Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сценарий «Жаңа жыл шыршасы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сценарий «Жаңа жыл шыршасы»

библиотека
материалов

Ақмола облысы

Астрахан ауданы

«Қызылжар орта мектебі» ММ









«Жаңа жыл» шыршасы










Өткізген: Дюсембекова К.Е.














2015-2016 оқу жылы

Мақсаты: оқушылардың мерекелік көңіл күйін тудыру,шыршаның әдемілеп безендірілгеніне, оқушылардың карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынасын ояту.


Қоян келеді: Ой, бүгін орман тып – тыныш қой.Аңдар қайда? Сайраған құстар қайда? Олар әлі шырша тойы болатынын білмей ме?


Қарға кіреді. Қар- қар, қар- қар... Не болды, сонша орманның тыныштығын бұзып ? Не жаңалық әкелдің? Ойбай артыңа қара! Ит келе жатыр, не ітейміз, сен қорқпайсың ба? Мен қорқып тұрмын, енді қайттік!


Қоян: Ой, қорқақ бүгін мереке емес пе!Ол бізге тиіспейді Жаңа жылды бізбен бірге тойлауға келе жатыр. Амансызба қалыңыз калай, қайдан келе жатырсыз!


Ит: Шырша тойы болатынын білмеушімеңдер. Мына орманның көңілсіздігіне таң қалып тұрмын.О, міне түлкі де келе жатыр. Қалыңыз қалай түлкіжан.Келіңіз төрлетіңіз.Қараңдар, шыршаның әдемісін-ай! Балалар безендірген шығар? Ал өздері болса жоқ.


Түлкі кіреді: Ә, білдім мен олардың неге келмей жатқанын. Мыстан апа жылда келіп балаларды ренжітетін. Сол үшін тығылып отырған шығар?!


( Осы кезде мыстан апа кіріп келеді)

Мыстан: Сәлем, сәлем! Амансыңдар ма! Бүгін немене шыршаның жаны көңілсіз болып қалған? Балалар қайда, аңдар, құстар қайда?Неге көңілізсіңдер?


Қарға: Мыстан апа, көңілсіздікті сіз де жек көресіз. Сондықтан балаларға, аңдарға хабар беріп шырша тойын көңілді өткізейік.


Мыстан: Өткізейік, өткізейік. Мен жылда Аяз Атаны жіберемін деп кетіп қалатынмын. Ал, биыл балалармен бірге өткізуге келдім.


Қоян: Мыстан апа, сіз сиқыршы едіңіз ғой. Сиқырыңыздың күшін көрсетпейсіз бе? Сиқырлап балаларды шырша тойын тойлауға шақырыңыз.


Мыстан: Жарайды шақырып келейін. (Сиқырлы таяқшасымен шыршаны айналып, қол ұстасып тұра қалады.)


Мұғалім: Мыстан апа, амансыз ба! Биыл өзіңіз көңілдісіз ғой. Бізбен бірге шырша тойын қарсы алайын деп келген сияқтысыз.Балалар, мыстан апаға арнап бір тақпақ айтып берсек қайтеді? Бір көңілденіп қалсын.


Балалар: Қардан аппақ, мыстан апа,

Шашың күміс, жарқыраған мұздай апа.

Келіп қосыл, арамызға қарсы аламыз,

Сіз боп, біз боп Жаңа жыл салтын апа,


Мыстан: Бәрекелді! Мен ұсқынсызбын ба деп жүрсем, әдемі екенмін ғой.


Мұғалім: Қоян, Қарға, Мыстан апа, балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне әндетіп көңілін көтерейікші! Мүмкін сонда шамы жанып көңілденетін шығар


Ән: « Тауда туып, тауда өскен.»

Балалар: -Асылдан моншақ тағылсын,

Шырша шамы жағылсын.Суф! ( Шырша жарқырайды.)


Музыка ойнап тұрады.

1-жүргізуші: ( Жүргізуші дауыстап сырт жақтан естіледі.)


Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,

Басталды Жаңа жылдық мереке,

Бетперде де, би де бар, асығыңдар,

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталады, басталады

Жаңа жылдық мереке!


2- жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар!

Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер.

Мынажерде орманның барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті.

Ал бүгін, балалар, қандай мереке?


Оқушылар: Жаңа жыл!


1-жүргізуші: Балалар, бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер,

қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: « Жаңа жыл »

Ортаға 1- сынып оқушыларын шақырып, өнерлерін тамашалайық.

Тақпақ. Ән

2- жүргізуші: Балалар ортамыздағы әсем не?

Оқушылар: Шырша!


1-жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!

Ал кім бізге шыршаға арналған өлеңдерін айтып берер екен.


Сайрангүл: Тұла бойы қуаныш,

Бұл күнді көп күткендей,

Қоршап алдық бәріміз

Шыршаны үй тіккендей,

Шырша қандай керемет.

Ойыншықтар ілінген!

Жарқырайды жан-жағым

Жаңа жылджық киіммен.


Фархат: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса:


Айнұр: Шыршамызда керемет

Ойыншықтар тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.



Ералла: Көк инелі, көп инелі

Хош иіст шыршаны

Құдық сайлап, күндей жайнап

Шұғыла шашып тұр шамы.

Аружан: Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны,

Иісі аңқыған шыршаны,

Жарқыраған шыршаны….

Жұпар иісі аңқыды,

Апамды да мәз қылды.


Мақпал: Аспан жерге төгеді,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылда келеді

Бізге қарап жылыстап.


Аймерген: Бүгінгі күн- нұрлы күн,

Жарық шашқан әлемге.

Ескеретін күн бүгін,

Жаңа жыл ғой әр елде!


Әли: Жүзімізде күлкі ойнап,

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.


2-жүргізуші: Жарайсыңдыр балалар, қандай әдемі тақпақтар!

Енді 2-сынып оқушыларының көрінісін тамашалайық.

Ән: « Сырғанақ» .

Осы кезде Алдар айқайлай кіріп келеді.

Мен Алдармын, Алдармын.

Сақалым болса талдармын

Сақал түгіл мұртта жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Сәлемет пе, балалар!

Аулада аяз болғанда

Бар ағаш күміс жамылар.

Шырша отпен гүлденер,

Демек Жаңа жыл келер.

Сендерді бірінші болып құттықұтап, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алу рәсімін дайындайын деп ерте келдім.

2 –жүргізуші:. Амансызба Алдар ата төрлетіңіз, кешіміздің қадірлі қонағы болыңыз.

Алдар ата: Рахмет


Ән Балалар, бізде әсем, шыршамыз және әдемі киінген балаларымыз бар. Ата-аналарымыз, ұстаздарымыз, көрермендеріміз бар екен,біздің Жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, ақшақар,күлдіргі.


Күлдіргі: Көтерейік көңілді,шаттанайық.

Балалар тұрмаңдаршы мақтанайық,

Сендерге күлкі сыйлап келіп тұрған

Мен боламын күлдіргі ағаң лайық.

Салеметсіздер ме, балалар мен сендерге қуанышты хабар әкелдім. Жолда Аяз ата мен Ақшақарды көрдім.Осында жақындап қалды. Дауыстап шақырсаңдар келіп қалар.


2-жүргізуші:Рахмет, Күлдіргі, мерекенің қонағы болыңыз.Бізбен бірге болып көңілімізді көтеріңіз. Енді Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар:Аяз ата Ақшақар. Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.


1-жүргізуші: Аяз ата Ақшақар келе жатыр ғой деймін,шақырайық , қол соғайық.


1-жүргізуші:Мүмкін ән айтып, тақпақ айтсақ келіп қалар, ендеше аяз атаға арнап бір ән айтайық

Ән « Аяз ата »

Ақниет: Жолдан келдім алыс тым,

Үсті қырау қар ұшқын.

Жылда бізбен жүздескен

Бұл атмен таныспын.

Талай жерде болыпты

Жүзін аяз сорыпты.

Ұшақтармен ұшыпты

Кемелерге қоныпты

Қолда таяқ сырығы.

Қалың екен сырығы

Екі беті алаулап


Сайрангүл: Үлестірді сыйлығын,

Аралап жүр Отанын,

Күтеді барлық үй бүгін,

Сәлемін Аяз атаның,

Жолдар түгел толды ізге,

Үлкен екен жер тегі,

Әкеледі ол бізге,

Көгілдір көк ертегі.


Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсізбе Аяз ата

Аяз ата: Балаларым- балғыным,

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілегенім жыл бойы

Сендердің денсаулығың!..

Жаңа жылдың күнінде,

Жасыл шырша түбінде

Кездесем деп сендермен

Зорға жеттім бүгін мен

Ақ қырауға малынған.

Сақалым да, мұртымда.

Аяз ата сағынған

Сәлем берем жұртыма!

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме қонақтар! ( Иіліп сәлем береді).Жаңа жылдарың құтты болсын!Қане балалар мені немен қуантасыңдар?!

Алдар: Қош келдіңіз Аяз ата!

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Өздеріңе оралды,

Бар сыйлығы- жоралғы.

Керемет бір ән тыңдап,

Демалып бір қалсыншы.

Төрлетіңіз Аяз ата !

Деміңізді алып, біздің балаларымыздың ән- биін тамашалаңыз!

Ән: « Аяз ата»

Аяз ата: Балалар менің Қарша қызым қайда жүр екен,кім тауып береді екен маған?

(1 оқушы қол көтереді де тақпақтарын айтады.)

Қардай аппақ әдемі,

Шанаменен зымырап

Келеді бізге асығып,

Мұздай жалтыр кірпікті

Келеді атын ұшырып,

Жолында оның тұрмаңдар!

Жылы қолғап қолында.

Алтынай: Қызыққа дала батады

Жаңа жыл қыста бабында.

Күтеміз Аяз атаны

Кәмитті көп қой қабында.

Қаңтардың суық желімен,

Жарыса жетті бір күйме.

Алыстан келем деді де,

Аяз ата да кірді үйге.

Қария берген батамен,

Кәмпитті сыйға көп алдық.

Би билеп Аяз атамен

Сонан соң барып демалдық.


Аяз ата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтан кейін кідірмес.

(Аяз ата тақпақ айтқан балаларға кәмпиттерін береді, алып келген жұмбақтарын жасырады.)

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады

( жұлдыз)

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.

( аяз)

Мамықтай ұлпа, қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

(қар)

Еңкейсең еңкейеді,

Шалқайсаң шалқаяды.

( көлеңке)


2-жүргізуші: Аяз ата, мен де жұмбақтап жіберсем қайтеді?

Ертегідей орманнан

Көктей өтіп келеді

Сұңғақ бойлы бір сұлу.

Табыңдаршы, аты кім?

Ендеше балалардың « Аяз ата» атты әнін тыңдайық.

Балалар: Ақшақар.(Музыкамен Ақшарқар келеді)

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге!

Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!

Мен білемін бір ойын,

Үйретейін сендерге.

Мен бастаймын, ал сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар.

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр.....

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ сақал,

Білсең атын тез ата.

Келеді бізге...

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі....

Балалар: Әдемі.

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын-күлкі таралсын,

Құтты болсын....

Балалар: Жаңа жыл.

Қой:Жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық әкелсін. Жақсы оқуларыңды тілеймін.

Аяз ата: Бәрекелді, ал енді балалар өнерлеріңді тамашалайық

1-жүргізуші:

Аппақ болған ақшақарлар билейді,

Қазір бізді ән –думанғңа бөлейді.

« Би Ақшақарлар биі»

Ән: « Ақшақар»

2- жүргізуші: Ал енді өзімізбен бір жыл бірге болған ескі жыл Жылқы жылы бізбен қоштасуға келеді екен . Қане, бәріміз ортаға шақырайық. Қош келдіңіз, Ескі жыл! Ол бізбен қоштасқалы келді.

Ескі жылы есіркеп, жаңа жылы жарылқап,

Елімізде болсын тыныштық, бейбіт күні жарқырап.

Қоштасады ол сендерді қимас көнілмен,

Тарихтың еніп қойнына, айтады жүрек үнімен!

Жылқы: Қой жылы – жаңа жыл,

Құт әкелсін еліме.

Тыныштық, бейбіт заман боп

Береке келсін жеріме!

1-жүргізуші: Рахмет сізге, Жылқы жылы, сізге деген алғысымыз шексіз. Жаңа жылды ортаға шақырайық.

Қой жылы баршамызды

Кенелтсін зор бақытқа.

Тағы келді араға,

Тоқтау бар ма уақытқа.

Елімізге бақ қонып,

Бөленсін шаттыққа.

Жарқын шықсын үніміз,

Жарқырасын күніміз.

Көк аспанның астында

Желбірей берсін туымыз.

Жаңа жыл: Уа, қалайық келдім мен де төріңе,

Шат- шадыман шуақ шашып еліңе.

Бақ сыйлармын бәлкім осы жыл бойы,

Қарсы алғайсың мені құтты көңілмен!

Жақсылыққа бағытталған

Боламын мен Жаңа жыл

Жаңа жылға бәріңіз

Жаңа үмітпен қараңыз.

Қабыл алдым аманат,

Жасамаймын мен әркез,

Аманатқа қиянат.

1-жүргізуші: Ал балалар, балалар,

Ескі жылдай ағаң бар.

Оны ортаға алайық,

Қош айтысып қалайық!

( Ескі жыл келіп басын иеді.)

Ескі жыл: Сау болыңдар, балалар,

Келешегі халқымның.

Ашық болсын аспаның,

Жаңа жылым, бақытты

Аманат қып барамын,

Балалардың бір жылғы

Сауық думан кештерін.

( Музыка ойналып Ескі жылды шығарып салады.)


Алмаз: Жаңа жылдың жас ұланы

Біз шыршаны қарсы алған

Тамашаға асығады

Қала дала ән салған

О, Жаңа жыл кел төріме

Күттік қанша сені біз

Қуаныштың желкеніне

Тербеледі екенбіз

Айман: Туған жерде күнде күліп,

Жайнаймыз да ойнаймыз.

Жаңа жылда бірге жүріп,

Ән саламыз, тойлаймыз.

Алтын арай ақ таң атты,

Тауын сүйіп даланың.

Қар қызымен ақ қанатты,

Биле бірге жаңа жыл.


Аружан: Даланың да, қаланың

Думандатып от басын,

Тағы, міне, Жаңа жыл

Қақты уақыт қақпасын!

Жоламасын елге мұң,

Жаңғырып кел, Жаңа жыл!

Маулен: Тізбек шамдай жұлдызы

Көкке мойын бұзғызар...

Әшекейлеп әйнекті,

Өрнек салды түнгі ызғар...

Бүгін бәрі өзгерек,

Жарқын күлкі сөз бөлек...

Тілек айтып күттік біз:

« Кел, Жаңа жыл төрле!...-деп»


Ақмарал: Жаңа жыл бар тілде –

Жаңа жырға байлайды.

Жаңа жылға әркім де.

Жақсы үмітпен қарайды.

Нұрландырсын әзілің

Наз айтып кел, Жаңа жыл!

Әжелердің әжімін

Азайтып кел, Жаңа жыл!

Бар баланы бір жасқа

Өсіріп кел, Жаңа жыл!

« Беспен » жаңа сыныпқа

Көшіріп кел Жаңа жыл!

Ән « Жаңа жыл» ж ән


2 –жүргізуші: Мектебіміздің ең кішкентай оқушыларына кезек берейік. 0 « А» сынып оқушылары.

Ойын « Шашу алу» 4 сыныптан бір-бір бала шығып, мықтылықтарын көрсетеді.Мен шашуды шашамын, сендер жинайсыңдар. Көздерің байлаулы болады.Кім көп жинаса сол мықты болады.

1-жүргізуші: 4-сынып оқушыларының Флешбум биін тамашалаңыздар.

Ойын: « Қаражорға биі» әр сыныптан 2 ұлдан ортаға шығады.

Аяз ата: Рахмет сендерге, балалар,шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер! Жақсылап бір көңілімді көтердіңдер!

Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,

Тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық

Қастарыңда болмасын,

Сау болыңдар балалар!

2-жүргізуші: Өтсін талай жаңа өмірдің күндері,

Шарпымасын жүректерді мұң лебі.

Жарқылдасын Жаңа жылдың оттары,

Таусылмасын Жаңа жылдың дүрмегі.

1-жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылдың шаттығын,

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Арайлап ақ ормандай ойларды ,

Аялаймыз бұл ғасырдың шат күнін.

Сау болыңыздар бақытты кездесулерге дейін.







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров263
Номер материала ДБ-052406
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх