Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сценарий "Жаңа жыл" бастауыш сыныптарға арналған

Сценарий "Жаңа жыл" бастауыш сыныптарға арналған


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Төрлет Жаңа жыл!

І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

І жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Қой жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

 

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

ІІ жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

(І жүргізушіге) Айдана! Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың, Диас.Бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сунгатова Асем Ермековнаға береміз.

ІІ жүргізуші: 

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші:  Өзінің құттықтау әнімен ортаға әншілеріңіз Елнұр келіп тұр екен, қарсы алыңыздар!

Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды.

Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.

Аяз ата: 

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймыз деп, әншілеріміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.

Аяз ата:

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші қыздар, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

Елнұр ән салады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.

ІІ жүргізуші:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға биші қызымызды шақырайық. "Домбыра " биімен Аружанды қарсы алыңыздар!

Аяз ата:

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамсанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!!

Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

Сыйлықтар беріледі.

ІІ жүргізуші:  О, халайық, жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.
Жылқы жылы шапқылап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!


Жылқы: Н.Аружан.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2015 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Қойға беремін.

Қош сау болыңдар!


(Сахнаға Қой шығады.)

Қой: Гульназ.

Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақ ниет.

Сіздерге мың рахмет.

2-жүргізуші:

Ар бол, Жаңа жыл! Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.

Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл!
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!

І жүргізуші:  

Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды. Аяз ата, бізде тақпақ айтатын балалар да бар еді. Солар сізге және Ақша қарға, Жаңа жылға арнаған жырын оқып берсем деп тұр, қалай қарайсыз?!

Аяз ата:

Мынау жатқан қазақтың жері емес пе,

Ақындарын сыйлаған ел емес пе.

Өнеріне бір тамсанайық!

«Аппақ қыс» Т.Айбергенов.

Адема:

Ақ қолғаппен құшақтап,

Сақылдайды қыс аппақ.

Өзен, теңіз, тау – төбе,

Киген аппақ сәукеле.

Жатыр іздер жосылған

Рояльдің басылған

Ақ тіліне ұқсап қап...


Асқар:

Ақ қыс – сұлу ақ өлең

Табанымның астында

Таңғажайып ақ әлем.

Сырласады, сырлассаң,

Қырға асады, қырға ассаң,

Аппақ әуен сықырлап,

Жырлағалы тұр бассаң.


Дильназ:

Жанарынан жас бүркіп,

Тұр қыс күні сүйкімді.

Оянбасаң мәжбүр қып

Ашатұғын ұйқыңды.

Құлақ күйін он бұрап,

Төнеді аспан төбемнен.

Аппақ қардан омбылап,

Көктем іздеп келем мен.


ІІ жүргізуші: Бәрекелді! Шабыттарың шарықтай берсін!

Ақша қар: Қандай керемет жыр жолдары!

ІІ жүргізуші: Ортаға КВН –дық әзілкештерді шақырамыз!

Назерке:

Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.

Назеркенің орындауында ән : «Жаңа жыл».

Жанель :

Мың бұралған бишімін,

Біле білсең әншімін.

Биле, биле достарым,

Бірге биле достарым!


Жанелдің орындауында би.

Даяна: Құтты болсын Жаңа жыл!

Құтты болсын Жаңа жыр!

Ән тыңдайық, құр тұрмайық,

Би билейік, шаттанып.

Даяннаның орындауында ән.

І жүргізуші: Көрініс. Оспанхан Әубәкіров «Дүрбелең».

ІІ жүргізуші: Ойын «Бұл не ?» Балалар мен ата – аналар екі топқа бөлінеді. Топтар кезек – кезек сурет жасырады. Екінші топ сөзбен суреттегіні бейнелейді.

Ойын «Ән айтайық». Үш ата – ана ортаға шығады.

1 – Төменгі ерінді тістеп тұрып айту.

2 – Аузына қарындаш қыстырып алып айту.

3 – Мұрынды қысып тұрып айту.


Ойын: Кім шапшаң?

Ата – аналар мысалдардың жауабын ұстап тұрады. 4 – 5 бала қағаздағы мысалдарды шығарады. Дұрыс жауабын тапқан бала ортаға жұбымен шығады. «Қара жорға» билейді.

Ата – аналармен ойын «Тез жет» Допты аяқтарының арасына қыстырып алып белгілі межеге дейін жүгіріп барады.


Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

Ән «Аяз ата»

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп,бақытты болайық!

ІІ жүргізуші: Ата – аналарға құттықтау сөзі беріледі.

Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.







Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров672
Номер материала ДВ-518666
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх