Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сценарий "Шаңырақ сыны" сайысы

Сценарий "Шаңырақ сыны" сайысы


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Жанболатова.Н.С

Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту

қабілеті бұзылған балалар

мектеп – интернат колледжінің

математика пәнінің мұғалімі




«Шаңырақ сыны» сайысы

Мақсаты: ата-аналардың мектеп өмірімен тығыз байланыста болуларын қамтамасыз ету; есту қабілеті бұзылған балалардың өзін-өзі бағалай білуіне мүмкіндіктер жасау, оқушы мен ата-ананың шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Қатысушылар: орта буын қазақ және орыс кластарының қыз балалары және аналары.


Сайыс шарттары:

  1. Өздерін таныстыру.

  2. Сұрақ-жауап.

  3. Үй тапсырмасы. Қолөнер бұйымдарының көрмесін бағалау

  4. Өнер сайысы.

  5. Сән үлгісі.

  6. Қорытынды.


Өту барысы:


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер! Жылы шуағын шашып, мейірімді құшағын ашып, даламызға сұлу көктем келді. Көктем келді дегені – Жер-Ананың шуаққа бөленгені. Осы бір тамаша мезгілді барлығымыз да асыға күтеміз. Себебі, біз Табиғат-ананың сұлулығына тамсанып қана қоймай, осы кезде көктемнің алғашқы мерекесі – Аналар мейрамын тойлаймыз. Қымбатты аналар, парасатты ұстаз-апайлар, әдемі қыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!


Музыка ойналады, әдемі киінген ер балалар

гүлдерін апайларға ұсынады.


Сайыскерлерді шақыру. 8 наурыз мерекесіне арналған «Шаңырақ сыны» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайықа орта буын кластарынан 5 ару қыз аналарымен қатысқалы тұр. Қошеметпен сайыкерлерді ортаға шақырайық.


Музыка ойналып, қатысушылар аттары аталған кезде

орындарына келіп тұрады.

  1. Көңілінде шуағы бар көктемнің,

Жан-жағына тек қуаныш төккен мың

Интернатта барлық бала біледі

Ақбаянның инабатты екенін.

5 «в» класс аруы – Ақбаян және оның апасы – Жібек.


  1. Ұстазын анасындай құрметтеген,

Жаны таза, ісі жоқ дүрмекпенен,

Ақсәуле тәрбиешінің қолғанаты –

Ойынан тек жақсылық бір кетпеген.

5 «б» класының аруы – Мұқанбетқалиева Ақсәуле анасы – Ардақ


  1. Қорғасындай мінезі бар салмақты,

Бар жұмыстың жайын білер жан-жақты.

Аз сөйлеп-ақ, көптеген іс тындырар

Салтанат қыз сыныбында салмақты.

7 «а» класс аруы - Оңайбай Салтанат және жеңгесі – Ақгүл.


  1. Жанарынан жастық оты шашырап,

Гүлге оранып кеткендей ме атырап.

Сыныптағы ұл-қыздардың мінезін

Лейла ару отырады бақылап.

6 «б» класс аруы – Лейла және анасы – Салима апай.


  1. Еңбексүйгіш, ерінгенге жаны қас

Бір жұмысты екі істеп сабылмас,

Ашық қабақ, күлімкөзді ару қыз –

Интернаттан Балымдай қыз табылмас.

6 «ә» класс аруы – Ақберген Балым мен апасы – Айым.



Құрметті ару қыздар, ата-аналар! Бүгінгі сайыста сіздерге тек сәттілік тілейміз. Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:

  1. Өзін-өзі таныстыру.

  2. «Көпті көрген біледі». Сұрақ-жауап.

  3. «Ана көрген тон пішер». Қолөнер бұйымдарының көрмесін бағалау.

  4. «Өнерлі өрге жүзеді». Өнер сайысы.

  5. «Қыздарға әсемдік жарасады». Сән үлгісін көрсету.

  6. Сайысты қорытындылау.


Бүгінгі сайысқа қатысушылардың өнерін бағалау үшін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Қамбарова Б.Б. – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

  2. Қыдыралина Б.Ж. – аға тәрбиеші.

  3. Уримбаева М.І. – тәжірибелі педагог.


  1. Сайысымыздың алғашқы шарты бойынша сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады.


  1. Біз – қазақпыз, елім дейтін жан сала,

Салт-дәстүрін жыр қыламыз тамсана.

Ұрпақ үшін баға жетпес байлықты

Құрмет тұту – басты парыз баршаға.


Қазір қатысушылар сандық ішінде жасырынған сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар ұлттық өнеге, салт-дәстүр туралы болмақ. Сұраққа анасы мен қыздары бірге жауап береді.

Музыка ойналып, ұлттық киім киген қыз

сандықты алып шығады.


  1. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ана көрген тон пішер» деп аталады. Қазір біздің аналарымыз өздерінің үйден дайындап әкелген қолөнер бұйымдарымен таныстырады.


Музыка ойналып, аналар бұйымдарын сахнаға алып шығады. Таныстырып, арнайы дайындалған үстел үстіне қояды.


  1. Музыкалық үзіліс.

Ән «Анаға сәлем» - Бағдат, Ерлан, Мұхтар.


  1. Жан дауасы кетеді екен жазыла,

Өнер деген – сарқылмайтын қазына.

Жан бар ма екен тебіренбес, толқымас

Ән мен жырдың, би мен күйдің сазына.


«Өнерлі өрге жүзеді». Өнер сайысы.

  1. Стихотворение «Маме» – Ақбаян .

  2. Ән. «Әкетайым» – Ақсәуле

  3. Қазақ биі – Лейла

  4. Қазақ биі – Салтанат

  5. Ән. «Ертегілер» – Балым


  1. Әзіл көрініс. «Әжелер сайысы»


  1. Көркіне ақылы сай парасаты,

Сұлуларға ай да, күн де таласады

Көрер көзді елітіп тамсандырар

Қыздарға әсемдік жарасады.


«Қыздарға әсемдік жарасады...» Сән үлгісін тамашалайық.

  1. Өнердегі ең қадірлі – би дейді,

Қайталауды, көшіруді білмейді.

Сахнада биші қыздар бұрала

« Қазақ » биін сіздер үшін билейді.

«Аяулым» би ансаблі.

  1. Сайысты қорытындылау

  2. Марапаттау.



Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров599
Номер материала ДВ-153966
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх