен ойнатылады, барлығы шыршаны айналып билейді)



4-жүргізуші:

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,

Сүйінішпен әрдайым жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңдар!

Аяз ата: Ассалаумағалейкум, жыр кешкен ел,

Нарына нарық заман мінгескен ел.

Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,

Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

Жаңа жылдарың құтты болсын, қарақтарым!

3-жүргізуші: Қош келдіңіз, Аяз Ата!

Қарсы аламыз орын беріп.

Ән салыңыз бізбен бірге,

Би билеңіз бізге еріп.

4-жүргізуші: Бүгін неткен тамаша күн?! Киелі қара шаңырағымызға еліміздің түкпір-түкпірінен танымал жұлдыздар да келіп қалыпты.

3-жүргізуші: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда, беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! –деп талантты әншіміз Нұрым Қуанышты «Сұқтанамын» әнімен ортаға шақырамыз.

4-жүргізуші: келесі кезекті «Ақшақар» биіне берейік.

«Жаңа жылдық тілек» ойыны ойнатылады. (Шоқан)

5 қатысушы ортаға шақырылады. Олар кезекпен бір Жаңа жылдық тілек айтуы тиіс. 5 секундтан артық ойланған ойыншы ойынна шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңімпаз болады.

3-жүргізуші: Төреғали Төрәлі мен Ерке Есмахан да осында екен. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

4-жүргізуші: 10 б сыныбының бишілерін ортаға шақырамыз!

Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым, бізді бүгін қуантып, алыстан шаршап келгенде көңілімізді көтердіңдер. Ал, енді біз жолға шығайық. Әлі де барар жер, басар тауымыз көп. Тағы да Жаңа жылдарың құтты болсын!

Ақшақар: Жаңа жылда , балалар

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше

Амандықта болыңдар! (қол соғып Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салу)


3-жүргізуші: Сыр қалмасын көңілде ақтарылмай,

Бақытын өз елінде тапқан ұдай.

Тай құлындай жарысып бірге өскен

Балауса балалықтың шақтарындай- демекші мектеп бітірушілер өмірінен көріністі тамашалаңыздар.

Шоқан: «Кім епті?» ойыны. Келе жатқан «Мешін жылы» болғандықтан «Адамды адам еткен еңбек» екенін дәлелдемекшіміз. Жіпке тізілген 5 бананды қолмен ұстамай, тек ауызбен 3 минут ішінде аршып, басқа ойыншылардан көбірек жеу керек. Ең көп тістелген банан иесі жеңіске жетеді.

4-жүргізуші: Ернар Айдар да қонаққа келіпті. Қарсы алыңыздар!

11 сыныптың биі

Ойын «Жұбыңды тап» . Ортаға 5 ұл, 6 қыз бала шығады. Қыздар шыршаны айналып билейді, жігіттер олардан бөлек билеп жүреді. Әуен тоқтаған уақытта ойынға қатысушы әр жігіт бір-бір қызбен жұптаса қалуы керек. Жұпсыз қалған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңғы жұп жеңімпаз атанады.

Н.Ә.Назарбаевтың тілегі

3-жүргізуші: Міне, Жаңа 2015 жыл да келді. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына сенеміз.

4-жүргізуші: Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Дастарханда отырмыз саған жайып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық.

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көштің

Төгіп- шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтың несібесін!

Шоқанның орындауындағы «Өмір ғажайып» әнін қабыл алыңыздар!


3-жүргізуші: Жаңа жыл әр отбасына жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке ала келсін. Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, кешімізді бимен жалғастырайық!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-382132
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>