Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сценарий "Жаңа жыл мерекесі"

Сценарий "Жаңа жыл мерекесі"



  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер. 
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқ тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! 
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, Жаңа жылдық құттықтау сөзді мектеп директоры Ақжүнісова Гүлнар Құдайбергенқызына береміз.
2- жүргізуші:
- Келесі құттықтау сөз бастауыш сыныптың оқу ісінің меңгерушісі Ахметова Айгүл Каскен қызына беріледі.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? 
1-жүргізуші:

-Киелі Киікті жеріне келдіңіз.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Киік әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.

1 сынып,0 сынып
1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға еліміздің ордалы оңтүстік өңірінен келген өнерпаздарды шақырамыз. /ортаға 8а сыныбының КВН командасы шақырылады./
1-жүргізуші:
- Сіздердің алдарыңызда еліміздің астықты солтүстік өңірінен келген өнер саңлақтары. Қарсы алыңыздар! /8ә сыныбы КВН/
Би: “Шарара” 10а қыздары
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр сыныптан келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың ата-аналарынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға әр сыныптан бір биші шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./
1-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Тышқан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылан келсін...
Жылан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, Жылан қайда тарттың? 
Жылан жылы:
- Тарих қайнауына. Осы жерде жылқы бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде кісінеп жылқы жылы келеді./
Жаңа жыл:
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, жылан аға! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
- Бар бол балам.
Жылан жылы:
Уагалейкумассалам, сен бала жылқымысың? 
Жаңа жыл:
- Дәл өзімін.
Жылан жылы:
- Айналайын келші, танауыңнан бір иіскейін. Ал, жылқыжан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Жылан жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл! 
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар... 
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әні орындалады.
Кеш соңы бимен ұласады.


Автор
Дата добавления 15.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров491
Номер материала ДВ-261544
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх