Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыСценарий праздника "Наурыз думан"

Сценарий праздника "Наурыз думан"

Скачать материал

                            

1-d0b1d0b5d18210.jpg

 

Наурыз думан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Қостанай қаласы 2017 жыл

 

Наурыз думан

(Ортаңғы топ)

 ( Балалар залға әдемі әуенмен  кіреді де, орындықтарға  отырады)

Жүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар. Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы құтты болсын! Келе жатыр жылымыз. Мейрамдаймыз мұны біз. Халқы сүйген мейрамды. Қарсы алайық Наурызды!

Ән:Көктем  келді шуақты.

Жүргізуші:Балалар бізге, Наурыз мерекесіне атты кісілер қонаққа келе жатқандай.

(осы кезде Батыр мен  Алдаркөсе залға кіріп келеді)

Алдар көсе: Ой, Батырым -ау тоқта дедім ғой саған, тоқта!

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме қонақтар!

Алдаркөсе мен Батыр: Саламатсыздарма балалар, жиналған қонақтар! Наурыз мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші:Осыншама жүгіріп кележатқанға қарағанда сіздер жарысып келе жатырсыздар ма?

Батыр: Ия, біз Алдаркөсе екеуміз осы бала бақшадағы болып жатқан Наурыз тойына жарысып кележатырмыз. Бірінші боп мен жеттім ау деймін, балалар қалай ойлайсыңдар?

Алдаркөсе: Жоқ, негізі мен бірінші жетер едім, ол менің жүйрік атымды алып қоймағанда.

Жүргізуші: Ал, сонымен біздің қадірменді қонақтарымыз Батыр жігіт және Алдаркөсе бүгінгі бақшамыздағы наурыз мерекесіне қош келіпсіздер, төрлетіп жоғарға шығыңыздар.

Батыр:Рахмет, сендерді Ұлыстың ұлы күнімен тағыда құттықтаймын балалар!

Алдар көсе: Мен Алдаркөсе деген, атым аңызға айналған атақты сөзге шебер көсе боламын!

Мен, Алдармын, Алдармын

Сақалымды талдармын

Сақал түгіл мұртта жоқ

Шайтанды да алдармын

Сусыз жерде өсемін сондықтанда көс емін

А- а – а, е- е – е , ей!

Мен сендерге мықты денсаулық пен әрдайым жақсы көңіл күй тілеймін.

Жаңа жыл бізге молшылық әкелсін!

Жүргізуші: Рахмет сізге Алдаркөсе!

Ашық болсын күніміз,

Жарқырасын нұрымыз:

Бай тұлғалы өңірде

Айтылсын ән – жырымыз. – деп бүгінгі мерекемізді бастауға ортаға тақпақ айтатын балаларымызды шақырамыз.

Мансур: Уа, ағайын халайық.
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!
 

Д.Айдана: Көктем келді, балалар,
Көктеді,қыр жырғалар.
Наурыз тойын тойлайық,
Жаңа  жылда  ағалар.
 

У.Даниал:Наурыз тойы — тамаша, 
Наурыз тойы — жаңаша. 
Табиғат та тамаша, 
Тамылжып тұр жараса. 

Ақнұр: Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
 

Индира: Наурыз көктем, наурыз жыр, 
Ана мейрім, шуақ нұр.
 
Жан иесін жаңартқан,
 
Аққан бұлақ, нәзік сыр
. 

Батыр: Ау, Алдар көсе мына балалардың өнерін тыңдап отырсың ба? Олар тақпақтарын өте тамаша айтып шықты, маған мына балалар ұнап отыр.

Алдаркөсе:  Иә, балалар тақпақтарын жақсы айтып шықты.Бірақ

Өздері ән білеме екен?

Жүргізуші: Әрине, Алдаркөсе біз –

                                 Наурыз келді тамаша,

                                 Ән айтамыз таласа – деп,

 өздеріңізге «Көктем» әнін тарту етеміз, қабыл алыңыздар!

Ән: «КӨКТЕМ» шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Келді Наурыз теңіздей шаттығымен

                    Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен.

                    Құтты дәмі, береке байлығымен

                    Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен дей келе ортаға тақпақ айтатын балаларды тағы шақырамыз.

Б.Айдана: Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсың бұл Наурыз! 

Ескендір: Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршіліқ жаңа оянды! 

Мақсат: Күн мен түн теңелді,

Күнде ұзарам мен енді

Гүлмен жерді жайнатып,

Гүлден, Наурыз сен енді.

Асанали: Наурыз көже дәмін-ай!

Наурыз тойдың сәнін- ай!

Кеше жүрген көшені

Бүгін қалдым танымай.

Алижан: Жақсы тілек айтамыз,

Наурыз құтты болсын деп.

Жаңа жылда сіздерді,

Қуанышқа толсын деп

Алдар көсе: Ой, балалар тақпақтарың тамаша екен, жарайсыңдар!

Батыр: Ау, Алдаркөсе сен осы ұлттық ойындардың чимпьионы деп, естігенмін. Сол шын болса, менімен бүгінгі тойда сайысқа түсіп, чимпьион атнғың келмей ме?

Алдар көсе: Батырым - ау ойынды жақсы көрмейтін адам бар ма, бірақ мен шебер сөздің чимпионы десем дәлірек келетін шығар, кел ойнасақ ойнайық. саған мені жеңу оңай болмас,

Ойын: «ҚОЛ КҮРЕС»

(екеуі ойынды бастап көрсетедіде, балаларды ойынға шақырады)

Жүргізуші: Ал, балалар босқа қарап тұрмайық бүгінгі ұлыс мерекеде қызық ойын бастайық

 (осы кезде «қыз қуу» ойыны басталады)

Жүргізуші:  Күн күліп көктем

                     Шуағын төккен

                     Келді наурызым

                     Сағынып күткен – деп ортаға өнері балаларымызды шақырамыз!

Би: «Қамажай»

К.Даниал: Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлык, бакыт тiлеймiн,
Букiл казак елiне.
 

Дарина:Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін
. 

Мирас: Әнім де, саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде, Наурыз, күлімде.

Мадияр: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден –
Құтты болсын, Наурыз
! 

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар сендерге ойын ұнаған болар.

Наурыздың аппақ қарындай,

Ақ кимешегі ананың аппақ арындай.

Әжеміз біздің келді деп, балалар әжемізді қарсы алайық.(орындарынан тұрып қарсы алады)

Әже:Наурыз құтты болсын.Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.

  (шашу шашады да төрге барып отырады.)

Батыр мен Алдар көсе: Әже төрге шығыңыз (әжені төрге отырғызады.)

Жүргізуші:

Наурыз келді, жыл келді

Жылмен бірге жыр келді

Жер бусанып құс келіп

Жеріне әсем нұр берді – дей келе, мына тамаша әнді қабыл алыңыздар!

ӘН: «НАУРЫЗ»

Алдаркөсе: Ау, Батыр мынадай тамаша әнді тыңдап, сондай көңілім көтеріліп, балаларды ойынға шақырғым келіп отыр.

Батыр: Қане, ойныңның шартын айт! Біз ойнайық.

Ойын: «ОРАМАЛДЫ АЛУ»

Алдар көсе: Балалар сендерге ойын ұнадыма?/балалардың жауабы/

Жүргізуші:  Наурыз тойы әдемі.

                        Әжем еске түсірді

                        Біздерге арнап әдейі

                        Наурыз көже пісірді.

Әже: Адал астан бұйырған

Дәм татсын ел жиылған

Бидай салдым көжеге

Мол болсын деп биыл нан.

Өкіздік деп қысты аман

Сүр ет салдым ыстаған

Ұлыс күні сақталған

Тары да бар ақталған.

Ақ бар адал ниеттей

Бала – шаға шиеттей

Ұялуды қойып іш

Тоқтық болсын тойып іш. (Әже көже ұсынады)

Алдар көсе: Әже көжеңіз өте дәмді екен, Батырым –ау  сен мына қонақтарға наурыз көжеден ұсынып отыр.

Алдаркөсе: Батырым- ау, бүгінгі наурыз мерекесіне екеуміз ортаға шығып қара жорға биін билейік.

Би : «Қаражорға »

(барлық балалар ортаға шығып қаражорға биін билейді.)

Батыр: Алдар көсе қоржыныңдағы балаларға әкелген базарлығымызды ұсынайық.

(Батыр мен Алдаркөсе сыйлықтарын таратады.)

Жүргізуші:

 Қашанда құт береке орнасын деп,
Тойларда шашу салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал шашуымды.
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін. (Шашу шашылады)

Әже: Шашу шашады.

Жүргізуші

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қош ,сау болыңыздар! 

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий праздника "Наурыз думан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 508 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2017 1159
    • DOCX 150 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Эмина Кереевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Эмина Кереевна
    Казиева Эмина Кереевна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22469
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии в физическом развитии дошкольников и их применение в условиях ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 1 774 человека

Курс повышения квалификации

Специфика художественно-изобразительной деятельности в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 332 человека

Курс повышения квалификации

Развитие ребенка до трех лет: познавательные, коммуникативные и социальные аспекты

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов