Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Сценарий президента Республики Казахстан
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Сценарий президента Республики Казахстан

библиотека
материалов

« Құрметтейміз, қастерлейміз еліміздің Елбасын! »

1-жүргізуші: Cәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, студенттер! 1 желтоқсан тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған «Құрметтейміз, қастерлейміз еліміздің Елбасын » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! ҚР-ның Мемлекеттік Ән ұраны орындалады

2-жүргізуші: Тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Секілді заңғардағы тау барысы,

Нұрсұлтан- ел тірегі, ел намысы!

Адамның бұл омірде арманы жоқ,

Халқының бола білсе қорғанышы .

Президент өмірінен сыр шертетін слайдты таныстыруға 4КШИ тобының студенті Ихласова Айдананы мен Бектұрсынов Айбекті шақырамын.

1-жүргізуші: Талай ғасыр аңсаумен күткен дала,

Ақ Ордасын Арқаға тіккен дара.

Маңдайына қазақтың біткен дана,

Мақтанышым-Елбасы! Мақтанышым!



Мазмұны

 1 Өмірбаяны

2 Отбасылық жағдайы

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Өмірбаяны

Отбасы және балалық шағы: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.  Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Қызмет жолы: 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

Оппозиция Назарбаевті келіспеушілікті басты деп айыптады. Ол жеңген президенттік сайлауды Қазақ оппозициясы және батыс бақылаушылары қатты сынға алып, сайлау демократиялық стандартарға сәйкес келмеді деді.

Отбасылық жағдайы: Жұбайы — Сара АлпысқызыХалықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

  • Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

  • Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.

  • Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

Ғылыми еңбектері.Кітаптары: Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

  • «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),

  • «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),

  • «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

  • «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),

  • «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),

  • «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

  • «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

  • «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

  • «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

  • «Тарих толқынында» (А., 1997),

  • «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),

  • «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),

  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

  • «Сындарлы он жыл» (А., 2002),

  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

Дәйексөздері

  • Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”

  • Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”

  • Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”

  • Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

  • Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.

Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

A.A.Н.Ә.Назарбаев Шанхай конференциясы Н.Ә.Назарбаев пен Владимир Путин


A.A.Н.Ә.Назарбаев және Лула Да Силва Шанхай ұйым басшылары


A.A.Ядролық қаруға қарсы саммиті Н.Ә.Назарбаев және Дмитрий Медведев

A.Н.Ә.Назарбаев және Джордж Буш

Реформалары: Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.

  • 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.

  • Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

  • Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

  • Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

2011 ж желтоқсан айында Маңғыстау оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы демонстрацияғы шыққандар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды. Қарулы күштер қару қолдану салдарынан 15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.

Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар

Басқа лауазымдары мен мансаптары

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі

2-жүргізуші: Ақын-жазушылар президент жайлы көптеген пікірлер жазған. Соның бірі академик Серік Қирабаев айтқандай : « ... Ел тәуелсіздігі жолындағы күресте жеңіске жетіп, оны орнықтырып, оның үстіне жаңа Астана салу- Назарбаевтың, тек қана соның адал еңбегі ерлігі »

Елбасы туралы

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 22 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат, өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды», - деген осы болар. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген – осы. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің жетістігі деп есептемей. «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Ата-бабаларымыз Батыр халық аттың жалында, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақтық демі біткенше, елін дұшпанға таптатпай, Алтайдан Дунайға, Сібірден Шығысқа дейінгі ұлан-ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана зұлматтарынан аман алып қалып отырған. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ кешуінде де тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. Ата-баба ның сол тізгінің Елбасының Нұрсұлтан Әбішұлыда атамыз мықтап ұстаған. Олай деуімізде де себеп бар. өйткені, Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Елдің ата заңы Конституциясы мен рәміздері өмірге келді. Тәуелсіз Отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасына тікелей араласуымен болған. Ел ордасы болып Астана бой көтерді. Бұл қала өзінің әсем сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени ескерткіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. Мұнда тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде "Ақорда”, "Бәйтерек”, "Бейбітшілік және келісім сарайы”, "Думан” орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. Әсем қаламыз – Астананың жылдан-жылға жаңарып, көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор. 1998 жыл «Халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды. 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы тектен - тек емес. Президентіміздің тпсырысымен көптеген Қазақ азаматтары өзінің ата-бабларының тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ Қазақ еліне келіп, өмір сүрулеріне мүмкіндік алды. 2000 жыл «Мәдениетті қолдау» болып жарияланған. Мәдениет - әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы. Жаңа ХХІ ғасырға қадам басқан шақта Қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін басқа елдерге таныту игіліктің басы. Елбасының Н.Ә.Назарбаев сол туралы: «Біз – талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз». Ата – дәстүрін, ана – тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. Халық өнері – қазына. Біз сол өнерді жалғастырушыларымыз» - деп, барлық елді мәдениетті қолдап, атадан қалған қазынаны ұмытпауға үндеді және оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады. Президентіміз белгіленген «Қазақстан – 2030» бағдарламасы және жыл сайынға Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында»,- деп бізге үлкен сенім білдірді. «Хан біреу болса керек, қалғандары тіреу болса керек», - деген есті сөз бар. Американдықтар Дж.Вашингтоның, орыстар Бірінші Петрді, түріктер Ататүркті қастерлейді. Оларды шын мәніндегі мемлекеттерінің негізін қалаушысы, ел тағдырының ең бір қиын кезеңінде тізгін ұстапшысы, ту көтерген тарихи тұлғасы ретінде құрметтейді. Сондай текті де дара тұлға – Н.Ә.Назарбаев. Нұрсұлтан Әбішұлының «Тарих толқынында» еңбегі барысында 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхамедке берген сұхбатында: «Мен Елбасы болсам да, Қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласынасыйынған елдің бір перзентімін» дейді де Президентіміздің ұлылығы мен көрегенділігін айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. Мен осы ізгілікті жадыма сақтай отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөлек қарауға болмайтын егіз ұғым екенін түсіндім.

1-жүргізуші: Алға тартып игі істі бастаған,

Бағаналы- Ақ Ордалы Бас қалам ,

Қуанышта Тауларың мен Кең далаң,

Қуанышта Алматың мен Астанаң.

2-жүргізуші: Қиындықты жеңген,

Қалың елі сенген,

Ғасырлардан озған- Нартұлға!

Ел бастаған көсем,

Болсын аман-есен,

Халық үшін туған- Нұрсұлтан!

4КШИтобының студенті Салауатова Дананың Елбасына арнап шығарған өз өлеңін оқуға шақырамын.

Қара Жер жаралғалы қазағымның,

Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?

Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,

Жетті деп тарихымды жазатын күн.

Уақыттың диірмендей тасы айналад…

Ұл туса, бауырыңа бас аймалап.

Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,

Тарихты Тұлға ғана жасай алмақ!

Жанардың жәудіретіп нұрын ала,

Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.

Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,

Күн шықты арай шашып құбылаға.

Күн шықты арай шашып аспаныма,

Дүние кілт айналды басқа ағымға.

Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты

Бүгінгі өзек болар дастаныма.

Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!

Кеш туған зарықтырып уақытынан.

Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,

Халықтың арман, тілек, бақытынан.

Қалауын қабыл қыл деп құс – көңілдің,

Асығы алшысынан түскен ұлдың.

Алладан мәдет тілеп жатқан шығар,

Бауырында Әбіш әкей Үшқоңырдың.

Адал боп ақыреттік жан-жарына,

Қарайлап қоңыр тірлік, мал-жанына.

Ұлтына тұтқа болар перзент сыйлап,

Ол да, әне, үнсіз жатыр Әлжан-Ана.

Жанардың жәудіретіп нұрын ала,

Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.

Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,

Күн шықты арай шашып құбылаға.

Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлым,

Ұлт үшін аямаған күш-дарынын.

Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,

Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.

Бабалар армандаған ізгі үмітпен,

Арылды дана халық жүз күдіктен.

Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!

Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…

1-жүргізуші: Болашағым Қазақстанның алдағы,

Орындалсын қазағымның арманы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,

Халқымыздың сеніп алған таңдауы.

4КШИ тобының студенті Артурова Зәуренің « Президентім мақтанышым » өлеңін оқуға шақырамын.

Президентім- мақтанышым тірегім!

Данышпандар өткен талай салып із

Ел емеспіз намысы жоқ парықсыз

Нұрсұлтандай патшасы бар дарында

Өз тізгінін қолына алған халықпыз

Қазағымның қарапайым ұлы еді

Отан десе оттай соққан жүрегі.

Шахта, зауыт жұмыс жоқ ол білмейтін

Сегіз қырлы, бір сырлының бірі еді

Еліне арнап ерен жолдау жолдады

Бұл жолдаудың болап отыр зор мәні

Еңкейген қарт еңбектеген бала да

Қуанышпен халық түгел қолдады.

Тілім, дінім еркіндік-ап гүлдеді

Сол ғимарат бой көтеріп түрленді

Он саусағы жұдырық боп түйілген

Қара ниет сөге алмас іргемді

Отан деген әр адамның жүрегі

Оған елде, жерде, ауада кіреді

Отанымды бар әлемге паш еткен

Презитентім-мақтанышым тірегім!

.

.

2-жүргізуші: Еліміздің тыныштығын ойлайтын,

Халқым менің Елбасыны қолдайық!



Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,



Жасай берсін Нұрсұлтан Назарбаев!







Қазір құрметті студенттер президентіміздің сүйікті «Весна на заречной» әнін орындаймыз.



«Весна на заречной»







Когда весна придет незнаю

Пройдут дожды,сойдут снего

Но ты мне улица родная

И в непогоду дорого



На свети много улиц славных

Но не сменяю адрес я

В моей душе ты стала главном

Родная улица моя



Я не хочу судьбу иную,

Мне ни на что не променять

Ту заводскую проходную,

Что в люди вывела меня.





1-жүргізуші: Алаулап атып күлсін таң,

Арманы алыс құлшынған.

Аман- сау болсын Туған ел,

Аман-сау болсын Нұрсұлтан!

Тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

            

         « Құрметтейміз, қастерлейміз еліміздің Елбасын! »

    1-жүргізуші:   Cәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, студенттер!        1 желтоқсан тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған  «Құрметтейміз, қастерлейміз еліміздің Елбасын » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!                                                                     ҚР-ның Мемлекеттік Ән ұраны орындалады2-жүргізуші: Тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.      

                Секілді заңғардағы тау барысы,

                Нұрсұлтан- ел тірегі, ел намысы!

               Адамның бұл омірде арманы жоқ,

               Халқының  бола білсе қорғанышы .

 Президент өмірінен сыр шертетін слайдты таныстыруға 4КШИ тобының студенті Ихласова Айдананы мен Бектұ 

      

Автор
Дата добавления 09.02.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров549
Номер материала 375351
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх