Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сценарий внеклассного мероприятия к 70-летию Победы

Сценарий внеклассного мероприятия к 70-летию Победы



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

 «Ерлікке тағзым - елдігіміздің белгісі »

Мақсаты:

Оқушыларды сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

І жүрг: Армысыздар, құрметті ардагерлер, оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған кешін ашық деп жариялаймыз!
Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

Немересі:  Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі:  Талабына нұр жаусын, арманыңа жет, балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыип, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің территориясына басып кірді.

(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).

Немересі: 
Аттан, әке,жолыңнан кешігесің.
Кеуйдесінде жаны бар пақырларың
Тауып жейді сенсіз де несібесін.
(әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі: 
— 
(әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)

Тыңда, балам, тыңда ,күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.


Әжесі: 

— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау, көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.


Келін: 
— 
(қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебен киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей, дейді, келеді.
(жарының соңынан жылап қалады)


Ән «Ана туралы баллада»


IІ жүр

Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды



1-Жүргізуші: Жеңіс күні біздің баршамыз үшін халқымыздың жанқиярлық ерлігінің нышаны, ержүректілік пен төзімділіктің және қаһармандылықтың символы.

Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

2-Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған

1-Жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
2-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.


-Деректі фильм


1 — оқушы:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.

2 — оқушы: 

Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде еі сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.


3 — оқушы:

Жабады,
Дала төсін нала, қайғы.
Шын қайғы жас кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып,
Лайланып тасқын әні
Сай-сайды тастарымен бастырады.
Селкілдеп,
Желкілдеген қамыс құрақ.
Өкіріп,
Өзен басын тасқа ұрады.


4 — оқушы:

Күннің де жүзі қызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қаншапшып, қауызыннан райханның,
Еменнің жас тамып тұр дінгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп, мұңын өрік.
Қоштасу,
Жылау,
Тілеу,
Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.


5 — оқушы:

Найзағай жиі-жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.




Осы кезде гүл шоқтарын ұстаған бастауыш сынып оқушылары келіп ескерткіш басына барады. Гүлдерін ескерткіш алдына қояды.


1 жүрг.: 

Жеңіске  жету  жолында  қазақстандықтардың  асқан  ерлігі  мен  әскери  жанқиярлығы  Отан соғысы  тарихындағы  жарқын  беттерге  айналды.Сондықтан  Жеңіс  күні  әрқайсысымыздың  жүрегімізге  жақын. Өкінішке  орай,   уақыт  сол  ұлы  оқиғаларға  қатысушыларды  біздің  қатарларымыздан  алып  кетіп  жатыр.  Олар  азайған  үстіне  азайып  барады. Бірақ  ешкім  де,  ештеңе  ұмытпауы  тиіс! Себебі , бұл – біздің  тарихымыз,  біздің  мақтанышымыз,  біздің  даңқымыз!

Осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыз рухына бас иіп, үнсіздікпен еске алайық.

2 жүрг.: 

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны


( 1 минут үнсіздік; үнтаспадан метрономның соғуы естіліп турады )


1 жүрг.: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волоколам бағытында ұрысқа шықты. 1075-ші атқыштар полкі 4-ші ротасының 2 ––ші взводы тұрған бекініске жаудың 30 танкісі шабуыл жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.


2 жүрг.: Соғыс жылдары қазақстандық 5 әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады


Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын, жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады, жолдас генерал!


І жүрг.:  Қызыл армия Москва түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.

IІ жүрг.:  Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен елде қалған еңкейген кәрілер, өрімдей жастан бастап еңбектеген балаға дейін елі үшін, жері үшін, Отаны үшін еңбек етті.. Таңның атысынан күннің батысына дейін әскерлерге арнап жылы кийім мен азық-түлік дайындап отырды.





І жүрг.:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда.

 IІ жүрг.: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өртеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз, қаншама әйел жесір қалды.

І жүрг.:  Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге  қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза  тапты.


-Экранда бейнеролик көрсетіледі

Ән «Әлия», бейнеролик экранда көрсетіледі


IІ жүрг.:  Иә, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге — 70 жыл.

70 жыл — бейбір көктем таң атқалы,
70
 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.


Қазақ биі.


І жүрг.: 

Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным
 — қазақ елім.


IІ жүрг.: 


Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.




І жүрг.: 

Ұлы Жеңіске биыл  70 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты...

IІ жүрг.:  Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Соның ішінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.

I жүрг.:  Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді.

IІ жүрг.: 

Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып  отанын қорғады.  «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 70  жылдығына орай  ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың  ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз.

I жүрг.:  

Қанша жылдар өтсе де,  бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары  мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрегіміздің түпкірінде ұстаймыз.


Осы кезде әскери кийім кийген оқушылар саппен залға кіреді. Қолдарында Ұлы Отан соғысы батырларының портреттері (Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Т.Тоқтаров, Р.Қошқарбаев,М.Маметова, Ә.Молдағулова,Х.Доспанова, Т.Бигелдинов, С.Баймағанбетов). Батырлардың ерлігі туралы қысқаша мәлімет айтылады.


І жүрг.: 

 Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.


Ән: «Қазақстаным» (барлық қатысушылар ортаға шығады)


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Разработка мероприятия приурочена к великой дате-70-летию Победы над фашистской Германией. Работа содержит информацию о героях-казахстанцах, павших во имя мира на земле; материал о внефронтовой жизни Казахстана в военные годы. Имеются стихи, сценки, описываются детали проведения данного мероприятия.

Общая информация

Номер материала: 285660

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>