Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСценарий праздника прощание с нчальным классом "Бастауышым -балбұлағым"

Сценарий праздника прощание с нчальным классом "Бастауышым -балбұлағым"

Скачать материал

Бастауышым - балбұлағым

Мақсаты: бастауыш сыныпты бітіруді салтанатты түрде атап өту

Міндеттері:
1. Оқушылардың еліміздің тәуелсіздігін алғанына 20 жыл толу қарсаңында бастауыш білім сатысынан орта буынға өтетін кезеңін есте қаларлықтай өткізуге жағдай жасау.
2. Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің өмірге есік ашатынын сезіндіру, өнер-білімдерін ортаға салу
3. Ұстазға, ата-анаға, мектепке, бір-біріне деген құрметке тәрбиелеу.

Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар! Жаны жайсаң қазақ елі!
2-жүргізуші: Қайырлы күн! Қарыштаған Қазақстан,

                       Асқақтаған ауылымның жұртшылығы!

1-жүргізуші: Бүгін Қаракөл
 мектебінде дүбірлі той!
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата аналар
Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2-жүргізуші: Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.

1-жүргізуші: Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

2-жүргізуші: Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

1-жүргізуші: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр.

2-жүргізуші: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
1-жүргізуші: Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

2-жүргізуші:
Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
.Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын.

Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

 

Перизат : Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

Нұржайна: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Ғазиза:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

Сыйлық:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Асланбек: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Назерке: Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

Нұрислам: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.

 

1-жүргізуші:

Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.: Олай болса алтын ұя мектебімізге арнап Бота Бисенова апамыздың «Мектеппен қоштасу» әнін шырқайық!

 

2-жүргізуші:

Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.

Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз Тақпақтар

 

Нұржайна:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Перизат:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.


Ғазиза: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

Сыйлық:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

Құндыз: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Ерасыл: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Би «Матрешки»

1-жүргізуші: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім

2-жүргізуші:  Олай болса, келесі Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді ұстаздар дипломдармен марапаттаймыз.

1.     Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,

 Сондықтан да біздін мектеп үлгілі.
Гүлмира апай - дана кісі басшымыз.
Тәртіп пенен мәдениеттің символы.
 «Ең көрікті де ақылды басшы» номинациясымен мектеп директоры Гүлмира Бахтыгерейқызы  марапатталады.

2.     Білімнің байыбына барып терең,
Орынгул апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем

«Ардақты ұстаз» номинациясымен  алғашқы ұстаз Орынгул Хисақызы марапатталады.

3.     .Сөз сөйлесе жарқын-ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқор болып жүреді.
Балжан Сейфуллақызына
Алғыс айтады түлегі.

 «Кең пейілді, ұлағатты ұстаз» номинациясымен 4 сынып ұстазы  Балжан Сейфуллақызы марапатталады.

 

 

4.     Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін,

Маншук апай,
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.
 «Мейірімді ұстаз» номинациясымен Маншук Сарсен
ғалиқызы марапатталады.

5.     Кейде жайлы мінезіне қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың.
Күліп жүрер үнемі

Айгерім апай
Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

«Шебер ұйымдастырушы» номинациясымен  Айгерім Құбайдоллақызы марапатталады.

 

1-жүргізуші: Оқыңдар ұл-қыздар деп,
Күлімдеген ұстаздар.

Ән арнадық арнайы,
Тағзым ете, ұстаздар.

Ән «Ұстазға мың тағзым»

 

2-жүргізуші: Бастауышым - Балбұлағым,
Лаулап жансын шамшырағың.
Өзің берген біліміңнен,
Самғап ұшты тау қыраның.

осыдан 4 жыл бұрын , сіз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едіндер.Енді міне сауатынызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрсыз.
 Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

тақпақтар

20 оқушы : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

21 оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.

22 оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

23 оқушы:Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

24 оқушы: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

25 оқушы:Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.

26 оқушы : бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

27 оқушы :Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

1-жүргізуші:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұситаздарымызға береміз!

би «Чунга-чанга»


2-жүргізуші:
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

 

Нұржайна

Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.

Ғазиза

Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

 


1-жүргізуші:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән «Ана-әке»

құттықтау сөз ата-аналарға беріледі


2-жүргізуші: Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндер
Зымырап өтер-кетер бала күндер.
Тұрады шәкірттерін шығарып сап,
Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер
ән «Соңғы қоңырау»

 

Соңғы қоңырау соғылсың. Қоңырау соғу Назерке Нұрислам


1-жүргізуші: Өтті қызық шағым,
Бастауышым –балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Қош бол, қош бол сүйікті бастауышым!

2-жүргізуші: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.


 

1-жүргізуші: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!
Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші.
Жолдарыңыз болсын, бастауыш сынып түлектері!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий праздника прощание с нчальным классом "Бастауышым -балбұлағым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 467 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.08.2015 773
    • DOCX 986.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13069
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 205 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 432 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 283 человека

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека