Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сценарий внеклассной работы"Қазақстан-ортақ үйіміз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сценарий внеклассной работы"Қазақстан-ортақ үйіміз"

библиотека
материалов

Қазалы аграрлы-техникалық колледжі










Тәрбие сағаты




Қазақстан-ортақ үйіміз




Кибекбаева Жанар Өмірзаққызы














Қазалы,2015жыл

Тақырыбы:   «Қазақстан-ортақ үйіміз»
Мақсаты: Студенттерге Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Түрі:   ашық тәрбие сағаты
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, ұлттық киімдер, ұлттық  тағамдар .

Тәрбие сағатының жүрісі:

1. Наурыз – думан.

2. Наурыз – жыл басы

3. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

4. Наурыздағы салт – дәстүрлер

5. Ата — салтың – қазынаң. 

1-жүргізуші:  Құрметті оқытушылар, студенттер, ата — аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі болғалы отырған«Қазақстан-ортақ үйіміз» атты тәрбие  сағатымызға  қош келдіңіздер! 

2-жүргізуші: Құрметті мерекеге жиналған қауым! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 

І.  Наурыз – думан 

Ән:  «Наурыз думан» —  орындайтын   Ерлан Маруар. 

Ерік:   Уа, жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз – думан басталды

Бір сәт зейін салыңдар.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар,

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар. 

Орынбасар:    Аманбысың ардақты халқым менің

Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Наурыз тойға жиналған халқым менің

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің. 

Аблай:       Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.

Жарығымен, шуағымен күн-ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

Қош келдің, Науырызым ардақты

Халқым саған бар үмітті арнапты

Жылда осылай келе берсін жасарып

Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты

Сымбат:   Қиыры жоқ менің байтақ далама

Әсем, көркем ауылыма, қалама

Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді

Сырлы әніне құлақ түрмей болама?

Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз

Үй – дастархан, даламыз – сахнамыз,

Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз. 

Жүргізуші:Биыл Қазақстан ұлы мереке тойлайын деп отыр.Ол Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.Ата-бабаларымыз ежелден аңсаған бостандығына,тәүелсіздігіне міне біз,қазіргі ұрпақтар қол жеткізіп отыр.Республикамызда 100-ден астам халық өкілдері бейбітшілікте өмір сүріп жатыр.Қазақстанның экономикалық және саяси жағдайы күннен күнге дамып келе жатыр.Бұнын бәрі Елбасымыздың ұстанып келе жатқан саясатынын арқасында.

Бүгін колледждегі топтар хандыққа бөлініп тұр.Біздің ауыл Абылай ханның атында.Тарихта Абылай хан –ұлы көсем болған.Абылай ханның қалай таққа келгенің көріністен тамашалаңыздар.

Көрініс «Абылай хан»

Сахнада шұбырған ел. Жоңғарлар салған жара. Жас баланы жетелеген қарт. Бала 12-13 жаста. Қарт сахна төрінде тізерлеп отырып қалады.

Бала: Ата, тұр, жүр кеттік, жау келіп қалар, мен сүйейін.

Қарт: Жоқ, балам, енді жүре алар емеспін. Сен тоқтама, жүре бер, бірақ тыңдап ал. Сенің атаң — Абылай, Түркістанның билеушісі болған. Аты аңызға айналған. Әкең Уәли орта жүздің сұлтаны, ал сен сол екеунің бауыры Әбілмәмбетті іздеп тап, өзіңді жан адамға ашпа. Жауға сырыңды берме. Оның сәті келер. Ал, қош бол.

Бала: Жоқ ата, мен сені тастамаймын! (Қартты көтеріп алып шыгып кетеді).

1-жүргізуші: XVII ғасырдың 30-жылдары Батыс Монғолияда жоңғарлардың ескери-феодалдық мемлекеті құрылды. XVII ғасырдың 40-жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді. Қазаққа қарсы Еділ бойындағы қалмақтар да ел тонау жорықтарын бастады. 1723 жылдан басталған қазақтардың босуы "Ақтабан шұбырынды" деп аталады.

Төрде Төле би, қасында 1-2 ақсақал. Есіктен үсті басы алба-жұлба, шашы сабалақ-сабалақ, бірақ көзі отты, сөзі өткір бір бала кіреді.

Бала: Асалаумағалейкум, биеке!, - деп сәлем беріп, анадай жерге отырады, астына биіктеу етіп шапанын бүктеп қояды, өзі қыран бүркітке ұқсайды.

Төле би сынай қарап: Қай баласың, аты-жөнің,

Барма еді әке-шешең, аға, інің?

Адам болсаң — хан текті, құста — сұңқар,

Байқасам, келіседі соған түрің.

Құс болсаң, ақ сұңқардың балапаны,

Адам болсаң қазақтың нағыз ханы.

Шырағым, Төремісің, Қарамысың,

Жөніңді бастан аяқ айтшы қане?

БалаАтым да, жөнім де жоқ бір баламын,

Дәм айдап тентіреген бейшарамын.

Әке-шешем, ел-жұртым, туғаным жоқ,

Атымды сіз қойсаңыз құп аламын.

Төле риза болып: Ендеше, "Сабалақ" болсын сенің атың,

Сөзің пысық, жауабың берген батыл.

Қой жайсын, байқармыз одан әрі,

Сынақтан өтіп жатса мұның затын.

Сабалақтың мойына қоржын іліп, қолына таяқ ұстатып, шығарып салады.

Төле би: Артынан бақыландар баланың бұл,

Келбеті ақсұңқарға ұқсап ол тұр.

Түбінде сыннан өтіп білінер бұл,

Тұқымы екендігі асыл тектің.

2-жүргізуші: Сөйтіп Әбілмансұр Төле бидің қойын, жылқысын бақты, түйешісі болды. 18 жасында Төле бидің Сабалақ аталған түйешісі көп қолмен қалмаққа қарсы аттанады. Бөгенбай 80 жасында қалмақтың батырымен жекпе-жекке шықпақшы болады. Әбілмансұр Бөгенбайдан рұқсат сұрап қарсы шығады. Осы ұрыста қалмақтарды ойсырата жеңеді. Осы жеңістен соң "Абылай" аталады.

І-жүргізуші: Сабалақ "Абылай" деп ұран салды,

Найзаны майыстырған жұлып алды.

Құлаштай сарбестіге қамшы басып,

Ағындап шауып келіп, кезек алды.

ІІ-жүргізуші: Көз жетпей, сене алмай тұр көрген пенде,

Қалмақтың басы түсті әуел жерге,

Мұқыл терек секілді дене қалды,

Дулыға жерге түсіп, жарқ еткенде.

І-жүргізуші: Әкеліп қасқа атты да ханға берді.

Кім сыйламай тұрады мұндай ерді.

Батырларды қасына ертіп алып,

Қалмаққа тобын жазбай, қайта кірді.



Сахнада хан тағында Әбілмәмбет отыр.

Әбілмәмбет: Шырағым   неге   шаптың Абылайлап?

Босады жүйкем қатты ағамды ойлап,

Әкең кім? Ел-жұртың кім, туғаның кім?

Жөнінді бастан аяқ айтшы жайлап.

Сабалақ: Жан аға, қазақ-қалмақ ерегесі,

Мұндайда ердің қозар делебесі.

Қысылған соң аузыма түсіп кетті,

Абылай — атам, мен оның немересі.

Шын атым — Әбілмансұр әкем қойған,

Өз әкем шабындыда басын жойған.

Сұрасаң, әкем аты — Уәли хан,

Дариға-ай, кез кеткен соң шығады ойдан.

Әбілмәмбет: Қарағым, анықсың ба Әбілмансұр?

Сағынып жүруші еді сүлдерім құр.

Бір баланың қалғанын естуші едім,

Әбілмансұр екенің түрінде тұр.

Әбілмәмбет Әбілмансұрды құшақтап көріседі.

Әбілмәмбет: Жамағат, тақ иесі осы емес пе?

Өздерің көрдіңдер ғой қылған ісін.

Халайық, әкесі еді мұның хандық,

Тәңірім жаратыпты артық жан ғып.

Мен дағы қартайып ем, еріншектен,

Шүкір енді, тағыңа ие болып өзің қалдың.

Абылайды таққа отырғызады, халық үстіне шапан жауып, басына хан қалпағын кигізеді.

1-жүргізуші: Абылай   1771  жылы хан сайланады,

Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ.

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ,

Артында ор, алдында кер, жан-жағы жау,

Дағдырған алаш енді қайда бармақ?

Қазақ елін бір арнаға бәрін жиды.

2-жүргізуші: Абылай отызға жетпей алғыр, жігерлі қайрат-қуатымен ел билігіне араласады. Абылай бірінші — ел билігі, екінші — қарулы күш болуы керектігін түсінді.

Төле би, қаз дауысты Қазбек би, Бұқар жырау, оның ақ туын ұстаушылар — қаракерей Қабанбай батыр, қанжығалы Бөгенбай батыр, шапырашты Наурызбай батыр сияқты қолбасшылары болды.

Батырлар "Абылайлап" асығыпты,

Ойына алмайды екен асылықты.

Жасап тұрған жауына қарсы шауып,

Қалмақты Алатаудан асырыпты.

2-жүргізушіТегеуріні темірдей, кірген жерін есік қып, шыққан жерін тесік қып жібергендей кілең әулетті, ержүрек, сайдың тасындай жігіттерді ғана таңдап алып, сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқас сала, хан Абылай халқын бірлікке, елдікке шақыра отырып, жаудан қазақ жерін азат етті.

1-жүргізуші: Көрші жатқан Қытаймен жақыңдасып, Ресеймен келісімді сақтау керектігін тапсырған, Абылайға аян беріп отырған әдеттен тыс әруаққа деген сенім қазақ халқында бұрын-сонды болмаған өжеттік дарытты. Ол 1770 жылы қырғыздарды ойсырата жеңді. Абылай хан Ташкентпен және Ходжетпен соғысып, Жизаққа дейін алумен тыңды. Ол ұзын саны 71-ге жететін ұл-қызына Орта жүз, Ұлы жүз руларын тапсырды. Өзі әулет басы ретінде өмір сүру үшін Түркістанда қалады.


Би:  «Қара жорға» —  орындайтын   Жиеней Айбол мен Ерлан Маруар

 ІІ.  Наурыз – жыл басы

І-жүргізуші:Тәуелсіз биік халқымның

Желбіреп туы шалқысын.

Әз Наурыз келіп еліме

Жер – Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр-салтымның

Көзелсін бұлақ жылғасы

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз – жыл басы! – дей келе ендігі кезек Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқталсақ. 

ІІ-жүргізуші:  Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып   келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз — күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.

Ән «Мереке».Орындайтын Кәмілжан Перизат және Қуандық Гүлзат

 ІІІ.  Дүние жүзі  халықтарының  Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

 

І-Жүргізуші: Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге елдердікі ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөле ме екен? Қане, бір сәт зер салайық. 

Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші боп атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік беріледі.

 ІІ-жүргізуші Иран елі:  Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын. «Құлға бір күн азаттық» деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.

Мұсылман дініне дейін Күнге табынған иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әрпі  «шинмен» басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс пен қонақжайлылық, шат отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы. 

І-жүргізуші Ауған елі: Ауғандарда Жаңа жылды мейлінше шаттық – құрметпен қарсы алады. Ауған елінде «алғашқы түрен» — «кулькабаши» деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый – құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім – кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады. 

ІІ-жүргізүші Араб елі:    Арабтар мейрам салтын өзгертіп, бас әрпі «ай» сөзінің басқы әріпі–«синнен» басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен алмастырады: сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.

 І-жүргізуші Парсы елі:  Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен  дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады. Соқа мен жер жыртады,  ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны – аяқты сындырады. Бір – біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн» белгісін салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі. 

ІІ-жүргізуші Наурыз мейрамын әр ел түрліше атаған.Наурыз мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди»,чуваштар «Норис ояхе» деп атаған. 

Сахнада Қазақ ұлттық би .Орындайтын Қуандық Гүлзат пен Кәмілжан Перизат

IV.  Наурыздағы салт — дәстүрлер 

І-жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек. 

ІІ-жүргізуші:Наурызшешек – наурыз айында  өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік. 

І-жүргізуші:Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді. 

ІІ-жүргізуші:Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.

Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.

І-жүргізуші:Наурызша —  Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

ІІ-жүргізуші:Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.

  .Ән:     «Мерекем» —  орындайтын   Жеткерген Мадияр 

V.  Ата – салтың – қазынам

 

 І-жүргізуші:Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен студенттер,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

ІІ-жүргізуші:1.    Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)

І-жүргізуші: 2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

ІІ-жүргізуші:3.Наурыз тілек деген не?  (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)

І-жүргізуші:4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз)

ІІ-жүргізуші:5. Наурыз бата дегеніміз не ?   (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді) 

1 – жүргізуші: Ендігі кезекте наурыз бата сұраймыз. 

Наурыз  бата

Бата беретін Баймағанбетов Бекарыс

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Уайым – қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

2 – жүргізуші:  Сәулесіндей  көріндей таңғы үміттің,

Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.

Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,

Мерекесі достықтың, мәңгіліктің!

Сахнада қазақ ұлттық би.Орындайтын Ерлан Маруар.

І-жүргізуші: ендігі кезекті әр ауылдың дайындап келген өнерлеріне,ұлттық ойындарға берсек.

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров167
Номер материала ДВ-380089
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх