Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сценарий проведения праздника Наурыз
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сценарий проведения праздника Наурыз

библиотека
материалов

Сценарий к празднику Наурыз

Сценарий мероприятия посвященного празднику "Наурыз”
І. Играет музыка (каз мел.)
ІІ. Выход ведущих.
Наурыз тойының қалалық салтанатты шеруі «Көш-керуен».
Наурыз мейрамының салтанатты «Көш-керуен» шеруіне қатысушылар рет-ретімен сап түзеді.

1. Оң қанаты алтын, сол қанаты күміс күн шақырушы Қоразды қолына ұстаған салт атты.
2. Жыл белгісі –Қой жылы (алтауы қыз, алтауы жігіт) көтеріп жүреді.

3. Шығыстың киім үлгісінде киінген 6 кернейші.
4. Бес түлік мал иелері: Қамбар ата, Шопан ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Шешек ата.
Наурыздың сәнді-салтанатты «Көш-керуені». Бас алаңға жеткенше жол бойына жаршылар жар салып, халықты тойға шақырады:
- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім.
Ата салтын бабамның
Алып келіп Ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, - деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді
Ұлыстың ұлы күніне
Жиналыңдар алаңға,
Кешігіп одан қалмаңдар!
1 – жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

2 – жүргізуші:
Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.

1 – жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, халқым менің
Ақтарған кең даламның алтын кенін
Мереке басы болсын берекенің
Ардақты Наурыз тойы-салтынды, елім

2 – жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке, болсын думан береке.

1 – жүргізуші: Қыдыр ата Тілегі де жақсылығын Жас ұрпаққа жақсының Ұлыстың күн құтты болсын Жаратқаның аямасың жақсыныңың

2 – жүргізуші: Құрметті халайық!

Қыдыр ата ортамызға келіп түр
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп
Сәлем беріп, алақанымызды жайып
Алайық атамыздың Ақ батасын
Қыдыр ата:

Армысыңдар, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,.

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Пәле-жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Қайғы, уайым жоқ болсын,

Куаныштарың көп болсын.

Әумин!

Алас рәсімі

Алас, алас,

Мың бір пәледен алас,

Жүз бір қатерден алас,

Көзі жаманның көзінен сақта,

Тілі жаманның тілінен сақта,

Ниеті жаманның ниетінен сақта.

Жер-Ана, күш-қуат бере гөр, тәу-тәу!

Атар таң, ақ ниет бере гөр,тәу-тәу,

Самал жел, жаңа леп бере гөр, тәу-тәу!

Шашу рәсімі

1-ведущий :

Наурыз келсе құт келгені халайық
Есік ашып, шашу шашып ел болып қарсы алайық
(Ортаға шашу шашып шығады)
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризалығың болсын көл - көсір!


Песня «Наурыз» в исполнении бабушек.

1-ведущий :
Балалар, бізге ауылдан әжелер келді! Келіңіздер әжелер, төрге шығыңыздар. Әжелер осы Наурыз мерекесі бізге қайдан келген? Ол туралы бізге айтып бересіздер ме?

Бір әже:

«Ертеде екі ағайындылар Наурыз бен Алаш өмір сүріпті. Олар өте тату тәтті тұрыпты.Өкінішке орай Наурыздың балалары болмапты. Ал Алаштың – 6 ұлы болыпты.

Алаш: Наурыз, бауырым, менің бір баламды бауырына басып алсаңшы?

Наурыз: Жоқ, аға, мен олай ете алмаймын.

Әже: Жылдар өтті.Күндердің бір күні Наурыз барлық туысқандарын үйіне жинайды.

Наурыз:Аға, менің саған айтар алғысым шексіз. Өйткені, сіз маған өз балаларыңыздың бірін бермек болдыңыз. Бірақ, мен сіздің игілікті әрикетіңізді бағалай алмадым. Менің мұрагерімнің болмауы ,құдайдың қалағаны болған шығар. Енді , мен сені, сенің балаларыңды, немерелеріңді, шөберелеріңді, барлық ұрпағынды менің бір тілегімді орындауларыңды сұраймын. Менің о дүниеге аттаңған күнімді Наурыз деп атағандарыңды қалаймын. Бірақ бұл күн жоқтау күні болмасың. Ол бейбітшілік, теңдік күні болуы тиіс.

Алаш: Жарайда аға, қалағаныңың болсын. Біз барлығымыз уәде береміз, сіздің тілегіңізді орындаймыз.

Әже: Наурыздың осы дүниеден кеткен күні , жылдың басына келген еді. Ежелде ол күн көктемгі күн мен түннің теңелуіне түскен.Міне, Наурыз мерекесі туралы аңызда осылай айтылған..
Ведущий: Наурыз — барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз — қаңкылдап қаздар келетің, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат — Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап,түйесі боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа-жарқа, мәз-мейрам шаттыққа бөленетін шақ.

Звучит мелодия птиц. 

Ведущий: «Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты Шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер: «Наурызкөгім келдің бе?», - деп шақырады, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді, оны бақыт құсы қатарына қосады.

Ведущий: Наурызкөк - это птичка, которая совершает перелет в месяц Наурыз. Люди ждут ее с нетерпением, ее подкармливают, стараются не спугнуть. Наурызкөк считается на Востоке птицей счастья.


Появляются пташки Наурызкөк.


Пташки - Здравствуйте ребята.
Мы прилетели, чтобы предупредить о приходе солнечного Наурыза.
Пусть будет обильным год
Пусть будет всегда дорога,
Рекой пусть молоко течет
Счастья и радости много
Пусть скот вокруг плодиться
Достаток к нам прибавляет
Беда пусть к нам не стучится
А горе в земле исчезнет.

Пташки : Жаңғырар дәстүр – салтымның
Көзелсін бұлақ жалғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз - жыл басы.
Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік шырқайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би билеп
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу – маржан шашайық
Жиналған жұрт таң қалсын
Өнерден күмбез жасайық


І Вед. Рахмет сіздерге Наурызкөк құстары, сіздердің құттықтау сөздері мен жылы тілектеріңізге. Наурыз мерекесін әндер мен ойындармен қарсы аламыз. Бізге бүгін қонаққа сендердің достарың келді, қарсы алайық!

На сцене выступ. 1-4 казахские классы .Стихи и песня «Наурыз көктем»

Пташки: Наурыз күні Қыдыр ата барлық кең даланы аралап жүреді.Оның аяғы басқан жер гүлдей бастайды ,Наурызгүл мен Қызғалдақтар бүршік атады. Осы гүлдер көктем және бақыттың белгісі деп саналады.

Песня в исполнении Медета Арыстановича ,танец Цветов и приход Алого цветка.

І.Вед. Иә, балалар, бүгін біздің мерекеге қонақ келеді. Ол Қызыл Қызғалдақ.

І.Вед. Да, ребята, к нам сегодня на праздник придет гостья-Қызғалдақ - Алый Тюльпан. Она вот-вот подойдет.

Алый Тюльпан: Бүгін осы тойымызда жиналып Наурызды бірге қарсы алайық, өнерімізді көрсетейік . Ендеше тойымызды бастайық па?

Барлық елдер мен болыстардың

Қонақтарын қарсы алуға ризамыз,

Ән айтып,ойнап ,гүрілдетіп

Наурыз тойын қарсаламыз!

Алый Тюльпан:

Открыта дверь для всех гостей —
Для пожилых и для детей.
Весна навстречу нам идет,
Весна на праздник всех зовет,
Народы самых разных стран
Шлют поздравленья в Казахстан!

Ведущий:

Ал халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Думандатып, би-билеп
Інжу-маржан шашайық.

2 ведущий:К нам в сегодня пришли гости с Востока!
Звучит восточная народная музыка, в зал входит девушки в восточном костюме.
С праздником Навруз, дорогие гости! Навруз с означает «Новый день». Этот праздник празднуют во многих странах. Он означает наступление нового года. Если в этот день идет дождь , то считается, что год будет удачным. В этот день люди поздравляют друг друга с праздником, желают здоровья, счастья, долгих лет жизни и должны простить все обиды. По старинному обычаю мужчины выходят на улицу, расчищают арыки и сажают деревья, женщины окропляют родники маслом, а деревня опрыскивают молоком. Люди в этот день веселятся, поют песни, танцуют и проводят айтысы акынов. Примите от нас в подарок – восточный танец.

І.Вед. Встречайте! На сцене 7 казахский класс с танцем.
На сцене после испол. песни из кувшина появляется дымок, летят искры (бенгальские огни) раздается голос джина.
Джин: Кто посмел нарушить тишину в этом зале! Кто шумит и радуется приходу противного Наурыза, тревожа мой покой!
Наурызкөк: Ой ребята, кто это?
Голос из кувшина: Я –всемогущий и всесильный Джин. Это я сорву и унесу ваш тюльпан. А без него не может быть настоящей весны. Ха-ха-ха.
(В это время Джин пытается унести Алый Тюльпан.)
Наурызкөк: Балалар, Джинге қорыққанымызды көрсетпеуіміз керек!

Мерекемізді ары қарай жалғастыра берейік! Тек қана барлығымыз көңілімізді біріктіріп , Джинді жеңіп, оған Қызғалдақ гүлімізді бермейміз.Өйткені Қызғалдақ көктем және бақыттың белгісі ғой.

Алый Тюльпан: Ребята, чтоб Джин не испортил нам праздник, нам нужно отвлечь его, иначе мы не справимся со злым Джином.

Ведущий: Встречайте учащихся 1-4 классов.


Выступление учащихся 1-4 классов (стихи и песня на русском языке)

Джин: Қуанып жатырсыздар ма? Қазір мен сендердің қуаныштарыңнын көзін жоямын.

Ведущий: Жоқ, жоқ ,мүмкін біз келісеміз.Біз саған арнап сыйлық дайындадық.

Джин: Қандай сыйлық?

Ведущий: Встречайте гостей из России

(Раздается звук бубенцов, под русскую народную песню входит девушка в русском народном костюме, на руках поднос с блинами. )
Танцоры:

С праздником Вас ! Счастья Вам и радости.
Пусть в вашем доме будет мир и достаток.
Девушка: Есть у казахского народа обычай приходит на большой праздник с праздником в виде шашу. Вот и я пришла к вам не с пустыми руками. В начале марта весь православный народ отмечал всеми любимый народный праздник – Масленицу, который знаменует собой встречу Весны и Зимы.
Примите же традиционное блюдо – русские блины.
(с поклоном вручает блины)

Танец «Русский»

Джин: Мынауын керемет екен, маған сыйлық ұнады.

(В это время выходят на сцену Қар, Күн мен Қыс и спорят)

Сценка.

/Қар мен Күн болып киінген балалар шығады/

Жүргізуші :

Бұл не шу?

Бұлар кімдер?

Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

Анау тұрған Қар екен,

Мынау тұрған Күн екен!

Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.

Қар:

Қара жерді ақ көрпеге ораған,

Кең даланы боранымен бораған,

Қыс керемет емес пе?

Күн:

Мал төлдеп, адам аузы аққа тиген,

Жер бусанып, мал ауызы көкке тиген,

Жаз керемет емес пе?

Қар:

Құрт-құмырсқа, бақа-шаян жер бетіне шығатын,

Шыбын-шіркей, маса-қоңыз ызыңдап мазаң алатын,

Жаздың несі керемет?

Күн:

Дүлей боран бораған,

Бетіңді аяз қарыған,

Қыстың несі керемет?

Қар:

Борандатсам, қырсыздарды сынағаным емес пе?

Қар жауғызсам, жерді көкке дайындағаным емес пе?

Күн /көніп/:

Cиыр кетті,

Барыс жетті,

Бер жолыңды, Қар аға!

Қар:

Жолымды мақұл берейін,

Өз жөніме кетейін!


(Звучит украинская музыка, в зал входит девушка в украинском народном костюме)
Девушка украинка:

С праздником Вас, люди добрые!
Принесла я вам подарок чудо птичку – невеличку. 22марта у нас « Сороки». В этот день весеннего равноденствия вторая встреча весны. На «Сороки» день с ночью мерится, равняется. К этому дню приурочивается много примет и изречений : «Зима кончается – весна начинается», «Если в день Сорока мучеников тает так, что вол может досыта напиться, то будет хорошая весна» Девушки, Женщины, дети выходят на улицу с «жаворонками», подбрасывают вверх, натыкают на полочки, чтобы жаворонки колыхались, как бы летели.
Жаворонушки, прилетите.
Тепло, лето принесите!
Нам зима надоела
Весь хлеб у нас поела
Руки, ноги познобила,
Вся скотина померла.
(вручает жаворонков)

Джин: Что такое? Вы ещё не угомонились и продолжаете петь, как ни в чём не бывало. Придётся вас испытать, знаете ли вы песни, пляски.

Наурызкөк: Конечно всемогущий Джин.
Вот послушай.


Песня в исполнении 1-4 каз. класса.

Джин: Ән деген жақсы ғой! Бірақ маған Қызғалдақ гүлі керек, одан жақсы маған еш нәрсе жоқ!

Наурызкөк: Джин әкетпеші біздің гүлімізді, қалағаныңды орындайық?
Джин: Мен гүлді жұлмауым үшін ,оның орнына не ұсынасың?

Наурызкөк:Балалар өз күштері мен алғырлықтарын көрсетсін.



Игры.

Игра на внимание. Если согласны, то хлопайте. Если не согласны, то топайте.
- Наурыз - праздник для всех казахстанцев.
- Национальное блюдо казахов - хачапури.
- Наурыз это новый год по восточному календарю.
- Национальное жилище казахов - юрта.
- На масленицу пекут бауырсаки.
- Степной цветок Казахстана - тюльпан.
- Верблюды едят колючки.
- Казахи - гостеприимный и дружелюблый народ.
- Бишпармак едят французы.
- Кумыс готовят из молока коровы.
- Байга национальная игра казахов.
- Наурыз - праздник мира, дружбы и весны.

Проводится игра «Қазақша күрес»
Предлагает игру "Арқан тарту”.
Появляется Қызғалдақ-Тюльпан.

Наурызкөк: Ох танцы, это хорошо

Но, что на красавицу нашло

Что ты душенька, Тюльпан

Как будто Наурызу вовсе не рада?

Қызғалдақ-Тюльпан:

Қалай мен құанамын, Қатыгез Джин мені алып кеткісі келеді. Мен мерекеге қуаныш пен көңіл әкелемін деп ойлағанмын,ал енді Джинның кесірінен сіздер мұңаятын болдыңыздар. Алдымда мені не күтіп тұр? Маған кім айтады?
Наурызкөк: Қиын болды ғой.

Цыгани: Біз айтамыз!

Танец «Цыганочка».

Цыгани:

Спасибо за спасенье
За труд ваш и терпение
С наурызом поздравляю
Счастья, радости желаю.


ІІ. Вед.
Утром вышли мы во двор,
Всюду гомон, птичий хор,
И погода так ясна
Наурыз идет-Весна.
Наурыз-праздник обновления природы, примирения и добра. В народе повелось: чем щедрее будет отмечен праздник, тем благополучнее пройдёт год. Мы надеемся что время, проведенное с нами, будет способствовать вашему хорошему настроению.

Развеселите нашего Джина.

Танец «Цыганочка»





Ведущий:
Расцвела земля родная
Песни звонкие слышны
Наурыз веселый праздник,
Праздник солнца и весны.

І.Вед.

Наурыз тойын; Наурыз тойын
Құтты болсын, халайық
Күй төгілсін, төгілсін
Шырқап әнге салайық .

Песня в исполнении Бірлік Данияра

Наурызкөк:

Джин! Посмотри как у нас весело.
Не забирай пожалуйста наш алый тюльпан!
Джин: Ой и вправду у вас хорошо.
Перехитрили меня, задобрили. Не буду забирать ваш цветок. Пусть он принесёт вам здоровье и счастья, свет и радость.

Джин: И в знак благодарности , за то что вы меня развеселили хочу вам подарить песню.

Песня в исполнении Джина. (Алтынбека)
Ведущий:

Наурыз- көктем мерекесі
Бүгін қөнілдің ән мерекесі!
Наурыз айы туғанда
Той болушы еді осында
Наурыз мейраммен құттықтаймыз!

Наурызкөк:

Бүгін расында да ерекше ,керемет күн. Джин де көңілденіп,Қызғалдағымызды әкетпейтін болды.

Қызғалдақ-Тюльпан:

Дұрыс айтасың Наурызкөк, осындай көңілді , барлығымызға бақыт сыйлайтын мерекені қарсы алу үшін ешкім де кедергі жасай алмайды.
Наурыз келді балалар
Көктеді қыр жырғалар
Наурыз тойын тойлайық
Наурызкөк:

Наурыз, Наурыз
Келді біздің жаңа жыл!

Танец и песня в исполнеии 5-6 казахских классов.



Ведущий :

Бәйшешектер гүлдейді
Қорада мал төлдейді
Наурыз тойын тойлайық
Бәріміз бірге қосылып
Все вместе: Наурыз , Наурыз
Келді біздің жаңа жыл!
Песня в исполнении учителей.
ІІ.Ведущий: Дорогие друзья.! По обычаю – самый уважаемый человек должен сказать слова доброго напутствия. Этот обряд называется « Бата беру». Считается , что пожелание, идущее от чистого сердца, обязательно исполнится. Предоставляется слово директору школы ( завучу)

Песня в исполнении 1-4 казахского класса.
ІІ.Вед. Наурыз-Көктем мерекесі. Жыл басы Жаңа Жылдарыңыз құтты болсын!.
Келешекте денсаулық, әрбір шанырақ басына бақыт тілейміз!
І.Вед
. Поздравляем всех с праздником Наурыз, желаем счастья и всех благ.
Праздник Наурыз продолжается. А мы с вами прощаемся.
Всего вам доброго!
Келесі кездескенше!

Автор
Дата добавления 28.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров371
Номер материала ДВ-204474
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх