Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСценарий: «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

сценарий: «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

Скачать материал

 

 

 Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы,

№39  «Қызылөзек» орта мектебі

Тәлімгер: Оспанова Гүлнар

 

 

 

 

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарий

(ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп,ілінеді.)

Шақырылатын қонақтар:  Ұстаздар  және мектеп оқушылары

Жүргізуші:

Қайырлы кун ұстаздар мен оқушылар! Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Бүгінгі Қазақстан тәелсіздігінің күніне арналған, сондай-ақ,жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары,өзгерістерден қаймықпайтын,еңбекқұмар,білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын,өршіл,қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай «  Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің

Ұланымның туын көкке көтерген,

Ертеңімін     Егеменді елімнің

Түсініп терең, қмірдің мәнін,

Жалынды жастар,сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат, жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

Жүргізуші:

Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар ! ҚР Әнұраны ойналсын!

Әнұран ойналады

Жүргізуші :

Қазақстан Республикасының туы мен Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер  ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы енгізілуге дайын

Ендише «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып,алдымен ұйымның мақсат,міндет,ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының әрбір мүшесі:

1-оқушы

Қоғамдық өмірде, тұрмыста,қазақ ұлттық болмыста,халықтық келбетпен қалыпты ссақтай отырып,ата-анасын шынайы сыйлап,олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп,өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Тұған елін шексіз сүйеді.

2-оқушы

 

Қазақстан Республикасының туының түсіндей галустук тағу керек және Республикамызыдң мемлекеттік нышандарын құрметтеп,мемлекеттік әнұрандарды жатқа айту керек.

3-оқушы

Шет елдердің мемлекеттік  нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған  киімдерді киюмен,заттарды пайдаланумен әуестенбейді.

4-оқушы

Өзін тұрмыста,қоғамдық өмірде сыпайы,қарпайым мінезде ұстайды.

5-оқушы

Қазақ тілін еркін меңгеріп  елдің тарихын, мәдениетін,әдебиетін, өнерін,салт-дәстүрін жақсы білу,дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

6-оқушы

Жаслан ұйымының мүшесі- Отанына адал

Жасұлан ұйымының мүшесі- Отанының адал азаматтары.

Ән : Әли Нұртілеу  «Жаса Қазақстан» әнімен

Жүргізуші:

Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері

Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

Ендише 2 «Б» сынып оқушысы Әбдусейіт Дәуіржан ант беруге дайын!

(«Жас ұланның»,1 мүшесі ант береді,қалғандары «Ант етеміз!» деп 3рет қайталайды)

                                                      Анттың мәтіні

Мен, ------------------------------------ Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз  Отаным-Қазақстан Ресспубликасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,дәріптеуге;

Туған елім,жерім Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

 

 

«Жас ұлан», «Жас қыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант  етемін.

Біздің жерлестерімізің даңқты ерлігі негізінде ерлікке үйренуге жжәне Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН ! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!

Барлық оқушылар Хормен :

«Біз»

Оқушылар : «Жас Ұлан», «Жас Қыран»

«Ұранымыз»

Оқушылар : «Қазақстан-Нұрсұлтан- Жас Ұлан» -3 рет қайталайды

Жүргізуші:

Құрметті Ұстаздар және оқушылар,сіздерді «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға  туымыз түстес көгілдір галустук және төсбелгілерін тасбыстау рәсіміне шақырамыз.

 («Жас Ұланның» әнұраны орындалады және Жас Ұланның туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)

Құттықтау сөз  мектеп директоры  Джунельбаева Фазилә елтайқызына және директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзатаева Дина Қыпшақбайқызына беріледі

Жүргізуші:

Ризамын деп осындай  жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» деген лайық атқа

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа

 

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар елі бар

Міне осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Туған елін жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз еріміз

Жас Ұлан Әні :  «Бақыт деген»

Жүргізуші:

Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балармен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымыз осымен аяқталды. Кош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий: «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

 

 Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы,

№39  «Қызылөзек» орта мектебі

Тәлімгер: Оспанова Гүлнар

 

 

 

Тақырыбы:   Мен өскенде Кім болам

 Мақсаты: Балалардың мамандық туралы түсініктерін дамыту, кеңейту. Мамандық ерекшеліктері мен пайдасын ажырата білуін үйрету. Балалардың сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуін жетілдіру. Тілін дамытып, әр бала өз ойын еркін айта білуге дағдыландыру. Әр мамандық түріне керек құралдарын білуге үйрету.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, педагогикалық баға беру, мақтап-мадақтау.
Пайдаланған көрнекі құрал: мамандық туралы суреттер, кітапшалар, диск, теледидар, ойынға керекті көрнекіліктер, мамандыққа байланысты қуыршақтар
Сабақ барысы:
Мұғалім: - Есік қағып тұрғандай, балалар, бұл кім екен, көріп келейін (көңілсіз болып Дымбілмес келеді).
- Сәлеметсің бе, сен кімсің?
- Мен Дымбілмеспін.
- Сен неге көңілсіз болып тұрсың, төрлет.
- Мен түк те білмеймін, мен үлкейгенде кім болатынымды білмеймін, ешқандай мамандықты білмеймін.
- Ренжіме, біздің балалар саған көмектесіп көрсін. Жүр, мына жерге отыр. Балалар саған тақпақ айтып берсін, сен не туралы екенін айтып көр.
- Жарайды.
1-бала: Қарап тұрсаң не керек,
Елдің бәрі жұмыста.
Гүл сорады көбелек,
Дән тасиды құмырсқа.

2-бала: Біз ұшқыш та, ғарышкер,
Батыл жандар намыскер,
Көк күмбезін құшамыз,
Ғарышқа да ұшамыз.

3-бала: Біз дәрігер, дәрігер,
Ауруды емдеп жазамыз.
Науқас келсе, әбігер,
Боламыз да қаламыз.

4-бала: Біз мұғалім, ұстазбыз,
Игі істерге құштармыз.
Білім беріп шәкіртке,
Шақырамыз тәртіпке.

- Дымбілмес, тақпақ не туралы?
- Білмеймін.
- Ата-анаң қайда жұмыс істейді?
- Ендеше біздің балалар өз ата-аналары туралы айтып берсін.


- Менің анам – дәрігер, мұғалім, тәрбиеші т.б.
- Дәрігер не істейді? Мұғалім деген кім? т.б. (кітаптар бойынша айтып беру)
- Дәрігер, мұғалім қандай болу керек?
- Мейірімді, ұқыпты, әдепті.
- Сен өзіңе мамандық таңдадың ба?
- Білмеймін.
- Ендеше теледидарға назар аудар. Иә, қандай мамандықтар бар екен?
- Біз бойымызды жазып сергіп алайық.
Сергіту сәті: Анам менің сауыншы,
Апам менің сауыншы,
Әкем менің қауыншы,
Атам болса ол ұста,
Бәрі-бәрі жұмыста,
Отырмаймын мен текке,
Кеттім мен де мектепке.
- Ал, Дымбілмес, біздің балалармен бірге «Мамандықтың бәрі жақсы» ойынын ойнап көр.
- Жарайды.
- Балалар, біз Дымбілместі жаңылтпаштар арқылы жаңылдырып көрейікші.
5-бала: Орманбай – аңшы.
Марқабай – малшы.
Тұра қап алшы,
Құрығыңды суға малшы.

6-бала: Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер,
Айтшы, ғарыш алыс па?

7-бала: Наубайшы Науан нан пісірген,
Нан пісірген наубайшы Науан,
Нанға нәр берген.

8-бала: Ас аспай,
Бас аспазшы,
Ас асты,
Жас аспазшы.
Дымбілмес шатасты.
- Балалар, біздің мектеп жанынан қуыршақтар өтіп бара жатып біздің топқа келіпті. Сендермен «Тығылмаш» ойынын ойнағысы келіп тұр.
Ойын «Тығылмаш»
Ойын барысы: қуыршақтар кезекпен тығылып қалады. Балалар көздерін ашып, қай мамандықтағы қуыршақ жоқ екенін табу керек, ойынды 2-3 рет ойнату.
Рефлексия.
Тігінші қыстық киім тігіпті, түймесін тағуды ұмытып кетіпті. Егер сендерге сабақ ұнаса, қызыл түсті түйме тағыңдар, ұнамаса көк түсті түйме тағыңдар.
Дымбілмес: - Міне, мен көп білім алдым. Өскенде кім болатынымды білдім. Сендерге рахмет, мына сыйлық сендерге, мына дәрігер саған, мына мұғалім саған.
- Сау болыңдар! (Дымбілмес кетеді)
Шеңберге тұрып: Мамандықтың жақсы бәрі,
Армандай біл таңда да,
Бір мамандық ап шығады,
Күні ертең бар бала.

!
. «Бұл кім» кәсіби бағдар ойыны.
Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.
Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, програмист, эколог, заңгер.

 

 

Қорытынды: Әбунасыр әл Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген

 

Мұғалім: Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 600 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2015 37328
    • DOCX 122 кбайт
    • 295 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспанова Гульнар Оспановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оспанова Гульнар Оспановна
    Оспанова Гульнар Оспановна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73635
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 52 регионов

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 199 человек из 48 регионов

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе