Инфоурок / Другое / Научные работы / Сценарий по русскому языку на тему "Алтын күз байлығы"

Сценарий по русскому языку на тему "Алтын күз байлығы"

библиотека
материалов


КМҚК «Аққайың» ясли бақшасы











«Алтын күздің байлығы»

(ертеңгілік)hello_html_434400bc.jpg


Тәрбиеші: Ахметова А.М.



















2015 – 2016 оқу жылы





Тақырыбы: «Алтын күздің байлығы»

Тәрбиеші: Ырыс алды мол болсын

Жылда осындай той болсын,

Күз келіпті көңілді

Берекелі Алтын күз,

Алтын күздің байлығы

Сонда жеміс жейсіңдер

Қандай тәтті дейсіңдер.

Құрметті апайлар мен ата‒аналар Бүгін бізде Күз мерекесіне арналған «Алтын күздің байлығы» ертеңгілігімізді тойлағалы отырмыз.

Тәрбиеші: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаныма

Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.

деп Абай атамыз айтқандай, біздің де осы күз мерекесіне арнап тақпақтарын айтып береді.

Ақтілек:

Өтіп міне күз келді,

Дүние түсі өзгерді

Сарғайып жасыл жапырақ,

Сұрланып кетті атырап

Өткізіп салқын күн‒айды

Жел соқса шуыл болғаны

Орманның сірә тоңғаны

Жаны нәзік,жаны гүл

Табиғаттың заңы бұл.

Бауыржан:

Дәнге толы қызыл қырман,

Қырман басы қызыл думан

Мөлдіретіп жүзімдерін

Келді Алтын күзім менің

Молшылық‒күз, береке‒күз.

Береке күз, мереке күз

Айшабибі:

Самал қозғап қалғанда

Үзіледі сары алма

Шолып едім бақшаны

Қауын біткен сап‒сары.




Қуаныш:

Жетті желмен Алтын күз

Жемісін жинау салтымыз

Жиып теріп болған соң.

Той жасайды халқымыз

Мол өнімді жинаймыз,

Елге бәрін сыйлаймыз.

Айсана:

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі

Қандай өзі береген.

Нұрмұхаммед

Қоңыр күз шуақты

Шаруаға қолайлы

Біз жақсы көреміз

Жемісі мол айды

Үлгеріп қал дейді

Қыс барын ұмытпай

Шөп дайын мал дайын

Қамдандаық суытпай.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

Тосын сәт: Күз ханшайымы кіреді. (Білімдерін тексеріп сұрақ‒жауап, жұмбақ жасырады.)

1.Өзі қалпағын жасынан,

Тастамайды басынан.(Саңырауқұлақ)

2.Өзі суда өседі

Суға қайнап піседі.(Күріш)

3.Жиып‒теріп болатын,

Қамбаға асытқ толатын

«Қызыл қырман» ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

4.Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Қабат‒қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді(Орамжапырақ)

Тәрбиеші:

Кездескенше сол күзімен

Бұтағынан үзілген

Ай,жапырақ сары алтын

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.


Кезекті әнге берейік

Ән: «Күз‒жомарт»

Тәрбиеші:

Кел билейік,билейік

Неге тұрмыз билемей

Біздің топтың ұл ‒ қыздары

Би билейді іркілмей

Би: «Күзгі жапырақтар»

Тәрбиеші: Күзде жеміс‒жидектер, көкөністер, бақша дақылдары,егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Сондықтан адамдар күзді алтын күздің байлығы деп атайды. Алтын күз молшылықты,дархандықты,мырзалықты білдіреді. Биыл бау‒бақшада көкөністер қалай пісті екен? Сол көкөністерді адамдар жинамас бұрын көкөністердің дауласуын тамашалайық.

Көкөністердің дауласуы.

Автор: Ділдә

Бір бақшада әр түрлі көкөністер өсіпті.

Жасыл қияр‒ақкөңіл, әзілкеш, ешқашан қайғыруды білмейтін,барлық көкөністерді кекетіп мұқатқанды ұнататын. Ал қызыл қызанақ болса‒маңызды,қашанда сәнді. Ол жаңбыр жауғанды ұнатады.

Қызғылт сары сәбіз болса: Менің бар сұлулығым жер астында жатыр, ешкім көрмейді, мен бақытсызбын! Деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді.

Аққауданды қырыққабат‒кішіпейіл, сөзшең. Ол басында жапырағым екеу‒ақ еді, қазір тіпті көбейіп кетті‒деп, баршаға айтар әңгімені тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы.

Қоңыр картоп болса‒қайырымды мейірбан. Бақшадағы көкөністермен түгел дос болып, бәріне көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді.

Бас пияз‒жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендерін ұнататын .

Шалқан‒ертеде шаруа отбасында ең қажетті көкөністердің бірі болып табылады. Оны түрлі ас әзірлеуге қолданады.

Кәдіш‒бұл кабачок. Бұны білмейтін жемейтін адам жоқ. Бұл көкөністің тағамдық құндылығы жоғары сондықтан дәмді сый жасайды.

Тәрбиеші:

Жау‒жау жаңбыр, жауасың

Жанымызға дауасың

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасын ауасын.

Ән: «Жау‒жау,жаңбыр

Келесі кезекті биге берейік

Би: Қолшатыр.




Еркеназ:

Дәнге толы қызыл қырман

Қырман басы қызыл думан

Мөлдіретіп жүзімдерін

Келді Алтын күзім менің

Молшылық‒күз, береке‒күз.

Береке күз, мереке күз.

Нұрдәулет:

Қайтқан құсты көрдіңбе,

Қаптай ұшқан әуелеп,

Күткен күзім келдіңбе

Сыңсып бағың мәуелеп

Қамба толды астыққа

Алғыс саған Алтын күз

Бір уыс дән шаштықта

Қап‒қап қауын алдық біз.

Адия:

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.

Дінмұхаммед:

Жемісі көп не деген?

Жеп тауыса алмайсың.

Өрік,шие, балы бар

Қарбыз,қауын көбейді.

Жегің келсе бәрін ал

Неге аласың демейді

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Тұрлан:

Күзде жауын. Бұлт тұман.

Сары жапырық жауады.

Сары құйын ұйытқан

Сапырады ауаны

Тапталады табанға

Судыр‒судыр жапырақ

Өрттей сары бояуға

Малынғандай атырап.



Күз ханшайымы: Ойын ойнатады.

Ойын: «Дәмінен таны»

Ойынның шарты: Шырынды ішіп, дәмін татып, қандай шырын екенін айтып береміз.(қызанақ,шие,алма,өрік)

Тәрбиеші: Күз туралы тақпақтарын айтып бергісі келіп тұр.

Бахтияр:

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Ерасыл:

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен

Енді сары бояумен

Күз суретін салам мен.

Рахымжан:

Алтын‒алтын сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр

Біз мектепке баратын.

Алақай‒ау күн жақын.

«Аққайың» ясли бақшасының әдіскері Тоғжан Көшербайқызы қорытындылап сөз сөледі.

Ата‒аналарда Күз ғажайып әлемінеде ат салысып өз қолдарынан жасаған шеберліктерін көрсетіп, мадақталды.




Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-241378

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG