Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Тесты / "Әсем" Балабақшасы Жалғасбайева Күлжамал Үйшік

"Әсем" Балабақшасы Жалғасбайева Күлжамал Үйшік


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:







C:\Users\Ереке\Downloads\20160213_104913.jpg











































Білім беру саласы:Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы:«Үйшік»  орыс халық ертегісі .
Мақсаты:Стол үсті сахыналау барысында балаларды «Үйшік»  ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
К
өрнекіліктер:  Үйшік үйі, аңдар.
Ж
үргізуші:   Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оны
қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
 С
үп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Жүргізуші:  -  деп сұрайды.   Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп,  осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа:   -  Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа:  -  Мен бақылдауық бақамын.
             -Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:  - Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып , бірге тұрады.   Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Жүргізуші: -деп сұрайды.
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа:  -  Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян:  - Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі: - Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:  -  Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге  өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені  қағады.
Түлкі:  - Сүп-сүйкімді , кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?
Жүргізуші: - деп сұрайды.
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: -  Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?
Түлкі:  - Мен қу  түлкімін.
Үшеуі:  -  Кел, бірге  тұрайық.
Жүргізуші: -  Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап , айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып , қырылдаған даусымен: 
 Б
ұл үйшікте кім бар?
Тышқан:  -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян:  - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: -  Мен қу тү  лкімін!Ал  сен кімсің?

Қасқыр:  -Мен сұр қасқырмын!
Бәрі:  -  Кел , бірге тұрайық.
Жүргізуші:  -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді.  Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде  сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол  үйшікке жақын келіп , бар даусымен:
 С
үйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?!
Жүргізуші:  - деп ақырады.
Тышқан:   -Мен тықырлауық  тышқанмын!
Бақа :  - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян :  - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі : - Мен қу түлкімін!
 Қасқыр : - Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю:  - Мен қорбаңбай аюмын!   
Бәрі:  - Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: - Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
-Ендеше, мен
үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Жүргізуші: - дейді.
Бәрі: - Жоқ қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Жүргізуші:  - деп шырылдайды іштегілер.
Аю:  - Қорықпаңдар түкте болмайды.
Жүргізуші: -  деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша , достар өздеріне әп – әдемі , жаңа үйшік тұрғызып алады






Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров77
Номер материала ДВ-457737
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх