Тәуелсіз таным атқанда
Мақсаты: Балаларды өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын
құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа,
еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін
арттыруға тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық
сезімін қалыптастыру.
Балалар музыка әуенімен музыка залына кіріп белгіленген орындарына
тұрады
Сахнаға жүргізушелер шығады
1Жүргізуші:
Дүниеде болмасын деп зар қасірет,
Келеміз замананы алға сүйреп.
Бүгін де тұр біздерге
Жер бетінде
Азаттық,
Бейбітшілік арқа сүйеп.
2Жүргізуші:
Армысыздар,
құрметті қонақтар, балалар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты
болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі –біздің жетістігіміз,
сондықтан бүгінгі салтанатты кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Шайқалмасын ешкімнің
шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде
қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Қазақстан Республикасының
әнұраны орындалады
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досыңдай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Жүргізуші: Ендігі кезекті балаларға
берейік. Ортаға тәуелсіздік туралы тақпақтарын оқуға Бексултан, Ясмин,
Адия,.Әбілмансұр шығады.
Көк
аспанда желбіре,
Қазақстан жалауы. БЕКСУЛТАН
Түсті бақыт жолыма,
Менің Қазақстаным! АДИЯ
Отан деген – атамекен
Қазақстан туған жер ЯСМИН
Бабалардың арманы
Тәуелсіздік аңсаған. ӘБІЛМАНСҰР
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
«Көбелек» тобының орындауында ән: «Біз бақытты баламыз» әнін қабыл алыңыздар.
Біз бақытты баламыз
Байтақ біздің даламыз,
Билеп әнге саламыз.
Егеменді елімде,
Біз бақытты баламыз.
Қайырмасы:
Э...эй, э...эй!
Түгел бізге қараңыз
Біз бақытты баламыз.
Бейбіт өмір сүреміз,
Емін – еркін күлеміз.
Өсиет пен ақылды!
Үлкендерден білеміз.
Жүргізуші: Жарайсыңдар
балалар! Келесі кезекте топ ұлдарының орындауындағы «Қара жорға» биін қабыл
алыңыздар!
Жүргізуші : Жарайсыңдар, балалар!
Ортаға тақпақ оқуға Кәусар, Дарина, Сабина, Эльдар шығады.
Тыныш болсын еліміз,
Сатылмасын жеріміз.
Еңбек етіп ел үшін,
Сіңсін маңдай теріміз. КӘУСАР
Тәуелсіздік тұмарым,
Бәйтерегім шырағым. ДАРИНА
Жаса, жаса азат күн
Жаса бейбіт ел, су, жер. САБИНА
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға. ЭЛЬДАР
Музыкамен залға қонақ кіреді. Қыдыр ата
Қыдыр ата: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн! Сәлеметсіздерме,
балалар! Мен Қыдыр атамын.Сендерді тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтауға
келдім.
Жүргізуші: сәлеметсізбе, Қыдыр ата.
Олай болса, сізді біздің балалармен ойын ойнауға шақырамыз.
Ойын «Теңге алу»
Қыздардың орындауындағы «Қазақ биі» биін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші: балалар, жарайсыңдар.
Ортаға тақпақтарын оқуға Асанали, Мансур, Жадыра, Мансур,Айлана Е. шығады
Отан үшін жанымды беремін,
Отан үшін бәріне көнемін. АСАНАЛИ Х
Біздің Отан ұлы Отан,
Отанымды сүйемін. НУРЖАНОВ М
Отан жерім, Отан суым.
Отан қуат нәр береді. ЖАДЫРА
Отан деген Атамекен
Отан деген туған ел НУРЛЫБАЕВ М
Отан Ана – Отан үлкен
Қазақстан туған жер АЙЛАНА
Қонақ: Жарайсыңдар, балалар. Қандай өнерлі
едіңдер. Қане, менің балаларым қолдарыңды жайыңдар бата берейін.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі. Аумин!
Балалар мен сендерге алыс жолдан сыйлықтар әкелдім. (сыйлықтар таратады.)
Жүргізуші: Аумин айтқаныңыз келсін
Қыдыр ата. Сыйлықтарыңызға көп көп рахмет. Біз бұл сыйлықтарды топқа оралған
соң дәм татамыз.
Жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір, -
О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын!
Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!
Жүргізуші:
Енді міне қазағымның таңы атты,
Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Осымен 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз
таным атқанда» атты «Көбелек» 2 кіші тобының шағын ертеңгілігі аяқталды.
Назарларыңызға рахмет!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.