Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Семинар – тренинг «Тәрбие- білім беру үрдісінде «Портфолио» технологиясын пайдалану»

Семинар – тренинг «Тәрбие- білім беру үрдісінде «Портфолио» технологиясын пайдалану»


библиотека
материалов

Семинар – тренинг «Тәрбие- білім беру үрдісінде «Портфолио» технологиясын пайдалану».

Мақсаты: педагогтармен бірігіп портфолионың өзіндік құрылымын қарастыру.

Семинардың барысы:

  1. Рефлексия. Педагог-психолог

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Бірге: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Бірге: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Бірге: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Бірге: Сәлем!


  1. «Жеке тұлғаның шырқауы» мектеп жасына дейінгі баланың портфолиосы.

Мектеп жасына дейінгі бала портфолиосы баланың кешенді дамуы аясында отбасы мен балабақшаның өзара қарым-қатынасындағы басты бағыт болып саналады.

«Портфолио» деген ұғым не? (топпен жұмыс)

«Портфолио» деген ұғым соңғы жылдары кең тараған бүкіл әлемде бала жетілуін бағалайтын әдіс болып есептеледі.

Мұндай бала жұмысының коллекциясы, оның мүмкіндігінің алға басуын және нақты бір саладағы жетістіктерін немесе жеке тұлға дамуын бақылау – негізгі мақсат деп саналатын, балалар жұмысының ерекше көрмесін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі бала портфолиосы – ең алдымен, әр түрлі іс-әрекет кезеңіндегі жеке жетістіктерді, табыстарды, жағымды сезімдерді, өмірдегі ең бақытты сәттерді қайта еске алуды жинақтайтын сандықша.

Портфолионың өзіндік құрылымы бар және әрбір бөлімнің аты бар. Сонымен қатар әрбір бөлім мазмұнының үлгісі беріледі.

Барлық бөлімдер мектеп жасына дейінгі баланың жетістіктері мен мүмкіншіліктеріне сәйкес ақырын толықтырыла береді. Осындай папканы бір жыл бойы жүргізсе, баланың балабақшадағы өміріне қатысты да, маңызды құжаттармен жеткілікті толықтырылады.

Мектеп жасына дейінгі бала портфолиосы - өзіндік даму жолы. Жылына екі рет тәрбиеші, мамандар қажетті сұрақтар бойынша ата-аналарға кеңес береді.

Бала денсаулығының даму, танымдығының, дене бітімінің, эстетикасының, адамгершілігінің дамуы бойынша ата-аналарға өте әдепті түрде өз тілектерін, ойларын жеткізеді.

Педагогтар мен ата-аналар арасында портфолионың арқасында өте жылы, тығыз байланыс орнығады.

Әкесі мен шешесі берілген кеңестерді оқып, ойындар таңдауға, әдебиеттерді дұрыс қолдануға мүмкіндік алады. Сонымен қоса кез келген маманға, тәрбиешіге сұрақ қоя алады.

Жеке тұлғаның даму папкасының маңызды ерекшелігі - әрбір балаға жеке көзқарасты қалыптастырады. Балабақшадан шыққанда әрбір балаға өзінің папкасын береді. Бұл сыйлық балаға да, ата-анаға да қымбат. Баланың алғашқы ұстазына ол – баланың жан-дүниесінқабілетін, қызығушылығын «Жеке тұлға жетістігіне» жеткізетін кілт.


3. Портфолионың өзіндік құрылымын және әрбір бөлімін қарастыру. Сонымен қатар әрбір бөлім мазмұнының үлгісі беріледі. Бала портфолиосын қалыптастыру. Портфолио- баланың қол жеткізген тәжірибесі мен жетістіктерін құжаттайтын құрал. (слайд-шоу көрсету)





4. Сергіту сәті. Ойын «Мен, мен және менiң достарым»

а) «Жауапты iстi әрқашан тапсыра алам кiмге мен

Бірге:«Мен, мен және менiң достарым»,– деп жауап береді.

ә) « Кiм алды да жүредi, қол ұшын кiм бередi?»

Бірге:«Мен, мен және менің достарым», – деп жауап береді.

б) «Әдiл, әрi шыншыл боп кiм қалғысы келеді?».

Бірге: «Мен, мен және менің достарым», – деп жауап береді.

в) «Өкпелемей ешкiмге, тату дос боп қалады?»

Бірге: «Мен, мен және менің достарым», – деп жауап береді.

г) «Өз ойыншығын аямай, кiм дос бола алады?»

Бірге: «Мен, мен және менің достарым», – деп жауап береді.

д) «Анасының тiлiн алмайтын, кiм тiлазар болады?»

Бірге: «Жоқ, мен емес, менiң достарым да емес».

  1. Педагогтың портфолиосы. Портфолиомен жұмыс істеудегі ұсыныстар:

    • Педагогтың кәсіби қызметінің жетістіктерін көрсету;

    • Портфолионың және оның материалдарының үлгісі болмайды;

    • Өзінің іс-тәжірибесін, ерекшеліктерін, жағдайларын ескеру;

    • Шығармашылық, креативті көзқарас;

    • Диагностика нәтижелерін талдау және бағалау;

    • Қорытынды жасау.

  2. Педагогтардың портфолиосын ұсыну.

  3. Қорытынды. Рефлексия.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-340667

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG