Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сценарий "Сыңғырла ,соңғы қоңырау"

Сценарий "Сыңғырла ,соңғы қоңырау"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Воспитательная работа

Название документа сценарий последнего звонка.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

«Сыңғырла соңғы қоңырау» салтанатты жиыны

Фанфары. Жүргізушілер шығады.

Жүргізуші: -Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынға жиналған қауым. Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Ведущий. Добрый день, уважаемые гости! Снова пришла долгожданная весна. Снова наступил исторический для школьников день - день "Последнего школьного звонка" 

Жүргізуші:--Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,

Бағбан -  ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр. Мектеп бітіруші түлектер мен оқу жылын тек қана «5» деген бағаға аяқтаған үздік оқушылар шеруін қошеметтеп қарсы алыңыздар! ( Выпускники выходят под музыку «Учат вшколе» ) Ведущий: Встречайте! Наши выпусники и отличники учебы! Жүргізуші:: 2013-2014 оқу жылының “Сыңғырла , соңғы қоңырау” атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер ! Ведущий 1. Уважаемые выпускники, родители, учителя и гости! Праздник Последнего звонка разрешите считать открытым.

Жүргізуші::   -Батырлыққа уызынан жарыған Ер түркіні жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран. (Гимн орындалады) Ведущий.Дорогие наши выпускники! У вас сегодня торжественное событие. Именно сегодня последний звонок возвестит вам, что ваше детство закончилось и начинается взрослая жизнь. Пусть будет много счастья, любви, улыбок, радости. И совсем чуть-чуть слез, разочарований. Пусть каждый из вас найдет себя в хорошем и нужном деле, чтобы можно было безбоязненно смотреть в будущее.  Жүргізуші::-Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек:

1.---------------------------------------------------------------------------------------------------

2.--------------------------------------------------------------------------------------------------

Ведущий 1. Своих питомцев уж который раз 
Наша школа выпустит сейчас.
 
Мы все взволнованы и чуточку грустны,
И кажется: сейчас не до весны.
 
Ведь завтра им экзамены сдавать.
 
А там и аттестаты получать.
 
Чтоб праздник наш сейчас начать,
Директору слово, позвольте, дать.
 Слово предоставляется  директору школы Ералинову А.Р.

Жүргізуші: -Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Сөз кезегі құрметті қонағымыз----------------------------------------------------беріледі.

Ведущий 1. Слово для приветствия и зачитывания приказов о переводе учащихся в следующий класс и награждение похвальными листами, допуск к экзаменам предоставляется заместителю директора по учебной работе - Ахметулиной Ляззат Социаловне

Жүргізуші: ---Күмбірлей күй естілсе домбырадан

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке

Елітіп тұла бойың балбыраған.Ән: «Ең соңғы қоңырау » бітіруші түлектерге арналады.

Жүргізуші :-- Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі. Ведущий :А сейчас наших выпускников хотят поздравить  первоклассники. Посмотрите на малышей, ребята. Вы были такими же 9,11 лет назад. 1 сынып оқушылары:

1.Он жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Апалар мен ағалар!

Орындалды ойыңыз.

Құтты болсын тойыңыз!

Үлгілі болып сіздердей

Үлкейеміз біздер де.

2.Біз де ойшыл, өнерлі

Боламыз істің шебері.

Көп екен «төрт»,бесіңіз»

Өмірде өстіп өсіңіз.

Талай сыннан өттіңіз

Кәмелетке жеттіңіз 3.Қыран болып ұшыңыз,

ВУЗ-ға барып түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

4.Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз.

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен.

Бәрі бірге:Әрқашан сәтті жол болсын

Сапарларыңыз оң болсын!

Выступление первоклассников 
Мы пришли вас поздравлять
 
И учитель с нами,
 
Дружно мы хотим сказать,
 
Хором: Что гордимся вами! 
Желаем здоровья, желаем успеха,
 
Чтоб слезы блестели только от смеха,
 
Чтоб счастье и радость на лицах светились,
 
Чтоб все пожелания осуществились!
 
На последний ваш урок
 
Прозвенит сейчас звонок.
 
Вам желает первый класс
 
Хором: В добрый путь и в добрый час!  Ән: Бала тілегі

Ведущий. Спасибо малышам за теплые слова, а теперь ответное слово выпускников. Жүргізуші:Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз. Ответное слово выпускников Ведущий:  ---Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?

Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?

Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,

Сөз кезегі  - жетекші бапкерлерде. Сөз кезегі сынып жетекшілері мен алғашқы ұстаздарда . Жүргізуші: Ән:  «Ұстазым» барлық ұстаздарға арналады. Жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен 11-дің  алтын кілтін

Ізін басар сыныпқа тапсырады. Аманат тапсыру құрметі мектеп бітіруші түлек Төлегенов Мейірбекке тапсырылады, аманат қабылдап алу құрметі 10 сынып оқушысы Баймусинова Дианаға беріледі.

Мейірбек:  - Білімге басқан жастарың,

Ғылымды іздер үңіліп,

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда күліп тұр үміт.

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болыңдар білікті.

Орнымызды нық басар деп,

Тапсырамыз «Алтын кілтті»

Жүргізуші:  -- Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан , ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымызда

Ведущий: Слово предоставляется родителям выпускников.

Ән: «Анашым» выпускники

Ведущая .: Наступает самая радостная и торжественная минута. Сейчас для вас, выпускники, прозвенит звонок. Этот звонок особенный, он не похож ни на один ранее звучавший. Пусть его звон сохранится в ваших сердцах, как звон детства, школьной дружбы и добрых, хороших воспоминаний об этом дне. Мы смотрим тревожным и радостным взглядом, в предчувствии новых путей и дорог. 
Сейчас он раздастся по всем коридорам.
 
Печальный, прощальный, последний звонок.
 
Звенит он над прошлым и настоящим.
 
Над всем, что берег ты, и что не сберег.
 
Звенит он над детством твоим уходящим
 
Веселый и грустный, последний звонок.
 





Жүргізуші: Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.

Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,

Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.

Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,

Дауысын естігенде қоңыраудың.

Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып оқушылары

және мектебіміздің түлектері Нұрбек Жолымбек пен Төлегенов Мейірбекке беріледі.

Жүргізуші:  --Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Шақырайық вальске түлектерді

Қоштасудың вальсін айтып тұрып. («Қоштасу вальсі». Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып , вальс билейді. )

Жүргізуші:  Бүгінгі күн – жас түлектің жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн.Тек биіктеп самғай беріңдер көгершіндер.   Көгершіндей самғаңдар түлектерім,                     

 Орындалсын өмірде тілектерің.

                       Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

                       Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.                     

Бұл соңғы қоңырау үні...Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу   үні. Осыдан 11 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы...сендер де сондай тәтті едіңдер,бір сәт балалықпен қауышыңдар... Әне , олар сендерді үлкен өмірге  аттандыруға бара жатыр ... Жүректерің не дейді?

Дауыс (музыка әуенімен): -Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,

                                               Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.

                                               Сол бір сәттер енді қайта келер ме?

                                               Балалығым біз өзіңді қимаймыз,

                                               Алтын ұя мектебім мен аяулы

                                               Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.

                                              Қош бол енді балалығым бал дәмім

                                              Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.                                                                                                                                            




Жүргізуші:  Үлкен  өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!    Жас түлектер!!!

Қоштасады алтын ұя мектебің,

                      Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн.

                        «Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,

                              Тілейік біз армандарға жеткенін.

Ведущая2: Вот и все пришла пора расстаться.

 И в последний раз звенел звонок для вас.

 Круг почета ждет вас, попрощайтесь.

 На линейке вы в последний раз.

И выпускников на их последний в жизни школьный урок провожают наши отличники учебы!



Жүргізуші :Осымен біздің салтанатты жиынымыз яқталды. 

Ведущая: На этом наша торжественная линейка объявляется закрытой. 









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1061
Номер материала ДВ-403334
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх