Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСеминар-практикум "Шаттана оқимыз,Санаға тоқимыз"

Семинар-практикум "Шаттана оқимыз,Санаға тоқимыз"

Скачать материал

«Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейі» КММ

 

http://syzovaludmila.narod.ru/olderfiles/1/44.gif

 

                

 

                   «Шаттана оқимыз,

Санаға тоқимыз...»

 

                              /Семинар-практикум/

 

 

 

                                                             

 

                                                    

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Торгаева Алмаш Калижановна

                                                                Ю.А.Гагарин  атындағы мектеп- лицей

                                                            директорының  бастауыш сыныптар

                                                             бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

Ақадыр кенті

2015-2016 оқу жылы

 

 

 

 

                                              «Шаттана оқимыз

Санаға тоқимыз»

 

                                              /Семинар-практикум/

        І. Шағнұр бишілер тобының орындауында «Қазақ биі»

ІІ. Негізгі бөлім

     1«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов              
     Казіргі жаңару мен жаһандану, өсу мен өрбу, даму мен ілгерілеу заманында, ақпараттар мен техниканың ғарыштап дамыған заманында көркем әдебиетті оқыту түгіл түсіндірудің өзі бос әурешілік пе деп түсініп қаласың. Өйткені ел экономикасы ғарыштап дамыған компьютерлік заманда саналы ұрпақ интернет арқылы төрткүл дүниені аралап, не керегін алып, жан-жақты ақпараттанып жатқанда сенің «кітап оқы»  дегеніңе уақытын зая кетірмесі белгілі. Жоқ. Бұлай деп қол қусыру ертеңгі өсер ұрпақтың тамырына балта сілтеп, өсіру емес, өшіруге, түбірінен қырқуға әкелері хақ. Сондықтан біз мұғалімдер қауымы ата-аналармен, көпшілікпен бірге отырып мұндай апатқа дабыл қаға кірісуіміз керек-ақ. Болашағымыздың көзі-қарақты, көкірегі ояу, рухани санасына сәуле отын жағуға жол таба білуіміз қажет. Баланың рухани байлығын мол етіп тәрбиелеудің сан түрлі жолдары бар. Солардың бірі және бірегейі – баланы  кітап оқуға әуестендіру. Көркем шығармаларды оқытудың негізі бастауыш сыныбында ана тілі сабағында қалыптасқанымен, оны әрі қарай дамыту үшін кітапханамен байланыс жасаудың маңызы ерекше зор. Кітапханада өтілетін шаралар жоспарын жүйелі түрде ұйымдастырса, оқушылардың әдеби кітаптарға деген қызығушылықтарын арттыруға болады.

       Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінде 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспары негізінде жасалған «Оқу шаттығы» облыстық жобасы аясында мектебімізде жұмыс жоспарлы түрде жүргізілуде.

            Білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, кітап оқуға баулу әр ұстаздың басты міндеті

 Мақсатымыз: Балалар оқуының бағдарламасын жүзеге асыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру,бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығының нәтижесін мәдени оқу дәрежесіне көтеру. «Балалар оқуының Қазақстан картасы» шығармалардың қазақ,орыс және шетел әдебиеттерін үш тілде оқыту арқылы көптілділікті дамыту мақсатын қамтиды.

        Осы мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында біздің мектебіміз «Оқу шаттығы» жобасына кірді.

 2. Жобамен жұмыс жасауды бастамас бұрын бастауыш сынып кафедрасының кезектен тыс отырысын өткіздік. Жобаны оқып, талқыладық. Жалпы мектептің жұмыс жоспары жасалды. Осы жоспар бойынша әр сыныпқа жеке жұмыстар тапсырылды.

 3. Балаларды оқуға шақыру мақсатында «Кітап-білім бұлағы» тақырыбында кездесу өтті. Ойлы оқырман тәрбиелеу, оқырманның талғамын дамыту, мәтінді түсіне және зерделей білуге үйрету мақсатында өзара пікір алмасу өткізілді.Оқушылардың көбі өздері оқыған кітаптары туралы әңгімелей отырып, өз ойларын ортаға салды. Бастауыш сынып оқушыларының ерекше қасиеттерінің бірі – үздіксіз дамуға бейімділігі мен жаңалыққа жаны құмарлығы екені анық байқалды.

      4.Бала - біздің болашағымыз, әрқайсымыздың өмір жалғасымыз. Біз бітіре алмаған жұмысты, біз меңгере алмаған ғылымды меңгеретін солар. Демек, өмірдегі ең қадірлі іс, үлкен бақыт сол артымызда қалатын өмір жалғасын еңбекшіл, парасатты, елін сүйген азамат етіп тәрбиелеу болса керек. Осы мақсатта жоба жұмысын бастамас бұрын барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жоба жұмысымен таныстырылды. Ата-аналарға қатысты жұмыс түрлері түсіндірілді. «Отбасылық оқу» клубтарын құру қажеттігі айтылып, оның жұмысымен таныстырылды.

       5. Кітап – асыл қазына. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарды үйренеді . Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болса да құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық. Сондықтан алғашқы жұмысты әр сынып оқушыларының мектеп және кенттік кітапханаларға саяхатымен бастадық.

      Оқушыларды кенттік балалар кітапханасымен, ондағы кітапханашылармен, кітап қорымен таныстыру және келешекте оқушылардың пайдасына тиетіндей бағыт беру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында кенттік кітапханаға бардық.

       Кітапханада «Артық ғылым кітапта,Ерінбей оқып көруге.» тақырыбында пікіралмасу өтті. Оқушылар өздері оқыған шығармалары туралы ойларын ортаға салды. Кітапханаға саяхат оқушылардың көңілінде жақсы әсер қалдырды. Кейбіреулері кітапханашыдан өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға сұрап алып жатты. «Ертегі кейіпкерлерін тап» атты әдеби викториналық сұрақтарға жауап беруде белсенділік танытты.

      6. Баланың басты ұстазы ата-анасы. Егер отбасында ұжымдық оқудың  және оқылған кітапты талқылау қалыптасатын болса, балаларды оқуға тарту табысты болады. 3-4-сыныптарды отбасылық оқу клубтары ұйымдастырылды.

        7.  Жергілікті ақын,жазушы ағамыз Өмір Кәріп атамызбен кездесу өткіздік. Слайд арқылы ақынның өмірімен таныстырдық. Соңынан ақын аға өзінің кітабы, шығармалары жайлы айтып өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.  

        8. Оқушылар арасында «Абай-дана, Абай-дара қазақта», «Ана тілің арың бұл.» тақырыптарында мәнерлеп оқу сайыстары өтті. Көркем шығарманы әдеби тілдің орфоэпиялық ережесін, шығарманың тақырыбын, идеялық мазмұнын түсініп, белгілі бір жылдамдықпен дауыс үнділігін, ырғағын сақтай отырып оқуы қадағаланды.

          9.Мектепалды даярлық сыныптарын да тыс қалдырмай,олардың өздерінің қатысуымен «Жұлдызды сәт» интелектуалды ойыны және «Бауырсақ», «Шалқан» ертегілеріне сахналық қойылымдар қойылды.  

         10.Оқу мен тәрбие егіз. Олардың бірлігі балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Сол себепті сыныптарда өткен оқу жылында әр сыныптарда түрлі іс-шаралар жүргізілді: 1 «Б» сыныбында сауат ашудан «Ғарышқа ұшу.», 2«Г» сыныбында С.Жиенбаевтың «Әлия.» , 2 «В» сыныбында «Шығыстың қос жұлдызы.», 4«Г» сыныбында А.Байтұрсыновтың «Екі шыбын.» , 3 «В» сыныбында «Төрт түлік туралы жыр.» , 4 «Д» сыныбында Басни И.А. Крылова «Люблю ,где случай есть,пороки пощипать.» атты ашық сабақтар өткізілді . 3 «Б» сыныбында ата-аналармен дөңгелек үстел «Кітап оқуды қойған адам, ойлауды да қояды.»,  4 «В» сыныбында ата-аналармен дөңгелек үстел «Сіз балаңызбен әдеби кітап оқисыз ба?», 2 «Е» сыныбында ата-аналар жиналысы «Чтение-это необходимость или пережиток прошлого?», мектеп кітапханасында 3 сыныптар арасында  ертеңгілік «Кітап-білім бұлағы», 1 «Д» сыныбында сынып сағаты «Книга –мой лучший друг», 1 «Г» сыныбында сынып сағаты «Кітап-асыл қазына», 4 сыныптар арасында 23 сәуір «Кітап күніне» әдеби кеш өткізілді.

 

    Қорытынды: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Білім-кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады.Сондықтан , болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады.» дегендей кітаптың қаншалықты бізге қажет екенін ұғындыру біздің басты міндетіміз деп ойлаймын.

       ІІІ. Би «Бүркіт».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   http://gazeta19.ru/files/news/2e/90/bab7073a6cbb7700d30296acd6773e60.jpg

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Семинар-практикум "Шаттана оқимыз,Санаға тоқимыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 756 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2016 801
    • DOCX 85 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Торгаева Алмаш Калижановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Торгаева Алмаш Калижановна
    Торгаева Алмаш Калижановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7720
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 27 регионов

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе