Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Сен білесің бе?» тренинг сабақ.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

«Сен білесің бе?» тренинг сабақ.

библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: «Сен білесің бе?» тренинг сабақ.


Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды халық ауыз әдебиеті

шығармаларының түрлері

жұмбақ,жаңылтпаш,мақал- мәтелдер мен таныстыру.

2. Халық шығармасының бұл түрлерін бір- бірінен

ажырата білуге,мәнін терең ұғып,мағынасын аша

білуге оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.

3. Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық

сезімін оятып, кішіпейілділікке, ізеттілікке

адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:талдау,салыстыру,әңгімелеу,топтау.

Сабақ түрі:тренинг сабақ

Пәнаралық байланыс:әдебиет,орыс тілі

Көрнекілік:интерактивтік тақта,үлестірмелі қима қағаз



Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру.

-Сабағымызды бастамас бұрын,қане балалар ойымызды жинақтау үшін мен сендерге гүл беремін. Гүлді алып әр бала өзінің ешкім білмейтін,өзі жақсы көретін бір қасиетін айтып ойынды одан әрі жалғастырады.Мысалы мен Гүлжанар кітап оқығанды жақсы көремін.

-Сәлемдесу.

-Әр топ өздерін таныстырып,топ басшыларын тағайындайды.

-Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс жасауға,ойларын бөлісіп,аш- ық айтуға дағдыландыру.

-Сынып екі топқа бөлініп отыр,енді сабағымыздың ережесімен танысайық.

1. Тыныштық сақтау.

2 .Бірін бірі тыңдау.

3.Қол соғу.

4.Ойын ашық айту.

-Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1.Бөлім

1.Кіріспе бөлім. «Қына тасқа бітеді,Білім басқа бітеді.»

-Әр топ қоржыннан тапсырма алады.Ойлануға уақыт беріледі.

-Тапсырмалар.

1.Жаңылтпаш дегенді қалай түсінесің?

2.Жұмбақты қалай түсінесің?

3.Батырлар жыры дегеніміз не?

4.Аңызды сен қалай түсінесің?

5.Мақал дегеніміз не?

6.Мәтел дегеніміз не?

7.Шешендік сөздерді қалай түсінесің?

8.Ертегі туралы не білесің?


2.Бөлім.

-«Халық айтса,қалт айтпайды.» деген бөлім.Бұл бөлімде тақырып беріледі,сендер тақырыпқа сай үш мақалдан айтасыңдар.Ойлануға бір минут.

1.Туған жертан туралы.

2.Өнер- білім туралы.

3.Ынтымақ- бірлік туралы.

4.Үлгі- өнеге,тәлім- тәрбие туралы.

3.Бөлім.

-«Ой түбі алтын,ойлай берсен аларсын.» деген бөлім.Бұл бөлімде әр топқа жеке- жеке жұмбақ жасырамын,шешіп ,шешуін екі тілде айтамыз.


-Бір кеме аспанда ұшқан аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерді кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.\Бұлт \


-Кигені қызыл,күлгін, жасыл киім,

Дәл сондай ешкімде жоқ асыл киім.

Екі апам қатарласып қай жерде тұр,

Шешуі жұмбағымның емес қиын.\Кемпірқосақ\


4.Бөлім

-«Кім жаңылыспайды.» деген бөлім.Бұл бөлімде топ басшысын шақырамын.Жаңылтпаш оқимын,бірден жаңылмай қайталау қажет.

-Ұзаққа құрма тұзақ,

Ұшпайды ұзақ ұзап.

Түседі ұзақ өзі ақ,

Ұзаққа құсаң тұзақ.


-Қарамайлы қарағай,

Кесейін бе,кеспейін бе?

Қазықтағы қара тайды,

Шешейін бе,шешпейін бе?


5.Бөлім

-«Білегі күшті бірді жығады,Білімі күшті мыңды жығады.» деген бөлім.Бұл бөлімде батырлар жырынан үзінді оқылады,үзінді қай жырдан болғанын шешу керек.

- «Я,бабам !» дей берді,

Елінің қамын жей берді.

Қорамсаққа қол сады,Бір салғанда мол салды.

Кезегендей қалады, Созағандай алады.

Алаша аттың басы деп,Қалмақы ердің қасы деп,

Қақ жүректің тұсы деп,Өлер жерің осы деп,

Толықсып келген қалмақты........\Ер Тарғын жырынан үзінді\




-Шыдай алмай ашуға,

Артынан қуып жетеді,

Кеткенсін қайтып келмеді,

Өткеннен де сұраймын,

Кеткеннен де сұраймын,

Хабарын ешкім бермейді,

Жеті жыл болды кеткелі,

«Ел жұртым қалды» демеді.

Ұшырадық зорлыққа,

Көніп жүрміз қорлыққа,

Тілекті Алла бермеді.........\Алпамыс батыр жырынан үзінді\


6.Бөлім

-«Мыңнан біреу көсем,Жүзден біреу шешен.» деген бөлім.Бұл бөлімде құлақ құршын қандырған,талай жаудың ат басын тартқызған шешендеріміздің сөздерінен үзінді оқылады,қай шешеннің сөзі екенін табу керек.


-Уа,көсіле шабар жерің бар,

Ту көтерер ерің бар,

Қол боларлақ елің бар,

Атадан қалған жолың бар,Құлдық құрсаң дұшпанға,

Арылмайтын сорың бар,

Құлдық ұрсаң дұшпанға,Еркек болып туды деп,Мына сені кім айтар?

-деп толғайды.Бұл Төле бидің Қарабек батырға айтқан төрелік сөзі.



-Асусыз тауға кездестім,

Арылмас дауға кездестім,

Алынбас жауға кездестім,

Өткелсіз суға кездестім,

Елсіз шөлге кездестім,

Табылмас жоққа кездестім,

Дауасыз дертке кездестім.

-деп,Малайсары Сырым батырға айтқан екен.



-Өлең,мақал,жаңылтпаш,ертегі,жыр,

Мұның бәрі жанды сөз,ішінде сыр.

Елдің сәні сақталар жақсы сөзбен,

Қай жұрт болсын толассыз осыған құл.


-деп І.Жансүгіров айтқандай бүгінгі

«Сен білесің бе?» атты тенинг сабағымыз өз мәресіне жетті,енді келесі кезекті әділ- қазы алқасына сөз кезегін берейік.Қазақта «Ат шаба ма,бап шаба ма?» дегендей қай топ қанша ұпай жинап алға шықты соны байқайық.

-Сөз кезегі төрешілерге береміз.







































Краткое описание документа:

      Сабақтың тақырыбы: «Сен білесің бе?» тренинг сабақ.

 

      Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды халық ауыз әдебиеті         

                                           шығармаларының түрлері

                                          жұмбақ,жаңылтпаш,мақал- мәтелдер мен таныстыру.

                                          2. Халық шығармасының бұл түрлерін бір- бірінен           

                                           ажырата білуге,мәнін терең ұғып,мағынасын аша                  

                                          білуге оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.

                                        3. Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық              

                                          сезімін оятып, кішіпейілділікке, ізеттілікке                

                                          адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:талдау,салыстыру,әңгімелеу,топтау.

Сабақ түрі:тренинг сабақ

Пәнаралық байланыс:әдебиет,орыс тілі

Көрнекілік:интерактивтік тақта,үлестірмелі қима қағаз

Автор
Дата добавления 12.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1350
Номер материала 382526
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх