Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыСценарий урока по казахской литературе "Наурыз". (5 класс)

Сценарий урока по казахской литературе "Наурыз". (5 класс)

Скачать материал

                   Курман Н.Ж.

 НАУРЫЗ – ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

nayriz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     Сұраққа жауап беріңдер.

·        Сендер қандай мейрамдарды білесіңдер?

·        Наурыз қандай мейрам?

·        Наурыз мейрамы сендерге несімен ұнайды?

·        Жаңа жыл мен наурыз мейрамын салыстыра отырып, әңгімелеңдер.

 

 

·        ТЫҢДАЙМЫЗ

 

2.     Мәтінді зейін қойып тыңдаңдар.

 

НаурызНАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі – Наурыз күні.

Наурыз парсы сөзі, қазақша «жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22-сінде мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңілетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген. Сондықтан Наурыз күнін жаңа жылдың басы – «ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл аралап бірін-бірі жаңа жыл – наурызбен құттықтап, сағынышты көрісушілер, ыстық қауышулар үстінде бір-біріне игі тлек тілеп, адал ниетпен ақ бата беріскен.

Мұны олар өлең, тақпақ арқылы білдірген. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын! Ұлыс, береке берсін! Бәле-жала жерге енсін!» - деп тілек айтқан.

Наурыз мейрамын қазақ халқы «Наурыз көже» ішіп, ән шырқап, күй шертісіп, балуан күрестіріп, ойын-сауықпен өткізген.

Ұзақ жылғы үзілістен кейін, 1988 жылдан бастап, Наурыз мейрамы қайта тойлана бастады. Республика жұртшылығы Наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтіп, оны ұлттық мерекеге айналдырды.

22-наурыз Қазақстан республикасында ұлттық мереке, әрі демалыс болып белгіленді.

3.     Мәтіннен өздеріңе таныс ақпаратты кездестірдіңдер ме?

4.     Мәтіннің жалпы мазмұнын айтыңдар.

 

·        ОҚИМЫЗ

 

5.     Үзіндіні  мәнерлеп оқыңдар.

 

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Тұрмыс-тіршілік –  әл-ауқат, хал-жағдай, тіршілік

әдет-ғұрып – жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық дәстүр, жөн-жора

теңелу – бірдей, қатар, пара-пар

көк – шөптің шығатын кезі

арқа-басы кеңу – шаруадан қолы босап, еркіндік алды

аққа аузы тию – айран, сүт, ірімшік сияқты сүт тағамдары

ұлыстың ұлы күні – ескіше жаңа жылдың бірінші күні, Наурыз мейрамы

көрісу – амандасу, сәлемдесу, жүздесі

 Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын

алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі – Наурыз күні.

Наурыз парсы сөзі, қазақша «жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22-сінде мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңілетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген. Сондықтан Наурыз күнін жаңа жылдың басы – «ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл аралап бірін-бірі жаңа жыл – наурызбен құттықтап, сағынышты көрісушілер, ыстық қауышулар үстінде бір-біріне игі тлек тілеп, адал ниетпен ақ бата беріскен.

 

6.     Сұрақтарға жауап беріңдер.

 

·        Наурыз деген сөздің мағынасы  қандай? Ол қай тілден енген сөз?

 

·        Наурыз мейрамы неліктен  22- Наурызда  тойланады?

 

·        Қазақ халқы  «көк» деп нені айтады?

 

·        «Арқа-басы кеңуі» дегенді қалай түсінесіңдер? Оны не себепті айтқан?

 

·        «Аққа аузы тиді» дегенді қалай түсінесіңдер? «Ақ» деп  халқымыз нені айтады?

 

·        Наурыз күні жұрт не істейтін болған?

 

·        Үзіндіні қайта оқи отырып,  кестені толтыр.

 

 

 

 


Овал: Наурызда  

 

 

 

 
                     

                

 

 

 

 
               

                  

 

 

 

 
              

               

 

 

 

 

 

Оң болсын – жөнді болу, жетісу

Мол – аса көп

Жол болсын – сапарың оң болсын

Береке – ырыс, молшылық, мол, ауызбірлік, ынтымақ

Бәле-жала – қырсық, кесел, кесапат

Балуан күрестіру – балуан жарысы, сайысы

Ойын-сауық – думандатты, сауық-сайран салды

           7. Үзіндіні мәнерлеп оқыңдар.

   Мұны олар өлең, тақпақ арқылы білдірген. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын! Ұлыс, береке берсін! Бәле-жала жерге енсін!» - деп тілек айтқан.

Наурыз мейрамын қазақ халқы «Наурыз көже» ішіп, ән шырқап, күй шертісіп, балуан күрестіріп, ойын-сауықпен өткізген.

Ұзақ жылғы үзілістен кейін, 1988 жылдан бастап, Наурыз мейрамы қайта тойлана бастады. Республика жұртшылығы Наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтіп, оны ұлттық мерекеге айналдырды.

22-наурыз Қазақстан Республикасында ұлттық мереке, әрі демалыс болып белгіленді.

 

·              СӨЙЛЕЙМІЗ

8.     Сұрақтарға жауап беріңдер.

·        Наурыз күні қандай тілектер айтылады?

·        Сендер қандай тілек білесіңдер?

·        «Наурыз көжені» ішіп көрдіңдер ме? Ол қалай жасалады?

·        Наурыз мейрамы қай жылдардан бастап тойлана бастады?

·        Наурыз қандай мереке?

 

9.     Үзіндіні үш бөлікке бөліп тақырып беріңдер.

 

10. Мәтін мазмұнын баяндаңдар.

 

 

11. «Наурыз»  мерекесі  туралы  сұхбаттасыңдар.

 

 

·              ЖАЗАМЫЗ

14. Мәтінде берілген тілек сөздерді пайдалана отырып, достарыңа құттықтау жазыңдар.

 

ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІ

ТӨРТ ТҮЛІК ТУРАЛЫ ЖЫРЛАР

Жайлау

 

 

 

 

 

Түлікмалдың төрт түрінің жиынтық аты

Елеулі   айтарлықтай, үлкен

Иесі – қолдап, қозғаушы, рух,

            сүйеуші

Халық –  белгілі бір елді,    мемлекетті мекендейтін адамның жалпы жиыны

Қадірлеу – құрметті сыйлау, қадір тұту

Төрт түлік малға: қой, жылқы, сиыр, түйе жатады. Ертедегі адамдар әр заттың иесі бар деп сенген. Мысалы: қойдың иесі – «Шопан ата», жылқының  иесі – «Қамбар ата», түйенің иесі – «Ойсылқара», сиырдың иесі – «Зеңгі баба», ешкінің иесі – «Шекшек ата»

Төрт түлік мал қазақ халқының өмірінде елеулі орын алған. Қазақ халқына мал атаулы тамақ та, киім де болған. Сондықтан қазақ халқы төрт түлікті қатты қадірлеген.

 Тақырыпты оқыңдар.

·        Жырда не туралы жырланады деп ойлайсыңдар?

·        Төрт түлік туралы не білесіңдер? Оларды көргендерің бар ма?

·        Төрт түлік малдың аталарын білесіңдер ме? Оларды  қалай атаған?

·        Оларды қалай шақырады?

 

 

 

·        ТЫҢДАЙМЫЗ

1.     Жырды зейін қойып тыңдаңдар.

 

            Шопан атаға

Ай мүйізді шақпақтай,

Шүйделері тоқпақтай,

Тегене құйрық қошқарлы,

Малды берсең, қойды бер!

Аппақ қана сүті бар,

Шағаладай құрты бар,

Шопан ата баласы,

Қойлар бассын үйіңді!

Қойлар басса үйіңді,

Қоймай бассын үйіңді!

 

      Сексек атаға

Шибегелер шігесі,

Қатпа келер шекесі,

Сойса, саны қалақтай,

Сауса, сүті бұлақтай,

 

Қойды көсем бастайын,

Өткелден үркіп саспайтын,

Қарағай мүйіз серкелі,

Шүйде жалды, желкелі,

Сексек ата баласы

Ешкі бассын үйіңді,

Ешкі басса үйіңді,

Сыймай бассын үйіңді!

 

 

      Зеңгі бабаға

Тағы бір тілек тілейін,

Бергеніңді білейін,

Қос жегуге жарамды

Ылғи бойшаң өгіз бер,

Жұп-жұбымен егіз бер.

 

Сиыр деген мал екен...

Дауысы бар қазандай,

Мүйізі бар жылтылдақ,

Буыны бар сыртылдақ,

Зеңгі баба баласы

Сиыр бассын үйіңді,

Сыймай бассын үйіңді!

 

        Қамбар атаға

Тағы бір тілек тілейін,

Шын бергенің білейін,

Өңкей ала шұбардан,

Жал – құйрығы шұбалған,

Айғырды бер байсалды,

Үйірі толған байталды,

 

Шыңғыртып асау құлынды

Қыл арқанмен байлаған,

Қиқу салып айдаған,

Ел көкшкенде балалар,

Кең өртеңді жайлаған,

Қуғандарға жеткізбей,

Қашқандарды қоймаған,

Жылқышы ата баласы,

Жылқы бассын үйіңді 

 

     Ойсылқара атаға

Және бір тілек тілейін,

Бергеніңді білейін.

Қотанға сыймас түйе бер,

Түйе берсең, үйде бер!

 

Көзі жарық жұлдыздай,

Мойыны иір қобыздай,

Құйрығы ұзын қамшыдай,

Шудасы бар жамшыдай.

Маң-маң басқан, маң басқан.

Шудаларын шаң басқан,

Екі өркешін қом басқан

Тілін тікен теспеген,

Алабота, теріскен,

Мұрындығы келіскен,

«Шөк!» - дегенде, «бық!» - деген,

 Шешіп үйін жүктеген,

Ойсыл қара баласы

Түйе бассын үйіңді,

Түйе басса үйіңді,

Кие бассын үйіңді!

 

2.     Сұрақтарға жауап беріңдер

·        Жырда не туралы айтылған?

·        Төрт түліктің қандай түрлері аталған?

·        Қысқаша мазмұндап беріңдер

 

 

 

 

·        ОҚИМЫЗ

4. Берілген жырдың бірінші шумағын оқып шығыңдар.

Шопан атаға

Ай мүйіз – сәнді көркем, мүйізі бар

Шақпақтай – қатты шымыр

Шүйделерібастың желкеден жоғары жері

Тоқпақтай – жуантық келген жұп-жұмыр, кеспелтектей

Тегене құйрық – үлкен құйрық

 

 
Ай мүйізді шақпақтай,

Шүйделері тоқпақтай,

Тегене құйрық қошқарлы,

Малды берсең, қойды бер!

 

Аппақ қана сүті бар,

Шағаладай құрты бар,

Шопан ата баласы,

Қойлар бассын үйіңді!

Қойлар басса үйіңді,

Қоймай бассын үйіңді!

 

 

·        СӨЙЛЕЙМІЗ

5.     Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

 

... ... шақпақтай,

Шүйделері ...,

... ... қошқарлы,

Малды берсең, ... ...!

6.     Жырдың екінші шумағында бата, тілек айтылған  жерді табыңдар!

 

7.  Жырды мұқият оқып, не туралы айтылғандығын екі-үш сөйлеммен 

    мазмұндап беріңдер.

 

 

·        ОҚИМЫЗ

8. Берілген жырдың екінші бөлігін мәнерлеп оқыңдар.

 

Сексек атаға

Шіге – асықтың бүгесіне қарама-қарсы ойыс жағы

Шеке – құлақ пен маңдай аралығындағы  бас сүйектің бір бөлігі

Қалақтай – кішкентай

Көсем –  қойды бастап жүруші

Серкелі – бес-алты жастағы тарттырылған теке

 
Шибегелер шігесі,

Қатпа келер шекесі,

Сойса, саны қалақтай,

Сауса, сүті бұлақтай,

 

Қойды көсем бастайын,

Өткелден үркіп саспайтын,

Қарағай мүйіз серкелі,

Шүйде жалды, желкелі,

Сексек ата баласы

Ешкі бассын үйіңді,

Ешкі басса үйіңді,

Сыймай бассын үйіңді!

 

·        СӨЙЛЕЙМІЗ

9.     Көп нүктенің орнына қандай сөз қойған болар едіңдер?

 

Шибегелер шігесі,

__________шекесі,

Сойса, саны _____,

Сауса, сүті ______.

 

10.  Жырдың мына бөліміне қандай ат қойған болар едіңдер?

 

Қойды көсем бастайын,

Өткелден үркіп саспайтын,

Қарағай мүйіз серкелі,

Шүйде жалды, желкелі,

Сексек ата баласы

Ешкі бассын үйіңді,

Ешкі басса үйіңді,

Сыймай бассын үйіңді!

11.  Жырдың берілген үш жолында не туралы айтылған? Ауызша жауап беріңдер.

 

Ешкі бассын үйіңді,

Ешкі басса үйіңді,

Сыймай бассын үйіңді!

·        ОҚИМЫЗ

12.  Берілген жырды мәнерлеп оқыңдар.

 

          Зеңгі бабаға

Тағы бір тілек тілейін,

Бергеніңді білейін,

Жегуге жарамды – арбаға, шанаға жегілетін

Бойшаң – ұзын, үлкен, биік

Қазандай – үлкен, дәу

Жылтылдақ – жылт-жылт еткен, жылтыраған

 

 

 

 
Қос жегуге жарамды

Ылғи бойшаң өгіз бер,

Жұп-жұбымен егіз бер.

 

Сиыр деген мал екен...

Дауысы бар қазандай,

Мүйізі бар жылтылдақ,

Буыны бар сыртылдақ,

Зеңгі баба баласы

Сиыр бассын үйіңді,

Сыймай бассын үйіңді!

 

·        СӨЙЛЕЙМІЗ

14. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

Тағы бір _______ тілейін,

_________ білейін,

Қос жегуге _______

Ылғи бойшаң _______,

Жұп-жұбымен  ______.

15. Сиырдың мөңіреген дауысын сала аласыңдар ма?

16. Жырда сиырдың дауысын неліктен  қазанға теңеген?

·        ЖАЗАМЫЗ

 

17.  Берілген екі жолды қатыстыра отырып, бата жазыңдар.

 

Сиыр бассын үйіңді,

Сыймай бассын үйіңді!

·        ОҚИМЫЗ

18. Жырды мәнерлеп оқыңдар.

         Қамбар атаға

Тағы бір тілек тілейін,

Өңкей – жаппай, өңшең

Шұбар – теңбіл-теңбіл түс, ала, алабажақ

Жал-құйрығы –жылқының ұзын, әрі қалың өскен жалы мен құйрық қылы

Айғыр –үйірге түсірілетін піштірілмеген еркек жылқы

Байсалды – тыныш, салмақты

Байтал – екі, үш жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы

Құл арқан – қылдан есілген арқан

 

 

 

 

 
Шын бергенің білейін,

Өңкей ала шұбардан,

Жал – құйрығы шұбалған,

Айғырды бер байсалды,

Үйірі толған байталды,

Шыңғыртып асау құлынды

Қыл арқанмен байлаған,

Қиқу салып айдаған,

Ел көкшкенде балалар,

Кең өртеңді жайлаған,

Қуғандарға жеткізбей,

Қашқандарды қоймаған,

Жылқышы ата баласы,

Жылқы бассын үйіңді. 

 

·        СӨЙЛЕЙМІЗ

19. Жырдағы асты сызылған жолдарды өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

Шыңғыртып асау құлынды

Қыл арқанмен байлаған,

Қиқу салып айдаған,

Ел көкшкенде балалар,

Кең өртеңді жайлаған,

Қуғандарға жеткізбей,

Қашқандарды қоймаған,

Жылқышы ата баласы,

Жылқы бассын үйіңді. 

·        ЖАЗАМЫЗ

20. Берілген жыр жолдарындағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

Тағы бір ________тілейін,

_______ бергенің білейін,

Өңкей ________________,

_____________ шұбалған,

__________ бер байсалды,

Үйірі толған _________,

 

 

·        ОҚИМЫЗ

22. Берілген жырды оқыңдар.  

         Ойсылқара атаға

Және бір тілек тілейін,

Бергеніңді білейін.

Қотанға сыймас түйе бер,

Түйе берсең, үйде бер!

 

Көзі жарық жұлдыздай,

Мойыны иір қобыздай,

Құйрығы ұзын қамшыдай,

Шудасы бар жамшыдай.

Маң-маң басқан, маң басқан.

Шудаларын шаң басқан,

Екі өркешін қом басқан

Тілін тікен теспеген,

Алабота, теріскен,

Мұрындығы келіскен,

«Шөк!» - дегенде, «бық!» - деген,

 Шешіп үйін жүктеген,

Ойсыл қара баласы

Түйе бассын үйіңді,

Түйе басса үйіңді,

Кие бассын үйіңді!

·        СӨЙЛЕЙМІЗ

23. Сұраққа жауап беріңдер.

1. Жыр жолдарында не туралы айтылғандығын баяндап беріңдер.

2. Берілген жырда төрт түлік малдың қайсысы туралы айтылған?

 

Шибегелер шігесі,

Қатпа келер шекесі,

Сойса, саны қалақтай,

Сауса, сүті бұлақтай,

3.     Жырдан ешкінің өжеттігі суреттелген жерін табыңдар.

 

4.     Берілген жыр үзінділеріне сен қандай  ат қойған болар едің?

 

Аппақ қана сүті бар,

Шағаладай құрты бар,

Шопан ата баласы,

Қойлар бассын үйіңді!

Қойлар басса үйіңді,

Қоймай бассын үйіңді!

 

Ай мүйізді шақпақтай,

Шүйделері тоқпақтай,

Тегене құйрық қошқарлы,

Малды берсең, қойды бер!

 

Сиыр деген мал екен...

Дауысы бар қазандай,

Мүйізі бар жылтылдақ,

Буыны бар сыртылдақ,

Зеңгі баба баласы

Сиыр бассын үйіңді,

Сыймай бассын үйіңді!

 

 
 

 

 

 

 


·        ЖАЗАМЫЗ

24. Жырды қайта оқи отырып, берілген кестені толтырыңдар.

 

Мал атауы

Төлінің атауы

Шақыру  белгісі

Қой

 

 

Ешкі

 

 

Сиыр

 

 

Түйе

 

 

Жылқы

 

 

 

25. Берілген теңеу сөздерге сәйкес төрт түліктің атауын жазыңдар.

 

Атауы

Теңеу сөздер

 

Құйрығы ұзын қамшыдай

 

Дауысы бар қазандай

 

Жал – құйрығы шұбалған

 

Шүйде жалды, желкелі

 

Қарағай мүйіз серкелі

 

Көзі жарық жұлдыздай,

Мойыны иір қобыздай

 

26. «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында өзіңе ұнайтын жануар суретін қағаз бетіне түсіріп, оның неліктен ұнайтындығын әңгімелеп беріңдер.

·        ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР!

1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, жырды аяқтаңдар.

Ай мүйізді шақпақтай,

Шүйделері тоқпақтай,

Тегене құйрық қошқарлы,

Малды берсең, ...

А) ешкі бер!

Ә) қойды бер!

Б) сиыр бер!

В) жылқы бер!

2. Көп нүкте орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

_______ деген мал екен...

Дауысы бар __________

_________бар жылтылдақ,

Буыны бар ____________,

 

а) ешкі, сүті, мүйізі, серкелі

ә) құрты, құйрығы, шүйделері

б) сиыр, қазандай, мүйізі, сыртылдақ

в) түйе, жамшыдай, өркешін

3. Жырдың жасырылған бір жолын табыңдар.

Маң-маң басқан, маң басқан.

Шудаларын шаң басқан,

...   ....   ....   ....   ....

Екі өркешін қом басқан

А) төрт аяғын қом басқан

Ә) ойсыл қара баласы

Б) қуғандарға жеткізбей

В) жал-құйрығы шұбалған

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий урока по казахской литературе "Наурыз". (5 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 653 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.09.2016 910
    • DOCX 164.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курман Нессибели Жакенкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курман Нессибели Жакенкызы
    Курман Нессибели Жакенкызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21602
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1547 человек из 85 регионов

Курс повышения квалификации

Основы билингвального обучения иностранным языкам

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 29 регионов

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов