Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / Сценарий по воспитанию на казахском языке на тему"Заң мен заман"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сценарий по воспитанию на казахском языке на тему"Заң мен заман"

библиотека
материалов

"Заң және заман" тәрбие сағаты

Мақсаты: Адам құқықтары - бала құқығы туралы конвенциясы жайлы баптардан түсінік бере отырып,міндеттері мен жауапкершіліктерін қалыптастыру Таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету;Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта.

Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.

Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі прициптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта оқушылар арасында өтілген «Заңды білу – заман талабы» атты өнеге сағатының ашылуына рұқсат етіңіздер

- Құрметгі ұстаздар және окушылар! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазакстан Республикасы кұқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат казынасы - адам және адамның өмірі, құқықгары мен бостандықгары» деген кастерлі сөздерді кіргізген.

Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз қүқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұра-тына жетеді. Сондықтан, занды білу — заман талабы.

Барысы: 1. Ұйымдастыру

  1. Психологиялық дайындық

  2. Топқа бөлу

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

II. Конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған.

Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

.Әр адам –өзі өмір сүрген ортадағы қоғамның мүшесі.Әр елдің өз адамдарына арнаған Ата Заңы- Конституциясы болады. Ендеше мына кітап-еліміздің Конституциясы. Бұл кітапта Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың құқығы,бостандығы,міндеттері жазылғанАта Заңымыз Заңда жеке адамдардың құқығы мен еркі туралы айтылған.

ҚҰҚЫҚ ДЕГЕНІМІЗ ҚОҒАМДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН РЕТТЕП ОТЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕП, ҚОРҒАЙТЫН НОРМАЛАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР ЖИЫНТЫҒЫ, ОСЫ НОРМАЛАРДЫ ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМ

ІІ. Олай болса, өздерінің осы Ата-Заң туралы не білесіңдер?

Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 ж 28 қаңтарда қабылданып Кейін оған түзетулер мен толықтырулар енгізіп, 1995 ж 30 тамызда қабылданды.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 1948ж 10 желтоқсанда БҰҰ-ның шешімімен қабылданды. Бұл азаматтардың ерік бостандықтарын терең қарастырылған құжат.

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ –БАРЛЫҚ ӘЛЕМ БАЛАЛАРЫНЫҢ АТА ЗАҢЫ болып табылады.

ҚР-ң президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылы балалар құқықтары туралы Конвенцияға қол қойды.Сонымен біздің мемлекетімізде балалар құқықтарын қорғау халықаралық-құқықтық мінездемеге ие болды. Осы кітапшада Конвенцияның негізгі баптары келтірілген. Онын мәнін білсен әр жағдайда өз құқықтарын қорғай аласын.Ендеше балалар құқықтарының баптарына қысқаша тоқтала кетейік.

6- бап Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.

7- бап Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы және азаматтық алу мен ата-анасынан қамқорлық көруге құқылы

Мұғалім: Адам дүниеге шыр етіп келген күннен бастап өмірі, денсаулығы, тыныштығы, қуанышы қорғалады.Өйткені ол мемлекеттің азаматы.

Яғни ең алғаш балаға қандай құжат беріледі? (Туу туралы куәлік беріледі)

Сол куәлік арқылы 6 ға немесе 7 ге толған бала не істейді? (Мектепке барады , тегін білім алады)

Бірақ жасың 16-ға толғанша ата-ана қамқорында боласың. Кәмелеттік жас 16 жас саған азаматтық туралы куәлік беріледі.Сонда сен өз мүмкіндіктеріңді, құқықтарынды толық пайдалана аласың.

Заң сөздігі (Интер тақтадан оқушылар түсінік)

Декларация- Конституция –Міндет-Мораль-Құқық

Бала құқықтары

Бейнекөрініс «Жастар мен қылмыс»

Ой талқы Топтастыру

Ойын : Ойлан тап!

І топ

1 Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамассыз етеді

2. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

3. Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы .

4. Әрбір баланың ой – пікірі, ар - ожданы және дін еркіндігіне құқығы бар.

ІІ топ

  • Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға құқықсыз;

  • Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

  • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқығы бар;

  • Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

«Жағдаяттық сұрақгар»

/ топка: Қазақ азаматшасы түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірак ата-анасы қарсы.Себебі, олар қазақ азаматшасы Қазақстан Республикасыньщ азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп алаңдайды. Қазақ азаматшасы азаматгығьн жоғалтады ма, әлде?

(7-бап. Жоғалтпайды);


II топқа: Ирина мен Қайрат ҚР-ның азаматгары. Бірақ олар Украинада
келісім бойынша жұмыс жасайды.Олардың отбасында ұл бала дүниеге келеді,
балаға қай еддің азаматгығы беріледі?
(12-бап .ҚРазаматтыгы беріледі);


Жалпы: Қарт адам Париж каласыңцағы ҚР-ның елшілігіне келіп, оған
ҚР-ның азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген, халы-
қаралық сотгың шешімімен өмір бойы темір тордың аржағында отыруы ке-
рек қылмыскер болатын. Оған азаматтык беріле ме?
(17-бап. Берілмейді);


Сендер қоғамда неге құқылысындар (слайд)

1.Өмір сүруге құқылы 2.Білім алуға құқылы 3.Бос уақытын ерекше пайдалануға

4.Өз пікрін еркін білділуге 5.Мәдени өмірге араласуға 6.Дін ұстануға

7.Дос болуға 8.Демалуға,емделуге 9.Жұмыс істеуге

Глоссарий «Орнын тап»

Оқушы міндетті

1.Мұғалімді сыйлауға 2.Қоғамдық жұмысқа қатысуға

3.Білімді менгеруге 4.Шындықты білуге

5.Үлкенді сыйлауға 6.Кішіге көмектесуге

7.Өтірік айтпауға 8.Шыдамсыз болмауға

9.Денсаулығын күтуге 10.Денені шынықтыруға

11.Қазақ тілін құрметтеу 12.Мемлекет нышандар

13.Табиғатты қорғауға 14.Заңдары орындауға

15.Жол тәртібін бұзбауға

Оқушы жауапкершілігі

1.Уақытында келу 2.Уәдеде тұр

3.Тиянақты болу 4.Мектеп мүлкін

Бүлдірмеу 5.Тәртіпті бұзбау

6.Жаман сөз айтпау 7.Досына көмектесу

8.Оқушы ережесін орындау 9.Кітапты күтіп ұстау

10.Күн тәртібін бұзбау 11.Талапты орындау

12.Әдепті болу.



Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір – бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма – кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.

1.Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері: 2.Заңдарға бағыну;

1 Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арынқұрметтеу;2 Мемлекет рәміздерін құрметтеу;

1 Қаржы, салықты төлеу; 2 Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;

1 Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау; 2 Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;

1 Орта мектеп білімін алу; 2 Қазақстан Республикасын қорғау;

Осымен біздің сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан алған мәліметтер өте керекті деп ойлаймын. Келген қонақтарымызға рахмет айтамыз.

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың - өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.

Мен жігіт 15 - 30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аларымда.

Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп

арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата - анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров120
Номер материала ДБ-013284
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх