Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Сценарий "Тәуелсіздік - ел тірегі"

Сценарий "Тәуелсіздік - ел тірегі"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сценарий

«Тәуелсіздік - ел тірегі»

Музыка

Жүргізуші: Құрметті қонақтар ұстаздар және ата-аналар.Сіздерді салтанатты мереке 16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.16желтоқсан тәуелсіздігіміздің 20жылдығына орай өткізейік деп отырған «Тәуелсіздік - ел тірегі» атты ертеңгілімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Респбликасының Гимні орындалады.

А.Тамирлан: Жаңарған берекелі еліміз бар,

Даласы гүлге толы жеріміз бар.

Кең өлкем байлығы мол ынтымақты,

Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.

Сабит: Рәміздерім елдігімнің белгісі.

Білу керек бала - дағы ең кіші.

Рәміздерім Гимн ,Ту, Елтаңба.

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Аяулым: Сүесің ғой даланың,

Гүл жайнаған алабын.

Білесің ғой сен бірақ,

Қазақстан жалауын.

Жүніс Темірлан: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Алия: Қатар шапқан құс тұлпар.

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі.

Құндыз: Кеңге толы қойнауы

Төлге толы жайлауы

Ол біздің қазақстан

Анамыздай тілеу-ақ

Отан біздің біреу-ақ

Ол біздің қазақстан.

Аделя: Мереке бүгін ұлы күн

Бабалар рухы көксиген

Азат елдің қызымын

Теңессің төбем көкпенен

Ерасыл: Күн болды бұл күн керемет

Ақ түйенің қарны жарылған

Ел болдық, шүкір не керек?

әлемге аты танылған

Рамазан: Отан – сенің атан анаң

Отна – сенің өлкен аспаның

Отан – досың бауырың

Отан – аудан ауылым.

Жұлдыз. Келмеске кеткен мәңгүрттік

Мереке бүгін думан күн

Аруақтар рухын жаңғыртып

Еліміз қайта туған күн.

Хормен «Біз өмірдің гүліміз» әні айтылады.

«Қара жорға» биі.

«Бала тілегі» әнін орындайтындар: Сабина, Томирис, Зарина, Аяулым, Аделя, Дильназ.

Тақпақтар:

Сабина Оразбекова: Нағыз атың енді ғана табылды.

Нағыз атың енді ғана танылды.

Қазақ елі өрле әлем төріне

Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

Еңлік: Тәуелсізідік – балалардың ұраны

Бей уақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсізідік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Жанжігіт: Отанды жас кәріміз,

Туған жер деп сүйеміз

өйткені онда бәрімізде,

туып өмір сүреміз.

Диас: шегінбеуге бекіген

Қосылған бір бастары.

Бодан елдер шетінен

Дербес бола бастады.

Дария: Сұлу далам менің сүйген еркемсің

Жаны жайсаң жаратылған көркемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным

О, Туған жер, тамашасың, көркемсің.

Ануар: Отан, Отан,

Бәрінен де биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Галямова Дильназ: Әнұраным – жан ұраным

Жүрсем егер дүние кезіп,

Айтар әнім, сөйлер сөзім

туған жерім сағынарым.

Игнат: Бақыт бірлік күн талабы

Тоқтамайды дүбір әні

Мәңгі бақи шырқалады

Респудика-әнұраны

Арилана: Ер жетіп, үмітінді біз атқармыз

Жеріңді ұлтарақтай сақтармыз

Қасиетті жер – ана ауыл елді

Көркейтетін болашақ біз-жастармыз.

Әлібек: Отан әкем, отан анам!

Туған ел деп

Туған жер деп

Ол береке аталмаған.

Томирис: Республикам күндей күлген, шығыстан

Асыл елім, жанжүректі ұғысқан.

Ата бабам, аңсап өткен бақытым,

Алтын бесік-қазақстан-гүлстан.

«Біз өрікіпіз» әні

Тақпақтар:

Мади: Ортақ жұпар ауамыз

Ортақ жарық күніміз

Ортақ туған анамыз

Жердің қызы, ұлымыз.

Амина: көк байрағы желбіреп.

Асқақтай түсті аспандар.

Бақыттың таңы мөлдіреп

Айнала нұрын шашқандай.

Казиева Дильназ: Тәуелсіздік еліміздің күн, айы

Жаңға қуат беретіндей ұдайы,

Еліміздің аталғандай есімі

Еліміздің кіретіндей шырайы.

Әділхан: Елі сүйген енселім де, еркінім.

Аппақ таңнан дауысыңды естіп, елтідім.

Тәуелсізідік - Назарбаев Нұрсұлтан

Тұңғыш көкке көтерді ол ел туың.

Абай: Абай туған, Сәкен туған

Құрметте достым, қазақтың жерің

Қамбаға жылда иол астық құйған

Қазақстан – Республикам менің.

Аида: Отан – анам!

Отан - Әкем!

Осы сөзім қате болмса,

Неге біздер дейміз оны атамекен!

Зарина: мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағымды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем.

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Куленов Темірлан: Отан – жерім, Отан – суым,

Отан – қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан – мәңгі гүлденеді.

Азель: Туымызды аялайды сүйіп көк

Нұрынды күн, көкірегіме құйып кет

Ең сенімді қолда тұрған ел туы,

Көк аспанда желбірейді биіктеп.

Әділ: Тәуелсіздік – таң нұрысың арайлы,

Бабалардың араманысың талайғы

Ғасырлардың құшағында ер жеттің,

Халқым сені өз бақыты санайды

Сен әкелдің шаттығымды, күлкімді.

Ата – бабам армандаған бұл күнді

Тәуелсізідік өркендесін өрісің

Бақытпенен қауыштырған жұртымды!

«Ақпыз, қара, сарымыз» әнін хормен орындайды.

Тақпақтар:

Аруна: Қазақстаным, алға

Қадам бас тағы да

Және қадам баса бер

Шарықта жылда.

Дариға: Тәуелсізідік күні дедік бұл күнді,

Атын атап, ақын оны жыр қылды

Сол күнменен қатар туған сәбилер

Кішілерге аға болып үлгірді.

Индира: Атамекен ақ үйдің

Азат болға күні бұл

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні бұл.

Айдын: Құқығымыз біздің тең дейміз

өзгемен жер үстінде

қорғаймыз енді бермейміз

дербестікті ешкімге.

Өтеш: Еркімен кәрі, жасымыз

Дауыс беріп сайлаған

Бар біздің елбасымыз

Халық қамын ойлаған.

Аружан: Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл, қаланы.

Ардақты атамекенім.

Отаным – Қазақстан.

Ерлан: Мемлсөйле деекеттік мәртебе

Алған ана тілім бар

әр азамат сол тілде

сөйле де жаз, білім де ал!

«Ойыншықтар» әні хор.

«Достық» әні хор.


Жанель: Әр жыл сайын,

Тәуелсіздік таңы атты

Топқа бардың, тойға мініп ақ атты,

Дүниені қуанышқа бөлеп тұр.

Ән айтылып, жыр төгіліп қанатты.

Жанара: жан сенгісіз өзі аңыз

Бодан болған кезіміз

Енді еркін қожамыз

Өзімізге өзіміз

Димаш: Бодан елдер тайсалған

Не керегін түсінді

Шаңырақты шайқалған

Ортасына түсірді

Жанат: тәуелсіздік долында

Талай – талай тер төккен

Билігім өз қолымда

Еркіндігім ел таңбам.

Асем: Гүл жайнаған Астана

Қазақстан отаным

Бірін – бірі сыйлаған

Туысқандар отаны.

Сабина Оралова:Астанамыз - ән қаласы

Айналасы дән қаласы

Көк туын көкке көтерген

Отанымның панасы.

Санжар: Құқығымыз біздің тең дейміз

өзгемен жер үстінде

қорғаймыз енді бермейміз

дербестікті ешкімге.

Марш «Алға, алға қазақ жігіттері»

«Туған жер» әні хор.

«Жаса Қазақстан» әні. (балалар ортаға шаңырақ алып шығады.)

Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі 16-желтоқсан «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты ертеңгілігімізге келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп, көп, рахмет! Әрқашан күн сөнбесін! Аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, тек қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем, балаларының ұйқысы тыныш болсын. Сай болыңыздар!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров367
Номер материала ДВ-364746
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх