Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Презентации / Семинар тренинг "Ұстаздық әдеп"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Семинар тренинг "Ұстаздық әдеп"

Выбранный для просмотра документ семинар-тренинг Әдеп.ppt

библиотека
материалов
Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік
* Педагогикалық әдеп дегеніміз не?
* Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады және педагогикалық...
* Педагогикалық әдеп тілдесу, қарым-қатынас жасау кезінде сөйлесу икемділігін...
* Педагогикалық әдептің ерекшеліктері ұстаздың кәсіби мінез-құлығындағы, іс-ә...
* Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі Ұстаздық шеберлік
* Ұстаздық шеберлік дегеніміз не?
* Ұстаздық шеберлік дегеніміз: педагогтың пәнді жетік білуі оқыту мен тәрбиел...
* Ұстаздық шеберліктің негізгі белгілері Кәсіптік білім Біліктілік Дағды Кәсі...
* Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болуы керек? (мұғалімнің, оқуш...
* Педагогтың бойында болу керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша) Ме...
* Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша)...
* Педагогикалық этикада ұстаздың адамгершілік қасиеттері қоғамдық құндылыққа...
13 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік
Описание слайда:

Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік

№ слайда 2 * Педагогикалық әдеп дегеніміз не?
Описание слайда:

* Педагогикалық әдеп дегеніміз не?

№ слайда 3 * Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады және педагогикалық
Описание слайда:

* Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады және педагогикалық адамгершіліктің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық еңбектегі адамгершіліктің ортақ қағидаларының жүзеге асырылуын қадағалайды, оның негізгі қызметтерін және этикалық категорияларды қарастырады.

№ слайда 4 * Педагогикалық әдеп тілдесу, қарым-қатынас жасау кезінде сөйлесу икемділігін
Описание слайда:

* Педагогикалық әдеп тілдесу, қарым-қатынас жасау кезінде сөйлесу икемділігінде оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу икемділігінде өзін-өзі ұстай алу және талап ету икемділігінде

№ слайда 5 * Педагогикалық әдептің ерекшеліктері ұстаздың кәсіби мінез-құлығындағы, іс-ә
Описание слайда:

* Педагогикалық әдептің ерекшеліктері ұстаздың кәсіби мінез-құлығындағы, іс-әрекетіндегі өлшем ықпал етудегі және өзара әрекеттесудегі әдістерді, түрлерді, тәсілдерді таңдау өлшемі

№ слайда 6 * Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі Ұстаздық шеберлік
Описание слайда:

* Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі Ұстаздық шеберлік

№ слайда 7 * Ұстаздық шеберлік дегеніміз не?
Описание слайда:

* Ұстаздық шеберлік дегеніміз не?

№ слайда 8 * Ұстаздық шеберлік дегеніміз: педагогтың пәнді жетік білуі оқыту мен тәрбиел
Описание слайда:

* Ұстаздық шеберлік дегеніміз: педагогтың пәнді жетік білуі оқыту мен тәрбиелеудің әдіс- тәсілдерін міндетті түрде білуі педагогтың өмірге деген көзқарасы педагогикалық әдеп

№ слайда 9 * Ұстаздық шеберліктің негізгі белгілері Кәсіптік білім Біліктілік Дағды Кәсі
Описание слайда:

* Ұстаздық шеберліктің негізгі белгілері Кәсіптік білім Біліктілік Дағды Кәсіптік қабілет Педагогикалық әдеп Педагогикалық техника

№ слайда 10 * Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болуы керек? (мұғалімнің, оқуш
Описание слайда:

* Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болуы керек? (мұғалімнің, оқушының, ата-ананың пайымдауынша)

№ слайда 11 * Педагогтың бойында болу керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша) Ме
Описание слайда:

* Педагогтың бойында болу керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша) Мейірімділік Балаларға деген шынайы махаббат Эмоционалдық байсалдылық Әділдік Балаларға деген зейін Қайырымдылық Сергектік Өмірді сүйгіштік Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу Жігер

№ слайда 12 * Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша)
Описание слайда:

* Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша) Дөрекілік Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдамау, сыйламау 3. Әділетсіздік 4. Өзін-өзі ұстай білмеу 5. Әдепсіздік 6. Балаларға немқұрайлы қарау 7. Өзінің пәніне немқұрайлы қарау

№ слайда 13 * Педагогикалық этикада ұстаздың адамгершілік қасиеттері қоғамдық құндылыққа
Описание слайда:

* Педагогикалық этикада ұстаздың адамгершілік қасиеттері қоғамдық құндылыққа айналады, бұл қасиеттерсіз мұғалімнің басқа да кәсіби қасиеттері мен икемділіктердің құндылықтары жойылады. Зияткерлік және психологиялық қасиеттермен бірге жауапкершілік, абырой, әділеттілік, шынайылылық, ар-ұят, қарапайымдылық сияқты қасиеттер педагогикалық беделдің негізгі құрауыштары болып табылады.

Выбранный для просмотра документ Ұстаздарға арналған тренинг педагогтық әдеп.docx

библиотека
материалов

Ұстаздарға арналған семинар - тренинг

Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік (1-слайд)


Мақсаты: оқу – тәрбие жұмыс барысында оқытушылар мен оқушылар арасында адамгершілікпен әдептілікке тәрбиелеу әдіс – тәсілдерін үйрету.

Өткізу түрі: тренинг

Қатысушылар: педагогтар

Құрметті педагогтар бүгінгі «Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік» атты семинар-тренингке қош келдіңіздер. Жаңа алған карточкаларыңыз бойынша «Мұғалім-мұғалім», «Мұғалім-оқушы», «Мұғалім-ата-ана» 3 топқа бөлініп отырсаңыздар.

Қатысушы педагогтарды «Мұғалім-мұғалім», «Мұғалім-оқушы», «Мұғалім-ата-ана» 3 топқа бөлу. (суретті карточкалар беру арқылы)

(2- слайд)Алдымен топта жағымды қарым-қатынас, көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін бір-бірімізбен амандасып алайық.

Амандасу рәсімі: әрбір топ өзінің топ атауына сәйкес амандасу түрін көрсетеді.

3 слайд.

Педагогикалық әдеп дегенімізді қалай түсінесіздер, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер. (пікірлер тыңдалады, талқыланады).

Жүргізушілер осы сұрақты қорытындылау.

4-слайд. Педагогтық әдеп, кең мағынасында алғанда – мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс – тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.

(5-слайд) Педагогикалық әдеп оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен қандай іс-әрекет түрлерінен көруге болады?

(Жауап 6-слайд)

  • тілдесу, қарым-қатынас жасау кезінде

  • сөйлесу икемділігінде

  • оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу икемділігінде

  • өзін-өзі ұстай алу және талап ету икемділігінде


Жүргізуші: (7-слайд) Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі бұл – ұстаздық шеберлік.


8 слайд. Ұстаздық шеберлік дегеніміз не? (Қатысушылардың ой-пікірі тыңдалады)

Жауап 8-9 слайд.

10 слайд. Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болуы керек? (мұғалімнің, оқушының, ата-ананың пайымдауынша). Әр топ өзіне қатысты сұрақтарға жауап береді.

Жауап 11-12 слайдтар.


«Өзіндік ереже» жаттығуы

Психолог: Құрметті педагогтар,барлығымыз педагогикалық не екенін түсініп білдік. Енді әрбір топ оқушымен, мұғаліммен, ата-анамен қарым-қатынаста жасауда қандай педагогикалық ереже қолданатын жазып түсіндіріп өтсе.

Талқылау: - Жаттығуды орындауда қиындықтар туындады ма? Қарым-қатынас жасаудағы ереже артық деп есептейсіз бе?


«Эврика» жаттығуы

Жүргізуші:барлықтарыңызға мәлім  Архимед қиын тапсырманың шешімін тапқан кезде «Эврика» деп айтқаны. Қазір сіздерді байқап көреміз қиын педагогикалық жағдаяттарды шешімін табуға. Олай болатын болса «Эврика» жаттығуын бастайық.

Педагогтарға алдын ала карточкада дайындалған педагогтық әдепке қатысты жағдаяттар беріледі.

Мұғалім-оқушы тобына арналған жағдаяттар.

1-жағдаят.Оқушының оқудағы жетістіктеріне көңілі толмайды, өзінің икемділігінен күмәнданады, оқу материалын түсініп, игеріп алатындығына көзі жетпейді, ол мұғалімге: «Сіз қалай ойлайсыз, мен қашан да болсын сыныптастарымнан қалмай жақсы үлгеріп, оқып кете аламын ба?»-дейді, Сіздің жауабыңыз?

     Жауаптар:

     1) Сенің икемділігің өте жақсы, мен саған үлкен сенім артамын.

     2) Қане отырып әңгімелесіп, мәселені шешейік

     3) Әрине, бұл туралы сен күмәнданбасаң да болады.

2-жағдаят.

- Бала бақылау жұмысын жазудан бас тартады: «Мен жазбаймын, менің жазғым келмейді!».

- бала тақтаға шығуға бас тартады: «Мен тапсырманы шешу үшін тақтаға шықпаймын».

- Бала орынынан секіріп қолын көтереді: «Мені сұраңызшы, мен жауап бергім келеді», егер ол оқушыны сұрамаса, ренжиді және басқаларға жауап беруге кедергі келтіреді.



Мұғалім-ата-ана тобына арналған жағдаяттар.

      1-жағдаят.Оқу жылы басталды. 6-шы сыныпта оқитын Арман әкесімен қыркүйектің басында, егер мен жақсы оқитын болсам, маған велосипед алып бересіз бе, деп келісті. Әкесі ойланбастан уәдесін берді. Арман жақсы оқуға тырысты, бірақ ол жақсы жетістікке әр түрлі әдістермен жетті. Математикадан көршісі Мөлдірден, басқа сабақты тағы басқалардан ұқыптап көшіріп алып жүрді. Әкесі Арманның күнделігін бақылап жүрді, бағалары дұрыс. Арманның  әкесі уәдесінде тұрып, жазғы демалыс кезінде баласына велосипед алып берді.

      Сұрақтар:

     1)Сіз осындай екі жақты келісім шартқа қалай қарайсыз?

2-жағдаят. Ата-аналар жиналысында:

1-ата-ана: «Баламды әбден қинадыңыз, әр сабақ сайын сабақ сұрайсыз».

2-ата-ана: «Менің балама әрдайым қиын тапсырма бересіз және бағасын төмендетесіз. Ол үнемі оқып дайындалады бірақ 3-тен басқа баға қоймайсыз».

3-ата-ана: «Ақша жинау деген қай кезде тоқтатылады?».

Мұғалім-мұғалім тобына арналған жағдаяттар.

1-жағдаят.

Сабақтан кейін, өзінің сынып жетекшісіне ашулы сынып оқушылары келеді. Мария Петровна – бізге үнемі айқайлайды, жаман сөздер айтады, бағаларды дұрыс қоймайды, өзінің сүйікті оқушыларына жақсы баға қояды – деп сынып жетекшісіне шағымданады. Осы жағдайдан кейін сынып жетекшісі Мария Петровнаға барып сөйлеседі.

2-жағдаят.


«Сахналау» жаттығуы

1 топ «Мұғалім-мұғалім»

Кешігіп келген мұғалім мен әкімшіліктің арасындағы қарым-қатынасты сахналаңыз.

2 топ «Мұғалім-оқушы»

Үлгерімі төмен оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты сахналаңыз.

3 топ «Мұғалім-ата-ана»

Баласының тоқсандық бағасына келіспеген ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты сахналаңыз

«Би мектебі» сергіту жаттығуы

Мақсаты: қатысушылардың разогрев в начале тренинга, снятие напряжённости, коммуникативная разминка.

Тапсырма: қатысушылар екі шеңбер болып тұрады. Бірінші шеңбер екінші шеңбермен жұптасады. Ішкі шеңбер әуеннің ырғағымен қимыл ойлап көрсетеді, ал сыртқы шеңбер сол қимылды қайталау қажет. Содан кейін ішкі шеңбер бір қадам оңға жылжиды (осылайша қатысушылардың орны ауысады), жұптары ауысады. Сыртқы шеңбер қимыл көрсетеді, ішкі шеңбер қайталайды.

Талқылау: жаттығуды орындауда қиыншылықтар болды ма?


«Мәнерлі сөз» жаттығуы

Мұғалім-оқушы тобына

«Мында кел» фразасын айту

қатты,

таңырқап,

көңілді,

құпия – дауыс интонацияларына салып айту

«Жарайсың» фразасын

ақырын,

мейірімділікпен,

таң қалып,

көңілді – дауыс интонациясында айту

Мұғалім-мұғалім тобына

«Рахмет» фразасын

Ренжулі

Шын көңілмен

Қуанышты

Немқұрайлы - дауыс интонациясында айту

«Сауле Серікқызы»

Хабарлы

Мұңлы

Көңілді

Шаршаңқы - дауыс интонациясында айту

Мұғалім-ата-ана тобына

«Құрметті ата-аналар»

Бұйрық ретінде

Көңілді

Дауыстап

Ашулы - дауыс интонациясында айту

«Сәлеметсіздер ме!»

Таңырқап

Ақырын

Мимикамен

Қуанып - дауыс интонациясында айту


Рефлексия

Қатысушылар шеңбер бойымен жүзімнен жеп бүгінгі семинар-тренингтен алған әсерлеріңіз жайлы пікір тілектеріңізді білдіріңіздер.







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.10.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Презентации
Просмотров136
Номер материала ДБ-298076
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх