Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Сценарий внутришкольного фестиваля песен "Ән көңілдің ажары"

Сценарий внутришкольного фестиваля песен "Ән көңілдің ажары"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:


Шығыс Қазақстан облысы

Глубокое ауданы

«Опытное поле орта мектебі» КММ





hello_html_m338621c7.jpg hello_html_417712f7.jpg

Өзін-өзі тану пәні онкүндігі



Ұйымдастырып, өткізген: Г.Ж.Ахметова

Сыныптар: 1А-9А




Опытное поле ауылы

2015-2016 оқу жылы

«Ән көңілдің ажары» ән фестивалі

Мақсаты: Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау. Өнерге біртабан жақындату.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым! Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Ән көңілдің ажары» жобасына қош келдіңіздер демекпін. Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті - әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы. «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табамыз.
«Болар адам - бала шағынан». Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол - сахна. «Опытное поле орта мектебі» КММ 1 - 9 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Ән көңілдің ажары» атты жобасы оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп отыр.
Шараның мақсаты - Әнсүйер аға буын мен талантты жас әншілер арасындағы сабақтастықты нығайту, жас әншілерді таныстыру, жалпы ән әлеміне саяхат жасау.

hello_html_m4d58aa0b.jpghello_html_m7b213721.jpg

Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе сахнаға 1 - ші сыныптан қатысушыларды шақырамыз.
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.
Өнерпаздар жарысып сан - саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі Саз әлемі сайысында,
Әуелеген әсем ән жолданады - сахнада 2 - ші сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың - дей келе 3 – ші сынып оқушыларын қарсы алайық.
Айтса әні алыс шыңға жететін,
Шақырайық Әлиді ән мен жырды шертетін. Сахнада 4 - ші сынып оқушыларын қарсы алайық.
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен - деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі талапкеріміз 5 – ші сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі 7 – ші сыныптани талапкерімізді ортаға шақырамыз. Қошемет.
Біздерде ән кешіміз жалғасады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға келесі 8 – ші сыныптан әншімізді ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен, тәтті күй.
Көңілге түрткі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – дей келе енді 9-шы сыныптан қатысушыларды ортаға шақырайық.
Қол соғып қошеметтеп отырайық.






















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.09.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров73
Номер материала ДБ-205683
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх