Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Әсемдікке ұмтылайық" ( 6 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Әсемдікке ұмтылайық" ( 6 класс)

библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп 52 негізгі мектеп

Мерзiмі: 24.10.2015жыл. № 8- сабақ

Мұғалiм: Өтемісова Ботакөз Саттығалиқызы.

Класс 6 «а», «ә» Оқушылар саны ---

Тақырыбы: №8 Әсемдікке ұмтылайық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Әдепті болу , сүйіспеншілік, ұқыптылық,


Сабақ мақсаты: Оқушыларға әсемдік, жан сұлулығы дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Оқушылардыәдепті болу қасиеттеріне баулу.

- Оқушыларды әсемдікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

- Оқушылардың ұқыптылық қасиеттерін дамыту.


Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видио жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

3. Үй тапсырмасын тексеру:

7сабақ Құштарлық. Қ.Толыбаев

  1. Әбунасыр қандай адам болған?

  2. Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?

  3. Мүтәліптің жетістікке жетуіне қандай қасиеттер ықпал етті?

  4. Адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?

  5. Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?

  6. Адамды қандай қасиеттер табысқа жеткізеді?

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Сырты сұлуға көз қызығады,

Іші сұлуға жүрек қызығады» Ғ.Мұстафин.

Сыртқы сұлулықты көзбен көруге болатын болса,ал ішкі сұлулықты жүрекпен,яғни адамның адамгершілігі ішкі сұлулығын сезіндіреді. Адам жаны әрқашан сұлулыққа, әдемілікке құштар. Ал, жаны әсем адам деп адамгершілігі жетілген адамды атаймыз. Жанның әсемдігі – адамның әдептілігінен, адамдармен қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен оның ішкі дүниесінің сұлулығынан , яғни барлық игілікке ие мінездерінен байқауға болады.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

бәріміз қосылып айту.


  1. Мұғалім сыйы

Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі үстінің жағымсыз иісі бар екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі үстінен хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып:

Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді.

Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты.

Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:

-Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса жап жақсы жігітсің,- депті.

Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды.

Патша біраз тыңдаған соң:

Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның тістері шіріген болса, сенің ішкі жан дүниең шірік екен. Бар, қазірден бастап сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті

Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетінің құны көк тиын

1.Бірінші құлыңын бойында қандай қасиеттерді байқадындар?

2.Екінші құлының істеген іс әрекеті дұрыс деп ойлайсындарма?

3. Патшаның орнында болсандар сендер не істер едіңдер?

4.Адамды сұлу ететін не нәрсе?

5.Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?

6.Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?



Егер сендерге жер бетіндегі ең әсем, ең сұлу нәрсені табу тапсырылса, не істер едіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Үш қатарға аяқталмаған өлеңді толықтырып, жалғастырамыз және айтқызамыз.

1-қатар:

Күн сәулесі ...........................әдемі,

...............................керілгені әдемі.

............................. асыр салып жүргенде,

Көк ................................. әдемі.

2-қатар:

Жас шыбықтың ....................... әдемі,

................................... гүл ашқаны әдемі

...................................... кездесіп,

Амандықты ........................................

3-қатар:........................... сайрағаны әдемі,

........................... ойнағаны әдемі.

Ақ боз атын ерттеп ..............................

.................. өріске ...................... әдемі



  1. Топпен ән айту.

Әдемі Сөзі: А.Шяхметовтікі

Әні: Ғ. Наурызбаевтікі

Күн сәулесі төгілген әдемі,

Кемпірқосақ керілгені әдемі.

Көк шалғында асыр салып жүргенде,

Көк көбелек көрінеді әдемі.



Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,

Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі

Қариялар жол үстінде кездесіп,

Амандықты сұрасқаны әдемі.



Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны әдемі.





  1. Үй тапсырмасы.

8-сабақ. 30 бет «Әсемдікке ұмтылайық» 1-қатарға «Әдемі», 2-қатар «Сұлулық», 3-қатарға «Қыз Жібек» өлендерін оқып, мазмұнын айту.


  1. Сабақтын қорытынды минуты.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!




                                      


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 22.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров415
Номер материала ДВ-278599
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх