- 23.04.2015
- 733
- 0
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебі
өзін-өзі тану пәні мұғалімі Елекеева Жанна Аманнолақызы
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №34 орта мектебі Мерзімі: 09.02.2015 ж.
№ 21. Тақырыбы: Сенім менің серігім
Құндылық: ішкі тыныштық
Қасиеттер: өз-өзіне сенімділік, қоғамға сенім білдіру, жауапкершілік
Мұғалім: Елекеева Ж.А
Сынып: 5
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ішкі тыныштық құндылығының өзіне сенімділікті қалыптастыратынын ұғындыру. Міндеттері: -оқушыларға жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін түсіндіру; -оқушылардың өз-өзіне сенімді болу қасиеттерін дамыту; - қоғамға сенім білдіруге тәрбиелеу; | Ресурстар: (нақыл сөздер, бейне фильм, үнтаспа) |
Сабақтың барысы:
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын » Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі. | Сабақ барысын талдау: |
«Сенім» туралы ұлылардың сөздерін жазып келу. Оқушылар жазып келгендерін оқиды. | |
| |
| |
| |
«Сенім» 1.Сездірмей жүрген, Тек өзім білген. Бір сенім бар, Жоғалмас мүлдем. Сол сенім бар да, Асығам алға, Ақ тілегім, биікке самға. Қ-сы Тағдыр жолы көп торабы, Ақ пен қара жолағы. Сенім – маған серік болады. Ақ таңдарды мен көремін, Дауылды да жеңемін. Жүрегіммен сенемін. 2. Жылуын берер, Шапағат төгер, Махаббатым адаспай. Асқардай биік, Армандар жиып, Мен өтемін Өмірді сүйіп. | |
| |
|
6 653 363 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Елекеева Жанна Аманнолақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72/180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.