Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Научные работы / Сценарий по русскому языку на тему "Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасының ынтымақтастығы"

Сценарий по русскому языку на тему "Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасының ынтымақтастығы"


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:



«Аққайың» ясли бақшасы





























"Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасының

ынтымақтастығы"

















Тәрбиеші: Ахметова А.М.













2015 жыл



Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-анамен баланың арасындағы қарым қатынасты нығайту. Балалардың мінез құлқы, бейімі,қызығушылығы,мүмкіндігін,т.б. тереңірек зерттеу. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық достық қарым-қатынасты қалыптастыру,үлкенді сыйлауға сыпайы,ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Магнитті тақта, слайд суреттер, жылжымалы тақта.

Әдіс-тәсілі: Дөңгелек үстел.

Тәрбиеші: Атамыз қазақ "Бала – адамның бауыр еті", "Балалы уй - базар"-дейді.Өйткені бала өмірдің жалғасы,отбасының жеміс берер гүлі.

-Ал,біз қазіргі уақытта жұмысбастылықпен балаларымыздың іс-әрекеті,мінез-құлқы,қызығушылығы мен бейімділігіне немесе күнделікті көңіл-күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе?

Балаларымыз қалай өсіп келеді?

Алдағы шектеулі уақыт ішінде осы сұрақтар төңірегінде ойланып көрмеске,ортамызға бір топ ата-аналарымыз қонақ болып келіп отыр, таныс болыңыздар.

1.Көптілеуовтер отбасы

2.Смағұловтар отбасы

3.Тілекқабылдар отбасы

Бүгінгі бас қосуымыз әдеттегі іс-шараларға қарағанда өзгеше.

Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар, балаларыңыздың көзқарастарына сәйкес ойланасыздар.Балаларыңызды өздеріңізге беймәлім қырынан танып білулеріңізде мүмкін.

Тәрбиеші: Бірінші кезеңіміз "Менің балам" деп аталады.Бұл кезеңде сіздерге өз балаларыңызды барынша мақтап қалуға мүмкіндік бар. Әңгімелеріңізді кезекпе-кезек "Менің балам" –деп бастап,әрі қарай өз балаларыңызды тәтті қылықтары мінезіндегі,түр сипатындағы ерекшеліктері т.б туралы әңгімелеуге болады.

1. Көптілеуовтер отбасы

2.Смағұловтар отбасы

3.Тілекқабылдар отбасы

Бірінші кезеңіміз бойынша,кішкентай балаларымыз сурет бойынша қыс мезгілін әңгімелесін.

1.Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Айнала қар. Қыс айлары: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

2.Далада балалар бір-біріне қар лақтырысып ойнап жүр. Балалар шанамен сырғанап жатыр. Балалар мұз үстінде коньки теуіп жүр.

3. Далада қар жауып тұр. Балалар қысты жақсы көреді. Қардан аққала жасап жатыр.

Тәрбиеші: Әңгімелеріңіз үшін көп рахмет, өз балаларыңызды өзгемен шатастырмайтындарыңыз белгілі болды.Десе де сіздерге кішкентай ғана емтихан ұйымдастырған едік, мына бейнетаспадан билеп жүрген өз балаларыңызды дәл танып айтып берсеңіздер..... (Ата-аналар жауабы)

Тәрбиеші: Келесі кезең "Жедел тест" деп аталады. Жедел тест құрамына кіретін екі сұраққа сіздердің балаларыңыздың жауаптары алынып қойылған, дәл сол сұрақтарға енді сіздер көп ойланбай тез арада жауап берулеріңіз керек.

Жедел тест құрамындағы ушінші сұрақ тек сіздер үшін қойылады, өз ойларыңызды білдіруге мүмкіндік аласыздар.

(Жедел тест слайд арқылы көрсетіледі).

1.Балаңыздың ең сүйікті асы не?

а)Жарма ботқасы

ә)Сорпа

б)Қуырылған картоп

2.Балаңызды қалай еркелетесіз?

а)Қошақаным

ә)Ботақаным

б)Еркетайым

3.Сурет бойынша өлеңді толықтырып айтыңыз.

Жауап: Шанамен зырлап келетін,

Шаңғы,коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

II. Смағұловтар Отбасы.

1.Балаңыз отбасында кімнің баласы?

а)Атасы мен Әжесінің

ә)Әкесінің

б)Анасының

2.Балаңыздың ең жақсы көретін ойыншығы?

а)Машина

ә)Қуыршақ

б)Құрастыру ойыншығы

3.Сурет бойынша өлеңді толықтырып айтыңыз.

III. Тілекқабыл отбасы.

1.Балаңыз қандай мультфильмді қызығып тамашалайды?

а)Том және Тышқан

ә)Маша мен Аю

б)Алдар Көсе

2.Балаңызбен соңғы рет бірге жаттаған тақпағыңыз қандай? Айтып берсеңіз.

а)Қуыршақ

ә)Торғай

б)Қолғап

Жоғалттым қолғабымды,

Тыз-тыз етті қолдарым.

Сорып аяз тастады,

Естен кетпес тоңғаным.

Қолғаптық жіп шығарып,

Тоқыды әжем шие алып.

Мен отырмын ұяттан,

Тоңғандай боп қызарып.

3.Сурет бойынша өлеңді толықтырып айтыңыз.

Күн жылиды, Қар ериді,

Гүлдер өсіп шығады.

Құстар ұшып келеді,

Бұл қай кезде болады? (Көктем)



Тренинг:

-Енді ата-аналар "Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ"- демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз?

-Тамыры ма? -Әлде діңі ме? -Әлде жапырағы ма? (Өз қалаулары бойынша тамыр,діңін,жапырағын таңдап алады.)

Тәрбиеші: Сіздер не үшін тамырды,діңді, жапырақты таңдадыңыздар? Әрбір отбасынан, бір адамнан шығып қорғайсыздар.

-Енді ата-аналар мына тақтада ақ қағазға әркім өзінің таңдаған тамырды,діңді, жапырақтың суретін біріктіріп саламыз. (Ата-аналар тақтаға ағаштың суретін салады.)

Тәрбиеші: Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес,психологиялық сәйкестік.

Тамыр- таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

Діңгекті-таңдағандар берік,мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

Жапырақ- таңдағандар сұлулықты,әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

Тәрбиеші: Сіз бен біз үшін ортақ балаларымыздың тұлғалық қалыптасу үдерістерін тереңірек түсіну аса маңызды.

"Бала тілі-бал" атты келесі кезеңде бүлдіршіндеріміз бал тілдерімен жұмбақтар жасырады,сіздер шешімін табуларыңыз керек.Экранға назар аударыңыздар. (Экранда балалар жеке-жеке жұмбақтар жасырады, ата-аналар шешімін табады).

1.Бірі үлкен,бірі кіші,

Туысқан бірге бес кісі. (Бес саусақ)

2.Көңіл күйді білдірер,

Қиылған қос қанат.

Ол не? Ойлан тап. (Қас)

1.Таңертен төрт аяқпен,

Түсте екі аяқпен,

Кешке үш аяқпен жүреді. (Адамның өмірі)

2.Балаға жанашыр,

Мейірман кім,жаны асыл.

Ол кім? (Тәрбиеші)

1.Кіп-кішкене қараша,

Тұрған жері тамаша.

Бір-ақ сәтте жер-көкті,

Алады шарлап қараса. (Көз)

2.Пешсіз піскен,

Ыдыссыз ішкен. (Ананың сүті).

Тәрбиеші: Тілдерін дамыту, сөйлеу мәдиниетін қалыптастыру,ой-өрістерін өсіру мақсатында балаларыңызбен жиі-жиі жұмбақ,жаңылтпаш,тақпақ, т.б. жаттауға күнделікті сөйлесіп тұруға кеңес береміз.

Тәрбиеші: Балалар ертегі таңдағанды жақсы көреді. Ал сіздердің ертегі айтуда тәжірибелеріңіздің бар жоқтығын келесі кезеңінде байқап көреміз. Кейіпкерлердің дауыс интонациясы,іс-қимылдарын нағыз әртістерше сандап көруге мүмкіндіктеріңіз бар. Назарымыз сіздерде.

  1. «Маша мен аю» ертегісі

  2. «Шалқан» ертегісі

  3. «Алтын жұмыртқа» ертегісі

Тәрбиеші: Бүгінгі бас қосуымыз аяқталып та келеді. Мына өздеріңіз салған ағаштың суреті.

-Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағаштың жемісін береді.

-Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін көрейік.

Қорытындылай келе

-Осы ағаштың Тамыры - ата-ана

Діңгегі – тәрбиеші

Жапырағы – балаларымыз

Тәрбиеші: Жақсы тілектеріңіз періштенің құлағына шалынсын. Бүгінгі күні алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген бүлдіршендеріміздің ертеңгі күндері жарқын болсын.

Бүгінгі бас қосуымыздың нүктесін қойып, өз пікірін білдіру үшін балабақшамыздың

Әдіскері: Тоғжан Көшербайқызына сөз кезегін ұсынғым келеді.

Мадақтау.












Автор
Дата добавления 06.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Научные работы
Просмотров28
Номер материала ДБ-241382
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх