Инфоурок Начальные классы КонспектыСен де бір кірпіш дүниеге...(өзін-өзі тану)

Сен де бір кірпіш дүниеге...(өзін-өзі тану)

Скачать материал

Сабақтың мақсаты:

Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.Оқушылардың өзін-өзі танып, өзін-өзі тәрбиелей білуіне және мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектесу Сабақтың міндеттері:

          Өзін-өзі тәрбиелеуіне жол ашу;

          Танымдық белсенділігін арттыру;

          Өзінің кәсіби дамуын жобалай  білетін қабілетін дамыту;

          Ой- өрісін кеңейту;
Дамытушылық: балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету; 
Тәрбиелік: ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, сюжетті суреттер,слайдтар.Н.ӘҮНазарбаевтың,Абай Құнанбаевтың портреттері,мақал-мәтелдер
Әдістер: әңгімелесу, ойын, жаттығу, түсіндіру,.
Эпиграф:

          Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. Абай 
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Шаттық шеңбері

Мұғалім балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберін құрып, бір-бірімен сәлемдеседі.
 

Сәлеметсіздер ме, балалар!Бүгінгі сабақты бастамас бұрын бәріміз ортаға шығып,шеңбер жасайық.Енді барлығымыз қолдарымыздан ұстап жақсы бір тілек тілейік Міне, көрдіңдер ме,бүгін бәріміз үлкен шеңбер жасадық."Ұйымдасқан ұтады" дегендей біз бір-бірімізбен ұйымшыл,тату болайық .

Әңгімелесу.                                     Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан

Сен де бір дүниеге

                                                            Кетігін тапта бар,қалан

 -деп ұлы Абай атамыз айтқандай әр адам өзі өмірден орнын тауып, өзінің қалауымен бір мамандық таңдап, сол мамандық иесі болу керек.

·         Абай Құнанбаев кім? Шын есімі кім?

·         Кімнен тәлім-тәрбие алады?  Ол кім?

·         Абай Құнанбаев кімдердің шығармаларын сүйіп оқиды?

·         Сіздер өздерің сол жақсы маман иесі болуға дайынсыңдар ма?

·         Ата-анаң қандай болғаныңды қалайды?

·         Өзіңнің кімге ұқсағың келеді?

·         Нағыз адам дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар өз түсініктерін ортаға салып айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытынды жасайды. 
Мұғалімнің сөзі: 
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, ата-анамыз біздің жақсы адам болғанымызды қалайды. Әрдайым ақылдарын айтады. Біздер ақылды, әдемі адамдарға ұқсағымыз келеді. Өзіміз де мейірімді, адал, білімді болып өсуге талпынамыз

Мамандық таңдау – тек қана болашаққа үңілу емес. Ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілу 

      Мамандық таңдау- жас өспірім жастағы ең  маңызды шешімдердің бірі.Үлкен өмірге енді ғана аяқ асқан жас ұланның алдын да мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдауға міндеті тұрады.Мамандық таңдау-мамандықтың жаманы жоқ,бірақ,мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді.Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен,өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды.Осыдан өз мамандығына  қанағаттанбаушылық ,реніш сезімдері болыптіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.

 

Менен сұрақ,сенен жауап

          Өзің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?


          Сен ол мамандық туралы не білесің?

          Мамандық таңдамауыңның себебі неде?

          Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?

 

          Қай жақта оқығанды ұнатасың?

          Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?

          Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?

 


Ойын-жаттығу

Оқушылардың бірі мамандықты айтады, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әріпінен басталатын мамандықты айтады.

Мысалы: Мұғалім-медбике-есепші, т.б жалғаса береді

Тыныштық сәті. 
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайлып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. 
НАЗАР АУДАРЫҢДАР.
 
Кім болғым келеді.


 


Ұшқыш боламын

Көкке ұшамын-

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Мұсабаевтай ағаның

Батыр болам-

Көк аспанды сүймін

Жұлдыздарға

Барып-келіп жүремін.

Дәрігер

Ақ желеңді киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді

Өзім өте сүйемін.

Дәрігермін мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

Көп-көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең, деймін.

Құрылысшы.

Үлгілерге қараймын,

Үй іргесін қалаймын.

Өрнектерін оямын,

FOREMANТерезесін қоямын.

Ұстаз.

Оқу- білім ордасы.

Ұстаз оның арнасы.

Ұстаздық деген ұлы іс,

Адамдықтың айнасы.

fe20_011

Шахтер.

Орны бөлек елдегі,

Шахтердің көп еңбегі.

0026-026-SHakhtjorТау-тау болып үйілген,

Оның қазған кендері.

ASTRNAUTҒарышкер.

Тұңғиықты-ғарышты,

Тұнып тұрған алысты.

Орындалып арманы,

Ғарышкерлер шарлады.

 

 

Тақтамен жұмыс

 Балалар барлығымыз тақтаға қарайық .Жаңа ғана Абай Құнанбаев жайлы айтып өткен болатынбыз.Енді ақынның бойында қандай жақсы қасиеттер бар екен сонымен танысайық.

ақылды

 

ақкөңіл                                                                                    алғыр

адал                                                                                         сезімтал

жүйрік ойлы                                                                            табанды

өткір тілді                                                                               ашық мінезді

көпшіл                                                                                       қабілетті

ақын жанды                                                                     ұлтжанды

қалжыңқой                                                                  қайсар

өнерлі                                                                            дарынды

                                                     турашыл

Дәйексөз:

“Өмірді тану- өзіңді  танудан басталады

( халық мақалының мәнін ашу)

 

 Түйіндеме:

Түйіндемеде оқушыларға мамандық таңдау жолдарына кеңестер беріледі.

1.Ең бірінші оқушы  өзіне деген сенімін  және өзін – өзі құрметтей білуі керек. 

2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет пе?», «Қайда жұмыс жасағым келеді?», «Кім болғым келеді?».

3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек. Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан соң жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау.

(Сіз кіммен араласасыз, соның бәріне мынадай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?)

4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек? )

  1. Кез келген арманды іске асыра біл.

6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де – компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.

Бес қадам маңызды жолдағы дұрыс қадам – қоғамда сіздің қажетті болуыңызға және арманыңыздың орындалуына себебін тигізері сөзсіз.

 

"Сөз маржаны мақал-мәтел "демекші,жұмбақтарды шешіп,мақал-мәтел,нақыл сөздерді талдап шығайық

 

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді.    (…….)

 

Адамның жүзін,

Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін?   (…….)

 

 

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.  (…….)

 

Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.  (……..)

 

Мақал-мәтелдер

1.      Жақсы болар жігіттің,

          Жұмыссыз жүрген күні жоқ.

          Жаман болар жігіттің,

          Еш жұмысқа қыры жоқ.

2.      Сүйіп істеген іс-шаршатпайды.

3.      Жақсы жұмыстан жан,рахат алады.

Жаман жұмыстан,көңілің қалады.

4.Құрыш қайрат,құрлыста шынығар.

   Істей жүріп тынығар.

Даналық сөздер

·        Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

·        Байлық-қанағат пен еңбекте.

·        Аз жұмыс қиынсыңсаң-көп жұмысқа тап боласың.

Азға  қанағат қылмасаң-көптеп құр қаласың.

·        Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.

·        Еңбек етсең қара жер де береді, құр тастамайды.

·        Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талатта,

Ешбір кемеңгер де шықпайды.

 

Мұғалімнің сөзі: 

Міне,қандай іс істесеңдер де, жақсы көріп,рахат алатындай алдын ала ойланып, жеті рет өлшеп, бір реткес-дегендей қайта ой елегінен өткізіп,мамандықты таңдаңдар.Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Әр адам өз мамандығының шебері болу керек" дегендей келешекте дұрыс таңдау жасап,Қазақстанның білімді,елін,,жерін сүйетін,алдына қойған сенімді мақсаты бар,дені сау азаматы болуларыңа тілектеспін.Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңызға рахмет.Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сен де бір кірпіш дүниеге...(өзін-өзі тану)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.Оқушылардың өзін-өзі танып, өзін-өзі тәрбиелей білуіне және мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектесу Сабақтың міндеттері:

Өзін-өзі тәрбиелеуіне жол ашу; Танымдық белсенділігін арттыру; Өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілетін дамыту; Ой- өрісін кеңейту;

Дамытушылық: балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету;

Тәрбиелік: ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 248 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 8949
    • DOCX 252.7 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кыстаубаева Гульжан Амангельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24775
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 668 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 25 регионов

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек