Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сценарий последнего звонка "Соңғы қоңырау"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сценарий последнего звонка "Соңғы қоңырау"

библиотека
материалов

11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебіндегі

2014-2015 оқу жылының «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты

жиынның сценарийі


Жүргізуші 1: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, қадірлі жас түлектер! «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызға хош келдіңіздер!

  1. Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан – сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын соңғы қоңырау. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітірушілер есінде мәңгі өшпесі анық.

  2. Жүргізуші 2: Добрый день, дорогие друзья, уважаемые родители, учителя и гости нашей школы! Мы рады приветствовать вас на нашей торжественной линейке. Сегодня у нас не просто мероприятие, сегодня у нас праздник, который бывает только один раз в год, а для учащихся 11 классов он особенный - праздник прощанья со школьным звонком.

Вот и пробил прощанья час

Закончились годы ученья

И вы уходите от нас

Для достижения светлых целей

Сегодня каждый вам готов

Сказать так много на прощанье

Сердечных, добрых, теплых слов

В последний час, в час раставанья

Жүргізуші 1:

Алдарында сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр,

Үлкен өмір есігін ашпақ міне,

Келген қауым қол соғып қолда бүгін,- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар алдарыңызда 2015 жас түлектері!

(музыка ойнап тұрады)

Жүргізуші 2: А теперь приглашаем виновников сегодняшнего торжества выпускников 2015 года!

Жүргізуші 1:

11 «А» сыныбы - сынып жетекшісі Курманалиева Камшат Құралқызы

Жүргізуші 2: 11 «Б»класс – классный руководитель Есхожаева Рахима Кулахметовна

Жүргізуші 1 : Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялауға рұхсат етіңіздер.

Жүргізуші 2:

Торжественная линейка, посвященная празднику «Последнего звонка» обьявляется открытой.

Жүргізуші 1:

Естілгенде көк аспанның астында

Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран

Бар қазақтың үніндей боп шарықта

Бар қазақ боп мен өзіңе бас ұрам

Мектеп оқушылары ! Түзеліп, тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындауға дайын болыңдар!

Жүргізуші 2: Приготовиться к исполнению Государственного Гимна Р.К.

Гимн




Жүргізуші 1:

Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ ордендерінің толық иегері Тайыр Тастандиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі мектеп бітіруші жас түлектерге беріледі.

Жүргізуші 2: Для возложения цветов к памятнику полному кавалеру орденов славы Тайыру Тастандиеву предоставляется выпускникам.

1. Алмағанбетов Темірлан

2. Қаһар Ұлданай

3. Момыналиева Ақерке

4. Задыхан Нұрлыхан

Жүргізуші 1: Құрметті көпшілік!

Бүгінгі біздің жиынымызға арнайы келген қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1. Ақтөбе ауылдық округінің әкімі – Заппаров Арабхан Расылханұлы

2. Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің бас маманы -

3. Мектебіміздің аға буын ардагер ұстаздары Мациевич Любовь Алексеевна, Таласбаева Сәрсекул Еркінбекқызы.

Жүргізуші 2: Өмірде өшпейтін іс – балаға берген білімің, мейірім, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры Жорабекова Гүлнәр Молдақұлқызына сөз беріледі.

/Мектептің үздік, белсенді оқушыларын марапаттау рәсімі/.

Жүргізуші 1:

Ісіменен көркейтіп елімізді, 
Танытып азаматтық тегіңізді.
Қадірлі қонағымыз, мейманымыз, 
Тыңдалық сіздің де ыстық лебізіңізді
Салтанатты жиынымызға келіп тілектестік ниетін білдіріп отырған қонағымыз Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Заппаров Арабхан Расылханұлы сөз кезегі өзіңізде.

Жүргізуші 2:

Қабыл етіп қонақтардың тілегін, 
Тілегіңді тұмар етіп жүремін.
Ұрпақтарға ұлағатын қалдырар,
 
Өздеріңдей болса деймін түлегім!
Жуалы аудандық білім бөлімінен келіп отырған қонағымыз бас маман -----------

  1. Жүргізуші 1:

Ұрпақтар сабақтастығы
Осы ғой терең түйсінсең
Ардагер ұстаздардың да
Еңбегі ерен біз үшін

Жүргізуші 1:

Слово для поздравления предоставляется старшему учителю, учителю - ветерану, ветерану труда Мациевич Л.А.

Жүргізуші 2:

Бүгінгі мерекеде бізге сара жолдың шырағын жағып адастырмай тұрған ардагер ұстаздарымыздың өсиетін тыңдасақ жөн болмас па?

Келесі құттықтау сөз кезегі ардагер ұстазымыз Таласбаева Сәрсекул Еркінбекқызы өздеріңізде.

Мектебіміздің дүлдүл әншісі аудандық байқаулардың жүлделі орындардың иесі Қадырқұл Қымбат пен Әмірхан Маржанның орындауындағы «Қоштасу вальсі»

әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші 1:

Күтсін дейміз, алдыңнан күліп бағың,

Жоғалмасын ата-салт ғұрыптарың

Кір келтірме ата-ана, мектебіңе

Өскен орта ұяңды ұмытпағын,- мектеп бітіруші түлектерді құттықтау үшін мектебіміздің ең кішкентай шәкірттері 1- сынып оқушыларына сөз беріледі.

Жүргізуші 2: Дорогие выпускники! С приветсвенным словом к вам обратятся те, которых вы гостеприимно встретили 1 сентября – первоклашки.

Жүргізуші 1:

1 – ші сыныптардың құттықтауы.

  1. Тақпақтар

  2. Сыйлық тапсыру.


Жүргізуші 2 : Бірге өткізген күндері, қыс - жазын да

Жазып шықты қаншама іс қазына

Балапанын ұшырған ұясынан

Сөз береміз алғашқы ұстаздарға

Құттықтау сөз кезегі жас түлектерді алғаш рет мектеп табалдырығынан аттатқызып, қолдарына қалам ұстатып, Әліппені оқытқан алғашқы ұстаздарында.

Алғашқы ұстаздардың құттықтауы.

11 А сыныбы – Көшкінбаева А.Б.

11 Б сыныбы – Айтенова А.А

Жүргізуші 1 :

Ұстазсыз шәкірттерге бақ берген бе?

Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?

Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған

Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде.

Сөз кезегі жас түлектеріміздің сынып жетекшілеріне беріледі.

Жүргізуші 2: Поздравительное слово предоставляется классным руководителям.

Сынып жетекшілердің құттықтауы


  1. Курманалиева Камшат Құралқызы

  2. Есхожаева Рахима Кулахметовна


Жүргізуші 1 : Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан, ата-анадан бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Поздравительное слово предоставляется родителям

Жүргізуші 2 : Следующее слово для поздравления предоставляется 10

классникам, именно они принимают эстафету у выпускников.

Жүргізуші 1 : Ұшырса да өмірдің сан түлегін

Ұстаз – ғалым, толастамас мәңгі сын

Тыншымайтын асыл жандар қадірлі

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Келесі құттықтау сөз кезегі 11 «А» сыныбының оқушысы «Алтын белгі»

төс белгісіне үміткер Амен Алуа мен 11 «Б » сыныбының

оқушысы Амантай Азизаға беріледі.

Жүргізуші 2: Өмірге азық мол сыйың,

Құшағы құтты нұрлы ұяң.

Мектебім менің өз үйім,

Санама күнде нұр құйған.

1-ші сыныптарға өз аманаттарын тапсырады.

Ортаға аманат тапсыру үшін мектеп бітіруші түлек Сапарханов Бағдаулет пен 1-ші сынып оқушысы Көбен Аминаны шақырамыз.

Бағдаулет: Құрметті 1 –ші сынып оқушылары!

Біз сіздерге бүгін аманат тапсырғалы отырмыз. Осы аманатты 10 жылдан кейін алтын ұя мектебімізде бас қосып, бірге ашып оқысақ дейміз. Аманатымызды көздің қарашығындай сақтайсыңдар деп сенеміз.

Бүгін 11 жыл бойы білім алған мектебімізбен, ұстаздарымызбен қоштасып, аттанып барамыз.

Сендерге тілеріміз осы мектебімізде ұстаздардан үздік білім алыңдар. Біз жасаған еркелік пен қателіктерді қайталамай жақсы тәрбие алыңдар.

1 сынып оқушы: Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

«Аманаттарыңызды сақтаймыз деп ант етемін».

Жүргізуші 1: 10 жылдықтар.

«Мектебім» алтын ұям нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Мен саған мәңгілікке борыштармын,

Алыстап кетсем - дағы сенен жырақ,- деп бүгінгі салтанатты жиынымызға осыдан 10 жыл бұрын алтын ұя мектепті бітіріп, «Соңғы қоңырау» үнімен соңғы рет қоштасып, өмір белестеріне аттанған түлектеріміз келіп отыр, ендігі құттықтау сөз кезегі 10 жылдық түлектерімізге беріледі.

Жүргізуші 2: Мектеп бітіруші 2005, 2015 жылғы түлектерімізді мектебіміздің оқушылары құттықтайды. Қабыл алыңыздар!

Жиынымыз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Мың бұралып бишілер би билейді,

Халайық қол соғыңыз мархабатты.

Биші қыздарды қарсыалайық.

Ендігі кезекті мың бұралған бишіге берсек. 6 «Ә» сыныбының оқушыларының

орындауындағы «Жадо» биін назарларыңызға ұсынамыз.

Жүргізуші 1:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Түлектерді құрметтеп,

Ән маржанын ашайық.

Қарсы алыңыздар мектебіміздің жас әншілері аудандық байқаулардың жүлделі орындардың иегерлері Рахметова Аяжан, Устемирова Аяжан мен Болатбек Аяулымның орындауындағы «Мектеппен қоштасу» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші 2: Құрметті көпшілік!

Енді көңіл толқытар сәт те келіп жетті. Жас түлектерімізді қоштасу вальсіне шақырамыз.

Жүргізуші 1: А сейчас настал самый волнующий момент. Приглашаем наших выпускников на их последний школьный вальс.

Қоштасу вальсі.

Жүргізуші 2: Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан астам қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда, өзің сүйіп оқыған сабағың аяқталғанда естідің. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау.

Бәрі сын – араласы, өмір, ауылың

Бәрі шын – қоштасарда қоңырау мұң

Сағынышын ұғарсыңдар өткен күннің

Дауысын естігенде қоңыраудың

Жүргізуші 1: Внимание! А сейчас прозвенит последний школьный звонок. Звонок, который вы услышите сегодня, особенный, не похожий ни на один из ранее прозвучавших. Он последний, ваш школьний звонок. Он как рубеж между детством и той другой жизнью, которая вас ожидает.

Звенит звонок последний раз

И чуть печальны его звуки

Не позовет он больше в класс

Он говорит вам о разлуке


Соңғы қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушылары

Дәрібай Ақбота мен Аязов Нұржасқа беріледі.

Қоңырау соғылып жатқанда оқылады:


Жүргізуші 2 : Сылдырла, сыңғырла қоңырау

Щуақты күміс күн астында.

Ұстазды еске алып осынау

Жүректер құшағын ашсын да


Жүргізуші 1: Жолдарға салады әр тарау

Құлақта мәңгіге қалар тек

Күмістей сыңғырла қоңырау

«Сыңғырла, сыңғырла соңғы қоңырау!»


Жүргізуші 2 : Қоштасады алтын ұяң – мектебің,

Маңдайыңнан сүйіп өтер көктемің.

«Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін.

Жүргізуші 1: Қымбатты түлектер! Жыл сайын бір белден асып, 11 көктем, 11 күзді өткізген мектеп сендерге қимастықпен қарайды. Ұстаз қауымы мен мына жиналған қауым сендерге тек қана сәттілік, ақ жол тілейді Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден ең жоғарғы балл алып, білімнің асқар шыңынан көрініңіздер!

Жүргізуші 2: Дорогие выпусники! Коллектив учителей желает вам получить самые высокие оценки на ЕНТ.

Жүргізуші 1: «Соңғы қоңырау мерекесіне» арналлған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялауға рұхсат етіңіздер.

Жүргізуші 2: Торжественная линейка, посвященная последнему звонку объявляется закрытой.







































Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров303
Номер материала ДВ-553284
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх