Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Сергіту сәті" (1-4 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Сергіту сәті" (1-4 класс)

библиотека
материалов





































Новокаменка негізгі мектебі









Бой сергіту жаттығулары








Жинақтаушы:Хайруллина А.Ә



2011/2012 оқу жылы

Бала,бала балақан,

Кәне қайсы алақан.

Саусақтарын әйбат,

Былай-былай ойнат.

Топ-топ басайық

Қағаздан гүл жасайық.

Жаса-жаса алтын күн.

Жаса-жаса жарқын күн.


Жаза,жаза қолымыз

Талып кетті-ау көзіміз

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш

Жалқаулықты тастайық

Жаңа сабақ бастайық.


Тік тұрам да

Қос қолмен

Таянамын бүйірді.

Топылдатып аяқты

Шапалақтап қолымды

Екі жаққа жаямын

Бір отырып,бір тұрып

Орнымды мен табамын.


Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар

Саусақтармен ойнаңдар

Қолдарыңды сермеңдер

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын.






  • Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (жанындағы досын көрсетеді)


  • Мектебің мынау – сыныбың, (қолдарын екі жаққа жаяды)

Осында он жыл тұрасың, (он саусағын көрсетеді)

Тарыдай боп кіресің, (орындарына отырады)

Таудай болып шығасың, (қолдарын жоғары көтеріп,

орындарынан тұрады) .


  • Армысың,сұлу күн! (күнге қарап бас иеді)

Армысың,ашық аспан! (аспанға қарап бас иеді)

Қайырлы күн, баршаға! (құшақтарын жаяды)


  • «Көлеңке»

Мұғалім:

-Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Құмырсқа қалай жүреді?

Көрсетші менің көлеңкем.

(оқушылар қимылмен құмырсқаның жүрісін көрсетеді)

Мұғалім:

-Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Құстар қалай ұшады?

Көрсетші,менің көлеңкем.

(оқушылар қимылмен құстардың ұшуын көрсетеді,басқа да жан-жануар,жәндіктерді қосу мұғалімге байланысты)


  • Бір,екі,үш (аяқтарын кезек-кезек көтеріп,түсіреді)

Бойға жинап күш, (қолдарын жоғары тік көтеріп,иық тұсынан бүгеді)

Бір,екі,үш (аяқтарын кезек-кезек көтеріп,түсіреді)

Қанат қағып ұш! (қолдарымен құсша қанат қағады)




  • «Көңіл күйімді тап»

Мұғалім әр түрлі көңіл күйді білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздарды үстел үстіне жазуы көрінбейтіндей етіп жайып қояды.Балалар кезегімен шығып кеспе қағаздардың біреуін таңдайды. Кеспе қағазда жазылған сөзді мұғалім баланың құлағына сыбырлап айтады.Бала сол көңіл күйді тек қимылмен ғана көрсетеді.Балалар оның қандай көңіл күйді көрсеткенін табуы тиіс.

Кеспе қағазға жазылатын көңіл күй қимылдарының үлгісі: күлімдеу,жымию,күлу,қуанғаннан секіру,бас бармағымен «бәрі жақсы» деп көрсету,қуанғаннан билеу, арқадан қағу, басынан сипау және т.б.



  • «Мен жақсы оқушымын»

Балалар ,сендердің жақсы оқушы болғандарыңды қалайды.Ол үшін сендер «Мен жақсы оқушымын» деген жазуы бар алқаны кезегімен тағып тұрып не себепті жақсы оқушы екендеріңді айтып шығыңдар.

Мысалы:

-Мен жақсы оқушымын,өйткені сабаққа кешікпеймін.

-Мен жақсы оқушымын,өйткені тазалықты сүйемін.

-Мен жақсы оқушымын, өйткені оқу-құралдарымды таза ұстаймын.

-Мен жақсы оқушымын: өйткені,достарымды жақсы көремін.

-Мен жақсы оқушымын, өйткені, достарыма көмектесемін.

-Мен жақсы оқушымын, өйткені, үлкендерді сыйлаймын және т.б.

Осылайша әр оқушы өз ойын жалғастырып айтады.


  • «Дауыста,дауысыңнан танимын».

Мұғалім ортаға бір оқушыны шығарып,оның көзін таңады.Қалған оқушылар оны қоршай дөңгелене тұрады.Көзітаңулы ортадағы оқушыны сол тұрған орнында айналдырады.Шеңберде тұрған кез келген оқушыны оның қасына апарады.Ол оқушы дауысын өзгертіп жақсы,жылы сөздер айтады. Көзі таңулы тұрған бала дауысынан оқушыны кім екенін танып,атын атауы керек.Жаңылса ән,өлең айтады және т.б. Ортадағы ойыншы ауысады.Осылайша ойын жалғаса береді.




  • «Мен қандай баламын»

Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына «Мен» деген сөз жазылады.Алдын ала оқушылар санына сәйкес қағаздан жасалған күннің шуағы тәріздес сары жолақтар балаларға таратылады.Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін айтып, «шуақты» тақтаға кезекпен іліп отырады.Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен қүн құрастырылады.


«Сыпайы сөзді қайда,қалай қолданамын?»

Мұғалім немесе балалар кезегімен бір сыпайы сөзді атағанда,ол сөздің қайда,қалай қолданатынын бәрі бірігіп анықтайды.

Мысалы: «Рұқсат етіңіз» деген сөз бойынша берілетін жауап мынадай болуы мүмкін:Бөлме ішінде отырған уақытта сыртқа шығу керек болса: «Сыртқа шығып келуге рұқсат па?» деп қолданамын.

Ойын-тапсырма осылайша жалғаса береді.


«Көмектесе білейік»

Балалар шеңбер құрып тұрады.Ойынның шарты бойынша мұғалім допты қағып алған бала өзінің беретін көмегі туралы айтуы қажеттігін түсіндіреді. Мұғалім өз тарапынан көрсетілетін «көмек» туралы (мен сендерге оқуға көмектесемін) айтып балаға допты лақтырады.Допты қағып алған бала өз тарапынан көрсетілетін көмек туралы айтып,(Мен анама үй жинауға көмектесемін;Мен досымның көңілсіз сәтінде жақсы сөздер айтып,оны қуантамын.Мен сыныпта қағаздарды жинауға көмектесемін.Мен мұғалімге тақтаны сүртуге көмектесемін:Мен досыма есептің шығару жолдарын көрсеттім.Мен Сәулеге өлең жаттауға көмектестім.Мен ініме ақыл айттым және т.б) келесі балаға допты лақтырады.Барлық бала айтып біткенше ,ойын осылайша жалғаса береді.







  • Армысың шапағатты күніміз, (балалар күнге қарайды)

Армысың мейірімді жеріміз, (Қолдарын жерге жақындатады)

Армысың табиғат-анамыз, (бастарын иеді)

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз. (өздерін көрсетеді)


  • Амансыз ба,күн! (қолымызды жоғары көтеріп қолымызбен қатар

Амансызба,дос! тұрған көршімізді көрсетеміз)

Амансыз ба,шеңбер,әнге қос! (қол ұстасып,қатар тұрған

көршілеріміздің қолдарын қысамыз)

Амансыз ба,ғасыр! (Қол ұстасамыз және қолдарымызды жоғары Амансыз ба, әлем! көтереміз)


  • Нан қоқымын шашпаңдар! (қолдарын бұлғайды)

Жерде жатса, баспаңдар! (қолдарын бұлғайды)

Теріп алып, қастерлеп, (алақанын жаяды)

Торғайларға тастаңдар! (саусақтарының ұшымен себелеу

қимылдарын жасайды)


  • Бойыңды сергек тік ұста, (бойларын тік ұстайды)

Деміңді ішке тез ал да. (демін ішіне тартады)

Емін-еркін тыныста. (терең дем шығарады)

Сол қолыңды соз алға, (сол қолын алға созады)

Қол ұшын қара да (қолын жоғары көтереді)

Үшбұрыш сыз ауада, (сол қолымен үшбұрыш сызады)

Оң қолда бос тұрмасын, (оң қолды алға созады)

Шеңбер жасап зырласын. (оң қолымен шеңбер сызады)


  • Екі көзің не үшін керек? ( көздерін көрсетеді)

Жақсыларды көру үшін!

Құлақ деген не үшін керек? (Құлақтарын ұстайды)

Ақыл кеңес тыңдау үшін.

Екі қолың не үшін керек? (қолдарын алға созып,алақандарын жаяды)

Екі көмек беру үшін! (қолдарын жан-жағына қарай созады)


  • Кешірімді боламыз (өзін көрсетеді)

Жұлдыздай болып жанамыз (қолын жоғары көтереді)

Кішіпейіл боламыз (өзін көрсетеді)

Құстай қанат қағамыз (қолдарын жайып,қанат қағады)


  • Достығы жарасқан (оң қолын оң жаққа созады)

Сыйлы біз боламыз. (оң қолын түсірмей сол қолын сол

жаққа созады)

Келісіп бәрімен, (бірін-бірін көрсетеді)

Татулық табамыз (өзін көрсетеді)

Бәріміз бір болсақ. (Бәрі қол ұстасады)

Бәрін де жеңеміз.

Күндей боп күлімдеп, (қолдарын жоғары көтереді)

Таудай болып өсеміз! (Қолдарын жоғары ұстаған

күйінде біріктіреді)


  • Біз өнерлі баламыз. (өзін көрсетеді)

Шырқатып ән саламыз. (екі қолды жанына созады)

Би билейміз бұралып, (би қимылмен көрсетеді)

Доспыз,тату боламыз. (Барлығы қол ұстасып жоғары көтереді)


  • Біз гүлдерше өсеміз. (қолдарын жоғары көтереді)

Жапырағы жайқалған.(құшағын кең ашады)

Сабақтары салалы

Желге ырғалып жайқалған.(оңға,солға қозғалады)



  • Зеңгір аспан көгілдір, (қолдарын жан-жағына созып,

жоғары көтереді)

Алтын күні төрінде. (қолдарын алға созып,жоғары көтереді)

Тамылжытып төгіп тұр, (қолдарын түсіреді)

Шаттық сыйлап көңілге. (жүрек тұстарын ұстайды)

Көк аспандай көгілдір (қолдарын жоғары көтереді)

Қазақстан байрағы (қолдарын жоғары көтерген күйі,

оңға-солға тербеледі)

Тұрса күндей төгіп нұр, (бір-бірімен қол ұстасады)



  • «Біз де»

Балалар шеңбер құрып дөңгелене отырады.Мұғалім немесе ойын бастауышы ортаға шығып, «көмек», «көмектесу» іс-әрекеттеріне қатысты сөйлемдер айтады.Балалар ойын бастаушының айтқан сөздерін дұрыс деп тапса, «біз де» деп жауап беруі керек. Ал қосылуға болмайтын сөзге «біз де» деп айтып қалған бала айып тартатын болады.Ән салып,немесе би билеп,т.б өнер көрсетеді.

Ойын бастаушы: Мен әрқашан көмекке дайынмын.

Балалар: Біз де

Ойын бастаушы: Мен көмектескен адамға рахмет айтамын.

Балалар: Біз де

Ойын бастаушы:Мен көмек сұраудан ұялмаймын.

Ойын бастаушы:Мен көмек беруге асықпаймын

Балалар:.. .

Осы кезде біреу: «Біз де» деп қалса,ойын тоқтайды.Әлгі қателескен бала айып орнына би билеп,ән салады.Бұдан соң ойын қайта басталады.



  • Ал, 3-4 сыныптарға тақырыпқа сәйкес сергіту ойындарын ұйымдастыру. Мысмалы: «Ағаш, бұта, шөп» тақырыбын өткізгенде, мынадай сергіту ойын өткізуге болады.

Ойынның шарты: Ағаш түрін айтқанда, балалар аяқ ұшымен тұрып, қолдарын жоғары көтереді (ағаштың биіктігін көрсетеді), «бұта» дегенде қолдарын екі жаққа созады (бұталар жайылып өсетінің көрсетеді), «шөп» дегенде, балалар отырады(шөп төмен өседі). Т.б ойын түрлерін өткізуге болады








  • Шарты: балалар шеңбер құрып,1- өздерінді қолдарымен тізінен соғады. 2- алақандарымен сол жағынан содан кейін оң жағынан сілкеп, тағыда қайталау..

Рам-сам,-сам

Тили-тили

Рам-сам-сам

Уа-уа тили-тили рам-сам-сам!

  • «Күн мен түн» ойыны

Шарты: 1 жүргізуші болады. Ол «күн» дегенде барлығы балалар секіріп жан-жағына жүреді, «түн»дегенде балалар қатылып сияқты түрады, кім кішкене ғана қозғалады, сол жүргізуші болады.


  • «Мысық келе жатыр»

Шарты: ойын өткізу үшін алаңын шеті белгіленеді, оның бұрышта «мысық үйі» белгіленеді, ал жан-жағынан «тышқандарын үйі» белгіленеді. Жүргізуші санамақ арқылы таңдалады. Ойын бір ертегіден басталады, оны мұғалім өзі оқиды.

Тышқандар,тышқандар шығындар!

Ойнандар, билеп шығындар,

Тез –тез шығындар, Мысық ұйықтап жатыр екен.«Тышқандар» өз «үйлерінен» шығады, жүгіріп, барлығы бірге осы өлеңді айтып:

Алақай,алақай!Мұртты мысық жоқ!

Ал, осы уақытта мысық шығып, тышқандарды ұстап алу қажет.








Жандарымыз жайдары (орындарында тұрып секіреді)



  • Санайық жаңаша: (орындарынан тұрады)

Бір,екі,үш.... (екі қолын алға,жоғары,екі жанына созады)

Желбіре жалауша! (қолдарын жоғары көтеріп,әрі –бері бұлғайды)

Достықта біздің күш! (қолдарын ішке қарай бүгеді)

  • Шаршадым «Уһ!» дедім,

Ренжідім «Туһ!» дедім,

Қорықтым «Ой!» дедім,

Өкіндім «Аһ!» дедім,

Шарасыз «Еһ! Дедім

Таңырқап «О!» дедім,

Кейідім «И!» дедім,

Біліп ап «Е!» дедім,

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.



  • Жаза, жаза есепті, Талып кетті қолымыз. Бір, екі, үш, Бойға жинап күш.



  • Құстай болып ұшамыз

Қанатты біз қағамыз.

Ұлу болып жорғалап,

Өсімдікке қонамыз.

Қане енді тұрайық

Қолымызды созайық.

Қанат қағып ұшайық.





  • Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп -кішкентай ағаштар

Биік боп өседі



  • Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып -ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан тоңпаңдап,

Көжегі екен өзінің.



  • Көк аспанға қараймын,

Келген құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.



  • Аспанға қарап ай көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім!



  • Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып - жұмамыз, Содан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз. Иықты ортқа ысырып, Басты төмен саламыз. Жаттығу жасап осылай, Үлкен боп ертең шығамыз.


  • Бір, екі, үш қарлығаш боп ұш,

Төрт ,бес, алты қарлығаш боп қалқы.

Жеті , сегіз, тоғыз, он

Қайта орныңа қон


  • Терезені ашайық, Шаң – тозаңды басайық. Жалқаулықты тастайық, Қайта сабақ бастайық



  • Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп -кішкентай ағаштар

Биік боп өседі



  • Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып -ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан тоңпаңдап,

Көжегі екен өзінің.



  • Бір, екі үш Бір,екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.



  • Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз



  • Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жаздайық



  • Көжегім , тұршы,

Бетіңді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Киіміңді киші,

Мектепке қарай жүрші,

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы



  • Там, там, тамшы , там,

Там, там, тамшы , там,

Тамшы там, нөсерлет.

Тамшыдан өсер көк



  • Бала, бала, балақан,

Қане , қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай былай ойнап.





  • «Бәріміз бірге»

Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау


  • «Сыпырғыштар»

Көзге күш салмай, 10-15 рет тез жыпылықтату. Бұл жаттығуды мынадай мәтінмен жалғастыруға болады: - Сыпырғыштар-ай, біздің шаршағанымызды сыпырып, көзімізді жақсылап тазартсаңыздар-ай!4-5 рет қайталау.



  • Балалар денелерін түзу, басты жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқаның сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғаның сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.


  • Жай түзу тұру- отырып немесе тұрып орындайды.1-қолынды иығына салу, алақанда жұдырыққа жинап, басынды артқы жаққа шалқаю.2-қолдарды жоғарға көтеру, басынды алға шалқаю. 4-6 рет қайталау. Ақырындып орындау.


  • Жай түзу тұру – отырып немесе тұрып орындау. Қолдарынды жан-жағына қою. 1-3 – 3 рет доғаша қолдарымен ішке қарай созу, оң қолымен дененің алдында, сол қолымен дененің артында орындау. 5-8 – осылайша, бірақ басқа жаққа орындау.4-6 рет қайталау. Тез орындау.


  • Жай түзу тұру – отырып орындау. 1- басынды оңға қарай еңкею. 2- жай түзу отыру. 3- басынды солға қарай еңкею. 4- жай түзу отыру. 5- басынды оңға қарай еңкею. 6- жай түзу отыру. 7- басынды солға қарай бұру. 8- жай түзу отыру. 4-6 рет қайталау. Ақырындап орындау



  • Орташа жылдамдықпен 3-4 рет шеңберді оңға қарай көзбен салу, сонша да рет солға қарай. Көз бұлшық етін шаршағаның басып, алысқа 1-6 есеппен қарау. 1-2 рет қайталау.


  • " Үкі":Көзіңді жұмып, осылай 1-4 есеппен ұстау.

Көзді ашып, алысқа 1-6 есеппен үзбей қарау.4-5 рет қайталау




Саусақтарға арналған жаттығулар:


  • "Көбелек" – саусақты жұдырыққа жинау, рет-ретімен кіші бармақ, шылдыр шүмек, ортан терек саусақтарын түзу ұстап, ал балан үйрек және бас бармақты доғаша қосу. Түзу қалрындағы саусақтарын, тез қозғалту.Жаттығуды 10-15 с орындау.


  • "Балық": алақаңды кеуде алдында ұстау. Қолды алға созып, алақаңмен су толқыны ретінде кез келген бағытта қозғалыс қимылдар жасау. Жаттығуды 10-15 с орындау.



  • Отырып –ақ орнымда,

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесең, егерде

Былай ескек есемін.


  • Жел улейді: у- у,

Құйын келіп билейді: зу- зу,

Қатты - қатты жел соқты: гу- гу,

Жапырақтар қол соқты: ду- ду.



  • Ду , ду, ду! Дүк –дүк!

Пойыз келеді.

Ду , ду, ду! Дүк –дүк!

Бәрі жол береді.

Ду , ду, ду! Дүк –дүк!

Жүгіріп өтпе

Ду , ду, ду! Дүк –дүк!

Тұра тұршы шетте.

Ду , ду, ду! Дүк –дүк!

Пойызды өткіз.

Қол бұлғап қалайық-

Жол болсын ! -деп біз.


  • Тырс тырс , тырс тырс!

Жаңбыр көп жауады,

Тамшылар тамады,

Тырс тырс , тырс тырс!

Терезе қағады,

Жылғалар ағады.

Тырс тырс , тырс тырс!

Жаңартып ауаны

Жаңбыр көп жауады




  • -Жел соққанда қандай дыбыс естіледі?

- Желмен шайқалған ағаш жапырақтарының дыбысы қандай?

- Маса қалай ызыңдайды?

- Ит қалай ырылдайды?

- Жылан қалай ысылдайды?

- Ара қалай ыжылдайды?

- Бұзау қалай мөңірейді?


  • Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды.

Найзағай сарт сұрт етті,

Біз бұға қалдық.



  • Бас бармақ бастық екен,

Сұқ саусақ сақтық екен,

Ортан қол ойшыл екен,

Аты жоқ саусақ тойшыл екен,

Ал шынашақ еңбекшіл қойшы екен.

Бастық басқар, сақтық сақтар,

Ойшыл ойла, тойшыл тойла.

Саусақтарды бүгеміз,

Саусақтарды бүреміз.

Бүгіп , бүріп саусақты,

Сергіп қалдық, міне, біз.


  • Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Бар әлемнің баласын

Құрметтейміз біз!






Бастауыш оқушылар үшін, қалам ұстау әсіресе бірінші сынып оқушыларына улкен еңбек.Балалар қаламды өте қатты саусақтарымен ұстайды, егер қатты жазсан, сонша әдемі әріптер шығады деген ойымен жазады.Сонымен кішкентай қолдың бұлшық еттері тез шаршайды және демалуда қажет етеді. Осында не көмектеседі?

1. Оң және сол қолының саусақтарың айқастырып, рет ретімен бармақтарды жоғары көтеру.

2. Алақандарын қосып, саусақтарды жан-жаққа шалқайтып, гүлдің бейнесін көрсету.Содан кейін саусақтарды бір бірімен қосу арқылы, гүл шоғы шығады. Осы тапсырманы кезектесіп орындауға болады.


3. Қолымызда кішкентай доп барын елестетіп, сол допты үрлеген кезде, сауасақтарымыз жан-жаққа созыла бастайды.


4. Сол қолымыздың алақаңымызды оң қолымыздың жұдырығымен жоғары және астынғы жағынан ұрғылау.

Сонымен қатар көптеген тақпақтар берілген, олар қолының алақанынды шаршауын басуға көмектесетін жаттығулар:
Бас бармағым – атам, үйдің данасы,

Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы,

Ортан терек – әкем, отау панасы,

Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары

Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.

Алақаңды ашып-жұмып,

Саусақтарды жұмсартамыз
Бір, екі, үш, төрт, бес.
Біз тағыда жазуды бастаймыз!


Оқу есебін анықтайтын жаттығулар.

Осы жаттығуларды сабақ басында өткізуге болады. Жаттығулардың ішінде – сөзжұмбақ, ребустар, логикалық тапсырмалар беріледі. Осындай жаттығулар баланың белсенділігін жіне зейінді дамытады.


  • Атам, әжем, ағаммен,

Әкем, інім және мен,

Анам және енесі

Енесінің бөлесі

Отыр едік шәй ішіп,

Жеңгем кірді майысып,

Арқасында – кіші інім.

Саны қанша, айта ғой

Үйдегі бар кісінің.


  • Неше есек,

Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналғанды 5 есек,

Үшеуі ұйықтап отырды,

Ынталысы неше есек?


  • Ағаштың бұтасына торғай 2-2-ден отырса, артық 1 бұта қалады.

Ал торғай 1-1-ден отырса, торғай артық қалады. Неше бұта, неше торғай?


  • Асан 11-ші қабатта тұрады. Ол 4 қабатқа дейін ғана лифтімен барады. Неге Асан 11-ші қабатқа дейін лифтімен бармайды? Не себепті Асан әрі қарай лифтімен бармайды?






  • Бойыңды сергек тік ұста,

Деміңді ішке тез алда.

Емін-еркін тыныста.

Сол қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да.

Үшбұрыш сыз ауада.

Оң қол да бос тұрмасын,

Шеңбер жасап зырласын.



  • Бір, екі үш, бір, екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше,

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.



  • Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.


  • Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.


  • Жалғыз саусақ тіпті де,

¥стай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

  • Қолымызды жұмайық,

Кәне, енді ашайық.

1,2,3,4,5 деп енді,

Сілкіп, сілкіп алайық.


  • Кәне,кәне тұрайық

Құмырсқа илеуін құрайық.

Құмырсқадай еңбекшіл,

Болайық біздер еңбеккер.


  • 1,2 менің қолым,

3,4- аяғым,

5,6- секіремін, отырамын, тұрамын.



  • Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір.

Біз тынығып аламыз

Орнымызды табамыз.


  • Соқ-соқ алақан,

Топ-топ балақан.

Изе-изе басынды,

Міне, жақсы балақан!


  • Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатсам жұмысқа,

Шықты алдымнан құмырсқа.

Допты алып қолыма,

Қойдым оның жолына.

Оң жағына қарады,

Сол жағына қарады

Тау екен деп қалады.


Сауаттылық-гигиеналық жаттығулар:

Оны балалар отырып та,тұрып та істей алады.

Иықты түзу ұстау, арқамен шалқаю, созылу, басты бұру, аяқты қозғау.

Денені және аяқты шаршағаның басуына арналған жаттығулар:

  • Жай түзу тұру – 1 – солға еңкею, қолды ішке қарай бұру, жоғары және жан-жағына. 2 – сол аяқты алға созу, доғаша қолды ішке қарай және төмен ұстау. 3-4 басқа жағына қайталау. 6-8 рет қайталау. Асықпай орындау.

  • Жай түзу тұру- 1-2 – аяқтың ұшымен отыру,тізе жан-жаққа,қолды алдыға -артқа. 3 –оң аяқпен тұрып, сол аяқты артқа созу,қолды жоғары ұстау.. 4 –сол аяқпен тұрып,қолды төмен түсіру. 4-6рет қайталау..Асықпай орындау.

  • Жай түзу тұруекі аяқты жан-жақты ұстау. 1-2 – алға еңкею, оң және сол қолды төменге созу. 6-8 рет қайталау.Асықпай орындау.


Иық пен қолдың шаршағаның басуына арналған жаттығулар:

  • Жай түзу тұру – 1 – иықты көтеру. 2 – иықты түсіру.6-8 рет қайталап, 2-3 с кідіріс жасап, иықтың бұлшық еттерін босату. Асықпай орындау.



  • Жай түзу тұру – кеуденің алдына екі қолды бүгіп ұстау. 1-2 – қолды артқа шалқайту, 3-4 – сол қалпында түзу қолымен орындау. 4-6 рет қайталау.Асықпай орындау.


Жай түзу тұру аяқты жан-жақта ұстау, 1-4 – қолды артқа айналдыру.5-8 – сол қалпында алдыға.Қолға күш салмай, денені қозғалтпай орындау. 4-6 рет қайталау



Көзге арналған жаттығулар-

Арқамен орындыққа шалқаю:

  • 1.2-3 рет жоғарға қарау, 3-4 рет төмен қарау

(30 сек орындау)

2. 3-4 рет қайталау (8сек орындау)

3.3-4 рет қайталау (15 сек орындау)

4.Көзді 3-5сек жұму, 3-5сек көзді ашу.

(30-50сек орындау)

  • Көз демалу үшін, орыннан тұрмай жоғары, төмен, оңға, солға қарау. Көзімізбен шеңбер немесе өзінің есімінің бірінші әріпін ойша салу. Ең жақсы әдісі, егер де жаттығулар өлеңмен бірге қоса айтылса,

Көздерім айналаны көреді,

Олармен шеңбер салады.

Көздерге барлығын көруге берілді,

Қайда – терезе, қайда – тәрелке.

Олармен шеңбер салады,

Айналаны көре алады!


  • Тез көздерімізді жұмамыз және ашамыз, содан кейін тыныш отырып, ақырын 5-ке дейін санаймыз.

4-5 рет қайталау.


  • Көздерінді қатты жұмып 3 дейін санау, ашып, содан соң алысқа қарау. (5-ке дейін санау) 4-5 рет қайталау.




  • Қарлығашқа ұқсайық,

Кәне қанат жаяйық,

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып, ұшып қонайық.


  • Жаздық, жаздық өзіміз

Талды әбден көзіміз,

Тағы қалам алайық,

Таза етіп жазайық.


  • Ю-дегенде қолымызды созамыз,

Ю- дегенде ою-өрнек сызамыз,

Ю-дегенде аю болып қозғаламыз

Ю-дегенде орнымызға отырамыз.


  • Тұтқиылдан жел соқса,

Жаңбыр жауса себелеп,

Тақиямның астына,

Тығыла қал көбелек.

  • Санайық жанаша:

Бір,екі, үш

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш!


  • Жазуымыз көркем болу үшін,
    Саусақтарды қозғалтамыз керек.
    Бір, екі, үш, төрт, бес.
    Жазудан аламыз бес!





  • Бір үйде біз нешеуіміз

Кел, санайық екеуіміз:

Бас бармағым – әкем,

Балан үйрек –апам,

Ортан терек – ағам,

Шылдыр шүмек мен,

Титтей бөбек – мен,

Бір үйде біз нешеуіміз?

Бір үйде біз бесеуіміз!


  • Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


  • Жануарлардың жатығу.
    Бір дегенде отырамыз
    Екі дегенде секіреміз,
    Ол қоянның жаттығу
    Ал түлкі оянғанда,
    Біз жоғарға созыламыз
    Созылып, созылып,
    Құйрығынды қозғалтамыз,
    Ал қасқырлар арқамен шалқайса,
    Біз кішкене секіреміз,
    Ал, аюмыз үп-үлкен

Бізбен ойна алмайды екен,
Ол тек аяғынды созып,
Бір біріне қоя береді екен.
Көп орында тұрып,
Біз сияқты секәіре алмайды екен,

Кәне, кәне аюмыз
Бізге қарап орында!
Қолымызды созамыз,

  • Оң қолынды алға қарай созып, саусағымен баяу жоғары, төменге, оңға, солға көрсетіп , басынды бұрмай саусаққа қарау.4-6 рет қайталау.


  • Қолынды алдына созып, 2-ші саусағына 1-4 есеппен қарау, сосын көзімен алысқа қарау, 1-6 есеппен аудару. 4-5 рет қайталау.




Тыныштық сәтіне арналған жаттығулар:


Ауызша, жазба жұмыстарынан ойлану жұмысына ауысу аралағында оқушыларды жақсы көңілмен бір сәт тынықтырып алу үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.

  • Балалар денелерін түзу, басты жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқаның сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғаның сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.


  • Жай түзу тұру- отырып немесе тұрып орындайды.1-қолынды иығына салу, алақанда жұдырыққа жинап, басынды артқы жаққа шалқаю.2-қолдарды жоғарға көтеру, басынды алға шалқаю. 4-6 рет қайталау. Ақырындып орындау.


  • Жай түзу тұру – отырып немесе тұрып орындау. Қолдарынды жан-жағына қою. 1-3 – 3 рет доғаша қолдарымен ішке қарай созу, оң қолымен дененің алдында, сол қолымен дененің артында орындау. 5-8 – осылайша, бірақ басқа жаққа орындау.4-6 рет қайталау. Тез орындау.


Жай түзу тұру – отырып орындау. 1- басынды оңға қарай еңкею. 2- жай түзу отыру. 3- басынды солға қарай еңкею. 4- жай түзу отыру. 5- басынды оңға қарай еңкею. 6- жай түзу отыру. 7- басынды солға қарай





























Оны белге қоямыз,
Тез-тез секіріп, Орнымызға отырамыз!


  • Егер, көңілді болғын келсе,

Былай істе (қолымен шапалақтайды)

Егер, көңілді болғын келсе,

Былай істе (аяғымен топалайды)

Әр қашанда көңілді болсам2

Осылай істеймін (қолымен шапалақтайды және аяғымен топалайды)

  • Мама мама не не не

Қонақ келді, мейлі мейлі,

Қонақтар сәлемдеседі сәлемдеседі,

Балалар күреседі, күреседі,

Қонақтар дем алады.


  • Шәйнекте қақпақ бар,

Қақпақта түйін бар,

Түйінде тесік бар,

Тесіктен түтін шығады,

Түтін шығады тесіктен

Тесігі түйінде

Түйін қақпақта

Қақпақ шәйнекте



  • Балалар анау қараңдаршы күн шығып тұр

Сол күнді қолымызға адлайықшы

Күнмен жылынып бірінші қолымызды жылытайық, сосын бетімізді жылытайық сосын ішімізді

жылытайық аяқтарымызды жылытайық денемізді жылытып енді күнді орнына шығарып салайық.


  • Банан аламыз банан тасимыз бананды тасимыз

Оң жағын тазалаймыз

Сол жағын тазалаймыз

Енді бар жағын тазалаймыз.

Қайтіп өзіміз қайталаймыз.



  • Қане балалар барлығымыз отырған орнымызда қолдарымызды айқастырайықшы енді бос қолдарымызбен сурет салайық суретіміз бір жерден шықсын бұл сергіту сәті,

Орнымыздан тұрайық,

Қолды –қолға ұрайық

Орнымызға отырып

Біз суретші болайық,


  • Қол ұстасып тұрамыз

Керегені құрамыз

Уықтай боп иіліп

Киіз үйді құрамыз










Автор
Дата добавления 13.05.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров367
Номер материала ДБ-079738
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх