Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӘсем қалам-Ақтөбем! кластан тыс шара

Әсем қалам-Ақтөбем! кластан тыс шара

Скачать материал
библиотека
материалов

«Әсем қалам-Ақтөбем» атты танымдық кеш

Жауаптылар:Бисенгалиева А.Ш,Сыдыкова Б.Ж,Сельбаева Ж.Е

Кештің мақсаты:

Оқушыларды Ақтөбе қаласының тарихы,географиялық ерекшелігі ,мәдени орындары мен оқу орындары ,ескерткіштері туралы мәліметтер мен таныстыру.Ақтөбе өңіріне еңбегі сіңген әйгілі тұлғаларымен таныстыра отырып ,Оқушылардың Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кешке қолданылатын материалдар:Слайдтар, «Ақтөбе-құтты мекен» атты кітап,әндер мен өлеңдер

Кештің барысы:

Кеш «Қазақ биімен» ашылады.

1-жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар! Бүгінгі «Әсем қалам-Ақтөбем» атты танымдық кешке хош келдіңіздер!

hello_html_4b4721ea.jpg

2-жүргізуші:Барлықтарыңызға белгілі биыл жарты миллионнан астам халықтың құт мекені,туған өлкенің бас қаласы,қойыны кенге толған сүйікті қаламыз-Ақтөбе 150жасқа толмақ.

1-жүргізуші:Ендеше осынау қаламызды жақын таныстыру үшін барлықтарыңызды  саяхатқа шығуға шақырымыз. Бірінші аялдамамыз «Ақтөбе тарихы»деп аталады.

hello_html_2a33e86e.jpg

(Слайд көрсетіледі оқушылар шығып Ақтөбе туралы мәліметтермен таныстырады.)

1-оқушы:Ақтөбенің алғашқы аты-Илецк.Елек өзенінің жағасындағы қала.О баста1896жылы 28 мамырдаәскери бекініс боп тұрғызылған.

2-оқушы:1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе  Актюбинск болып өзгертіліп, 1999 жылға дейін қаланың орыс тіліндегі атауы «Актю́бинск»түрінде жазылып келді. 

3-оқушы:Қала атауы көне түркі тіліндегі aq («ақ») және töpü («төбе») сөздерінен құралған. Бұл атау орыс тілінде «белый холм» мағынасын білдіргендіктен, кейде Ақтөбені орысша «Город на белом холме»] немесе «Беловершинск»деп те атайды.

4-оқушы:1998 жылы қала әкімшілігі жаңа елтаңбаға сайыс жариялады. 50 жұмыстың арасынан үздік деп ақтөбелік суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Сағынтай Әлімбетовтың эскизін таңдады. Таңба ресми түрде 1998 жылдың 24 шілде күні бекітілді. hello_html_m60044365.jpg

5-оқушы:Ақтөбе елтаңбасы «мәңгіліктің нышаны» болып саналатын дөңгелек пішінінде жасалған. Қала атауы «тазалық» пен «қасиеттілікті» білдіретін ақ түспен жазылған, көк түсті ою-өрнек «табиғаттағы судың мәңгілік қозғалысын», қызыл түсті ою-өрнектер қызғалдақтарды білдіреді ,қызғалдақ — Ақтөбенің бейресми символы. Елтаңбаның нақ ортасында бүркіт басты, арыстан денелі, арқасында қанаты бар мақұлық бейнеленген. hello_html_m452e076f.gif

6-оқушы:Қала Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Жайық сағасы Елек өзенінің жағалауында, Қарғалы өзені келіп құятын тұсында, теңіз деңгейінен 250—400 м биіктікте орналасқан

7-оқушы:Ақтөбе Қазақстанның ірі өндіріс орталықтарының бірі болып саналады.Онда Ұлы Отан соғысы кезінде ашылған :«Казхром»,Ферроқорытпа зауыты мен Рельс зауыттары,АЙС сүт зауыты,Рамазан нан комбинаты,Кірпіш зауыттары,түрлі көкөніс өсіретін жылыжайлар бар.

8-оқушы Ертөре:Ақтөбе қаласында көптеген ескерткіштер бар. Олар: Кіші Жүз ханы – Әбілхайыр ханға, қазақ халқының батыры – Тама Есет батыр Көкіұлы кесенесі, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыз – Әлия Молдағұловаға, Бөгенбай батыр,Сәңкібай батырға арналған ескерткіш

9-оқушы Жантөре :Қазақ халқының билері -  Әйтеке би, Мөңке биге,әйгілі музыканттар А.Жұбанов, Ғ.Жұбановаға, жазушылар Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевқа арналған  ескерткіштер , өлкеміздің  атақты ақыны Н.Байғанинге арналған да ескерткіштер бар.

10-оқушы Диана : Сонымен қатар біздің қаламызда Мәңгілік алау мемориалдық кешені «Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «ҚАН МЕН ТЕР» РОМАНЫНЫҢ кейіпкерлеріне арналған ескерткіштер бар. hello_html_49c822b1.jpg hello_html_102bba04.jpg

11-оқушы:Досжан- Ақтөбе қаласындағы ең көне оқу орнының бірі-Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжі.Осы оқу орнында кезінде лингвистика ғылымының көш бастаушысы-Құдайберген Жұбанов дәріс берген.

12-оқушы Кәусар:Сонымен қатар біздің қаламызда Екі мәрте Кеңес Одағының батыры халық қаһарманы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты ,А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжі және де тағы да басқа оқу орындары бар.

13-оқушы Дана : Шежірелі шаһарымызда Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік педагогика университеті, Сақтаған Бәйішев атындағы университет,Марат Оспанов атындағы медицина университеті ,Халықаралық Нұр университеті бар.

1-жүргізуші:Ақтөбенің сұлу көркіне тәнті болмай оны жырға ,әнге қоспау мүмкін емес.Ендеше Ақтөбені жырға қосқан ақындардың өлеңімен бүлдіршіндерді қарсы алайық!

1-оқушы:Ақтөбе - ару қалам, неткен көркем!

Ақ төбенің басында еткен мекен,

Ақтөбе – ару қалам, әсем қалам,

Өзге жер жоқ сұлулықта сенен асқан.

 

2-оқушы:Ерекше ғой күн шуағы, таң самалы,

Барлық адам өлкемізге тамсанады.

Ақтөбеде бар жасыл бау бақша да,

Бұлбұл құстар әсем-әуен ән салады.

 

3-оқушы:Ақтөбе − биік қалам, бар қаладан,

Табиғатың ерекше ғой, жан қалаған.

Өлкемізге қонақтаған әрбір адам,

Бойына күш-қуат алар кең даладан.

 

4-оқушы:Қонақжайлы халқы бар құтты мекен,

Ақтөбеме АЛЛА өзі нұрын төккен.

Татту достық, ынтымақпен бірлікте,

Қаншама ұлт, бір жиналған ұлы мекен.

 

5-оқушы:Мекен еткен Ақтөбеме жыр арнадым,

Жүрегімнен төгіледі  жырлар ағын.

Көркіне көз тоймайтын Ақтөбемнен,

Сәл алысқа ұзап кетсем сағынамын.

Ақтөбем  өсе, берсін өркендесін,

Биігінде тұрсыншы бар қаланың!

1-жүргізуші:Ақтөбені тек қазақ тілді ақындар ғана емес,орыс тілді,ағылшын тілді ақындар да жырға қосқан.Келесі кезек сіздерге беріледі.


6 – оқушы Ернұр:Амантай Утегенов «Город Белого Холма»

На гербе твоем тюльпаны,
Процветает город мой.
Ты вознесся над степями,
Светел летом и зимой.


7- оқушы Диана:Широки твои проспекты,
Высоки твои дома,
И задумчивы рассветы,
Город Белого Холма.


8- оқушы:Твои девушки красивы,
Город мой, под стать тебе.
Твой народ трудолюбивый
Славит имя Актобе.


9- оқушы:Пусть смеются твои дети
И растут, не зная бед.
Самый светлый холм на свете –
Моя радость Актобе.

2-жүргізуші:Ақтөбе шаһары ескерткіштер мен қатар мәдени орындар мен көрікті жерлерге өте бай.Ендеше саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық!

Олай болса келесі аялдама «Сен білесің бе?» деп аталады. (Мұғалімге сөз беріледі)

1-слайд:Т.Ахтанов атындағы Драма театры

2-слайд:Алақай қуыршақ театры

3-слайд Өлкетану мұражайы

4-слайд Өнер орталығы

5-слайд Жұбановтар әлемі

6-слайд Шығармашылық академия

7-слайд Жекпе жек сарайы

8-слайд Филармония

9-слайд Мұз айдыны

10-слайд Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық кітапхана

1-жүргізуші:Ақтөбе ,сенсің менің сайран бағым,

Кетпестей кіндігімнен байланғанмын.

Табысың,тамашаң да толып жатыр,

Баяндап тауысайын қайдан бәрін деп келесі аялдама «Сұрақ –жауап» аялдамасына да келіп жеттік.

Мұғалім: 1.Ақтөбе қаласы алғашқыда қалай аталған?(Илецк. ) А

2.Ақтөбе қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?( ЕЛЕК) қ

3.Ақтөбе қаласының туған жылы,айы (1869. 28мамыр) т

4.Ақтөбе қаласының эмблемасының авторы кім?және онда не бейнеленген.(Сағынтай Әлімбетов ) ө

5.Ақтөбе қаласының тағы да қандай атаулары болған?(«Город на белом холме»],«Беловершинск») б

6.Ақтөбедегі ірі өндіріс орталықтары (:«Казхром»,Ферроқорытпа зауыты мен Рельс зауыттары,АЙС сүт зауыты,Рамазан нан комбинаты,Кірпіш зауыттары,түрлі көкөніс өсіретін жылыжайлар) е

7.Ақтөбеде қандай батыр қызға ескерткіш бар? (Әлия) г

8.Ақтөбеде қандай ағайынды танымал адамдарға арналған көше бар? (Ағайынды Жұбановтар) е

9. Әуе Қорғаныс Күштерінің Әскери Институты кімнің атында? (Екі мәрте Кеңес Одағының батыры халық қаһарманы Талғат Бигелдинов) 1

10. Ә.Молдағұловаға арналған қандай оқу орны бар? (Ақтөбе қаласындағы ең көне оқу орнының бірі- Ақтөбе гуманитарлық колледжі.) 5

11.Ақтөбені және Қазақ елін әлемге әйгілі еткен жас әнші (Димаш Құдайберген) 0

12.Ақтөбе қаласының әкімшілігінің алдында кімге арналған ескерткіш бар? (Әйтеке би) ж

13.Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевқа арналған  ескерткіштер қай көшеде орналасқан? (Тахауи Ахтанов көшесінде ) ы

14. Ақтөбе қаласында қандай билерге арналған ескерткіштер бар? (Әйтеке би,Мөңке би) л

Ән: Туған жер hello_html_47567a1.jpg

2-жүргізуші:

Баршаның берік етіп босағасын,

Жалғайсың жүректерді дос арасын.

Жетпісте біз қартайсақ ештеңе емес,

Сен-жігіт,

Жайнап мәңгі жасарасың.

1-жүргізуші:

Көркіңді досың түгіл жат мақтаған,

Жаныма сол бейнеңді сақтап бағам,

Төбе емес тау тұлғалы биігімсің,

Арайлы ,ақ босағам,аппақ Қалам! ,-деп кешімізді аяқтаймыз.

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет!

  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

«Әсем қалам-Ақтөбем» атты танымдық кеш

Жауаптылар:Бисенгалиева А.Ш,Сыдыкова Б.Ж,Сельбаева Ж.Е

Кештің мақсаты:

Оқушыларды Ақтөбе қаласының тарихы,географиялық ерекшелігі ,мәдени орындары мен оқу орындары ,ескерткіштері туралы мәліметтер мен таныстыру.Ақтөбе өңіріне еңбегі сіңген әйгілі тұлғаларымен таныстыра отырып ,Оқушылардың Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Проверен экспертом
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.