Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Семинар тақырыбы: «Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы,шаңырақ иесі»

Семинар тақырыбы: «Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы,шаңырақ иесі»


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ата-аналар жиналысының жоспары

Мектеп:Нұржау жалпы орта мектебі

Сынып:7 «а»

Мерзімі: 16.11.2015

Ата-аналар саны:

Мұғалім: Куталиева Канағат

Ата-аналар жиналысының тақырыбы:

«Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы,шаңырақ иесі»


Мақсаты: Ата-ананың отбасына деген сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашып, алтын діңгек отбасы екенін түсіндіру

Міндеттері: 1.Отбасындағы әке мен ананың рөлінің мәнін ұғындыру. 2. Отбасының татулық,мейірімділік, бауырмалдық қасиеттерін дамыту 3. Мектеппен бірігіп отбасын ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Ресурстары:

(материалдары,көздері)

Шараның барысы Ұйымдастыру бөлімі

Тыныштық сәті. /нұрға бөлену/

Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)

1.Тәрбие отбасынан басталады,болашақ ұрпақтың,еліне,Отанына,отбасына деген сүйіспеншілігі алдымен мына отырған ата-ананың ықпалымен қалыптасады.

Білім мектеп ордасынан,тәрбие отбасынан орнығады.

2.Отбасы «алтын діңгек» өнегелі,берекелі,ынтымақты,жанашыр,бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алғанда ғана бала өмірдің жалғасы,көз қуанышы,шаңырақ иесі болады

3. Халықтың өткені,жаны,бүкіл рухани дүниесі және барша ғажайып сырлары тіл қойнауында бейнеленген.Мұның бәрі ана сүтімен, бала бойына дариды.Ең бастысы,осының бәрі «Ананың тілі,аяулы үнімен жеткен»

Талдау

Мұғалім сыйы Бейнефильм

«- Әке, мен сенің 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы».

Топтық іс-әрекеттер Сұрақтар

  1. Алтын діңгек-отбасы дегенді қалай түсіндірер едіңіз?

  2. Осы фильмнен ойыңызды ортаға салыңыз

  3. Бала үйдің мерекесі дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

  4. Бала өмірдің жалғасы,көз қуанышы шаңырақ иесі деп оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген, неге?

  5. Өзін-өзін тану рухани білім беру идеясының авторы кім?


Шығармашылық жұмыс

Отбасы суретін бейнелеу

Ітоп. Отбасы мүшелерін гүл арқылы бейнеле

ІІтоп. «Алтын діңгек» нұр шашқан бейне

ІІІтоп. Менің байлығым


Бала тәрбиесіне келсек ата – ананың жауапкершілігі зор. Өйткені, мінез – құлқын, өмірге көз қарасын дұрыс қалыптастырып, заман талабына сай азамат етіп өсіру оңай міндет емес. Бала тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді үйренеді, еңбекке, өнер – білімге, бой ұрады.Сондықтан да отбасында күнделікті болып жатқан сан алуан ірілі-уақтылы оқиғалар:ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы,баламен сөйлесуі,үй шаруасы атқарылуы,уақытты өткізуі,туыстар мен жолдастарға ықыласы бәрі балаға әсер етеді.Жанұядағы қатынастың бір түрі-бос уақытты тиімді пайдалану.Бос уақыттың әлеуметтік рөлі зор.Өйткені ол адамның дене және рухани күщін қалпына келтіруімен бірге оны келешек еңбек пен қоғамдық іс-әрекеттеріне пайдаланады.Осы тұрғыдан бос уақытты дұрыс пайдалану үшін жанұя мүшелерінің арасындағы өзара келісім нық және баянды болуы керек.Жеке адамның (әке мен ана) тілегі жалпы жанұя мүшелерінің тілегімен сай келуі керек.Сонда ғана жанұяда,алауыздық,қайшылық,жау-жанжал болмайды сонымен қатар ата-ананың баламен қарым-қатынасы орынсыз қамқоршылыққа айналмауы керек.Бала ата-ананы қамқоршысы ретінде санамай,керекті жерде кеңес,ақыл,нұсқау алатын дос,әрі беделді азамат қатарлы сезіну керек.Бала отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты,ең әділетті,қарым-қатынастың куәсі болып,үлгі өнеге болады.Отбасында баладағы жауапкершілік өзгелерге достық,ар-намыс сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Отбасыңызға бақытты ғұмыр тілеймін!


Топпен ән айту.

«Көңілді күні»

Үйге тапсырма.Жан тыныштығы.

Адамның жан дүниесі тынышталса, отбасында тыныштық болады

Отбасында тыныштық болса, қоғамда тыныщтық болады

Қоғамда тыныштық болса мемлекетте тыныштық болады

Мемлекетте тыныштық болса әлемде тыныштық болады, жан тыныштығы жөнінде өз отбасы мүшелерімен пікірлесу.


Жиналыстың қорытынды сәті.

Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен жіберіледі.





































Автор
Дата добавления 07.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров145
Номер материала ДБ-016052
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх