Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сценарий праздника "Қош келдің, мерейлі Наурыз!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сценарий праздника "Қош келдің, мерейлі Наурыз!"

библиотека
материалов

Бастауыш сыныптар арасында өткізілген мерекелік шара сценарииі


Тақырыбы: Қош келдің, мерейлі Наурыз!

Мақсаты: Оқушылардың халқына деген мақтаныш сезімін, ұлттық, патриот-

тық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалаптастыру.

Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық ойындарын, тағамдарын ұғындыра отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, сахналау өнеріне баулу.

Әдісі: Әдеби – музыкалық қойылым.

Көрнекілігі: киіз үй жабдықтары, дастарқан, ұлттық тағам түрлері, наурыз тақырыбына арнап салғансуреттері, нақыл сөздер, қабырға газеті.

Өту барысы: Ұйымдастыру.

Көрініс: (Киіз үй ішінде)

Немересі: Апа, ата, не істеп жатырсыздар? Дайындалыңыздар, ауылда наурыз тойы басталады, тойға барайық.

Апасы: Иә балам, асықпа, сол наурыз тойына дейін атқаратын істеріміз бар. Сен соны біліп ал. Жаңа жыл таза үйге кірсе, ол үй ауыру – сырқаудан, пәле – жаладан аман болады, сол үшін наурызға дейін үй ішінің шаңын қағып, жуып, тазалап қою керек. Наурыз күнінің тағы бір ерекшелігі: бұл күн көрісуден басталады. Жыл бойы ақ мол болсын, ыдыстың бәрі «ырысқа» толсын деп, жеті түрлі тағамға толтырып қояды.

Немересі: Ұқтым апа!

Атасы: Бағанадан апаң үй тазалады. Наурызда екеуіміз атқаратын іс те бар.

Немересі: Ол қандай іс, ата?

Атасы: Тыңда балам: «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» дейді халық. Сондықтан наурызда бұлақтың көзін ашып, тал егу біздің міндетіміз. Кел екеуіміз бұлақтың көзін ашып, тал егейік.

Апасы: Сендер келгенше мен наурыз көже пісіре берейін.

Немересі: Жарайды ата.

(Музыка ойнап тұрады. Атасы мен немересі тал егеді. Бір топ балалар келеді)

1 – бала: Ассалаумағалейкум, ата!

Атасы: Уағалейкумассалам.

2 – бала: Ұлыс оң болсын, ата.

3 – бала: Ақ мол болсын, ата.

Ата: Қайда барсаңдар жолдарың болсын, балаларым. Өй, сендер неге амандаспайсыңдар?

Немересі: Біз кеше ренжісіп қалғанбыз.

Атасы: Ее, солай де, олай болса тыңдаңдар, балаларым. Наурызда адамдар бір – бірін құттықтап қана қоймай, өкпелерін де кешіріп, құшақтасып амандасқан. Қане, бүгін наурыз емес пе, өкпелеріңді кешіріп құшақтасыңдар.

(Балалар құшақтасады)

Атасы:Бәрекелді, енді дұрыс болды. Біз тал егіп те болдық, үйге жүріңдер, апаңның наурыз көжесінен дәм татыңдар.

(Үйге келеді)


Балалар: Сәлеметсіз бе, апа? Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Апа: Әр күндерің жақсы болсын, келіңдер наурыз көже ішіңдер.(Бәрі дастарқанға жайғасады, апасы наурыз көже ұсынады ) Наурыз көжеге не салынатынын білесіңдер ме?

1-оқушы:- Наурыз көже жеті түрлі тағамнан пісіріледі. Халқымызда барлық сүт тағамдарын ақ дейтіні белгілі, сондықтан наурыз көженің бірінші дәмі – құрт.

2-оқушы:- Наурыз көженің екінші дәмі – ет

3-оқушы:-Астың дәмін келтіретін –тұз, сондықтан үшінші дәм – тұз.

4-оқушы: су – тіршіліктің негізі. Наурыз көженің төртінші дәмі – су.

5-оқушы:- Халқымыз « ең асылын » сары майдай сақтайтыны белгілі. Наурыз көженің бесінші дәмі – сары май.

6-оқушы:- Наурыз көженің алтыншы дәмі – бидай.

7-оқушы:- Наурыз көжеге қосылатын тағы бір тағам – ұн кеспе.


Апасы: Дұрыс айттыңдар балалар.


Немересі: Ата, апа, аулымызда той басталып та қойған шығар. Жүріңіздер наурыз тойына барайық. (Музыка. Бәрі кетеді)


1 – жүргізуші:- Құрметті қонақтар! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге, қазақ даласына Жаңа жыл келді! Жаңа жыл бақыт жылы, байлық жылы болсын.


2 – жүр: Армысыздар ағайын! Бармысыздар ағайын!

Ұлыс бақты болсын, Әр күніміз жақсы болсын!


1 – жүр: Наурыз келсе, құт келгені халайық,

Есік ашып, шашу шашып,

Ел болып қарсы алайық.

(Кимешек киген әжелер шашу шашады)


Хор: «Наурыз». 2 – сынып оқушылары.


1 – жүр: Ұлыстың ұлы күні «Наурыз жыры» айтылады.


2 – жүр: Қане, жұртым, «Наурыз жырын» тыңдайық. (1 – сынып оқушылары)


1 – оқушы: Армысың, Наурыз!

Қуаныш боп кір, төрлет

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый – құрмет

2 – оқушы: Қош келдің, Наурызым ардаты

Халқым саған бар үмітін арнапты

Жылда осылай келе бергін жасарып

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты


3 – оқушы: Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге тойлашы

Дастарханға елімнің

Береке, ырыс сыйлашы

1 – жүр: Наурызда болатын салт – дәстүрдің бірі жас таланттың көзін ашу. Бұрын көрінбей жүрген өнерлі бала наурызда өз өнерін халыққа көрсетеді.


2 – жүр: Сіздердің алдарыңызда жас талант 1 – сынып оқушысы Зейнолданова Анельдің орындауында «Балдаурен» әні.

1 – жүр: Биші қыздарыңыз Диляра мен Қарақат «Наурыз » биін билейді. Қарсы алыңыздар.

1 – жүр: Жезтаңдай, күміс көмей ақындарсыз қазақтың қай тойы өтіп еді!

2 – жүр: Олай болса, ақындарды ортаға шақырамыз.(Қыз бен жігіт айтысы)

1 – жүр: Ұлыс тойында Ұлттық ойындар ойналады.

2 – жүр:Олай болса, ортаға күресу үшін палуандарды шақырамыз. (Дене шынықтыру мұғалімінің ұйымдастырымен оқушылар күреседі, марапатталады.)

1 – жүр:Қазақ халқының ұлттық ойындары көп қой.Соның бірі «Орамал тастау» ойынын ойнайық.

2 – жүр: Ойнаймын деушілер ортаға келсін. (7 оқушы шығады) Ойынды бастаушы ойын тәртібін түсіндіреді.

Ойынды бастаушы:-ойынға қатысушылар шеңбер жасап отырасыңдар.Мен шеңберді айналып жүгіріп жүріп , кезекпен әр қайсыңа бір сөз айтып орамал тастаймын. Сендер орындарыңнан тұрып сол сөзге байланысты мақал-мәтел айтуларың керек.Ескертемін «Сөзге сөз тауып айтпасаң сөздің атасы өледі» деген бар.Ойын барысында сөздің жалғасын тауып айтпасаңдар айыптарыңды өтейсіңдер.Ойын соңында өнерлеріңді көрсетесіңдер.Ойынды бастаймыз.(Отан, туған жер, еңбек, бірлік, достық, сабыр..т.б сөздерді айту)

Мақал-мәтел тауып атпаған оқушылырдың өнерлері тамашаланады.

Аймханова Д. : – Мен айыбымды өтеу үшін «Көктем келді» әнін орындап беремін.

Е. Қабидолданова : «Қуанышым қазынам» әнін қабыл алыңыздар.


1 – жүр: Наурыз – шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз


2 – жүр: Ән салып, ойын ойнадық

Би билейік тойда біз.

Би «Ертегілер» 3 – сынып қыздары.


1 – жүр: Уа, халайық! Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен.


2 – жүр: Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ.Бәрімізге Қыдыр Баба жолыққай деп тілейміз!

(Музыка. Сахнаға Қыдыр Баба шығады. Қыдыр Бабаны ұландар қарсы алады)


1-ұлан: Армысыз, Қыдыр Баба!

Қыдыр Баба: Бар бол, жарқыным! Жанарыңда нұр ойнаған қай баласың, қарағам?


1 – ұлан: Көңілі жарқын, ниеті ақ, ұзында өші, қысқада кегі жоқ, досына құшағы ашық, дархандығына дұшпаны да ғашық қазақ деген халықтың ұланымын, Әз Баба!

Қыдыр Баба: Бәрекелді, бәрекелді өренім! Иә не тілейсің , жас ұлан?

1 – ұлан: Қазақ халқы атты ұлы анам, Қазақ халқы атты ұлы әкем бар. Сол екі ардағым аман болсын деп тілеймін!


2 – ұлан: бірлік пен таулықтың киелі бесігі, көп ұлтты Отаным- Қазақстаным

«Мәңгілік ел» болып жасай берсін, өркендей берсін деп тілеймін!

3 – ұлан: «Ырыс алды – ынтымақ » деуші еді үлкендер. Халқым үшін ынтымақ пен береке, татулық сұраймын, Қыдыр Баба! Ел жұртым 20-наурызда болатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға ұйымшылдықпен қатысса деймін!


4 – ұлан: Қатерлі қиын жолдардан

Алмағайып сындардан,

Қиясы қиын шыңдардан

Тайдырып алмай тағасын,

Жыртқызып алмай жағасын,

Халқына болып шамшырақ,

Болашаққа бастаған

Президентім жасасын! деп, Елбасымызға саулық тілеймін!

(Ұландар тізесін бүгіп, қол жаяды)

Қыдыр Баба: (қолын жайып, бата береді)

Қабыл болсын тілегі Ұландардың

Тағдырын бер оларға қырандардың

Елім, жерім, Отаным дейді олар

Болашақ иесі бол замандардың.

Жалыны бар лаулаған жанарда,

Сұңқар, ұлан қатарынан қалар ма?

Дәл осындай ұлдары бар қазақтың

Бақыт оты тек биікте жанарды!

Баладай таза жүректерің,

Отаның болсын тілектерің,

Жасөспірім, көк шыбық өрендерім,

Қабыл болсын тілеген тілектерің! Әумин!

1 – жүр: Тарқамасын Ұлы Наурыз мейрамы,

Тойға ұлассын қазағымның тойлары!

2 – жүр: Әр жыл сайын ән мен жырға бөленсін

Ұлыс күні ұлы Отанның аймағы!

Хор: «Наурыз келді». 3 – сынып.

1 – жүр: Наурыз айы нәр алған ақ ырыстан,

Наурыз айы жаралған сағыныштан

2 – жүр: Көгершіндей көгімде қалықтайды

Ақ тілектер жүректі жарып шыққан – деп мерекелік құттықтау сөз

мектеп директоры Турканова Қайнигүл Шағиқызына беріледі.

1-жүр: О, жас ұрпақ! Жарқылдаңдар, күліңдер!

Бақытты өмір, баянды өмір сүріңдер!

2-жүр: Бар жақсылық – Бейбітшілік, Білімде,

Ұлы Отанды ардақ тұтып жүріңдер!


Автор
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров265
Номер материала ДВ-513448
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх