Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сценарий праздника "Ана - өмір бұлағы"

Сценарий праздника "Ана - өмір бұлағы"


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4c20897c.jpg



Тақырыбы: Ана – өмір бұлағы.

1. Кіріспе.

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды, әжелерді құрметтеп,

Ертеңгілігімізді ашайық.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар, сүйікті аналар мен әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын!
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

2. Би «Көктемнің оянуы»

(қыздар тобы билейді)


Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, ортаға ойынға шақырамыз.

3. Ойын «Жылы сөздер айту»

Ортаға әжелер шығып қадам басқан сайын немерелеріне жылы сөз айтады.

Жеңімпаз анықталады.


4. Ән: «Ойыншықтар»


5. Ойын «Менің балам»

Ортаға ұлдардың аналары шығып, көздерін байлайды.

Сипап сезу арқылы ұлдарын табады.


6. Көрініс «Үш ана»

Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз
Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да, 
Хал сұрауды көздеді.

Әйгерім – Әсем:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай, 
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.

Отыр қане қасыма, 
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт, 
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі

Анасы – Жаңылсын:
Әйгерімжан, бүгін сен, 
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды, 
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай, 
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып, 
Осы сені не істеймін (отырады)

Жүргізуші:
Анасының артынан, 
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.

Әжесі- Назира:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та, 
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым, 
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)

Жүргізуші:
Қандай қиын, қараңдаршы, 
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес, 
Білсеңіздер АНА болу!

6. Би «Батырлар биі»

(ұлдар тобы билейді)


7. Ойын «Аспазшы»

Қыздардың аналары ортаға шығып екі топқа бөлінеді.

Бір топ компот, екінші топ борщ пісіреді.


(көкөніс-жемістер шашылып жатады)



8. Би «Кукарелла»

(қыздар мен ұлдар билейді)


9. Көрініс «Мақта қыз бен мысық» (ертегі)


10. Аналар минутасы: барлығы қосылып ән айту.


11. Бала тілі – бал.

Назира:

Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін, 
Алыстасаң сағынам.

Гүлназ:
Мен анамды сүйемін, 
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды, 
Қуантсам деп келемін.

Ернұр:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

Жансұлу:
Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған.

Алтыным деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам!


Диас:

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін балаңның

Аман сау бол, ақ мамам!


Жаңылсын:

Мен үшін не керек – бәрін іздеп табасың,

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың

Қайтып мені көргенде – шын сағынып қаласың!






Әсем:

Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам,

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан!


Асылқан:

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де!


Аружан:

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған,

Үлкен кіші демейді,

Сыйлайды сізді бар адам!


Ерсұлтан:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ!


Нұрдаулет:

Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам,

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам!


Саят:

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам!


Ерасыл:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түеміз.

Аналарды ардақтап,

Әдеппен бас иеміз!


Айнұр:

Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ анам.

Менің анам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам!



Жасмин:

Өмірдің қызығы

Өзіңсіз өтпейді.

Мен үшін анама

Ешкім де жетпейді.


Мансур:

Әлпештеген анамыз,

Біз бақытты баламыз.

Оқып білім аламыз,

Жұлдыз болып жанамыз!

( балалар аналарына ашықхаттар сыйлайды)


12. Ата-аналар комитетіне сөз беру.

А) Қыздарға сыйлық беру.

Б) Туған күн иелерін құттықтау

(Мансур, Абдрахман, Нұрдаулет, Ернұр, Жаңылсын, Назира, Айнур)

В)Балаларға тәттілер тарату.


13. Қорытындылау.

Жүргізуші: Мейрамдарыңыз құтты болсын! Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рахмет. Сау болыңыздар!




















































Автор
Дата добавления 03.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров43
Номер материала ДБ-235047
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх