Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сценарий у празднику "Наурыз" мерекесі

Сценарий у празднику "Наурыз" мерекесі



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы:!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Елордамыз Астана туралы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
ә.Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру.
Б.Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру.
Көрнекілігі: макеттер, шаңырақ,

Өту барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ардақты ағайын!
Құрметті (достар) қонақтар!
Қадірлі отандастарым!

Биыл тәуелсіздіктің 25 жылдығы
Біз бүгін мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған Астанамыздың ордасына жиналмақпыз. Сондағы наурыз тойын тойламақпыз.
қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.
Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті.Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты.Біздер, қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді –келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық.
Той құтты болсын, ағайын! Ендеше бүгін біз Астана қаласына саяхатқа шығамыз.

Ең алдымен Астана туралы не білеміз?
Осыдан 14 жыл бұрын, 1994 жылдық 6 шілдесінде Парламент қабылдаған шешім шын мәнінде тарихи да тағдырлы шешім болды.Бұл шешім тәуелсіздіктің алғашқы жемістері ғана емес, жас мемлекетіміздің тұңғыш жеңістерінің де бірі еді.

Осы он жылдың ішінде әлемге танылған Астана Қазақстанды да әлемге әйгілі етті. Сарыарқа төсінен бой көтерген Астана бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып отыр.
Қазіргі кезде Астана біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отыр.
Жасампаздың істерде жасқанбай, ата-баба аманатына адалдығын танытты.

1.Күмбездерін күн нұры сүйіп жатыр,
Көре алмаған жат дұшпан күйіп пақыр.
Ай-жұлдыздар қарап ап сіңлісіне,
Түннің сәнін үйреніп түйіп атыр.

2.Бір күнінен бір күні салтанатты.
Керек қылмас көпір ме жалған атты,
Көз қуаныш сыйлады келгендерге,
Сүйсіндіре санатып сан қабаты.

3.Сән-салтанат айналам бүгіндегі,
Мақтанышым - жүректің түбіндегі!
Ұлы дала ұлағат тұтып келіп
«Астанам!»- деп ардақтап жүгінеді.

4.Елімнің алтын шаңырағы
Егінді, малды, кенді алып жазық.
Толағай толғауларды жатыр жазып
Айсыз түнде жол сілтеп адастырмас,
Астана –ел көгінде Темірқазық.

5.Қабыл боп ата-баба, ел тілегі,
Биіктен нұры шалқып Күн күледі.
Қан беріп халқымыздың тамырына,
Астана – соғып тұрған нұр жүрегі!

6.Есілдің ақ тұмасы ағылады,
Тамшылар күміс сырға тағынады.
Кереге, уығынан кие қонған,
Астана – елдің алтын Шаңырағы!

7.Ақ нұры аппақ Айдың ақтарылған,
Басына «Бәйтеректің» құт дарыған
Шапағат шам шырағы тарап жатыр,
Алыстан шырай шашқан оттарынан

8.Көк ту ұстап ұлы ғасыр көшінде,
Құйылғандай мұхит суы Есілге
Қазақ елін кең әлемге танытып,
Астана тұр Сарыарқаның төсінде.

Астананың көрікті жерлерін таныстыру

Астанаға келу. Той думанға шақыру


9. Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
10. Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
11. Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
12. Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
13. Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз той»

14. Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

15. Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

16. Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
Астанамыз гүлденіп, көркейе берсін!
Келген әрбір қонақтарды шаттыққа бөлейтін жерлері көп болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз










































1.Күмбездерін күн нұры сүйіп жатыр,
Көре алмаған жат дұшпан күйіп пақыр.
Ай-жұлдыздар қарап ап сіңлісіне,
Түннің сәнін үйреніп түйіп атыр.


2.Бір күнінен бір күні салтанатты.
Керек қылмас көпір ме жалған атты,
Көз қуаныш сыйлады келгендерге,
Сүйсіндіре санатып сан қабаты.


3.Сән-салтанат айналам бүгіндегі,
Мақтанышым - жүректің түбіндегі!
Ұлы дала ұлағат тұтып келіп
«Астанам!»- деп ардақтап жүгінеді.


4.Елімнің алтын шаңырағы
Егінді, малды, кенді алып жазық.
Толағай толғауларды жатыр жазып
Айсыз түнде жол сілтеп адастырмас,
Астана –ел көгінде Темірқазық.


5.Қабыл боп ата-баба, ел тілегі,
Биіктен нұры шалқып Күн күледі.
Қан беріп халқымыздың тамырына,
Астана – соғып тұрған нұр жүрегі!


6.Есілдің ақ тұмасы ағылады,
Тамшылар күміс сырға тағынады.
Кереге, уығынан кие қонған,
Астана – елдің алтын Шаңырағы!


7.Ақ нұры аппақ Айдың ақтарылған,
Басына «Бәйтеректің» құт дарыған
Шапағат шам шырағы тарап жатыр,
Алыстан шырай шашқан оттарынан


8.Көк ту ұстап ұлы ғасыр көшінде,
Құйылғандай мұхит суы Есілге
Қазақ елін кең әлемге танытып,
Астана тұр Сарыарқаның төсінде.

9. Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.


10. Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.


11. Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.


12. Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.


13. Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!


14. Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!


15. Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.


16. Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-089620

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>