Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Семинар-тренинг на тему "Мамандығым - тағдырым"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Семинар-тренинг на тему "Мамандығым - тағдырым"

библиотека
материалов

Бекітемін: Келісемін:

«№ 27 ЖОББМ» КММ оқу-тәрбие ісі жөніндегі

директоры «№ 27 ЖОББМ» КММ

_____ Сулейменова А. Е. директордың орынбасары

____Жундибаева Р. К.








Сыныптан тыс жұмыс:

hello_html_15fe39b3.gif



Өткізген математика пәнінің мұғалімі: Тусупова Г.С.

Қатысқан сынып: 9 «А»









2014-2015 оқу жылы




Тақырыбы: Математикалық сандықша
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикадан алған білімдерін нығайту, тереңдету, кеңейту, қолдана алу
Дамытушылық: математикалық ойлау қабілетін, ой - өрісін дамыту, логикалық есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: презентация, сіріңкелер
Математикалық сайыстың барысы:

Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Математикалық сандықша» ойынына қош келдіңіздер.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.

Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып ортаға «Алғырлар», «Тапқырлар» топтарын шақырамыз.


Жүргізуші:

Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек,»- деген. Олай болса, бүгін сендер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болуы керек және тәртіп сақталғаны жөн.

Енді бүгінгі сайысымыздың шартарымен танысыңдар: Ойын төрт кезеңнен тұрады. Яғни әр топқа төрт сандықшаны ашу керек. Ал сандықша тапсырмалары келесі:

Бірінші сандықша: А) Математикалық терминдердің дұрыс жазылуы

Ә) Ежелгі математикалық сөздер

Екінші сандықша: А) Бейне сұрақ

Ә) Практикалық тапсырма

Үшінші сандықша: А) Сенемің-сенбеймің

Ә) Қызықты жауаптар

Төртінші сандықша: Капитандар сайысы


Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып
Көрермендер аман ба?
Отырған анау ойланып
Сіздерді әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:
1. №27 ЖОББМ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Н.С. Ибраева
2. №27 ЖОББМ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Р.К. Жундибаева

3. Математика пәнінің мұғалімдері Ж.Б. Садыканова, О.В. Бушина
Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады.
Ойынымызды бастайық.

Бірінші сандықша:

А) Математикалық терминдердің дұрыс жазылуы. Әр топқа жеке сөздер беріледі. Бір әріпті әр бала айтып өту керек. Әр дұрыс айтылған сөзге 1 ұпай.

«Тапқырлар» тобына:

  1. Параллелограмм

  2. Транспортир

  3. Абсцисса

  4. Стереометрия

  5. Ирроционал

«Алғырлар» тобына:

  1. Планиметрия

  2. Параллелопипед

  3. Гиперболла

  4. Перпендикуляр

  5. Ордината

Ә) Ежелгі математикалық сөздер. Әр топқа ортақ сөздер беріледі.Үш жауаптың біреуін таңдау керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай

Бірінші сөз: “Түзу” сөзі латынның “лениа” деген сөзіне шыққан. Ол қандай мағынан білдіреді

Екінші сөз: “Трапеция” сөзі латынның “трапезум” деген сөзіне шыққан. Ол қандай мағынан білдіреді

Үшінші сөз: “Конус” сөзі латынның “конос” деген сөзіне шыққан. Ол қандай мағынан білдіреді

Төртінші сөз: “Цилиндр” сөзі латынның “цилиндурус” деген сөзіне шыққан. Ол қандай мағынан білдіреді

Екінші сандықша:

А) Бейне сұрақ. Топтарға ортақ сұрақ қойылады. Ойлануға 5 минут беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпай.

Ә) Практикалық тапсырма. Сіріңкелермен берілген басқатырғыштар.

Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Ойлануға 10 минут. Дұрыс жауап 20 ұпай

Бірінші топқа: Екінші топ:

hello_html_m6101394.pnghello_html_403ea4c6.png


Жауабы:

hello_html_m73cf45f5.pnghello_html_m1047b98a.png











Үшінші сандықша:

А) Сенемің-сенбеймің. Әр топқа сөйлем оқылады. Жауабын 2 минуттын ішінде жылдам сенемің, не сеңбеймің деп жауап беру қажет. Дұрыс жауап 1 ұпай

Бірінші топқа:

1-сұрақ: Геометрия сөзі грек тілінен аударғанда жер өлшеймін деген мағынаны білдіреді. (жер өлшеу)
2-сұрақ: Бір нәрселерді санау үшін қажет сандар рационал сандар (натурал сандар)
3-сұрақ: Әль-Фараби математик, дәрігер, ақын музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы. (Әль-Фараби)
4-сұрақ: Бұрыш транспортирдің көмегімен өлшеденеді.

5-сұрақ: П-дің мәні 3,14-ке тең. (3, 14-ке тең)
6-сұрақ: 125 саны 5 тің квадраты.

7-сұрақ: Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер перпендикуляр түзулер

8-сұрақ: у=х2 функциясының графигі параболла. (парабола)
9-сұрақ: Теорема дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем. (Теорема)
10-сұрақ: sin2α+cos2α- 2-ге тең болады. (1-ге тең)
Екінші топқа:

11-сұрақ: Алгебра сөзі «Әл-жебр» деген араб сөзінен шыққан. («Әл-жебр»деген араб сөзінен шыққан)

12-сұрақ: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800.
13-сұрақ: π саны рационал сан. (иррационал)
14-сұрақ: Алымы бөлімінен үлкен бөлшек бұрыс бөлшек. (бұрыс бөлшек.)
15-сұрақ: Үштің кубы 27.
16-сұрақ: у=х3 функциясының графигі параболла. (гипербола)
17-сұрақ: Жазықтықта геометриялық фигуралардың қасиеттерін зертейтін геометрияның бөлімі планиметрия деп аталады.

18-сұрақ: │х│=4 теңдеуінің түбірлері -4 те 4. (-4, 4)
19-сұрақ: Бір жазықтықта жататын және қиылыспайтын түзулер перпендикуляр түзелер. (параллель түзулер)
20-сұрақ: Шеңберді циркульдің көмегімен сызады.

Ә) Қызықты жауаптар. Топтарға мақал –мәтелдер оқылады. Оларды толықтыру керек. Жауабын әріптерді құру арқылы жауап беру керек. Дұрыс жауап 2 ұпай.

1 топқа:

  1. ....... атасын білмеген ұл жетесіз. (Жеті)

  2. . ....... жүйрік, мыңнан тұлпар. (Жүз)

  3. .........байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық. (Бір)

  1. Алты аға бірігіп әке болмас, ..... жеңге бірігіп ана болмас. (Жеті)
    2 топқа:

  1. ..... жеті өнер де аз. (Жеті)

  2. Бас екеу болмай, мал ...... болмас. (Екі)

  3. Отыз тістен шыққан сөз, ..... руға тарайды. (Отыз)

  4. Жеті қарақшыны таныған, ..... күнде адаспас. (Жеті)

    Төртінші сандықша: Капитандар сайысы.

Бұл сайыста капитандарға сөздер беріледі. Сол сөзді командасына түсіндіріп, жауабың алу керек. Бұл тапсырмаға 3 минут беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпай.


Бірінші топқа:

Пифагор теоремасы

Циркуль

Симметрия

Алгоритм

Фигура

Екінші топқа:

Транспортир

Арифметикалық прогрессия

Виет теоремасы

Интервал

Теңдеу



Әділқазылар алқасы ойын қорытындысын шығарғанша алдарыңызда Ахметқалиева Эльмираның орындауында

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.


Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсақ туса,
Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді,
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
Алдыңызға жайнаған жүзден әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділ – қазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Осымен «Математикалық марафон» атты сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, сау – саламат болыңыздар!






hello_html_6c8673ce.pnghello_html_6d43dede.png

hello_html_m3d179e03.png

hello_html_m594508ef.png







hello_html_41dbaf89.pnghello_html_m50683ee4.png

Краткое описание документа:

«Мамандығым - тағдырым» семинар-тренинг

  Жүргізуші: - Бүгін міне, осы  залда  баласының болашағынан  үміт  күткен  ата- ана   және  биылғы  оқу жылының  болашағынан  үміт  күттіретін  мектеп  түлектері,  жалпы  жоғары  буын  оқушылары  мен  ұстаздар  қауымы  бас қосып отыр.

   Бұл  бас  қосудың  маңыздылығы – мынау  нарықтық  қарым-  қатынас жағдайында  өмірге  аттағалы   отырған  жастың  көкейінде «кім болам?»  деген  сұрақ  тұр.

  Олай  болса,  біздің  бүгінгі «Мамандығым-тағдырым»  атты  семинар-тренинг оларға  өмірде  жаңылыспай, өз жолын  табуға  септігін  тигізердей  етіп, сіздер  мен  біздер  өзіміздің  бай  тәжірибемізді, ой толғаныстарымызды   ортаға  салып,  ой  бөліссек деген  ниетпен  өткізгелі  отырмыз. Шарамызды  бастамас  бұрын  қатысушылар мен қонақтарды  топ тобымен  орындарына  жайғастырып  алайық.

-Психологиялық ахуал: Оқушылар мен ата- аналар өзіне ұнаған геометриялық   фигураны кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай  да бір адам бойындағы қасиетті , қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді  танып көрелік.

І топ «Қазақ елі»  шеңберді таңдағандар

ІІ топ «Жаса,  Қазақстан!» тобы төртбұрышты таңдағандар

ІІІ топ  «Атамекен» тобы. Үшбұрышты таңдағандар.

Шеңберді таңдағандар: сіздерде адамгершілік қасиеті жоғары дамыған. Өз әріптестеріңізді  тыңдай  аласыздар  және оның қайғысы мен қуанышын  бірге бөлісесіздер, басқаның  ауыртпалығына жәрдемдесу қабілеті жоғары  қалыптасқан. Сізге жеке адамдар арасындағы  кикілжіңдер  тән емес, өзіңізді олардан   аулақ ұстайсыз.

Төртбұрышты таңдағандар :  Сіздерде  төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық қасиеттері дамыған. Өз  айналаңыздағы  адамдарды  жинап  ұйымдастыру, реттеу,  және жүйелеу  қабілеттері баршылық.

 

Үшбұрышты таңдағандар : Сіздерге басқарушылық  қасиет тән. Өз көздеген  мақсаттарыңызға  қол жеткізуге барлық  мүмкіншілікті жасайсыз. Өзіңізге  сенімдісіз  және  жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға  оңай  қол жеткізесіз. Айтқаныңыздан  қайтпайсыз,  абыройлысыз. Сіз қоғамда, өмірде жоғары  жетістіктерге  қол жеткізесіз, жұмысыңызда   жоғарыға  көтерілуге  бейімділігіз бар.

Автор
Дата добавления 06.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров341
Номер материала 369137
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх