Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сценарий на казахском языке "Жұлдызды кеш"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Сценарий на казахском языке "Жұлдызды кеш"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»

Категориясы: Тәрбие сағаты

Сценарий дайындаған тәрбие ісінің меңгерушісі Жакупова Гульмира Габдулловна

Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Жүргiзушi кештi ашады (ақырын музыка, вальс, әдемi ауен).

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 10 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
- Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

-Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

- Олай болса, осы вальс әуенiмен ұядан ұшар түлектердiң қоштасу кешiн бастайық!!!

(Музыка вальс)
Жүргізуші:
Жетекшi деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын - деп ортаға сынып жетекшiлерiн шақырамыз 11 сынып жетекшісі Оспанова Айгуль Иртаевна және 9 сынып жетекшісі Пшембаева Айту Тулеуовна

Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.

Ойы ұшқыр ________
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді.

Ер жүректі _____ бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Компьютердің тілін біліп,
Бар жағынан танылған

Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
______ сыныптың жүрегі.

Шежірелі тарихтың
Сырларына үңіліп
Оқиды мүлде бас алмай
Ақылды қыз ________


Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы,бір сырлы
Намысшыл жігіт __________

Біздің сынып басшысы
______ болар қараңыз
Өткір де ер мінезіне
Бағынамыз бәріміз.

Кез-келген жерді картадан
Мүдірмей тауып береді
Өлкенің жер-су аттарын
_______ жақсы біледі.

Мәнерлеп оқу шебері
Ақылына көркі сай
Төрт қыздың бастығы
Ол,әрине,_________

Өзі сондай ұқыпты
Сыныпта ең көрікті
Қошеметтеп шақырайық
____________ жігітті.

Қандай да болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған __________
Жауқазын гүлге теңейміз.

2 қатардың баллары

Биология пәніне
Қызығушылықпен қараған
Тіршіліктің парағын
Ай мен күнге балаған
Нәзік жан ғой бұл _______

Биікке самғау мақсаты
Алғыр,зерек,талапты
Көркем шығарма оқудан
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық ________.

Тіл табысқан бәрімен
Ақжарқын жан өмірде
Жақсылықтың жаршысы
Ақкөңіл ғой __________.

Айдай сұлу __________,
Ардақты біздің қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісі бар,
Күлімдеген даусы бар .

Шахматтың шебері
Сыныптың ең үздігі
Ізденетін жалықпай
Ол _________ дер едім.

Көпшіл,алғыр,әдепті
Ағылшынша еркін меңгерді
Қошемет көрсет халайық
__________ келеді.

Биязы мінезіменен
Түрлі рөлді сомдайды
Күлімдеген _________
Барлық досы қолдайды.

Сабырлы,жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де бәрі сыйлайды
Сыныптас құрбы ________.

Күллі жұртты тамсантқан
Мың бұрала билейді
Талабымен қуантқан
Біздің ________ өнерлі.

Жібектейін мінезі
Мектептің жарық жұлдызы
________ сондай дарынды
Көркем сөз оқу шебері.

Заңгер болу арманы
Өзі сондай салмақты
Нұрландырған ортаны
Біздің ________ жан-жақты.

Ортамыздың ажары
_________ ерке қыз
Әр қылығын көтеріп
Еркелете береміз.

Жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін тасып, толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.

Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Жүргізуші:
- Қараңыздаршы, кешегi осы мектеп қабырғасын тарыдай ғана боп аттаған кiшкене бүлдiршiндер, мiне бүгiн бiр-бiр шоқ жұлдызшадай боп, өз алдарыңызда жарқырап тұр, ал егер бәрiн бiрге қоссақ - жарық жұлдызға айналады.
Олай болса, бұл кешiмiздi болашағымыздың осы жарық та жарқын жұлдыздарына арнап "Жұлдызды кеш" деп атайық.


Жүргізуші:
Бүгiнгi кеш- Сiздер үшiн қымбатты түлектер!
Бүгiнгi айтылар тiлек , орындалар ән мен күй , ыстық құрмет , дуылдата соғылған шапалақтар Сiздерге арналады.

Жүргізуші: 2013 жыл Қазақстан Республикасының 22-жылдық мерейтойымен қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдай анық.
Жаста болса әлемге танылып күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер..

МУЗЫКА ОЙНАП ТҰРАДЫ


Жүргізуші:
- Құрметтi қонақтар, түлектер бүгiнгi салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

(Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады)
Жүргізуші:
- Кештiң ашылу салтанатын мектебіміздің директоры Исина Дамеш Каирболатқызына
беріледі.
ФОН
Жүргізуші:

- Жұлдыздарымызға ақ жол тiлеп , құттықтау кезегiн келген қонақ ------------------------------------------------------------------- берiледi.
ФОН

Жүргізуші:

-Түлектердiң шын жұлдыз боп биiктен көрiнуiне өз қуанышын бiлдiрушi келген қонағымыз ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ берiледi.
ФОН
Жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда , Мұндай күй болған, бәлкiм баршаңызда . Қол соғып қошаметпен шақырайын , "Жұлдыздар" келсiн, кәне ортамызға!
Шығармашылық қабілеттері бар адамдар, сіздерге салтанатты сәт келіп тұр – аттестат берілу кезеңі.

Жүргізуші: Ал ендi, көптен күткен салтанатты мерзiм де келiп жеттi. Ол-алтын ұяда 11 жыл бойы, бойыңызға жинаған, бiлiм нәрiне сусындағаныңыздың дәләлi – «Қымбатты аттестат» тапсыру салтанаты.

- Мектеп түлектерінің аттестатын және Ұлттық біріңғай тестілеудің сертификатын тапсыруға мектеп директора Исина Дамеш Каирболатқызын және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алимова Зайда Букенқызын ортаға шақырамыз.


"Жұлдызды кештiң" аталу себебiн ендi әр түлектiң жұлдызын танумен таныссақ .
Оқу білімнiң бұлағы» деймiз, немесе «бұлақ көрсең көзiн аш» дейдi қазақ..
Бұлақ - бұл су, яғни Суды қорған етер топтың жұлдыздары: Шаян, Сарышаян, Балық.
Алдарыңызда тұрған Су атасының балалары:_____________________________

(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші: Қорғаны су жұлдыздар өмiрде өте нәзiк, сезiмтал болып келедi.
Шаяндар: өздерiн әлеуметтiк жұмыста, ұстаздық салада көрсетедi.
Сарышаяндар: тез және шапшаң шешiм қабылдауға бейiм, адамдар арасында кез келген уақытта тамаша ой бередi.
Балықтар: ең тамаша, таңданарлық талапты да талантты жандар
болады. Олар әр мамандықты қалауынша жандандыра алады.

Жүргізуші: Бұл өмірде өздерінді суда жүрген балықтай сезіңдер. Қиналмандар, сүрінбендер, көңілді күйде жүріп, алда болыңдар.

-Олай болса, Су атаның балалары да тегiн болмады. Ал, бұл жұлдыздардың ұстаздарына арнаған тілегін тыңдайық.
Тілек айтады ________________________


Жүргізуші: Аттестат беру кезеңі – жер балаларына келді. Бикеш, Торпақ, Ешкімүйіз жұлдыздары.
Жер-Ана балаларының да үлкен өмірге аттар қадамына жолдама – аяулы аттестаттарын табыс етейік!
________________________________
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші: Жер –Ананы қорған қылар топтың азаматтары өмірге өте бейім, аяғымен нық тұруға дайын, әр ойлаған, әр идеясынан ұшқын көретін азаматтар. Дәлірек талдасақ, Торпақтар:театр өнері мен оны қою барысында өздерін басым көрсете біледі. Бикештер ұшқыр ойлары мен зеректіктері басым, ал, Тау ешкілер өздерінің бір беткейлігімен қоса тамаша басшылықта көріне біледі.
-Жер Ананы қорған қылар топ өз тілектерін жеткізбек
(топтан сойлейтін______________)
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
Жүргізуші: Өмірге ғашық болып жүріңдер, туған жерлеріне жақын болыңдар. Биіктен көрініп бақытты болыңдар.

Жүргізуші : Адамзат баласы өз жаратылысын тыныс алудан бастайды. Тыныс алу, дем алу, таза ауа жұту – бұл табиғат құбылысы. Арман қуған нәзік жаңдар, арманды қолға алғандар, ұмтылып алға жүргендер, әрқашан жеңіске жеткендер – аттестат беру кезеңі сіздерге келді – Таразы, Суқұйғыш, Егіздер, Балықтар жұлдыздары.

Ауа қорғауындағы жұлдыздар: Егіздер, таразы, суқұйғыштар. Қарсы алайық:
_____________________________

-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестатарыңызды алуға рұқсат!
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші: Қоршаған ортаның тынысы АУА деп жүрегі соғатын азаматтар айналасын өзінің зеректігі, қайталанбас ойларымен таң қалдырады.
Егіздер әдебиетте алдына жан салмайды.
Таразылар әсемдік пен сезімталдығы, талғымпаздығы жоғары.
Суқұйғыш әр жаңалықты дамытып немесе тың жобалар табуға,
жаңа идеялар туғызуға шебер жандар.
Олай болса бұл жұлдызды топқа егемен елдің болашағын дамытуға талмай үлес қосады деп сенеміз
-Ал жұлдыздар тың жобамен талғамдарыңызды ортаға салыңыздар! Бұл топ жұлдыздар өздерінің дайындаған тілектерін жіткаізбек

(топтан сойлейтін ____________________ )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
- Рахмет сіздерге. Биіктен көрініп бақытты болыңдар. Жарқын болашақ тобын орындарына қошеметпен шығарып салайық.

Жүргізуші: Мiне, ең соңғы "жұлдыздар" тобын да бiлiм кемесiне жолдама күтiп тұр. Ендеше, тапсырайық оларға жарқын болашақ жолдамаларын!
___________________________________
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

От -адамзат баласының ғасырлардан келе жатқан қорғаушысы, қорғаны. Бұл жорамалдағы адамдар шексiз жiгерлi , творчестовалық танымы мол болып келедi(от тәңiрiнiң қорғауындағы жұлдыздар Тоқты, Арыстан, Мерген) Тоқтылар арасында музыкаға бейiмдер көп болды . Арыстандар арасында әртiстер , режисерлар мен продюсерлер де аз болмайды . Ал, Мергендер болса , өнерге бейiм болғанымен, көп елiктеп кетедi . Дегенмен , осы болжаудан кейiн , бұл азаматтардың барлығы сөзсiз "эстрада жұлдыздары бола алады " деп тұжырым айтуға әбден болады .
-Ендігі сөз түлектер өздеріңізде.
(топтан сойлейтін ______________________ )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады

- Ешқашанда сөнбеңдер. Тағдырдың сыйлап берген лаулаған отын өмірдің жақсы сәттерінде қолдана біліңдер.


- Ендiгi сөз өздерiңiзде түлектер! Қазiр сiздердiң нағыз "жұлдызды шақтарың" туды. Көкейде қалған, шешуiн таба алмаған сұрақ болса, айтылмаған махаббат лебiзi болса, барлығын дәл қазiр қысылмай ақтаруға болады .
Бұл бақытқа жеткендер бар , жетпей кеткен талайлар ,
Отыр, бәлкiм, арасында расында Абайлар.
Жарқ-жұрқ етiп өте шыққан жасындар,
Бейiмбеттер , Iлиястар, Сәкен , Мұхтар, Қасым бар!
Отыр , бәлкiм, сөз зергерi Ғабеңдер де ,
Отыр, бәлкiм , кең жүректi Сәбендер де .
Ана тiлiн сүйiп өскен ұрпақтың,
Хақысы жоқ ешқашан томендеуге

- Жүрегiнде iзгiлiк оты жанғанда- деп, мектеп бiтiрушi түлектер атынан құттықтау соңгы сөз кезегi 11 сынып түлегі Жаксылыкова Асылтаска берiледi

(Сөз түлектерде)
Жүргізуші:
Талай - талай жылдар өте табысты,
Қабырғаңнан жас түлектер бүгін ұшты.
Киев мектептің қырандары,
Көтеріңдер биікке намысты,- дей отырып сахна төріндегі бүгінгі «Жұлдызды кешіміздің» түлектерінің музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар!

(Музыкалық сәлем, түлектер сахнада тұрыды )

ӘН «ҰСТАЗЫМ»
Гүлдер тапсырылады .
Жүргізуші: Мiне , көздерiңiз жеткен болар , бүгiнгi түлектерiмiздi текке жұлдызға теңемеген болдық . Оларды шын мәнiнде аспан жұлдыздары алысқа , ғарышқа шақырады екен! Бiзде тiлектеспiз! Жолдарыңыз болсын!!!

Жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Қандай ғажап қарашы айналаңа ,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға , - дей отырып,
Барша ата – аналар қауымы атынан құттықтау сөз кезегi
11 сыныбын бiтiрушi түлегі _____________ ата-анасы ________________ беріледі
9 сыныбының бітіруші түлегі ____________ ата-анасы ___________________ ортаға шақырамыз

Жүргізуші:

Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

ФОН
Жүргізуші:
–Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға бiз де қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!
-Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.


-Сіздердің өмір жолдарыңызда бақыт –шашуы қадамдарыңызға ақ жол тілейміз.
Жүргізуші: Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
-Ендеше түлектерімізге ақ жол тілеп , түлектерге арналған мерекелік от-шашуына мектеп ауласына шақырамыз. Мектеп ауласында от-феерверг шашылады



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»

Категориясы: Тәрбие сағаты

Сценарий дайындаған тәрбие ісінің меңгерушісі Жакупова Гульмира Габдулловна

Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Жүргiзушi кештi ашады (ақырын музыка, вальс, әдемi ауен).

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 10 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
- Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

-Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

- Олай болса, осы вальс әуенiмен ұядан ұшар түлектердiң қоштасу кешiн бастайық!!!

(Музыка вальс)
Жүргізуші:
Жетекшi деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын - деп ортаға сынып жетекшiлерiн шақырамыз 11 сынып жетекшісі Оспанова Айгуль Иртаевна және 9 сынып жетекшісі Пшембаева Айту Тулеуовна

Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

Общая информация

Номер материала: 391490

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>