Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Сценарий развлекательно-игрового мероприятия на тему: "Осенний листопад" (4-5 лет)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Сценарий развлекательно-игрового мероприятия на тему: "Осенний листопад" (4-5 лет)

библиотека
материалов

F:\Ютария фото\IMG_0387.JPG

«Балалар мен Жасөспірімдер сарайы» КМҚК «Бәйшешек» мектепке дейінгі эстетикалық тәрбие беру орталығы, куратор және қосымша білім педагогі Канафина Индира Бакытовна.

Тақырыбы: «Жапырақтар» (ойын – сауқ шарасының сценарийі).

Мақсаты: Өлеңнің мазмұнын түсініп, сұраққа жауап беруге, өлеңді жатқа, мәнерлеп айтуға үйрету.

Білімділік: Күз мезгілі, күзгі табиғат жөніндегі түсініктерін қалыптастыру, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Өлеңді жатқа айту, мәнерлеп айту қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, сұлулықты, әсемдікті көре білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Күз мезгіліне байланысты бейне суреттер, бейне таспа (ақпаратты құралдар арқылы көрсету), табиғи сары-жасыл жапырақтар.

Әдіс-тәсіл: Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңбері, көркем сөз, жұмбақтар, өлең-тақпақтар, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сергіту жаттығу, алдын-ала жұмыс, мақал-мәтел, тиым сөздер.

Ойын: Ағаштардың жапырақтарын тану.



Армысың ең Әдемі! Ең ақылды! Ең жан- жақты кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін бізбен «Бәйшешек» орталығының балапандары қосылып ойын ойнайды, би билейді.

(заходят в зал под апплодисменты Байшешековцы, проводят разминку и игру)

Ал енді рұқсат болса іс- шарамызды жалғастырайық!

Балалар, сіздер өленді, мақалдарды, жұмбақтарды мұқият тыңдап, қай жыл мезгілі екенін табуға тырысыңдар -

Армысың шұғылалы Алтын күн!

Армысың мейірімді жер Ана!

Армысың қайырымды Аспан Ата!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!

Ойын ойнатылады

Ал енді сіздерге балалар, сөйлемдерді оқып беремін, ал сіздер жылдың мезгілін тауып бересіздер -

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,·

Дымқыл тұман басады.·

Шөп сарғайып, өңі тайып,·

Дала сұры қашады.·

Денең мұздап тоңады·

Ұзақ Ойнай алмай жүреміз·

Жүргізуші: Балалар, өлеңде жылдың қай мезгілі жайлы айтылған?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі екенін қайдан білесіңдер?

Күз мезгілінде неше ай болады?

Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

(Балалардың жауабы тыңдалады.)

Жүргізуші: Өте жақсы балалар.

- Күз туралы кім жақсы тақпақтар айтады?

1. Күзде жауын, бұлт, тұман,

Сары жапырақ жауады.

Сары құйын ұйтқыған,

Сапырады ауаны.

2. Тапталады табанға,

Судыр-судыр жапырақ.

Өрттей сары бояуға

Малынғандай атырап.

3. Санай бер, қарай бер

Бояуы жүз, келді күз.


4. Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқып жүр.

5. Мейірлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппақ арай таңында,

Шомыламыз нұрға біз.

6. Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

7. Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Өте жақсы балалар.

Ал, балалар, сендер білесіңдер ме, ағаштардың қандай пайдасы бар? Ендеше тыңдаңдар -

- Айналамыздағы ағаштар біздің демімізден шыққан жарамсыз ауаны жұтып, ондағы өзіне қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартып қайтадан шығарады.


Сондықтан да біздің айналамызда, көшеде, аулада, балабақша ауласында неғұрлым ағаштар көп болса, соғұрлым ауа таза болады. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз мынадай мақал-мәтелдерді, тиым сөздерді айтқан екен:


«Өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек!»


«Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз»

«Орман көп болса, олжаң көп»

«Көкті жұлма, көктей соласың!»

Жүргізуші: Ал сендер күз мезгілінде саябаққа барып көрдіңдер ме?

Ендеше, әдемі шенбер жасап, көзімізді жұмайық, бір сәтке өзімізді «саябақтың ішінде жүрміз» деп елестетейік.

(Звучит детская веселая музыка) Выходит клоун- проводит игру «Листопад»

Психологиялық тренинг: Айнала алтын-сары, қызыл-көк, алуан-алуан жапырақтар судырлап, табанға тапталады, бақтың іші өрттей сары бояуға малынғандай, желмен ұйытқып сары жапырақтар жауады. Ал енді көзімізді ашайық. Айнала сары-жасыл-қызғылт жапырақтар.

Ой, балалар, қараңдаршы, жапырақтар қандай көп! Қандай әдемі десеңші!

Балалар мына әдемі жапырақтың сендерге тапсырмасы бар екен? Жұмбақты кім шешеді?

Ағайынды бәрі – Шықса жасыл, – Түссе сары. – (Жапырақ)

Қызыл сары кемелер, Су бетінде қалқиды, Соқса егер салқын жел, Ырғалады толқиды (Жапырақтар)

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ, 
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп, 
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт) 

Көзге ілінбейді, 
Жұтсаң білінбейді. (Ауа) 

Көкжиегi тұйық дөң, 
Шатыр тiккен биiк кең. (Аспан) 

Төрiнде тұр нұр көзi, 
Жердiң биiк күмбезi. (Аспан) 

Әйнектей көгiлдiр, 
Теңiздей тым мөлдiр. (Аспан) 

Тiршiлiк аусар тек, 
Ұстасаң қауқар жоқ, 
Айналам қоршау көк, 
Одан асқан кәусар жоқ. (Ауа) 

Күмбез сынды кең сарай, 
Еш жерде жоқ тен сарай. (Аспан)

Тақылдатып таңдайды, 
Егiндi тез жалмайды. 
Дәнiн берер тазалап, 
Өзi түк те алмайды. (Комбайн)

Ендеше балалар бүгін мен сендерді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың жазған «Жапырақтар» деп аталатын өлеңімен таныстырамын.

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап,

Қалған бала секілді.

өлеңді мәнерлеп 2-3 қайтара оқып, балалармен қайталанады.

Сұрақ-жауап:

Балалар өлеңде не туралы айтылған?

Жапырақтар неге жерге қона алмайды?

Олар қайда барып тығылды?

Ақын өлеңде жапырақтарды кімге теңейді?

Балалар, жапырақты орыс тілінде қалай айтамыз?

Дидактикалық ойын: «Жаңғырық» Жа-пы-рақ, лис-тья (балалар тәрбиешінің айтқан сөзін жаңғыртып қайталайды).

Сергіту сәті: Салқын желмен ұйтқыған,

Сары жапырақтар жауады.

Шыр көбелек айналып,

Жерге барып қонады.

Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жапырағы?»

Мақсаты: берілген ағаш түрлеріне жапырақтарын тауып орналастыру. Қорытынды: – Сонымен, балалар, біз бүгін не туралы әңгімеледік? – Өлең қалай аталады? – Өлеңде не туралы айтылған? – Күзгі жапырақтардың түсі қандай болады? Жүректен-жүрекке: Жаратыпты бір алла Аспан менен жерді Күн менен айды Орман, тоғай, бақтарды Тау мен тас, ағаштарды. Осылардың бәріне Мейірім шуағын төгеді, Шапағатты күн ана. Шапағатты күн ана Нұр сәулесін төгіп тұр Мына тұрған бізге де.

Сіздердің алдарыңызда музыкалық ән шашумен халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, «Балалар мен жасөспірімдер сарайының» тәрбиеленушісі Мейрамова Дильназ «Я, ты, он, она- вместе дружная семья» әнімен.

Рахмет саған, Шапағатты күн анна! Осымен іс шарамыз аяқталады. Құрметті қонактар, достар қатысқандарыңыз үшін рахмет айта отырып, Қош сау болыныздар дейміз!



C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Декоративный отдел\фотоПраздник осении 05.11.2015\DSC00082.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Декоративный отдел\фотоПраздник осении 05.11.2015\DSC00089.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Декоративный отдел\фотоПраздник осении 05.11.2015\DSC00079.JPG


F:\20160204_092852.jpg







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров123
Номер материала ДВ-417833
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх