Инфоурок Другое Рабочие программыСценарий по военно-патриотическому воспитанию на казахском языке на тему"Ауғанның от жалыны"

Сценарий по военно-патриотическому воспитанию на казахском языке на тему"Ауғанның от жалыны"

Скачать материал

 Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына арналған кездесу-кеш.

Тақырыбы:  «Ауғанның от-жалыны»

Мақсаты: 
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ауған соғысындағы батырлар» альбомы, тақырыптық көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.
Шақырырылған қонақтар: Ауған соғысына қатысқан осы күнде ауылымызда тұратын  ардагер ағаларымыз Гринчук Анатолий, Самат Қадірұлы, Беймағанбетов Мейіржан, Беймағанбетов Тұрсынхан, мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары.

 

Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы «Ауған соғысы»  аяқталды.

 

Жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік,

Қарлы шыңға күн-түн демей өрледік.

Сұрапылда ерледік те шерледік,

Намыс туын қолдан бірақ бермедік.

Ауған соғыс жылдарында қаза болған азаматтарымызға гүл шоқтарын қоюға рұқсат етіңіздер.

 

Жүргізуші: Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.Олай болса Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып, бір минут үнсіздікпен еске алайық.

 

Жүргізуші:

Армысыздар, ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына арналған митингімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан республикасының Әнұраны ойналады. 

 

Жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!

Сөз кезегі №38 Сұлутөр орта мектебінің директоры Тлеукабылова Асель Бақытқызына беріледі.

 

Жүргізуші:

Сақтады олар елін, жерін, қонысын

Ақтады олар азаматтық борышын

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерге - майдангерге

Иейік біз барлық жерде

Басымызды сол үшін.

Сөз кезегі

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына арналған митингімізді жабуға рұқсат етіңіздер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші:

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты

«Ауғанның от- жалыны» тақырыбындағы әдеби музыкалық монтажды ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші: 1978 жылы Ауғанстан жерінде төңкеріліс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемелекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.

Жүргізуші:1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен 
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.

1-оқушы
-Армысыздар, ауғандық жауынгерлер 
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .
Өлгендерді жәннәтта болсын жаны ,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

2- оқушы 
Кабул далекий и безжизненная степь 
Пропахли дымом от разрывов горьких, 
Ты долго не увидишь сыновей,
Спасающих другой народ от горя.
Мы, Родина, покинули тебя, 
Нам совесть путь- дорогу указала. 
Иди и выполняй святой приказ,
Чтоб Родина спокойно засыпала. 

 

Жүргізуші: Бейбіт өмірде Отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттанды. Олар соғыстың мән жайын ұғынар - ұғынбастан кете барды. Талайдың тағдырын тәлкіге салған Ауған соғысы он жылға созылды.

3- оқушы 

«Өлең сөздің патшасы»

Бітпейді соғыс салған салдарлары,

Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі

Қырық бірдің отты жылы көнергенде

Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы

Таулы аймақ Кабул, Баграм, Кандагарда

Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда

Он сегіз- жиырмадағы боздақтардың

Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.

Бауырым, сен де соған барып қайттың

Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың

Тілейміз енді соғыс болмағанын

Жат жерде жансыз дене қалмағанын

Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,

Ашық аспан астында самғағанын!

                         Дәулетбек Қалышкенұлы.

4- оқушы 

Время выбрало нас,
Закрутило в Афганской метели. 
Нас позвали друзья в грозный час-
Мы особую форму надели.
И в огни горных трудных дорог,
Своей кровью крапили походы. 
Не заметили в вихре тревог,
Как минуты прессуются в годы.

Жүргізуші:Қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті-бала жастан санамызға сіңірген патриоттық тәрбие-Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді.

Мархабат Байғұт «Бозторғайдың ұясы» көрініс

5- оқушы 

-Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып 

6- оқушы 

Отан үшін оққа тос кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.

Жүргізуші: Ауған соғысының қайғылы қорытындысы:

- Ауған жеріне 23.000 жерлестеріміз аттанып, борышын атқарды.
- 761 жауынгеріміз қаза тауып, қазақ жеріне жерленді. 
- 26 жауынгер із –түссіз жоғалған.
- 1000 адамнан астам инвалид мүгедекке шалынды.
- 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.

-         Өзіміздің Қордай ауданынан 12 жерлесіміз қаза тапты.

-          Сұлутөр ауылынан Майқоржынов Жақсылық Саттарқұлұлы қаза болды. 

 

7- оқушы 

С фотографии смотрит парнишка:
Взгляд усталый, серьезный такой. 
В смерть не верится -
молод он слишком, 
Но уж выпили за упокой.
Меж двух дат – небольшой промежуток,
Не успел накопить он годков.
Его нет 
И становится жутко,
Пустота. 
Брешь сквозь сотни веков. . .
А с живыми останутся снимки –
Сотни копий с улыбок из глаз,
И в земле опалённые цинки, 
Да суровость правдивых глаз. 
8-оқушы 
Пусть не все герои 
Те, кто погибли,-
Павшим вечная слава!
Вечная слава!
Вспомним всех поименно, 
Горем вспомним своим. . .
Это надо не мертвым!
Это надо живым .
9-оқушы
-Кононенко К.: «Я был у матери один».
Я был у матери один, 
А у соседей было двое. 
Один с войны пришёл героем, 
Другого в цинке привезли. 
И кто виновен в той беде? 
Что мать до срока поседела. 
Что, в общем, никому нет дела, 
Как я погиб, зачем и где. 
Я честно выполнил свой долг. 
И я не прятался за спины, 
Жизнь, не дожив до середины, 
Хотя, я точно знаю, мог! 
Я мог любить, и быть любим. 
Ходить в кино, встречать рассветы. 
Но жизнь, как песня, не допета, 
И ход судьбы неумолим. 
Как холодна чужая ночь. 
Как зноен день в чужой долине. 
Сгорели заживо в машине. 
Нам не могли ничем помочь. 
И раздавали ордена, 
Но много ль толку от железа? 
Когда вам вместо ног протезы 
В награду Родина дала? 
Я был у матери один. 
И умирать мне не хотелось…

10-оқушы

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне жасқанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң.

11-оқушы

Қызығы балалықтың тарқалмаған,

Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан

Аттанып қан майданға сендерсің ғой.

Соғыстың бар азабын арқалаған.

 

Жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!

 

Жүргізуші:Ауған жерінде 1979-1989 жылдар аралығында әскери міндетін атқарып, бұл елде бейбітшілік сақтау, лаңкестікті болдырмау, құрылыс орындарын  кузету т.б қызмет атқарып аман елімізге қайтқан ағаларымыз бар.

Олар: Орынбаев Тілектес, Қырғызбаев Дәулет, Рыженко Николай, Фишенко Николай, Заикин Виктор.

 

Жүргізуші:Серігісің достардың сенгендегі

Көңіл бөлме пікірге пендедегі

Жиып ұста денеңді, биік ұста

Ауғанда ешкім жеңбеген зор кеудеңді!

Азаматтық-ел жүгін атқару ол,

Асулардан аттайтын қатпары мол.

Ауғанның ащы дәмін татқан бауырым,

Алаштың арқа сүйер мақтаны бол!

Осы ағаларымыздың құрметіне Бейсеғожаев Балдаттың орындауында  «Ардагерлерге мың алғыс» қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:Ауған жауынгерлерінің ерлігі, қажар-қайраты бір –біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге боларлықтай.

 

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, оқушылар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерін бірге кешейік. Отанымыздың адал азаматы болып өсіңдер! Ауғандық ардагерлерімізді қадірлеп, құрметтеу- біздің борышымыз.  Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет! Еліміз тыныш, бейбіт заман болсын, ағайын!!!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий по военно-патриотическому воспитанию на казахском языке на тему"Ауғанның от жалыны""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 929 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2016 1051
    • DOCX 25.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманбаева Нагима Кудайбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9035
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой