Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Сен қазақша білесін бе ?"

"Сен қазақша білесін бе ?"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Сен қазақша білесің бе?».


Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту,қазақ тіліндегі білімін жетілдіру өткен тақырыптар бойынша сөздік қорын бақылау,сөйлемдер құрастыру, диолог түрінде әңгімелесу.Халық педагогикасын насихаттау. Қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылығын қалыптастыру.


Көрнекілігі: Суреттер,карточкалар,ойыншықтар,қоржын,асықтар.


Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап арқылы ойындар.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Психологиялық жаттығу

  3. Негізгі бөлімі

  4. Сұрақ-жауап

  5. Қорытындылау


  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіз бе!

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Сабағымызды жақсы жылы сөзбен бастайық.


Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Жарқырайды күніміз,

Күлімдеді жүзіміз.


2.Негізгі бөлім:

- Балалар,бүгінгі сабағымыз: «Сен қазақша білесің бе?»-деген тақырыпқа арналған.

Бүгін бізге қонаққа қандай жануар келді?. Түйе келді. Дұрыс. Түйенің үстіндегі не?

Қоржын. – Дұрыс қоржында асықтар бар,әр бір асық алған сайын бір тапсырмаларға жауап береміз.

Тақтада бір сөз жасырыңған,сұрақтарға дұрыс жауап берсек бұл жерде қандай сөз жазылғаның білеміз.

Тапсырмалар түсініткі болса бастайық.

  1. Тапсырма: Сұрақтар:

  • Біз қай Республикада тұрамыз?

  • Республикамыздың бас қаласы қай қала?

  • ҚР рәміздерін атап беріндер. /Ту, Елтаңба,Әнұран/

Әнұранды орындап берейік.

/бір әріп ашылады/

2-тапсырма: «Математикалық әлемі», Сұрақтар:

  • Ойын «Көршісін тап» /Осы сандардың алдындағы,кейінгі көрші сандарын ата/.

  • 1-ден ,10-ға дейін тура және кері санау керек.

  • Қандай пішін екенін атап шығу арқылы адамның бөлшегін құрау керек.

Сергіту сәті:

Ал санайық,санайық!

Санын біліп алайық,

Оң қолымда бес саусақ,санаймыз;-

Бір,екі,үш,төрт,бес.

Сол қолымда бес саусақ,санаймыз;-

Бір,екі,үш,төрт,бес.

Қосып едім екеуін,болып шықты оң саусақ.санаймыз:-

Бір,екі,үш,төрт,бес,алты,жеті,сегіз,тоғыз,оң.

/екінші әріп ашылады/


3-тапсырма: «Отбасы туралы»,Сұрақтар;

-Отбасында кімдер бар?.

-«Мынау кім?»-деген сұраққа

-«Мынау -Әже» деп жауап беру керек.........................


  • Көрсетілген отбасының суреттерінің ішінен,біреуін жасырамыз осыдан кейін : «Кім жоқ? »- деген сұраққа жауап береді.

  • «Бес саусақ» тақпақ:

  • Бас бармақ – Ата

  • Балан үйрек – Әже

  • Ортан терек – Әке

  • Шылдыр шүмек – Ана

  • Кішкене бөбек – Мен.

/үшінші әріп ашылады/

4-тапсырма: «Үй жануарлары»

Сұрақтар:

- «Бұл не?» деген сұраққа жауап беру.

-«Дауысынан таны» /үй жануарларын ата/Бұл қандай жануар?.

- Үй жануарларынын төлдерін ата!

/төртінші әріп ашылады/


5-тапсырма: «Сөздік ойыны-Созвучные слова»

-Мясо-ет

Лицо – бет

-Город-қала

Мальчик – бала

-Верблюд-түйе

Вишня – шие

-Желтый –сары

Старый-кәрі

-худой-арық

Курица-тауық

-Язык –тіл

Слон-піл

-Фрукты-жеміс

Победа-жеңіс


-Лед-мұз

Соль –тұз


-Девочка-қыз

Птица-құс

-Пять-бес

Вечер-кеш

-Вода –су

Хитрый-қу

-Масло-май

Месяц-ай


6-тапсырма «Қай сөз артық»

  • Сиыр,қой,кесе,ешкі,түйе,ат.

  • Ақ,қара,көк, сиыр,сары,қызыл.

  • Бас,аяқ, құлақ, ойыншық,көз.

  • Бір,бес,алты,бас,жеті,сегіз

  • Әже,әке,ана,бала,әтеш.

  • Тәрбиеші,күтуші,дәрігер,мейірбике,алмұрт.

/алтыншы әріп ашылады/

7-тапсырма «Ойыншықтарды ата» /орысша,қазақша атауларын атау керек/

Мяч-доп, ат-лошадь, қуыршақ-кукла, мысық-кошка,ит-собака,қоян-заяц,аю-медведь, түлкі-лиса,машина-көлік,

Сергіту сәті:- Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ықтып-ықтып жүгірді

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпандап.

Көжегі екен өзінің.

/жетінші әріп ашылады/

8-тапсырма: «Ғажайып қоржын»

/қоржының ішіндегі заттарды қолымен сипап не екенін атау керек,алып шығып оған сипаттама беру керек,түстерін атау,көкөніс-жеміс екенін ажырату/. /Қоржының ішінде5-көкөніс,5-жеміс болады: алма,алмұрт,банан,апельсин,лимон,картоп,сәбіз,қияр,қызылша,пияз/.

/сегізінші әріп ашылады/

9-тапсырма: «Киіз үйдің бөлшектерін атаңдар»

/Кереге,шаңырақ,уық,есік/

/тоғызыншы әріп ашылады/

Мұғалім: Балалар қарандар қандай сөз шықты «Балабақша».

Балалар барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.Осының бәрін біз қай жерде үйренеміз?/Балабақшада/ дұрыс.

Ортаға шығып «Киіз үйді»құрайық.

  • Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа керіліп,

Киіз үйді құрайық.

Қорытындылау:балаларды мадақтап,кішкене сыйлықтар тарату.









Автор
Дата добавления 30.10.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров233
Номер материала ДВ-109793
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх