Инфоурок Музыка КонспектыСценарий утренника в старшей и подготовительной группы " Золотая осень!" на казахском языке

Сценарий утренника в старшей и подготовительной группы " Золотая осень!" на казахском языке

Скачать материал

«Алтын күз мерекесі»

(Күз мерекесі ересек даярлық тобына)

Музыкамен балалар залға кіреді  жартышеңбер құрып тұрады.

КЕЙІПКЕРЛЕР:

Жүргізуші, Алтын күз -ересектер

 кориспондентҚызанақ, кориспондентҚоян- балалар

 

Жүргізүші: Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар! Бүгін  біз Алтын күз мерекесін тойлауға келіп отырмыз. Мереке құтты болсын! Ендеше, ертеңгілікті балалардың тақпақтарымен бастауға рұқсат  етіңіздер!

Тақпақтар:


1бала

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді                                                          Т. Молдагалиев

2бала

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.                                                     Қ. Мүсірепов

3бала

Ой, балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты.

Ой, балалар, балалар.

Ойнайықта күлелік

Енді оқуға кірелік.                                                      І. Жансүгіров.

4бала

«Жомарт күз»

Қарашы күз келді, күз келді

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді

Көңілсіз неткен күз еді

Қара бұлт қабағын түйеді

Бұталар боз қырау киеді.

Осы ма күз деген,

Мектепке баратын бізбенен.                                   Н.Жанаев.


 

 

 

5бала

Күзім –ау, күзім –ау.

Мінезің бұзық-  ау

Жаңбырын секіріп

Келгенің қызық – ау.                                                       Қ. Ыдырысов.

6бала

«Дән»

Жарып шыққан қауызын

Дән – өмірлік азығың

Жегеніңді ақ нанды

Нәрге толар ауызың,

Ерте тұрып ақ таңнан

Қара жерге нәр құйған,

Айналайын диқаннан

Егін егіп нан жиған.                                                    Ә.Дүсеков.

 

ӘН «КҮЗ КЕЛГЕНДЕ»


Жүргізүші: Балалар, қазыр күз мезгілі келіп жетті. Ал күзде қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар  бар екенің, білгілерін келеме? Ендеше «Күзгі бақша» атты арнадан тамашалап көрейік!

Музыка естіледі

Жүргізүші: Эфирде –  «Күзгі бақша»  телеарнасының , Қызанақ – кориспондентімен хабарласып корейік!

-     Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалық, не болып жатыр!

Қызанақ - кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр! Бақшамызда өседі, керек тағам деседе. Бар қызыл, көк, сарысы. Ащщы, тұзшы бәрісі. Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізүші: Әрине біздің балалар, көмектесіп жібереді. Көкөністермен жемістерді жинап береді.

ОЙЫН «ЖЕМІСТЕР МЕН КӨКӨНІСТЕР»

Залға 4 шеңбер қойылыды (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- алма, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.

1 –алма

2 –қызанақ

3 – орамжапырақ

4 – жүзім

Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.

Жүргізүші: Қызанақ көкөністер мен жемістерді жинап бердік! Енді біздің балалар саған балалбақша туралы ән айтып береді.

ӘН «БАЛАБАҚШАМЫЗ»

Жүргізүші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше  эфирде –«Күзгі орман» телеарнасының кориспонденті –Қоянға сөз берейік!

-     Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?

Қоян –кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар!

 Айтындаршы:

Үсті толы ине, өзін қорғай алады, домаланып қалады. Қандай аң?

Балалар: Кірпі!

Қоян–кориспондент: Дұрыс балалар! Кірпі!

Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

 Балалар: Тиін!

Қоян–кориспондент: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізүші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге  алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!

ОЙЫН «ЖАҢҒАҚТАР МЕН АЛМАЛАРДЫ СЕБЕТКЕ ЖИНАП АЛ»

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдпрында себеттер. 1,2,3 дегенде бірбірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

Жүргізүші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне көрдіңбе, Қоян, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді. Ал қазыр біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдерді айтып береді.


1бала

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
 2бала
Жердің сәніегін

Ердің сәні білім

 3бала
Егіндікті күз суар.
Күз суарсаң, жүз суар.
 4бала.
Арпа, бидай ас екен

Алтын күміс тас екен

 5бала
Не ексен соны орасың

 6бала
Жері байдың – елі бай.


Музыкамен залға Күз келеді

Күз: Сәлеметсіңдер ма, балалар!  Мені  көп күтіп қалдыңдар  ма? Мен алтын Күзбін! Ормандарды, тауларды аралап  келе  жатып, барлық  жерді сары, қызыл  бояуға  боядым! Сендерге мерекеге келдім!

Балалар: Сәлеметсің бе, келгеніе қуаныштымыз! Алтын күз сен бізге не әкелдің?

Алтын күз: Сендерге мен ұн әкелдім!

Балалар: Бауырсақты пісіреміз!

Алтын күз: Сендерге мен күріш әкелдім!

Балалар: Полауды пісіреміз!

Алтын күз: Жемістер мен көкөністер әкелдім!

Балалар: Ботқаға, сорпаға! Алтын күз, қандай ауа- райын әкелдің?

Алтын күз: Сендерге мен жаңбыр әкелдім!

Жаңбыр бала қуады, қалғандары орындықтарға қашып отырады.

Жүргізүші: Алтын күз, балалар сен туралы ән біледі тындап көрші.

«АЛТЫН КҮЗ ӘНІ» ВОКАЛ ТОБЫ

Алтын күз: Балалар мерекеге мен өзімен бірге достарымды алып келдім! Олар кім екенің білгілерін келеме? Ендеше жұмбақтың шешуін тауып беріндер, сонда білесіңдер!

Жиналып қаппыз бәріміз

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Жесен егер біздерді

Тиеді көп пайдамыз  /Көкөністер/

Дұрыс олар көкөкністер! Кәне балалар көкөністермен бірге қосылып би билеп жіберейікші!

«КӨКӨНІСТЕР БИІ»

Алтын күз: Балалар, аңдарға көмектесіп қорек жинап бердіңдер! Солүшін сендерге сыйлықтар берем! Себеттегі алмаларды балаларға таратып береді. Менің кететің кезім келді. Достарым мені күтіп отыр, сау болындар балалар!

 Жүргізүші: Балалар осымен бүгінгі мерекеміз аяқталды. Сау болындар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий утренника в старшей и подготовительной группы " Золотая осень!" на казахском языке"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.09.2015 1219
    • DOCX 51.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумабекова Майра Еслямовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумабекова Майра Еслямовна
    Жумабекова Майра Еслямовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16340
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на гитаре

Преподаватель игры на гитаре

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 215 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания специального фортепиано в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания электромузыкальных инструментов и компьютерной музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе