Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Сценарий встречи +презентация на тему "Мен көрген соғыс"

Сценарий встречи +презентация на тему "Мен көрген соғыс"

  • Классному руководителю

Название документа 22222222222.pptx

Біз көрген соғыс ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
Ауғанстан - ислам мемлекеті Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет. Аумағы 652,2 м...
Ауған соғысының жылнамасы 1979жылы Кеңес әскерлері өздерінің 86 адамынан айыр...
Видеоролик «9 рота»
Даригулов Аманжол Түйебайұлы 	1966 жылы 29-қаңтарда дүниеге келген. 1981 жылы...
Көп ұзамай 1988 жылы жары Алтын апаймен отау құрып, қазіргі таңда 2 баланың ұ...
Ауған соғысының ардагерлерімен
Жетістіктері
Клычев Бегәділ Нұрбайұлы 	1969 жылы 12-сәуірде дүниеге келген. 1986 жылы мект...
Достарымен бірге
Студенттік өмірден. ашхабад
Әріптестермен бірге
Ауған соғысының ардагерлерімен
Астана қаласы. Біліктіліктіарттыру курсында…
Ауған соғысы ардагерлеріне Жаңаөзен қаласында орнатылған ескерткіш
Назарларыңызға рахмет!
1 из 23

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Біз көрген соғыс ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
Описание слайда:

Біз көрген соғыс ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

№ слайда 2 Ауғанстан - ислам мемлекеті Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет. Аумағы 652,2 м
Описание слайда:

Ауғанстан - ислам мемлекеті Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет. Аумағы 652,2 мың шаршы км. Астанасы – Кабул (1,5 млн.,1992). Халқының саны 32 млн. адам. Ауғанстан жері 29 уәллаятқа және 2 округке бөлінеді. Мемлекеттік тілі - пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады, соның ішінде сунниттік бағыт. Жерінің 3\4 бөлігінен астамы таулы. Гундкуш, Паропамиз, Сафеднах, Газни- Кандагар сынды тау жоталары кездеседі. Климаты субтропиктік. Жауын, шашын мөлшері өте аз, ауа температурасы өте жоғары болады.

№ слайда 3 Ауған соғысының жылнамасы 1979жылы Кеңес әскерлері өздерінің 86 адамынан айыр
Описание слайда:

Ауған соғысының жылнамасы 1979жылы Кеңес әскерлері өздерінің 86 адамынан айырылды, оның 7-уі қазақстандықтар 1980 жылы қаза болғандар саны – 1484 , 181 - і қазақстандық 1981жылы 1298 солдат пен офицерлер көз жұмса, оның 97 сі қазақстандықта 1982жылы қаза тапқандар 1948 адамды құраса, оның 168 адамы қазақстандықтар 1983жылы қаза болғандар саны 1446 адам, оның 72 сі Қазақстаннан 1984жылы 2343 айырылып, оның 103 – і қазақстандықтар 1985жылы 1868 адамнан айырылып, оның 86-сы қазақстандықтар 1986жылы қайтыс болғандар саны 1333 адамды құрады, ал оның70-і Қазақстаннан 1987жылы қаза тапқандар саны 1215 адам болса, оның 64 адамы біздің отандастарымыз 1988 жылы мерт болғандар саны 759 адамды құраса, оның 44 қазақстандықтар 1989жылы қаза тапқандар 53 адам болса, оның 8-і Қазақстаннан

№ слайда 4 Видеоролик «9 рота»
Описание слайда:

Видеоролик «9 рота»

№ слайда 5 Даригулов Аманжол Түйебайұлы 	1966 жылы 29-қаңтарда дүниеге келген. 1981 жылы
Описание слайда:

Даригулов Аманжол Түйебайұлы 1966 жылы 29-қаңтарда дүниеге келген. 1981 жылы мектепті аяқтап, 1981-1985 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы педагогикалық колледжінің дене шынықтыру факультетінде оқыған. 1985 жылы мамыр айында өз борышын өтеу үшін әскерге аттанған. Осы уақыттан бастап 1987 жылдың мамыр айына дейін аттай 2 жыл Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында Кандагар провинциясында БТР машинасының пулеметчигі болды. 1987 жылы өз борышын ерлікпен атқарып, елге ерліігі үшін 2 бірдей «Қызыл жұлдыз» орденімен оралды.

№ слайда 6 Көп ұзамай 1988 жылы жары Алтын апаймен отау құрып, қазіргі таңда 2 баланың ұ
Описание слайда:

Көп ұзамай 1988 жылы жары Алтын апаймен отау құрып, қазіргі таңда 2 баланың ұлағатты әкесі.

№ слайда 7 Ауған соғысының ардагерлерімен
Описание слайда:

Ауған соғысының ардагерлерімен

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10 Жетістіктері
Описание слайда:

Жетістіктері

№ слайда 11 Клычев Бегәділ Нұрбайұлы 	1969 жылы 12-сәуірде дүниеге келген. 1986 жылы мект
Описание слайда:

Клычев Бегәділ Нұрбайұлы 1969 жылы 12-сәуірде дүниеге келген. 1986 жылы мектепті ойдағыдай аяқтап, Түркменстан Республикасы, Ашхабад қаласындағы «Түркменстан мемлекеттік дене шынықтыру институтына» оқуға түсті. Бір жылдан соң өз борышын өтеу үшін әскерге аттанған. 1987-1989 ж.ж Ауғанстандағы Баграм қаласынның аэродромында, күзет ротасының атқышы болды. Отан алдындағы борышын ерлікпен атқарып, оқуын жалғастырды. 1992 жылы институтты аяқтап, жары Гүлбаршынмен отау құрған. Қазіргі таңда оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұстаз, бес баланың қызығына тоймайтын үлгі тұтар азаматтардың бірі.

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14 Достарымен бірге
Описание слайда:

Достарымен бірге

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17 Студенттік өмірден. ашхабад
Описание слайда:

Студенттік өмірден. ашхабад

№ слайда 18 Әріптестермен бірге
Описание слайда:

Әріптестермен бірге

№ слайда 19 Ауған соғысының ардагерлерімен
Описание слайда:

Ауған соғысының ардагерлерімен

№ слайда 20 Астана қаласы. Біліктіліктіарттыру курсында…
Описание слайда:

Астана қаласы. Біліктіліктіарттыру курсында…

№ слайда 21
Описание слайда:

№ слайда 22 Ауған соғысы ардагерлеріне Жаңаөзен қаласында орнатылған ескерткіш
Описание слайда:

Ауған соғысы ардагерлеріне Жаңаөзен қаласында орнатылған ескерткіш

№ слайда 23 Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!

Название документа готовый.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектеп» мемлеукеттік мекемесі







C:\Documents and Settings\2-Мектеп\Рабочий стол\2014-2015 оку жылы\ТЖО Акнур\ауган\rsvva_kr-sait_1.jpg



Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 26 жыл толуынабайланысты

«Мен көрген соғыс»

атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешінің сценариі

















2014/2015 оқу жылы



Армысыздар, ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!

Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.

Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,

Соғысында қан кешкендер АУҒАННЫҢ.


Құрметті ұстаздар, оқушылар, кеш қонақтары! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 26 жыл тоуына орай ұйымдастырылған «Мен көрген соғыс» атты әдеби сазды тарихи кездесу кешіне қош келдіңіздер.

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Ауған соғысы 9 жыл 10 айға созылып, мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы қасірет әкелгені сөзсіз. Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз!


Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі-Әнұраны!

(Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады)


Мен соғыстыкөргемжоқ, майданды да,

Оққа ұшып құшағын жайғанды да.

Шинелінеорап ап жауынгерді,

Қабірінеапарыпқойғанды да.

Қанкешкендемайдандабабаларым,

«Қан көрмесінұрпағым — балаларым»

Тілекеткенұрысқатүсіпталай,

Таңыпалыпқан-жосажараларын.


Ауған соғысы туралы мағлұматтар базасын нығайту үшін сөз 11А сынып оқушысы Есетбаев Мұратбекке баяндама жасау үшін ұсынылады.

(баяндама оқылады)


Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін,

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!


Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймыз..............

Рахмет отырыңыздар!


Бөгде елдің қырқа мен бұйратын да,

Ұрыссалды, мертболды – жаныпида.

Есілерлерсүйегіқалдысолай

Ауғанстанелініңзиратында.

Менде бар зұлымдыққаайтарарман,

Боздақтардыңқұнынбер, қайтармаған.

Кешегібабалардыңұрпағымын,

Ешбіржаудыаман-сауқайтармаған.


-Жау дейміз-ау, қолдан жасап жауынды,

саясаттың солақайы уландырған тамырды,

бауырына бауыздап балдай ішкен,

Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..


Ауғанның әлі қасірет жасы, кеппеген,

Тау мен тасында не зауал рас өтпеген.

Туғанмекенінқорғағанжайсаңұлдары,

Алысыпөткеноқпененжәнеотпенен,


Олаянаржанемесардыберген,

Ол – ардагер, кеңестікжандыберген.

Тау мен тасынпаналап жат бірелдің,

18-де бұлсарбазқандыкөрген.


Назарларыңызға Ауған соғысы жылдарында даңқы шыққан жауынгерлердің рухына арналған «9 рота» атты фильмнің үзіндісін ұсынамыз


Оты өшпеген іргелі шаңырағы,

Қанды көйлек жолдасың танымалы.

Ол кешегі кеңестік солдат еді,

Ұмытпаған сұрапыл шағын әлі.

Иә, әлемдік саясатқа ие «Ауған соғысы» басталып, оған КСРО-дай алып державаның өз қолтаңбасы қалғаны баршамызға аян. Кеңес әскерлері құрамында қазақ ұландары да өз әскери борышын өтегені белгілі. Көптеген ерлеріміздің демі ауған жерінде таусылып, елге табытпен оралғаны да рас. Көптеген ағаларымыздың өз әскери борышын абыроймен атқарып келіп, бейбіт өмірде тіршілік кешіп жатқаны да мәлім.

Ауған соғысының қанды күндерін бастан кешірген, осы сұрапыл соғыстың шын куәгерлері өзіміздің мектебімізде де бар. Олар – мектебімізідің мұғалімдері, ауған соғысының ардагерлері, интернационалист жауынгерлерДаригулов Аманжол Түйебайұлы мен Клычев Бегәділ Нұрбайұлы.

Құрметті жиналған қауым, Аманжол Түйебайұлы мен Бегәділ Нұрбайұлы жөнінде түсірілген бейнебаянға назар аударыңыздар. (Бейнебаян көрсетіледі).

Даригулов Аманжол Түйебайұлы-1966 жылы 29-қаңтарда дүниеге келген. 1981 жылы мектепті аяқтап, 1981-1985 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы педагогикалық колледжінің дене шынықтыру факультетінде оқыған.

1985 жылы мамыр айында өз борышын өтеу үшін әскерге аттанған. Осы уақыттан бастап 1987 жылдың мамыр айына дейін аттай 2 жыл Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында Кандагар провинциясында БТР машинасының пулеметчигі болды. 1987 жылы өз борышын ерлікпен атқарып, елге ерліігі үшін 2 бірдей «Қызыл жұлдыз» орденімен оралды.

Көп ұзамай 1988 жылы жары Алтын апаймен отау құрып, қазіргі таңда 2 баланың ұлағатты әкесі. Бұл соғыстан оралғаннан кейін көптеген адамдарға жаңа өмірді олйдағыдай жалғастырып кету қиынға соқса да, Аманжол Түйебайұлы ешбір қиындықтарға мойымаған, ағайын-туыс, дос жарандарының арасында және өмірде өзінің орны бар азамат қатарында. Әріптестерінің арасында беделді, оқушыларына жақсы ұстаз бола білген Аманжол ағай көптеген жетістіктерге жетіп, қазіргі таңда сол бет алыспен жұмысын жалғастыруда

Клычев Бегәділ Нұрбайұлы-1969 жылы 12-сәуірде дүниеге келген. 1986 жылы мектепті ойдағыдай аяқтап, Түркменстан Республикасы, Ашхабад қаласындағы «Түркменстан мемлекеттік дене шынықтыру институтына» оқуға түсті. Бір жылдан соң өз борышын өтеу үшін әскерге аттанған. 1987-1989 ж.ж Ауғанстандағы Баграм қаласынның аэродромында, күзет ротасының атқышы болды. Отан алдындағы борышын ерлікпен атқарып, оқуын жалғастырды. 1992 жылы институтты аяқтап, жары Гүлбаршынмен отау құрған. Қазіргі таңда оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұстаз, бес баланың қызығына тоймайтын үлгі тұтар азаматтардың бірі.

«Ерлік – жан-дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышу — бір ғанибет емес пе?! Олай болса, Аманжол Түйебайұлы, Бегәділ Нұрбайұлы сонау бір естен кетпес күндерден естелік айта отырсаңыз.


Аталған тарих беттерін парақтап, бүгінгі күнге жетіп отырған ағаларымызбен сұхбаттасу үшін ардагерлерімізді әңгімеге тартайық.(Еркін микрофон жұмысжасайды, сауал қоямын деушілерге рұқсат беріледі.)


(оқушылар сұрақтары)

1. Аманжол ағай, сіздің Ауған соғысында пулеметчик болғаныңыздан хабардармыз. Ал пулеметчиксіз соғыста еш колонна жұмысы жүзеге аспайтыны белгілі, сондықтан сол ауыр күндеріңізден естелік айтып бере аласыз ба?


2. Бегәділ ағай, сіз қазіргі таңда да мектебімізде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ бересіз. Жыл сайын балаларды әскери бөлімшелерге апарасыз, оқушыларға әскери-оқу жаттығуларменды үйретесіз. Қазіргі алдыңызға барған жастар бойынан қаншалықты патриоттық сезімді бақылай аласыз?


3. Екі ардагерімізге де қойылатын сұрақ- Ауған соғысы ардагерлеріне қаншалықты қолдау көрсетіліп отыр? Сіздің пікіріңізше, сол қолдау жеткілікті ме?


4. Ауғанстан жерінде бірге өткізген күндеріңіздегі қарулас жолдастарыңызбен хабарласып тұрасыз ба?


5. Бегәділ ағай, сіздің әскери өміріңіз жайлы мақаланы қалалық «Жаңаөзен» газетінен оқыған едім. Сол мақалада айтылған оқиғаларды айтып берсеңіз және кейінгі марапаттарыңыздың тарихы туралы да білгіміз келеді.


Өткенге ой жүгіртіп, ел үшін аянбай ерен еңбектерін көрсете білетін осындай ерлеріміздің игі істерін келешек ұрпақтарымызға үлгі ете білу баршамыздың парымыз.

Ендеше кеш қонағына өзінің жылы лебізін білдіру үшін және бүгінгі кештен естелік сыйлықтар табыстау үшін ортаға мектебіміздің басшысы Бимағамбетова Күрең Кітабайқызын шақырамыз.


Өтер жылдап, уақыт тағы алыстап,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,

Ауғандағы азап шеккен арыстар .

7Г сынып оқушысы Рахманбердиев Саматтың орындауында «Туған жер» әні


Қасіреттер көлбеңдеп таулы алыстан,

Ажал аңдып, әр таса, қалтарыстан.

Елестейсіңкөзімеқасіретбоп,

Қайғым да сен мәңгілік – Ауғанстан!

-дей келе, мектебіміздің өнерлі өрендеріне кезек береміз. Алдарыңызда 8Ә сынып оқушысы Әлке Альбина және 8Асынып оқушысы Қоңырова Жанаттың орындауында «Сарбаздар әні»


Қарсы тұрып жаулардың айбатына,

Оранды шыбын жаны қайғы отына,

ҰрпағыБауыржандайбатырлардың,

Қайыспас қаһармандық қайратында,

- дейкеле, ортаға 9А сынып оқушысы Төремұратова Назеркені шақырамыз. Махмұтбай Әміреұлының «Соғыс ардагерлеріне»


СолАуғандаталайдостыжерледік,

Қарлы шыңғакүнтүндемейөрледік.

Сұрапылдаерледік те шерледік,

Намыстуынқолданбірақбермедік.

Жүректерге қағылған сына болып,

Көңілдерді ортайтқан сұрақ болып.

Сол жылдардың дегенмен өтеуіндей,

Өшпес ерлік қалды елге мұра болып


Елі үшін жасаған ерлерінің ерен еңбектері бүгінгі ұрпақтарының естерінен мәңгілік кетпек емес. Құрметті кеш қонағы, қабыл алыңыз,келесі шырқалар ән өзіңізге арналады.

6В сынып оқушысы Асқарұлы Жасұланның орындауында «Алға, қазақ жігіттері» әні

Соғыста взвод командирінің өмірі 5минут болса, қатардағы сарбаздардың өмірі санаулы секундтар болуы мүмкін. «40 жыл қырғын болса да ажалды өледі»-дегендей, «соғыс отынан» аман-есен келген ағаларымыз міне ортамызда отыр.Сол ауған соғысында талай боздақ ауған жерінде көз жұмды, талай ана жарынан, талай ата-ана бауыр еті балаларынан айырылды. «Ессіз оқ» ешкімді де аямайды екен.Біз енді бұл ардагер ағаларымыздың ерліктеріне қалай үн қоса аламыз? Мұның үшін өзіміздің үлгілі оқуымызбен, тәртібімізбен көріне білсек, «Құс екеш құс та өз ұясын қорғайды»-дегендей бізде өз отанымызды қиын сәтте қорғай білуге дайын болуымыз керек.Қажет болса көршілерімізге қол ұшын беруге әзір болуымыз керек.Сөзімді қорытындылай келе айтарым, денеге түскен жара уақыттың өтуімен жазылады, бірақ жүрекке түскен «соғыс жарасы»... оның жазылуы екі талай.

Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет.Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің де қатары жылдан-жылға сиреп келе жатыр.Жастарды Отансүйгіштікке баулу, патроиттық тәрбие беру енді ауған соғысы ардагерлерінің еншісіне өтіп жатыр.Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық, бақыт, денсаулық, жастарға патриоттық тәрбие берудей игілікті істеріңізге жеміс, табыс тілейміз.Рахмет!



Краткое описание документа:

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына байланысты«Мен көрген соғыс»атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешінің сценариі. 1979-1989 ж.ж қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесуде көрсетілген презентация(екі соғыс ардагерінің өмірі мен он жылғы жылнама қамтылған)

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров587
Номер материала 276478
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх