Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сценарий праздника книги "Кітап ханшайымы"

Сценарий праздника книги "Кітап ханшайымы"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

«Кітап ханшайым»

кітап мейрамі


Мақсаты:

1) Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

2) Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

3) Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулығын күтіп үстауға үйрету.

Көрнекілігі: Ұлы адамдардың кітаптарын, оқу-білім туралы айтылған сөздер жазылған плакат. Кітап көрмесі.

1-кітапханашы: Армысындар құрметті ұстаздар мен оқушылар. 23 сәуір «Кітап мейрамы» деп дүниежүзілік аталып өтеді.

Кітап заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сендердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп, рухани жан-дүниелеріңді оятып, ертегі-әңгімелерімен сыр шерткен,кітап сенің ақылшың.

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабының әр бетін,-деп Мұстафа Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына.

2-жүргізуші:

Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзаттық мәдениетпен таныса бастаймыз.Бірақ, рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды.Алға басқан сайын, өскен сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді. Кітап-жанның емшісі, кітап – теріс қадамдардан тыйылуға жетелейді, білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге, тәрбиелік әсер аламыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар»-деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ал, енді балалар сахнаға Кітап ханшасыны шақырамыз.

Кітап ханшасы: Сәлеметсыз бе, балалар. Сендер білесіндер мен бұл мейрам қайдан келді. Франциядан.

Бұл мейрам Франция мемлекетінде жылына бір рет тойланады. Мұның мақсаты: «Кітап деген білім мұхиты барын» оқырмандарға білдіру, жас ұрпақтың есіне салу. «Кітап мейрамы» - француз тілінен аударғанда - франкофония деген сөз. Сөйтіп сонау Франциядағы жақсы дәстүр ең алғаш рет өзіміздің Республикалық балалар кітапханасында бастау алды. Соның жалғасы ретінде біздің мектебімізде де «Кітап мейрамы» аталып өтуде.

Қымбатты оқырман, «Кітап мейрамы» құтты болсын! Мектебімізде «Кітап мейрамы» жылда жалғасын таба берсін...

Ән.

Кітап: Мен адамның досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенімді досыңмын!

1-ші бала: Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тек келмес оған жиған мүлік.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

2-ші бала: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап тек ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

3-ші бала: Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап,

Көтеріп күйін көңілдің.

Айдын шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір,

Таппасаң нәрін шөлдерсің.

1-жүргізушы:

Кітаптың даму тарихы жазу өнерінің шығуымен және қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты.

Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған.

Ежелгі Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданыла бастады. Қамысқа басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған. Мысыр Фараондары (патшалары) қамысты өңдейтін, кітаптарды көптеп көшіретін шеберханалар ашқан, қамыстан жасалған оқтаушы кітаптар онша төзімді болмады. Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырда қамыстың орнына тері жаңғақ (пергамент) қолдана бастады. Біздің заманымыздың І ғасырынан бастап түптелген парақты бүктеме кітап дүниеге келді.

2-жүргізуші:

105-жылы, яғни біздің заманымыздың ІІ ғасырында қарапайым Қытай шебері Цой Лунь қағазды ойлап тапты. Ескі шүберектен жасалған Самарқанның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды. ХІІІ ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа қарай тарады.

Баспа кітап өнерінің тууы, кітаптың дамуына кең жол ашты. Алғашқы ағаш баспа (ксилография) қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.1045 жылы Чин өнерпазы Би-Шен құймалы әріптерді (литер) жасап шығарды.

Қазақ жерінде кітаптың шығуы Қазақстанның Россияға қосылуымен байланысты. Бұған дейін қазақ халқының кітаптары көбінесе арап әрпімен жазылып, қолжазба түрінде тарады.

1800 жылы патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде кітап шығаруға рұқсат етті. Осыған орай Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Семей, Омбы қалаларында кітаптар шыға бастады.

Ән.

Кітап ханшасы:

Ал, балалар біз кітаптың шығу тарихына қанық болдық. Енді осы кітапты қалай ұқыпты ұстап, қалай оқу керек, кітапты оқу мәдениеті дегенді қалай түсінуге болады, осы жайлы біраз тыңдап көрелікші.

1-жүргізушы:

- Оқырмандардың кітап оқу мәдениетінің негізгі ережелерін білгені жөн. Кітап оқыған кезде бөлменің ауасын тазартып, жарықтың жеткілікті болуын қадағалау керек.Кітап жатқан үстел беті мен жарықтың ара-қашықтығы 1 метрден кем болмауы керек. Кітап пен көздің ара-қашықтығы 35-40см, және әрбір 45-50 минуттан соң оқудан үзіліс жасап отыру керек. Кітап оқу мен мәдениетіндегі бір сала, әр бала өзіне кітап таңдай білуі керек. Жақсы кітаптың нәтижесі - жақсы тәрбие болмақ. Ал тәрбие негізі - балалық шақта беріледі. Балалық шақ бағалы, бал тілді әдебиетке бай болса, тәрбиенің мақсат-мұраты тәжірибелі болады.

2-жүргізушы:

- Адамзаттың ақыл-ойы, ойлап тапқан керемет дүниелері көп. Сол көп кереметтердің ішіндегі ең ғажайып кереметі-кітап. Кітап болмаса ешқандай білім де, ғалым да болмас еді.Сондықтан осы кітапты біз қалай күтіп ұстауымыз керек, соған тоқталайықшы.

Сенің қолыңдағы оқулық кітаптарды жалғыз сен пайдаланбайсың, келешекте сенен кіші іні-қарындастарың ұстайды. Сондықтан кітапты жыртпай, түбін түсірмей, таза ұстаған жөн.Суретті беттерін жыртуға болмайды,кітапты кез-келген жерге тастай салмай, сөрелерге жинап қойған оңды. Кітап бетіне сурет салып, шимайлауға болмайды. Кітапханадан алған кітапты мұқият ұстап,оны мерзімді уақытында қайта тапсыру керек.

Кітап ханшасы:

Иә, халық даналығында «Ұяттан Алладан қорыққандай қорық», деген нақыл сөз бар. Оқырмандарда ұят болса, ұят болған жерде халық мүлкі, халық қазынасы тозбай, береке-құты қашпай, келешекке сақталады. Кітапхана оқырмандарына ар тазалығы жарасады. Ұстаған кітапты таза, бүктемей, жыртпай ұстау, яғни оқырман мәдениеті жоғары деген сөз.

Көрініс.

Оқушы: Асыл ойдың иесі, ғылымның жүйесі,

Қуанышты көңілдің, баспалдағы өмірдің.

Жан азығы серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап: Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін,

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.

Оқушы: Әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай,

Жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,

Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.

Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,

Налымайын неге мен, бұл секілді пендеге.

Оқушы: Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп, надан аз.

Ондайлардан түңілме,

Сені сыйлар түбінде.

Ән.

Көрініс. «Кітаптар мұңы»

Беттерін шаң басқан бір топ кітаптар бөлменің бұрышында жатыр. Көзін сығырайта ашып бір кітап жан-жағына қарады. Аздап керіліп, жанындағы кітапқа:

Математика: Ей тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?

Ана тілі: Ой, мазамды алмашы, бүйткен тірлігің құрсын! Бұданда парақтарым дал-дұл болып желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді.

Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер жөн сұрайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

Ана тілі: Сыртымды қайтесін? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана тілі оқулығын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші. Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуге тырыстым. Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы осындай күйге ұшырадым. Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай сүйегім сырқырайды.

Математика: Мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда қой демеді ғой үлкен ағасы. Онда мұңдас болдық қой, достым.

Қазақ тілі: Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлайды.

Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп! Бүлдірмек түгелі, шаң мен кір жуытпайды.

Ана тілі: Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап, отқа жағар?! Кітап шығару үшін көп қаржы керек. Жанашыр балалар бізді түптеп, қажетке жаратар.

Бәріміздің де арманымыз сол.. Білімге қызығатын ұқыпты балалардың қолына түссек екен. Иә, достар, кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін!

Математика: Тұрыңдар достар! Сыныпта Дәуренбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндей, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.

Кітап ханшасы:

Міне, балалар, сендер мына көріністен көргендей, кітаптан да мұң шығады, кітаптарды да емдеуге болады екен. «Кітап-біздің рухани азығымыз»-дейміз кітаптарды неге біз мұнша аздырып-тоздырамыз. Оқулықтар тегін берілді екен деп, оны жыртып, бүктеп, бүлдіруге болмайтынын бәрімізде есте сақтағанымыз жөн болар деп ойлаймын. Келісесіңдер ме, балалар. Бұдан былай кітаптарымызды таза ұстап, жыртпаймыз деп уәде етесіңдер ме?

Балалар: Уәде етеміз!

Кітап ханшасы:

  • Жақсы, балалар, мен бұған сенемін.

Көрініс: Кітап емханасы.

Мұғалім. Біз кітаптан бар жақсылықты аламыз. Оған бізде көмектуіміз керек.

Дәрігер. Құралдар: қайшы, желім, қағаздар, ине, жіп, мата.

Кітапханашы келеді (қолындағыы кітаптары, кітаптың ауруын анықтап беруді сұрайды.

Дәрігер. Балалар, адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктердің ауыратыны сияқты, кітаптар да ауырады. Кітаптарда мынандай ауру түрлері болады.

  1. Туғаннан пайда болатын аурулар (баспадан дұрыс басылмаған)

  2. Қартайғаннан болатын аурулар (көп жыл ұсталған)

  3. Жұқпалы аурулар (жыртылып, сия, төгіліп немесе май қолмен ұстау т.б)

  4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын (терезенің алдында күнде көп тұруы немесе ылғал, дымқыл жерде сақталуы)

  5. Бақытсыздықтан (кездейсоқ) болатын аурулар (жығылып батпаққа былғануы жыртылуы т.б)

  1. Судың әсерінен ішкі беттерінің былғануы парақтарының бүктелуі - бұл жеңіл емделейтін аурулар.

  2. Насекомдарды зияны әсерінен, сыртқы қабының бүлінуі, форзацтың жыртылуы, түбінің ажырауы, парақтарының босап қалуы - бұл ауруларды дәрігер мен кітап емшілері операция жасау арқылы емдейді.

1-жүргізуші:

- Балалар! Сендерге кітаптар үйі, яғни кітапхана туралы мағлұмат беруді жөн көрдік.

Кітапхана дегеніміз - баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, кітаптарды пайдалану ісін ұйымдастыратын және оқырмандарға насихаттайтын хабарлама, библиографиялық жұмыстармен шұғылданатын ғылыми көмекші мекеме.

Кітап ханшасы:

Сонымен оқулықтар мен көркем әдебиеттерді таратып, оқырман қаумға жеткізуде, тәлім-тәрбие беруде кітапхана мен кітапханашының алатын орны ерекше. Кітапханашы тек кітап үлестіруші емес.Ол-әрі ұстаз, әрі тәрбиеші, ақылшы. Ғұлама ғалым Әбу нәсір Әл-Фараби айтқан екен. «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деп, сондықтан,балалар, біз кітапты сүю - өзіңді сүю екенін, әдебиетті ең жақын ақылшым, серігім деп түсінуіміз керек деп ойлаймын.

2-жүргізуші: - Кітап әлемі бүкіл жан-дүниені билеп, еш уақытта көзге көрінбейтін сезім арқылы ақыл иесі-адамды өз ырқына жетелеп әкететін киелі дүние екеніне көз жеткізесің.

1-жүргізуші:- Кітап әлемі адамды арман биігіне самғатады, ақыл, ой, сұлулық әлемін шарлатады, білім-ғылым жолына жетелейді.

Кітап ханшасы:- Иә, балалар, кітап әлемі бір ғажайып дүние екеніне таласымыз жоқ. Енді осы кітап қалай шығады, кімдер тер төгеді, соған бір сәт зер салайықшы.

1-оқушы. Саған білім жемісін,

Оқулығын береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

Орманшының аяла,

Алақанын өсірген.

Сансыз ағаш саялы,

Қағаз үшін кесілген.

2-оқушы. Ағаш кесіп қанша адам

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған ,

Ағаш тиеп үнемі.

Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағашты тасыған,

Білер ме ең көп ағаны?

3-оқушы. Заводтарда күні-түн,

Қағаз жасап бағалы,

Қанша адамның кім үшін

Маңдай тері тамады?

Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

4-оқушы. Әдемілеп берсем деп.

Бояу жағып не түрлі

Суретшілер көркемдеп,

Қаншама уақыт отырды.

Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

5-оқушы. Оқулықты мектебің,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау сен бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

Оқулығың-құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсын ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірме бір бетке.

Кітап ханшасы:

Біз күнделікті көріп, оқып жүрген кітаптардан басқа да әртүрлі кітаптар бар екен. Мысалы: Оңтүстік Қазақстан облысында табылған көне құпиясы мол құран кітабы.Құран кітаптың салмағы 40 кг, бет саны 496 бет, ені 53см де ұзындығы 84см, қалыңдығы 13см, екен. Кітаптың мұқабасы қалың теріден тігіліп, сыртқы жағы қызғылтым түспен боялған.Құран кітаптың қағаздары ертеректе Самарқаннан немесе Жапон елінен шыққан қағазға ұқсайды деген болжам бар. Полиграфия мен кітап шығару ісіндегі ғылыми жетістіктердің көкжиегі арта түсуде. Мысалы: Жапон баспагерлері әзірлеп шығарған кітаптың ішіндегі жазуларын оқу тұрмақ, оның өзін жай көзбен тамашалау мүмкін емес. Өлеңмен өрілген нақылдар жинақталған бүкіл кітаптың көлемі 2.1мм. Небәрі 50 данамен жарық көрген бұл кітаптың сөздерін лупамен ғана оқи аласыз. Ал, ағылшын елінің бір баспаханасы жарыққа шығарған Библия кітабының жалпы пішіні сіріңке қорабындай, салмағы 20грамм тартатын бұл кітап 878 беттен тұрады.

Американдық ағаш ұстасы дүние жүзіндегі ең үлкен Библия кітабын жасап шығарады. Таңқаларлығы сол, тек ағаштан жасалған туындыны қозғалта алмайсың. Өйткені, алып кітаптың салмағы бір жарым тонна болса, көлемі 1х2,5 метр екен. Бұл ағаш кітаптың сөздері гавюр тәсілімен,8084 беті тұтастай өте жұқа фанерден жасалған. Көлемі жағынан сіріңкенің қорабындай 7,6х9,5см,9х11см, 7,5х10см әлемдегі ең кішкентай газеттер бар екен.

Әлемде талай қызық бар не кітартар әлемі де талай қызыққа толы.Мысалы, сіз жейтін кітаптар туралы естідіңіз бе? Иә, жейтін кітаптар! Жапон елінің бір кітап баспасы ерекше кітаптың алғашқы серияларын шығарды. Күріш ұнынан иленген қамыр түрінде тәтті пісірілген бұл «кітапқа» шытырман оқиғалы детективтер басылған. Қызық хикаяны оқып алған соң, оны жеп қоясың. Алғашқы жарық көрген кітап нандар, тез сатылып кетіпті.Оқырмандардың сұранысы бойынша баспагерлер жейтін кітаптардың кезекті тобын әзірлеуде.

Кітап: Бәрін, бәрін білесің, оқи берсең кітапты! Дендей көп оқысаң, көп білесің....Сендердің кітапқа деген құштарлықтарын да арттырсын деген ниетімді білдіремін. Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, алдында бас иіп, көптеген ақын-жазушы ағаларың да жазған екен. Сол тақпақтарды білесіндер ме, канекей, айтып беріндерші.


Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жатып ап

Көтеріп күшін көңілдің.


Айдыны шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көп дерсің.

Ауадай қажет бейне бұл

Татпасаң нәрін шөлдерсің.


Кітап та алма ағашы,

Жемісін бізгі беретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабының әр бетін.


Пайда ойла, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта

Ерінбе оқып көруге.


Кітабың – сенің құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Олсыз алға бір адым.


Кітабынды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.

Кітап: Жарайсындар, балалар! Ал енді көрейік қалай сендер кітап оқыйсындар, мына сұрақ-жұмбақтарға жауап беріндерші:


Аптап ыстық кең даланы құратқан

Егін күіп, бұлақтарды суалтқан.

Сол кезде

Тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп, Отанын қуантқан,

Ол кім?

(Толағай)


Кіп-кішкентай ғана бойы бар,

Қысылғанда сөз тапқан

Қырық өтірік пе керегі?

Жанылмай айтып береді.

(Тазша бала)


Кедергі еткен масаға,

Адамдар мен дос болып,

Тек жақсылық жасаған.

Айыр еткен құйрығын,

Зұлым жылан тасады

Білесің бе, қандай құс?

(Қарлығаш)


Күн батса, қайта таң атар,

Шуағын арай таратар.

Өлімі – жеңіс пара-пар

Отырарды қорғаған

Хас батырды кім атар?

(Қайыр хан)


Шынғыс хан төгіп қаһарын,

Сөндірген бейбіт, шат әнін.

Айта қойшы, сен қане,

Көне қала атауын.

(Отырар)


Қазақтың «Бес арысын» атандар?

Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. Аймауытұлы, М.Жұмабаев


Қазақтың «үш бәйтерегі» деп кімді атап кеткен?

С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин


Кітапханашы: Міне, балалар, кітаппен достассандар бәрін білетің боласындар, білім нәріне кенелесіндер. Бірде ұялтса, бірде мақтайды, бірде бүкіл әлем сырын алдына жайып салады. «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген осы. Кітап оқысандар қызыққа кенелесіндер, тауды бұзып, тасты жарасындар, бүкіл әлемге саяхат жасайсындар.

Осымен біздін «Кітап мерекесі» аяқталды.


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-089864

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>