«Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау
қаласы білім бөлімінің
«№ 16 «Дюймовочка» бөбекжай-бақшасы » коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
«Жазғы шынықтыру жүйесі.»
(Семинар
практикум)
Дайындап, өткізген:
дене шынықтыру жетекшісі
педагог-модератор Жолтай Е.М.
Шілде-2022ж
Жазғы шынықтыру жүйесі.
Баланың денсаулыққа және бақытты
өмір сүруге деген құқығын іске асырудың бірден бір жолы, жаз кезеңінде мектеп
жасына дейінгі баланы тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады.
Жазғы уақыттағы балалармен жұмысты сауықтыру деп айтады. Осы арқылы оның
мақсаты мен бағыты айқындалады. Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді
дер кезінде пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға
ұмтылу маңызды.
Балабақшаның жаз кезіндегі
жұмысының негізгі мақсаты сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға арнаған неғұрлым
тиімді жағдайлар жасау және балалардың танымдық қызығушылығын дамыту болып
табылады. Жазғы кезеңде балалардың денсаулығын сауықтыру бойынша міндеттер:
Мектеп жасына дейінгі балаларды тиімді сауықтыруды ұйымдастыруға арналған жағдайлар
жасау.
Балалардың мәдени-гигиеналық
машықтарын бекітуге және жетілдіруге, еңбекке тәрбиелеуге арналған жағдайларды
қамтамасыз ету. Балаларға экологиялық тәрбие беруді, жануарлар мен өсімдіктерге
деген қызығушылығын белсендіру. Табиғатты қадағалау барысында экологиялық
ой-өрісін қалыптастыру. Тәрбиеленушілердің таза ауада оңтайлы түрде болуын,
олардың қозғалу белсенділігін қамтамасыз ету. Салауатты өмір салты – қызметтің
кез келген саласында, үйде, демалысты белсенді болудың негізі.
Денсаулықпен ерте жастан
айналысқан маңызды.
Мектеп жасына дейінгі
балалардың жаздың күні таза ауада болуы бала ағзасын нығайтады және
шынықтырады, олардың жан-жақты дамуы мен эмоциялық көңіл күйіне оң әсерін
тигізеді.
Балалармен тәрбие және білім
беру жұмысы әдетте серуен кезінде жүзеге асырылады. Жұмыс режимі
тәрбиеленушілер үнемі таза ауада болатындай етіп ойластырылады: әңгімелесулер,
сюжеттік-рөлдік ойындар, сумен және құммен айналысу, түрлі қадағалаулар,
табиғат аясындағы еңбек және т. б.
Жазғы кезеңде балалармен
жүргізілетін іс-шаралар түрлері
1.Таза ауадағы сауықтыру
жаттығулары: жаттығу; жүгіру; спорт ойындары; Эмоциялық күйзелісті азайтуға
арналған ойындар: логоойындар; саусақтық және артикуляциялық ойындар; логоырғақ;
ырғақ сезінуді дамытуға арналған ойындар.
2.Салауатты өмір салты туралы
әңгімелер: «Кір қолдар аурулары»; «Егер сау болам десең, шынық!»; «Дені саудың
– жаны сау»; «Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы».
3.Ағзаны шынықтыру.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу.
Балалармен жұмыс істеуді дұрыс
жоспарлаудың маңызы бар.
Балалардың дене және психикалық
дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге дұрыс жоспарланған ойын-сауық,
танымдық және сауықтыру сипатындағы іс-шаралар жүйесі көмектеседі. Жазғы
сауықтыру кезеңі тек белсенді тәрбие және білім беру жұмысына ғана емес,
сонымен қатар тәрбиеші мен балалар, тәрбиеші мен ата-аналар арасындағы
психологиялық кедергілерді жеңуге ықпал етеді.
Ұйымдастырылған білім беру
әрекеті - бұл
балаларды дене шынықтыру жаттығуларына жүйелі дайындаудың негізгі түрі. Жазғы
сауықтыру кезеңінің ұйымдастырылған іс-шаралары балалардың шамадан тыс шаршауын
немесе ағзаның физиологиялық процестерінің, атап айтқанда, дене шынықтыру
жаттығулары кезінде барынша жұмыс істейтін сүйек-бұлшық ет және жүрек-қан
тамырлары жұмысының бұзылуына, жол бермеуі тиіс.
Физикалық жаттығулар балалардың
жасына, дене дамуы мен денсаулық жағдайына, дене шынықтыру құрал-жабдықтарына
байланысты іріктеледі.
Қимылдық ойындардың, жарыс элементтері бар спорттық жаттығулар,
жаяу серуендер, экскурсиялар, бағыт бойынша серуендеу (қарапайым туризм),
мерекелер, ойын-сауықтардың енгізілуімен ұйымдастырылған қызмет түрлері апта
сайын, күн сәулесінің қызуы төмен уақытқа жоспарланады (аптап ыстық басталғанға
дейін немесе оның басылуынан кейін).
Таңғы гимнастика– ағзаның
функционалдық жағдайын және жұмыс қабілетін арттыру, моториканы дамыту, дұрыс
дене сымбатын қалыптастыру, жалпақ табандылықтың алдын алу.Дәстүрлі гимнастика
тыныс алу жаттығуларын міндетті түрде енгізуді қарастырады және затпен және
затсыз жаттығулар, дұрыс дене сымбатын қалыптастыруға арналған жаттығулар, ірі
модульдерді, снарядтарды, қарапайым тренажерлерді қолданатын қарапайым
жаттығуларды қамтиды.Түзету гимнастикасы бала дамуындағы ауытқушылықтар немесе
бұзылулардың сипатына сәйкес арнайы жаттығуларды қамтиды.
Қимылды ойындар жылдам,
орта және баяу қимылды ойындар болып бөлінеді. Жылдам қимылды ойынға барлық топ
қатысады. Орташа қимылды ойынға барлық топ белсенді қатысады, бірақ қимыл
сипаты бәсеңдеу, баяу қимылды ойында қимылдар баяу қарқында орындалады.Ойынды
таңдау педагогикалық міндеттерге, дайындыққа, балалардың жеке ерекшеліктеріне
байланысты болады.
Қимылды ойын түрлері:
сюжеттік (шағын ертегіні немесе сюжеттік әңгімені түсіндіру
кезінде пайдалану) және сюжетсіз;аула ойындары;ұлттық;спорттық (бадминтон,
футбол және т.б).
Қимылды ойындар ауада, спорт алаңында күнделікті күн сәулесінің
қызуы төмен уақытта ӛткізіледі.
Динамикалық сергіту
сәті қысқа үзіліске арналған жаттығуларды
қамтиды. Оларды таңдау алдыңғы әрекеттің қарқындылығы мен түріне байланысты
болады. Таза ауада күн сайын ойын немесе спорт алаңында күн сәулесінің қызуы төмен
уақытта өткізіледі.
Түрлері:
- ұсақ
моториканы дамытуға арналған жаттығулар;
- ырғақты
қимылдар;
- көңіл
әуенмен үйлесімде орындалатын ырғақты жаттығулар;
- тепе-теңдік
жаттығулары;
- көз
қарашығының жұмысын жақсартуға арналған жаттығулар;
- түзету
жаттығулары;
- дене
сымбатын қалыптастыруға арналған жаттығулар;
- табан
ойығын қалыптастыруға арналған жаттығулар.
Спорт
жаттығулары ерік-жігерін,
эмоциясын басқаруға тәрбиелеуге, ой шапшаңдығын
қалыптастыруға ықпал етеді.
Таза ауада, күн сайын ойын немесе спорт алаңында күн сәулесінің
қызуы төмен уақытта өткізіледі.
Күндізгі ұйқыдан кейінгі
ояту гимнастикасы - сюжеттік-ойын
сипатындағы гимнастика.
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар затпен және затсыз, имитация арқылы,
қарапайым тренажерлардың кӛмегімен (гимнастикалық доптар,
гантельдер,резеңке сақиналар,
эспандер) сюжеттік-ойын
сипатында өткізіледі. Жаттығулар келесі
күтілетін нәтижеге жетуге бағытталады:
- дене
сымбатын қалыптастыру;
- табан
ойығын қалыптастыру (жалпақ табанның алдын алу);
- ұсақ
моториканы дамыту;
- қимылды
үйлестіру;
- тепе-теңдікті
сақтау.
Барлық жас топтары үшін ояту гимнастикасының ұзақтығы: 3—5
минут, ӛткізу орны – жатын бөлмесі.
Күн тәртібіндегі жеке жұмыс.
Денсаулығына байланысты жеке жұмыс жүргізуді қажет ететін
балаларды шынықтыруға және физикалық дамуын жақсартуға, дене сымбатының
ақауларын түзетуге ықпал етеді. Спорт залында жүргізіледі. Уақыт жеке қойылады.
Шынықтыру іс-шаралары.
Балалардың
денсаулық жағдайы, физикалық дамуы, жеке ерекшеліктерін ескеру арқылы
жүргізіледі және келесі шаралар жүйесін қамтиды:
- күнделікті
өмірдегі
шынықтыру элементтері (салқын сумен жуыну, сүртіну, белге дейін су құю);
- дене
жаттығуларын ұштастыра отырып, шынықтыру іс-шаралары (дұрыс
ұйымдастырылған серуен, дене жаттығуларына сәйкес күн және су шаралары);
- дәрігер
тағайындайтын арнайы су, күн емшаралары.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.