Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыСегізінші наурызға арналған ертеңгілік

Сегізінші наурызға арналған ертеңгілік

Скачать материал

Музыкамен ұлдар залға кіреді. Жарты шеңбер жасап тұрады. 
Жүргізуші: Ұлдар, бүгін
аналар мерекесі ғой! Бәрі дайын ба? Ешкім кешіккен жоқ қой? Әне, қыздар да келе жатыр! Қарсы алайық! 
(Музыка әуені естіледі де, қыздар залға кіреді.) 
Жүргізуші (қыздар кірген кезде): Қараңдаршы, біздің қыздарымыз қандай әдемі болып кетіпті! 
Ұлдар қыздарға басын иеді. 
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды. 
1 бала: 
Бүгінгі көктем күнінде, 
Барлық адам қуанар, 
Аналарды мейраммен 
Құттықтайды балалар. 
2 бала: 
«Жаным» дейсің мені, 
Жаратушым – бір сен. 
Жалғыз өзің, тегі, 
Жанашырым білсең, 
Айналайын ана! 
3 бала: 
Жамандықтан сақтандырып, 
Жақсы ісімді мақтан қылып 
Мәпелеген ақ мамамды 
Жүрсем деймін шаттандырып. 
4 бала: 
Ананың біз гүліміз, 
Ана біздің күніміз. 
Ұландарды қуантып, 
Ұзақ өмір сүріңіз. 
5 бала: 
Қандай бала болмайық, 
Анамызға балдаймыз, 
Көтерейікші көңілін 
Ән салайық бәріміз. 
Ән «Айналайын, ақ мамам!»

Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оларды шақырайық па? 
Балалар: Иә! 
Бәрі шапалақтайды. Залға екі сайқымазақ келеді. 
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар! 
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, сайқымазақтар! 
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! 
2 сайқымазақ: Ал менің атым Вили Тили. Мен де сендерді құттықтаймын. 
Бәрі балалардың қолынан ұстап амандасады. 
1 сайқымазақ: Біз бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтереміз. 
2 сайқымазақ: Ал қазір біз сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз. 
Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді. 
(Бәрі күледі) 
Жүргізуші: Қой Вили Тили, Вили Тили
, сендер мойындарыңды сындырарсыңдар. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал. 
Ой балалар, балалар 
Ойналық та күлейік 
Қане енді бұралып 
Би билеп те берейік 
Би «Из чего же» 
1
сайқымазақ: Қандай жақсы би. (Қимылдарды қайталап билеп тұрады) Тағы да билейікші. 
Жүргізуші: Жоқ, Вили Тили, біз мерекені жалғастырайық. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер. 
Балалар шашырап тұрады. 
1 бала:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын, 
Айтатын ән, беретін гүлім дайын. 
«Әжетай сені жақсы көремін»
деп 
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын. 
2 бала:
Әжем менің әлі де, 
Ұқсамайды кәріге. 
Шай қайнатып береді, 
Қажет болса бәріне. 
3 бала:
Өзің мені өсірген, 
Айналайын, ақ әжем. 
Тентек болсам кешірген 
Шөлдедің бе, дана әжем. 
4 бала:

Шай қайнатып берейін, 
Шекер салып жан әжем 
Өзім құйып берейін, 
Балдай тәтті бал әжем! 
Ән «Әжетайым» 
Әннен кейін машинаның гуілдеген дыбысы естіледі.Мыстан бикеш кіреді. 
Мыстан бикеш: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондайлық мәз болып отырсыңдар? 
Жүргізуші: Сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың? 
Мыстан бикеш: Мен Мыстан бикешпін, сендер мені не таныған жоқсыңдар ма? Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз сүйікті немересімін. 
Сайқымазақтар: Ал мыстан кемпірдің өзі қайда? 
Мыстан бикеш: Ол пенсияда ғой! Енді мен оның орынбасары боламын. 
Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды, қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды. 
Жүргізуші: Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой. Неге кетуіміз керек? Біз ешқай
да да кетпейміз. 
1 сайқымазақ: Мыстан бикеш, сен өзің үйіңе кет. (оған үрлейді) 
2 сайқымазақ: Иә, барған жеріңе бар. (итереді) 
Мыстан бикеш: Солай ма? Ал қазір мен сендерге көрсетемін. Менің шляпам сиқырлы, қазір мен сендерді бақаларға айналдырамын. 
Қане сайқымазақтар, 
Бақаға айналыңдар.(шляпасымен тербейді) 
Сайқымазақтар бақа болып бақылдайды, секіріп залдан шығады. 
Мыстан бикеш: А ха ха, енді сендерді ешкім күлдіртпейді. Көңіл күйлеріңді ешкім көтермейді. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен не істедің
? Сен балалардың мерекесін бұздың ғой. 
Мыстан бикеш: Иә, ал сендер маған не істей аласыңдар. Ештеме істей алмайсыңдар ғой. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізге Тили Вили мен Вили Тилиді қайтаршы. 
Мыстан бикеш: Ал сендер маған олар үшін не бересіңдер. 
Жүргізуші: Біз саған гүлдерді жинай аламыз. 
Мыстан бикеш: Гүл дейсіңдер ме? Жарайды, келісемін. 
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы 
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады. 
Ойынның аяғында жүргізуші гүлдерді құмырадан алып Мыстан бикешке сыйлайды. 
Мыстан бикеш: Гүлдерің неге сондайлық аз? Онда мен сендерге сайқымазақтарды қайтармаймын. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізді неге алдадың. Біз сенің айтқаныңды орындадық қой. Ал сен болсаң алданшақ екенсің. Балалар, айтыңдаршы, адамдарды алдауға болады ма? 
Балалар: Жоқ. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, білесің бе жаман қылықтарды істеуге болмайды. Солай ғой балалар? Қазір біздің балаларымыз саған өмірде қандай болу керек және қандай болмау керек екенін айтады. 
Екі бала шығады. 
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» тақпағын айтады. 
Мыстан бикеш: Ой, балалар. Енді ұқтым. Менің барлық істеген істерім жаман болды екен. Ал жақсы болып қалу үшін, маған кішкене билеп, көңіл көтеру керек. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, саған арнайы біздің балаларымыз
«Бикештер» туралы би билеп береді. 
Би «Бикештер» 
Мыстан бикеш: Рахмет сендерге балалар, енді мен ешқашан да жаманшылық істемеймін. Ал сайқымазақтарды қазір әкелемін. 
1Сайқымазақ: Алақай, рахмет сендерге балалар, сендер бізді құтқардыңдар. 
2 сайқымазақ: Сендер болмасаңдар, біз әрқашан бақа болып жүруші едік. 
Мыстан бикеш: Жарайды балалар, маған апамды Мыстан кемпірді мерекемен құттықтауға бару керек. 
Жүргізуші: Ал осы гүлдерді оған сыйла. 
Мыстан бикеш: Сауболыңдар! 
Сайқымазақтар: Алақай!!! Алақай! Мерекені жалғастырайық! 
Алақай! 
Жүргізуші: Біз де өте қуаныштымыз, сондықтан «Алақай, балақай» биін билейік. 
Би: «Алақай, балақай» 
Отырады. 
1
сайқымазақ: Вили Тили, балалар бізге би биледі. Ал біз оларға не көрсете аламыз? 
2 сайқымазақ: Мен оркестр адаммын ғой. Сондықтан оларға музыкалық аспаптарда ойнайық. 
Сайқымазақтар музыкалық аспаптарды алады да қалай болса солай ойнайды. Аспаптар қолдарынан түсіп, өздері құлай береді. 
1сайқымазақ: Қалай, ұнай ма? 
Жүргізуші: Қойыңдар, құлақтарымыз ауырып қалды. Одан да, біздің музыканттарды тыңдап алыңдар, үйреніңдер. 
Музыкалык аспаптық ансамбль «Илигай» 
2сайқымазақ: Осы балабақшаның балалары би де билей алады, музыкалық аспаптарда да ойнайды. Ал біз әнді жақсы айтамыз. 
1сайқымазақ:
Бізге микрофон беріңіз, моэстро музыку. 
(музыка ойнайды, 1 сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады, екіншісі соған қарап күледі) 
2 сайқымазақ: Тили Вили, сен мүлдем ән айта алмайсың. Ал мен болсам Алмас Кішкенбаев сияқты ән айта аламын. Ал тыңдаңдар. 
(жуан дыбыспен күлкілі айтады) 
Жүргізуші: Тили Вили, Вили Тили, сендер босқа өз тамақтарыңды шаршатпаңдар. Біздің балаларымыздың әнін тыңдаңдар. Балалар, аналарымызға ән айтайық. 
5
бала: 
Жалықпастан үйреніп, 
Бір неше тіл білеміз 
Шет тілінде сызылтып 
Сүйікті ана туралы 
Ән салуды сүйеміз. 
Ән «My dear, dear mammy!» 
1
сайқымазақ: Қандай әдемі ән. Дауыстарың қандай жақсы. 
2 сайқымазақ: Ал дауыстарыңды тексердік. Жақсы екен. Енді құлақтарыңның естуін тексерейік. Қазір сендер бұрылып тұрасыңдар. Ал бір баланың анасы оны күнім немесе жаным деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану. 
Ойын «Ананы дауысынан тану» 
Жүргізуші:
Тили Вили, Вили Тили, сендер көп ойындарды біледі екенсіңдер. 
1 сайқымазақ: Иә, білеміз. Тағы ойнаймыз ба, балалар? 
Балалар: Иә. 
2 сайқымазақ: Ал, қазір маған 4
бала шығады. 
«Күндерді жина» ой
ыны 
Ойын шарты: әр бір командаға күннің бөліктері беріледі (шең
бер және 10 шуақтары). Балалар осы бөліктерден күн құру керек. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді. 
1 сайқымазақ: Балалар, мен сендерге тағы сыйлықтарды әкелдім. (үш шелек, бір шелектің ішінде кубиктар) 
2 сайқымазақ: Балалар, осы нәрселермен ойын ойнасақ! 
Жүргізуші: Балалар, ойнаймыз ба? 
Балалар: Иә. 
1 сайқымазақ:
Маған 10 бала керек. 
Ойын «Мергендер» 
Ойын шарты: он бала ойнайды. Олар екі командаға бөлінеді. Әр бір команда шелектерге кубиктарды лақтыру керек. Ойын эстафета түрде ойналады. 
Жүргізуші: Рахмет, сендерге сайқымазақтар. Сендер бүгін бізді қызықтырып жүрдіңдер. 
1 сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз. 
2 сайқымазақ: Және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз. 
Фокустар: 
Саусақпен. Саусақты жұтып алады. 
Орамалдармен. 1 сайқымазақ қалтасына орамал салады, ал екіншісі өз қалтасынан бірдей орамалды шығарады. 
Гүлмен. Бір гүлді
қорапқа салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды. 
Екінші сайқымазақ: Сен білмейсің бе, сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер
?
Балалар айтады. 
1 сайқымазақ: Фокус, покус. (Себеттің ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды. 
Балаларға кәмпиттер таратылады. 
Жүргізуші: 
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Сау
болыңыздар!!!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сегізінші наурызға арналған ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 1786
    • DOCX 29.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимбаева Жумагуль Икрамовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алимбаева Жумагуль Икрамовна
    Алимбаева Жумагуль Икрамовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 102649
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные методики развития и психолого-педагогической диагностики детей раннего возраста в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 402 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с умственной отсталостью

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 328 человек

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек